Воскресенье , 6 июля 2025

«Мәңгілік елді» АССАМБЛЕЯ тізгіндейді… 

 

Пар­ла­мент сена­ты депу­тат­та­ры «Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы тура­лы» заң жоба­сы­на өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы заң жоба­сын мақұлдады.

Жоба­ны дай­ын­даған Мәде­ни­ет және спорт мини­стр­лі­гі бұған дей­ін түзе­ту­лер Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы­ның (ҚХА) мін­деті мен қыз­метін кеңей­ту­ге мүм­кін­дік береді деген. Билік ҚХА қыз­метін кеңей­ту пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев ұсы­нған «Мәң­гілік ел» иде­я­сын іске асы­ру қажет­ті­гі­нен туған дей­ді. Заң жоба­сын дай­ын­даған­дар құжат­та ҚХА-ның инсти­тут ретін­де­гі рөлін күшей­тіп, қаза­қстан­ды­қтар­дың бір­лі­гі мен қоғам­дық келісім­ді нығай­туға «жағ­дай жасай­тын» тетік­тер бар дей­ді. Құжат­та ҚХА-ның жыл сай­ын пре­зи­дент­ке есеп беріп оты­руын мін­дет­тей­тін ере­же де қарастырылған.

ҚХА 1995 жылы пре­зи­дент жанын­дағы кеңес беру орга­ны ретін­де құры­лған. Ассам­бле­я­ны пре­зи­дент басқа­ра­ды. ҚХА биыл ақпан­да мерзі­мі­нен бұрын пре­зи­дент сай­ла­у­ын өткі­зуді ұсы­нған. ҚХА мұны «елді әлем­дік дағ­да­ры­стан табысты алып шығу үшін жаңа­дан жал­пы­ха­лы­қтық ман­дат беру қажет» деген.

Ал кеше Қаза­қстан пар­ла­мен­ті мәжілісінің депу­тат­та­ры «Кор­руп­ци­яға қар­сы іс-қимыл тура­лы» заң жоба­сын екін­ші оқы­лым­да мақұл­да­ды, деп хабар­лай­ды ақпа­рат агент­тік­тері. Заң жоба­сын зерт­те­ген мәжіліс коми­тетінің қор­тындыс­ын­да құжат­та кор­руп­ци­я­лық құқы­қбұ­зу­шы­лы­ққа қаты­сты «кор­руп­ци­яға қар­сы мони­то­ринг» деген жаңа ұғым енгізіліп, «кор­руп­ци­яға қар­сы іс-қимыл сала­сын­дағы өкілет­ті орган» аны­қта­ма­сы беріл­гені айтылған.

Соны­мен бір­ге бүгін осы тақы­рып­пен бай­ла­ны­сты тағы бір құжат – «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кор­руп­ци­яға қар­сы іс-қимыл мәсе­ле­лері жөнін­де­гі заң актілеріне өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» заң жоба­сы мақұлданды.

Қаза­қстан­да кор­руп­ци­яға қар­сы іс-қимыл тура­лы заң­дарға өзгерістер жиі енгізіліп тұра­ды, билік жемқор­лы­ққа қар­сы науқан­дар жари­я­лап, аза­мат­тар­ды бопса­лау оқиға­ла­ры тура­лы мем­ле­кет­тік орган­дарға хабар­ла­у­ға шақы­ра­ды. Бірақ елде­гі кор­руп­ция дең­гейі бұры­нғы­сын­ша жоға­ры күй­ін­де қалып отыр. Transparency International халы­қа­ра­лық ұйы­мы­ның 2014 жылға арналған есебін­де Қаза­қстан кор­руп­ция дең­гейі жөні­нен әлем­де­гі 175 елдің ара­сын­да 126-орын­да тұр. Аме­ри­ка­лық Heritage Foundation ұйы­мы мен The Wall Street Journal басы­лы­мы­ның «2015 жылғы эко­но­ми­ка­лық бостан­дық индексін­де» Қаза­қстан­да кез кел­ген сала­да – әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту, күш құры­лым­да­ры, сот­тар, атқа­ру­шы билік орын­да­рын­да кор­руп­ция бары айтылған.

Azattyq.org

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн