Суббота , 5 июля 2025

Мұхтар ӘБІЛЯЗОВ: НАЗАРБАЕВ МЕНЕН ҚОРҚАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №22 (386) от 8 июня 2017 г.

Түрт­пек тақырып

Кеше бел­гілі болған­дай, «БТА Банк­тен» «қар­жы тонау» ісі бой­ын­ша Алма­ты­да өтіп жатқан сот­та қуғын­дағы оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер, экс­бан­кир Мұх­тар Әбі­ля­зов 20 жылға сырт­тай сот­та­лып, мүл­кін тәр­кі­лен­ді. Еске сала кетей­ік, Әбі­ля­зо­вқа «қыл­мыс жаса­уға оқта­лу», «қыл­мыстық қоғам­да­стық құру, оған бас­шы­лық жасау», «сенiп тап­сы­ры­лған бөтен мүлiк­тi иеленiп алу неме­се ысы­рап ету», «БТА Банк» қар­жы­сын жымқы­ру және оның ізін жасы­ру», «банк қар­жы­сын заң­сыз пай­да­ла­ну» және «өкілет­тік­терін теріс пай­да­ла­ну» бап­та­ры бой­ын­ша айып тағы­лған бола­тын. Сот жарыс­сөзінің аяқталға­ны­на екі апта­дан артық уақыт өтсе де, бел­гісіз себеп­тер­мен созы­лып кел­ген сот ісіне нүк­те қой­ы­лған сияқты. Бұл сотқа қаты­сты Мұх­тар Әбі­ля­зов не дей­ді? Қуғын­дағы бан­кир­ден әле­умет­тік желілер­дің көме­гі­мен алы­нған сұх­батқа зер салыңыз.

– Мұх­тар, соны­мен сізді шама­сы 20 жылға сырт­тай сот­та­ды: Ақор­да­ның сая­си шеші­мі солай болған сияқты. Про­ку­рор­дың «20 жыл сұра­уы­на» орай айтқан пікіріңізді «Азатты­қтан» оқы­дық. Сырт­тай сот­тың мән­жайы да елжұр­тқа мәлім. Деген­мен, біздің газет­тің оқыр­ман­да­ры үшін үкім­нен кей­ін қан­дай пікір айтар едіңіз?

– Елден кет­кені­ме сегіз жыл өткен­нен кей­ін, Қаза­қстан билі­гі менің үстім­нен сырт­тай сот про­цесін жүр­гізді. Сон­да қыл­мыстық істі 2009 жылы – мен «бан­кіні тонап кет­ті» деген даб­ы­ра туған кез­де іс қозға­уға не кедер­гі бол­ды? Осы сұрақтың өзі – сот­тың сырт­тай жүр­гізілуі – билік өзінің сая­си қар­сы­ла­сын қуда­лау үшін қозғаған сая­си про­цесс екенін дәлелдейді.

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев менен қорқа­ды, режим­ді құла­тып, ел басқа­руға қай­тып келеді деп қауіп­те­неді. Бұл сая­си про­цесс, ал тағы­лған айып – ойдан құралған. Билік не айт десе, соны қай­та­лаған куә­гер­лер­ге билік түр­ме­ге қама­май­мыз деген уәде бер­ді. Оған «БТА»ның басқар­ма төраға­сы Маме­ш­те­гі мен оның бірін­ші орын­ба­са­ры Жәрім­бе­то­втің басын­дағы жағ­дай дәлел. ҰҚК (Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті) Жәрім­бе­то­вты Түр­ки­яда заң­сыз тұтқы­нға алып, 10 күн түр­месін­де ұстап, енді одан билік­ке қажет мәлі­мет алып отыр. Жур­на­ли­стер мені еш қиын­ды­қ­сызақ іздеп тауып, сұрақта­ры­на жау­ап алу­да, ал мем­ле­кет тағай­ын­даған адво­ка­тым теле­фон­мен бол­са да бай­ла­ны­сқа шық­па­ды… Бұл қол­дан жасалған жалған про­цесс және Назар­ба­ев­тың жан қал­та­сын­дағы тәу­ел­ді сот. Бұн­дай сот­тың шеші­мін мен мойындамаймын.

– Негізі, сізді сырт­тай 20 жылға сот­тау арқы­лы қаза­қстан­дық билік қан­дай мақ­сатқа жет­пек бол­ды деп ойлай­сыз? Бұл сот­тың үкі­мі сырт­та – халы­қа­ра­лық қаты­на­стар­да пай­да­ла­ну үшін шыға­ры­лған бол­са, сіз­ге шетел­дер тара­пы­нан жаңа қысым­дар жаса­луы мүм­кін бе?

– Қаза­қстан халқы Әбі­ля­зов­ке емес, Назар­ба­евқа сен­сін деген пиғыл­мен билік мені ала­яқ етіп көр­сет­кісі келеді. 28 жыл бойы елді алдап келеді және осы әдетін ары қарай жалға­стыр­мақ­шы. Ал мен сияқты режим­ге қар­сы­лық көр­сетіп жүр­ген­дер Назар­ба­ев­тың және туы­ста­ры­ның билік басын­да мәң­гі оты­руы­на кедер­гі болу­да. Қаза­қстан соты­ның шеші­мін Батыс елдері мақұл­да­май­ды. Фран­ция Жоға­ры соты Ресей­ге экс­тра­ди­ци­я­ла­у­ға қар­сы шешім шыға­рып, мені сая­си қуда­лау құр­ба­ны деп танып, Ресей мен Укра­и­на­ны айла­а­мал­мен менің соңы­ма салып отыр деген түсінік­те­ме бер­ді. Назар­ба­ев өзінің сот шеші­мін Фран­ци­яға әкеліп, мені қуда­ла­уды талап ету­ге тыры­сқа­ны­мен, ол ісәре­кеті­мен Еуро­па­да ешқан­дай нәти­же­ге қол жет­кі­зе алмай­ты­ны анық.

– Деген­мен, Интер­пол арқы­лы сіздің шетел­дер­де еркін жүріп­тұруы­ңы­зға шек­теу қой­ыл­май ма?

– Қаза­қстан маған іздеу салу­ды талап еткені­мен, Интер­пол менің атым­ды іздеу салу тізі­мі­нен алып таста­ды, сон­ды­қтан Назар­ба­ев бұл жер­де ештеңе істей алмай­ды. Әрине, Баты­стың лоб­би­стеріне пара беріп, тағы да Интер­пол­ды менің ізі­ме салуға тыры­са­ды. Назар­ба­ев режи­мінің мүд­десіне жұмыс жасаға­ны және Фран­ци­я­ның әртүр­лі мем­ле­кет­тік орган­да­ры­на ықпал жасаға­ны үшін, Фран­ци­я­ның бар­лау коми­тетінің бұры­нғы төраға­сы үсті­нен қыл­мыстық іс қозғал­ды. Осы­ған сәй­кес Батыс елдерін­де мені қуда­лау ТМД мен Қаза­қстан­дағы сияқты оңай шаруа болмайды.

– Ал сіздің 20 жылға «сот­та­луы­ңыз» төңіре­гін­де шетел­дік сая­сат­кер­лер мен халы­қа­ра­лық прес­са не деп жатыр?

– Қазір батыс ақпа­рат құрал­да­ры менің жағ­дай­ым­ды бақы­лау үстін­де, маңы­зы үлкен мақа­ла­лар жазы­лып жатқан жоқ. Ал Батыс сая­сат­кер­леріне кел­сек, олар­дың Қаза­қстан режи­мі жөнін­де­гі түсінік­тері айқын­да­лып біт­ті – диктатура.

Олар бұл істің қол­дан жасалға­нын және сот­ты Назар­ба­ев қатаң қадаға­лап оты­рға­нын жақ­сы түсі­неді. Батыс елдерін­де Назар­ба­евқа ешкім сен­бей­ді. Демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет­тер­де бір пре­зи­дент­тің 28 жыл бойы ешқан­дай заң бұз­бай, сай­ла­уды бұр­ма­ла­май билік басын­да оты­руы мүм­кін емес. Назар­ба­ев заң­ды жол­мен сай­ланған пре­зи­дент емес.

– Ал осы сырт­тай үкім сіздің сая­си қыз­метіңіз­ге кері әсерін тигі­зуі мүм­кін бе?

– Сот­тың сыр­тай айып­та­уы менің сая­сат­пен айна­лы­суы­ма ешқан­дай кедер­гі кел­ті­ре алмай­ды. Мен қазір жүр­гізіп жатқан жұмысым­ды әрі қарай жалға­сты­ра­мын. Оған ешкім тосқа­уыл қоя алмайды.

– Мәсе­лен, қазір сіз­дер қай­та­дан жан­дан­ды­рған «ДВК»ның ұйым­да­сты­ру жұмысы да сырт­тай, негізі­нен әле­умет­тік желілер арқы­лы жүріп жатыр. Енді сіздің парақ­шаңы­зды пай­да­ланған жақ­та­ста­ры­ңыз «қыл­мыс­кер­мен» қары­мқа­ты­нас жасаға­ны үшін қуғы­нға түс­пей ме? Қаза­қстан билі­гі­нен бәрін күту­ге бола­ды ғой…

– Иә, Қаза­қстан­да түбе­гей­лі демо­кра­ти­я­лық өзгерістер­ді жүзе­ге асы­ру үшін, қоғам­дағы сала­у­ат­ты күш­тер­ді бірік­ті­ру мақ­са­тын­да «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы» (ҚДТ) – жал­пы­а­за­мат­тық қозға­лы­сы құрылады.

Халы­қа­ра­лық қол­да­уға сүй­ене оты­рып, ҚДТ қозға­лы­сы Қаза­қстан­да демо­кра­ти­я­лық және кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­лар­ды жүр­гізу­ге, елі­міз­де жал­пы тұр­мыс дең­гей­ін жақ­сар­ту үшін түбе­гей­лі әле­умет­тік­эко­но­ми­ка­лық өзгерістер­ді іске асы­руға кірі­седі. ҚДТ қозға­лы­сы келесі өзгерістер­ді енгі­зу­де табан­ды­лық таны­та­ды: ол – сая­сат сала­сын­да рефор­ма­ларға қол жет­кі­зу; пре­зи­дент­тік мем­ле­кет­тік билік лау­а­зы­мын жою.

– ҚДТ­ның жұмысын вир­ту­ал­ды жағ­дай­дан ел ішіне, нақты ісқи­мы­лға көші­ру пер­спек­ти­ва­сы қандай?

– Біздің жос­па­ры­мыз – ҚДТ қозға­лы­сы­ның қата­ры­на кем деген­де 1 мил­ли­он адам­ның кіруіне еңбек ету және билік­ті бей­біт жол­мен ауы­сты­руға қол жет­кі­зу. Халық бұл билік­тен шар­ша­ды. Біз­ге өзгерістер мен жаңа сая­сат­кер­лер қажет, бір орын­да тоқы­рап тұр­май, алға жыл­жу керек. Алды­ңғы қатар­лы эко­но­ми­ка­сы бар қуат­ты және еркін мем­ле­кет құруы­мыз керек.

– Сіз Париж түр­месіне қамалғанға дей­ін, тара­лы­мы­на ешқан­дай кедер­гі қою мүм­кін­ді­гі жоқ спут­ник­тік теле­ар­на ашу жөнін­де ой айтқа­ны­ңы­зды «Рес­пуб­ли­ка» газеті­нен оқы­ған едік: ол жос­пар­ды жүзе­ге асы­ру мүм­кін­дік­тері қалай?

– Қазір­гі таң­да спут­ник теле­ар­на­сын жаса­уға қажет­тілік жоқ. Әле­умет­тік желі өте жақ­сы жұмыс істеп тұр – «Фейс­бук», «Инста­грам», «Ютуб» және тағы басқа­ла­ры. Біз өзі­міздің сая­си ойпікірі­мізді осы желілер арқы­лы кеңі­нен тара­та аламыз.

– Сол әле­умет­тік желілер­де «Әбі­ля­зов қаза­қ­ша біл­мей­ді» деген қаза­қтарға арналған жаңа науқан ұйым­да­сты­ры­лға­нын оқып жатқан шығарсыз…

– Рас, мен бәрі­нен хабар­дар­мын. Әртүр­лі ақпа­рат көз­дері­нен ақша алып оты­рған билік­тің агент­тері жан­да­рын салып, маған шабуыл жаса­уда. Мен оларға бай­сал­ды­лы­қ­пен қара­май­мын. Қаза­қтың ауы­зекі тілін­де еркін сөй­лей­мін, бірақ әде­би тіл­ге кел­ген­де қина­ла­ты­ным рас. Білім­ді орыс тілін­де алдым, Мәс­кеу инсти­ту­тын бітір­дім. Министр болып қыз­мет істе­генім­де, мен пар­ла­мент алдын­да қаза­қ­ша сөй­ле­ген­мін, бірақ қазір қаза­қы орта­да жоқпын.

Негізі, мені қара­ла­у­ға қар­сы­ла­ста­рым­ның аргу­мент­тері жет­пей жатыр. Назар­ба­ев пен оның айна­ла­сын­да жүр­ген жемқор­лар қаза­қ­ша жақ­сы сөй­лей­ді, бірақ олар­дың қаза­қ­ша­сы зор­лы­қзомбы­лық жаса­уға кедер­гі болып отыр ма? Біздің елге ең кере­гі – еркін­дік, бақу­ат­ты өмір және сенім арта­тын билік. Сон­дай сая­си жағ­дай орнаған кез­де елде­гі тіл мәсе­лесін шешу­ге әбден болады.

– «ДАТ»тың оқыр­ман­да­ры­на, қаза­қстан­ды­қтарға қан­дай тілек айтар едіңіз?

– Бәрі­міз бірі­гіп, елі­мізді және өзі­міздің өмірі­мізді өзгер­ту­ге бола­ды деген сенім­ді жоғалт­па­уын тілей­мін. Өмір өзге­реді және жақ­сы күн­дер келеді әлі!

– Рах­мет! Сол жақ­сы күн­дер­де кез­де­су­ге жазсын!

Ермұрат БАПИ

Желі­де­гі жазбадан

ҚДТ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ ҮНДЕУ

Құр­мет­ті достар! Қол­дау көр­сет­кен­деріңіз үшін көп рахмет!

YouTube желісін­де­гі ақпа­рат­ты мил­ли­он рет көр­ген­деріңіз үшін ерекше алғыс! Шын мәнін­де біз жал­пы­қоғам­дық қозға­лы­стың баста­пқы қада­мын ғана жасадық.

Біздің мақ­са­ты­мыз – ҚДТ қозға­лы­сы­ның қата­ры­на халы­қты бірік­тіріп, режим­ді өзгер­ту­ге қол жет­кі­зу. Қоғам­дағы айқын көрініп тұрған мәсе­ле­лер­ге Қаза­қстан халқы­ның көзін ашу – бірін­ші кезек­те­гі мақ­сат болып табылады:

Біз шикі­зат көз­деріне бай болға­ны­мен, кедей­шілік­те өмір сүріп жатыр­мыз. Осын­дай мүм­кін­дік­тер­мен біз кем деген­де Чехия неме­се Поль­ша дең­гей­ін­де өмір сүруі­міз керек!

Назар­ба­ев 25 жыл бұрын бер­ген уәдесін орын­даған жоқ, демек, оның қазір­гі бер­ген уәде­лері де – жай ертегі!

Қаза­қстан­ның бар­лық бай­лы­ғы мен ірі кәсі­по­рын­да­ры Назар­ба­ев­тың отба­сы­ның және оның айна­ла­сын­дағы­лар­дың меншігінде!

Елде демо­кра­ти­я­ның тұс­па­лы да жоқ. Сөз бостан­ды­ғы, діни сенім бостан­ды­ғы, митинг­тер өткі­зу бостан­ды­ғы жоқ. Біздің бар­лық аза­мат­тық құқы­қта­ры­мы­зды тар­тып алды!

Назар­ба­ев пен оның отба­сы­ның пай­да­сы­на Кон­сти­ту­ция қай­та жазылды.

Мұн­дай жағ­дай ары қарай жалғас­па­уы керек.

Біз осы­ны өзгер­туі­міз қажет! Ұрлы­қ­шы билік­ті қуып шыға­тын елде тек бір ғана күш бар – ол халы­қтың күші. ҚДТ қозға­лы­сы халы­қ­пен бір­ге және тек халы­қтың мүд­десін қорғайды.

ҚДТ ұйым­да­сты­ру коми­теті – Мұх­тар Әбі­ля­зов, Болат Ата­ба­ев, Айдос Садықов.

Facebook

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн