Пятница , 4 июля 2025

МӘДИНА КІМГЕҒАШЫҚ БОЛҒАН?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №30 (394) от 24 авгу­ста 2017 г.

 

Өз сөзі

 


• Мәди­на Сәду­ақа­со­ва өзі ғашық болған спорт­шы жігіт тура­лы айтып бер­ді. Нұр­жан есім­ді сері әншінің алға­шқы махаб­ба­ты болған екен.

Бұл тура­лы «31 арна­ның» «Все толь­ко начи­на­ет­ся» бағ­дар­ла­ма­сы­на сіл­те­ме жасаған Stan.kz хабарлайды.

«Иә, мек­теп­те ғашық болған кезім бол­ды. Ол бала­ның есі­мі Нұр­жан бола­тын. Тіп­ті тегі әлі күн­ге дей­ін есім­де – Есма­ха­нов. Оған ғашық болға­ным­ды өзі біледі. Ол менен бір сынып жоға­ры оқы­ды. Жал­пы ол жігіт­ке мек­теп­тің бүкіл қызда­ры ғашық бола­тын. Өзі спорт­шы жігіт еді, чем­пи­он. Ол мек­теп­ке жиі кел­мей­тін. Себебі үне­мі жары­стар­да жүретін. Ал ол мек­теп­ке кел­ген кез­де қыздар естерін жоғал­та­тын. Ашы­қтан-ашық хат жаза­тын. Оның Сан­дуғаш есім­ді қарын­да­сы бар. Мек­теп­те қыздар­дың бәрі сол Сан­дуға­шпен дос болғы­сы келетін», – деп еске ала­ды Мәдина.

Бұдан кей­ін Мәди­на өкіні­шіне айналған оқиға­ны еске алды.

«Күн­дер­дің-күнін­де біз Нұр­жан еке­уміз бас­пал­дақта көз түй­істіріп қал­дық. Ол «сәлем» деді де, жоға­ры­ға көтеріліп кет­ті. Ал мен содан кей­ін бас­пал­дақтан қалай түс­кенім­ді де біл­мей­мін. Сосын мек­теп бітір­ген­ше: «Неге оған жау­ап бер­медім?» деп ойлай бер­дім», – деген өкіні­шін біл­діреді Мәдина.

Ол алға­шқы махаб­ба­ты Нұр­жан­ды жуыр­да Қызы­лор­да­да кез­де­стіріп қалған екен. «Оны мек­теп кезін­де ұнатқа­ным­ды жур­на­ли­стер айтып қой­ды. Олар алға­шқы махаб­ба­тым­нан: «Мәди­на Сәду­ақа­со­ва­ның сіз­ге ғашық болға­нын білесіз бе?» деп сұраған­да, ол: «Жоқ, мен тіп­ті де артым­нан қыздар­дың көп жүгір­генін бай­қа­мап­пын», – деп жау­ап бер­ді. Спорт­шы­лар қауы­мы сон­дай бола­ды екен ғой», – дей­ді Мәди­на күліп.

«Ал бұл жаңа­лы­қты күй­е­уіңіз қалай қабыл­да­ды?» деген сұраққа әнші: «Бір қалып­ты. Жал­пы, мек­теп­те­гі бала махаб­бат бар­лы­ғын­да бола­ды деп ойлай­мын. Оның үстіне Олжас еке­уміздің ара­мы­зда ешқан­дай сыр жоқ. Ол онсыз да мен жай­ын­да бәрін біледі», – дей­ді Мәди­на Сәдуақасова.

Stan.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн