Воскресенье , 6 июля 2025

Мұхтар ШЕРІМ: Саусақ сорып отырып, КІМДЕРГЕ КҮЛЕСІҢ?

Біздің «ДАТ!» айда­ры­ның «Күл­кі күні» сұх­бат­тасқан қонағы – елге таны­мал сати­рик-жазу­шы, озық ойлы аза­мат, Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы­ның мүше­сі Мұх­тар Шерім. Бүгін­гі күн­нің тыныс-тір­шілі­гін­де күл­кі­ге толы жағ­дай­лар көп болған­ды­қтан, сықақ­шы аза­мат­пен ара­дағы әңгі­ме­міз қоты­раш қоғам­ның да біраз мәсе­лесін «іліп» кетті.

 

– Мұх­тар мыр­за, кеше күл­кі күнін­де кім­ге күл­діңіз? Кім­дер­ді күлдірдіңіз?

– Ресми­лен­бе­се де,1 сәуір күл­кі күні жұрт жақын туы­ста­ры мен доста­ры­на, қыз­мет­те­стеріне жалған ақпар беріп, алдап, сосын алданған ада­мға күліп жата­ды. «Ойбай, облыс әкі­мі есі­гіңнің алды­на келіп тұр, қолын­да ордер, саған пәтер бер­мек­ші екен!» десеңіз, досы­ңы­здың дег­бірі қал­май, атып тұрып, далаға жүгіріп шыға­ты­ны­на жүз пай­ыз сене­мін. Өйт­кені біз алданғыш, тым сен­гіш халы­қ­пыз. Соны біліп қой, шірен­ген шене­унік­тер­дің халы­қты жиі алдап қоя­тын­да­ры. Шетел­дің «шай­тан­да­ры» да «қазақ халқы қонақ­жай, ақкөңіл халық» десе бол­ды, тана­уы­мыз дел­диіп, жүре­гі­міз жары­лар­дай қуа­нып, бары­мы­зды бере сала­мыз… Шекіл­де­уік шағып жүр­ген шене­унік­тер бай­ы­ған үстіне бай­ы­ға­ны­мен, халы­қтың дені кедей тұра­ды. Олар бар болға­ны – сау­сақта­рын сора­ды… Ал сау­сақ сорып оты­рып, кім­дер­ге күл­сін? Қалай көңіл көтер­сін? Жылай­ды да. Мұңа­я­ды да…  Ал мен халы­қты алдай­тын әкім-қара­ларға, жағым­паз мини­стр­лер­ге күле­мін. Қарқыл­дап күлемін…

 

– Мерзі­мі­нен бұрын өтетін пре­зи­дент­тік сай­ла­уда Коса­рев­тің пар­ти­я­сы­нан үміт­кер атанған әнеу бір үміт­кер – аты-жөнін жан бала­сы жады­на сақтай алмай­тын ком­му­ни­стің сай­ла­уда екін­ші орын ала­мын дегені сіз­ге қан­ша­лы­қты күлкілі?

– Сай­ла­у­ға үміт­кер ретін­де тір­келіп жатқан­дарға шынын­да күл­кім келеді. Бір жағы­нан аяп та кете­мін. Құдай­ым-ау, шығар­ма жазу­да 99 қате жібер­ген «бола­шақ пре­зи­дент­тен» қан­дай үміт күте­міз? «Бақыт­тан баста­ры­мыз айна­лып», шеті­міз­ден жын­да­нып кететін шығар­мыз?! Оны қой­шы, ана бір әйел­дің сай­лау комис­си­я­сы хат­шы­сы­мен жаға­ла­сып, «менің ана­рым­нан ұста­ды, енді зор­лай­ын деп жатыр!» деп айқай­лаға­ны… Ой, соны есті­ген­де жер­ге жата қалып, ой бір рахатқа бата қалып, күл­генім-ай! Әне, біздің жет­кен жері­міз! Соның әсері бол­са керек, «Пре­зи­дент болай­ын деп едім…» атты сая­си сати­ра жаз­дым. Шағын болған­ды­қтан, толық нұсқа­сын кел­тірей­ін: «Шыным­ды айт­сам, табан астын­да пре­зи­дент болғым келіп кет­кені… Ақы­ры жұмыс­сыз­бын. Пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға үміт­кер болып тір­кел­сем, тақи­ям теріс айна­лып кет­пес? Шәй ішіп бол­дым да, өзім­ді бола­шақ пре­зи­дент­тей сезініп, емти­хан ала­тын комис­си­яға келдім…

– Можы­на, – дедім есік­тен сыға­лап. – Қаза­қ­ша­сы: рұх­сат па?

– Кіріңіз, – деді комис­сия төрағасы.

– Пре­зи­дент болай­ын деп…

– «Үміт­кер болай­ын» деп деңіз…

– Кім біледі, ата-бабам­ның әру­ақта­ры қол­дап, пре­зи­дент болып кетсем…

– Қай­да жұмыс істейсіз?

– Сол… Жұмыс­сыз болған соң, пре­зи­дент бола салай­ын деп… Халқым – әйелім, бала-шаға­ла­рым да қар­сы емес…

«Шір­кін-ай, шір­кін…» деген тақы­рып­та шығар­ма жаз­дым. Ойла­нып отыр­мын. «Менің атым – Қожа­дағы» Қожа­бер­ген сияқты қиял­дың қиқы­мын таза­лап отыр­мын… «Шір­кін-ай, шір­кін, осы­дан бар ғой, пре­зи­дент болып кет­сем, пре­зи­дент болға­ным­ды доста­ры­ма, туы­ста­ры­ма жуып, жеті шел­пек тара­тып, мешіт­ке 700 тең­ге садақа тастап, мощ­ный кәстүм-шал­бар сатып алар едім. Каби­нетім­де керіліп оты­ра­мын. Неден бас­та­сам екен? Әрине, пре­зи­дент болу оңай емес, әуелі халқы­ма қол бұлға­уды үйре­не­мін, тере­зені ашып та қол бұлғай­мын, ұшақта кетіп бара жатып та қол бұлғай­мын. Тіп­ті ұйы­қтап жатып та қол бұлғап қоя­мын. Шір­кін-ай, шірікін, осы­дан пре­зи­дент болып кет­сем, айлы­ғым­ды жинай бере­мін, жинай бере­мін. Сөй­тіп, мықты бір вил­ла салып алма­сам… Орыс кем­пір­дің пәтеріне ақша төлеп өлдім ғой тегі! Шетел­дік пре­зи­дент­тер­дің бәрін қонаққа шақы­рып, бір мил­ли­он дол­лар­дан гәп ойнай­мыз. Гәп­тен түс­кен ақша­ны жетім-жесір­лер­ге тара­тып бере­мін… Шір­кін-ай, осы­дан пре­зи­дент болып кет­сем, жағым­паз мини­стр­лер мен әкім­дер­ді Кала­чи­ге жинап алып, ұйы­қта­тып тастар едім, қысқа­сы, сұм­дық игі істер бастар едім! Керек десеңіз, насы­бай атуым­ды да тастар едім!»

Комис­сия төраға­сы осы шығар­мам­нан 99 қате тап­ты! Сон­да мен… Осы­дан пре­зи­дент болып кет­сем бар ғой, өмір бойы шығар­ма жазып жүруім керек пе? Халқы­ма шығар­ма­ның кере­гі не? Басқа да шару­а­лар жетіп жатыр емес пе? Пре­зи­дент бол­сам, оты­рай­ын, каби­нетім­де шығар­ма жазып… «Ұлы Абай қай жылы қай­тыс бол­ды?» деп сұрай­ды. Мен өлтір­ген­дей… Мен қай­дан білей­ін? Көңіл айтып барған жоқ­пын, қырқы­на, жылы­на қаты­спа­сам, ара­лас-құра­ла­сым болмаса…

Үйге келіп, әйелім­ді құшақтап тұрып жыла­дым… Күй­іп кет­тім де… Әне, пре­зи­дент болу үшін де таныс-тамыр керек…

Енді қай­дан жұмыс табай­ын, ағай­ын? Ашып кет­кен ақыл­да­ры­ңыз бол­са да, айтыңыздаршы!»

Міне, осы­лай сая­си сай­ла­уды сай­қы­ма­за­ққа айнал­ды­рған­дар­ды көріп, күл­кім келеді. Ком­му­ни­стің сай­ла­уда екін­ші орын ала­мын дегені – трагикомедия…

 

– Айт­пақ­шы, сіз сати­рик-жазу­шы ретін­де осы сай­ла­удың өзі­нен қан­дай күл­кілі жағ­дай­лар аңдай алдыңыз?

– Сай­лау сай­ын тұрақты «кей­іп­кер­лері­міздің» өре түре­ге­летіні күл­кім­ді кел­тіреді. Сол баяғы адам­дар… Баяғы жар­тас… Мызғымайды…

 

– Жал­пы, бүгін­гі қазақ әде­би­етін­де әзіл-сықақ жан­ры кен­де қал­ды деген сөз бар. Оған бүгін­гі әде­би­ет­те­гі әзіл-сықақ жан­ры­нан да күшті күл­кі­ге айналған бүгін­гі қоғам­ның коме­ди­я­лық жағ­дайы себеп бол­ды деп айта ала­мыз ба? Мәсе­лен, біз әлем­де­гі ең дамы­ған 30 елдің қата­ры­на кіру­ге бет алдық дей­міз, бірақ сөй­те тұра, елі­міз­де басқа­ны қой­ып, күрек­тің басы мен бал­та­ның сабы өндіріл­мей­ді екен…

– Осы сұрақ әбден жауыр бол­ды. Бала күні­міз­де есек­ке мінетін­біз. Арқа­сы­на қара­сақ, әбден жауыр болға­ны сон­ша­лық, қып-қызыл болып, қан­та­лап тұра­ды. Бұл сұрақ та «есек» бол­ды. Еге­мен­дік алған жыл­да­ры мүй­ізі қарағай­дай жазу­шы­ла­ры­мы­здың өзі тақы­рып тап­пай тоқы­рап қал­ды. Түр­лі қиын­ды­қтарға, нарық қыспағы­на шыдай алмай, мүл­де жаз­бай кет­кен жазу­шы­лар­дың ішін­де сати­рик­тер де бар. Бірақ, жыл­дар өте келіп, сықақ­шы­лар сапқа тұр­ды. Заман көшіне ілесіп, тұщым­ды әзіл­дер жаза баста­ды. Жаңа есім­дер пай­да бол­ды. Мәсе­лен, Қаб­дірах­ман Отар­бай. Сөз ойнат­пай-ақ, «жәй ғана» әңгі­ме­лей оты­рып, сати­ра садағы­мен атып сала­ды. Кей­іп­кер­лері шалқа­сы­нан түседі. Әзиз Несин­ді көп оқы­ға­ны бай­қа­ла­ды. Сати­ра сар­ба­з­да­ры қата­рын­да бұрын­нан келе жатқан сати­рик­тері­міз де ай қарап, «айран жалап» жатқан жоқ. Сати­ра­лық кітап­тар жарық көру­де, «Қазақ әде­би­етін­де», «Жас Ала­шта», «Алма­ты ақша­мын­да», «Еге­мен­де», тағы басқа газет-жур­нал­дар­да сати­ра беті тұрақты беріліп келеді. Бұдан артық не керек енді? Қай­та айтар едім: сати­ра жан­ры поэ­зия мен про­за­лық шығар­ма­лар­дан алға озып кетті!

Бүгін­де қан­дай бір еті қалың-қалың роман бол­сын, сағы­здай созы­лған әңгі­ме бол­сын, жыла­у­ық өлең­дер бол­сын – оны халы­қтың бәрі бір­дей оқи бер­мей­ді. Тіп­ті клас­си­ка­лық шығар­ма­лар­ды да… Оқи­тын­дар: көкірек көзі ашық, сана­сы ояу зия­лы қауым, шығар­ма­шы­лық төңіре­гін­де жүр­ген ақын-жазу­шы­лар, мұғалім­дер… Жастар кітап бетін ашпай­ды. «Газет оқи­сың ба?» десең ыржи­яды. «Кітап оқы!» десең тыр­жи­яды. Жастар интер­нет­ке «шомы­лып» жатыр. Рахат­та­нып. Ал интер­нет­те­гі пор­тал­дарға салы­нған ұзақ сонар роман­дарға қара­май­ды. Олар қысқа-нұсқа­ны жақ­сы көреді. Мұн­дай­да қысқа жазы­лған жауын­гер жанр-сати­ра­ны ұна­та­ды. Оқи­ды, пікір жазып жата­ды. Газет­тің соңғы бетін­де­гі сати­ра бетін де оқып үлге­реді. Көр­діңіз бе, сати­ра жан­ры кен­же­леп қал­ды ма? Жоқ, әрине. Бүгін­гі қоғам­ның «коме­ди­я­лық» жағ­дайы сати­ра­ның сөлін сығып алды деген­ге келіс­пей­мін. Есесіне тақы­рып көбей­ді. «Не жаз­сам екен?» деп есең­гіреп отыр­май­сың. Тек шабы­ты­ңа шыбын қонып кет­пе­се бол­ды… Күрек­тің, бал­та­ның сабы­на ұқсас жағ­дай­лар­ды жаза­мын десең, әжу­аға малып ала­тын деталь­дар жеткілікті.

 

– Ал бүгін­гі күні қазақ театр­ла­рын­да бәрі бар, бірақ сая­си сати­ра неге жоқ деп ойлай­сыз? Бәрі ұсақ-түй­ек әңгі­ме: келе­меж­ге ұшы­раған кем­пір-шал, мас­кү­нем күй­еу, долы әйел, жол торы­ған «гаиш­ник», т.б.

– Мен өзім сая­си сати­ра­ны жазып жүр­мін. Ресей, Аме­ри­ка сая­са­ты тура­лы біраз дүни­е­лерім бар. Өз сая­са­ты­мы­зды да сар­казммен түй­рей­тін сати­ра­ла­рым «Жас Ала­шта» жиі жари­я­ла­на­ды. Батыл басы­лым болған соң, осы газет­ке жібе­ре­мін. Өзге­лер баса бер­мей­ді. Ал әзіл-сықақ театр­ла­рын­да сая­си сати­ра неге жоқ деген мәсе­ле – өз алды­на әңгі­ме. Ол рас. Күл­дірім­паз әртістер (сати­рик­тер деп ата­уға бол­май­ды, кей­бір басы­лым­дар сұх­бат ала қал­са, әртісті сати­рик­пен шата­сты­рып алып жүр…) сая­си сати­раға тістері бат­пай­ды. «Ой, біздің көріністері­мізді эфир­ден кесіп тастай­ды» деп ақта­ла­ды. Әрине, бады­рай­тып тұрып сынап жат­саң, жасы­рын цен­зу­ра­дан өтпей қала­ды. Ал неге сая­си сати­ра­ның кей­іп­кер­лері мақта­мен бауы­зда­лып жат­пай­ды… Әде­мі, сон­дай жұқа, сон­дай көр­кем, сон­дай күл­кілі, әжуәлі етіп ойнай алмай­ды. Бауы­р­жан Ибра­ги­мов інім айт­пақ­шы, бәрі «көше­ден» келе салған әртістер, кәсі­пқой емес.

Жал­пы осы әзіл-сықақта жүр­ген әртістер мен оның жетек­шілері сати­ра­ның тео­ри­я­сын жетік біледі деп ойла­май­мын. Олар маман емес. «Сахна­да теріс қарап тұрып, «жел» жібер­сем, көре­рмен шиқыл­дап күл­се бол­ды» деп ойлай­ды. Көп­те­ген таны­мал театр­лар­дың өзі руха­ни «банк­рот» бола баста­ды. Иә, дұрыс айта­сыз, тақы­рып­та­ры сол баяғы – кем­пір-шал, қатын-қалаш, ары кет­се, «МАИ» инспек­тор­ла­ры… Ілгері­де, 2000 жыл­да­ры қазақ елі күл­кі­ге сусап отыр еді, мұны мой­ын­дай­ық. Сол кез­де «жарқ» етіп шыққан театр­лар сол баяғы бедел­дің бел­бе­уі­мен әлі бебе­улеп келеді. Өсу жоқ, өшу бар.

Бірақ сая­си сати­ра тек жоға­ры билік­ті сынау керек деп ойлай­тын­дар бол­са, қат­ты қате­ле­седі… Ішкі сая­са­ты­мы­здағы іркілістер, жем­са­у­ла­ры той­май­тын парақор­лар неге сахна­лан­бай­ды? Әзіл-сықақ театр­ла­рын­да жемқор­лар тура­лы дүние бар ма екен өзі? Олар мұн­дай тақы­ры­пқа бара алмай­ды. Өре­лері жет­пей­ді. Сосын барып арзан күл­кіні, анайы, жабайы күл­кіні қау­жай­ды. Анек­дот­тар­дың өңін айнал­ды­рып, «автор» болып ала­тын­да­рын қай­тер­сің? Біре­улер айта­ды: «Шан­шар­дың» өзі шар­ша­ды» деп. Олар шар­шаған жоқ, тақы­рып тап­пай, тығы­ры­ққа тірел­ді. Тығы­ры­қтан «шығу» үшін, әртістері әртүр­лі бағ­дар­ла­ма­ларға жүр­гі­зу­ші болып кет­ті. Тақы­рып тап­пай, тұм­сы­қта­ры қай­раңға тірел­ген «Күл­кі керу­ені», «Бауы­р­жан-шоулар» «қай­тыс» болып кет­ті… «Тама­ша» талып қал­ды… Әлі есін жия алмай жүр… Сахна­дағы сая­си сати­ра қазір­гі қазақ көре­рмен­дері үшін тәт­ті арман болып қала бермек…

 

– Осы сөзіңіздің жалға­сы ретін­де сұрай­ын: қоғам­дағы тоқы­рау мен әділет­сіздік­ке кінәлі министр мен әкім­ді, сот пен про­ку­рор­ды сахна­дан неге таба алмай жүрміз?

– Оның бір­ден-бір себебі – театр жетек­шілері автор­лар­мен жұмыс істе­гілері жоқ. Қал­та­ла­ры­нан соқыр тиын да шығарғы­сы кел­мей­ді… «Автор­лар сахнаға лай­ы­қтап жаза алмай­ды» деген уәж айта­ды. Оны­сы орын­ды енді. Сати­рик­тер­дің бәрі «алтын­дай жарқы­рап тұр еді..» деп айта алмай­мын. Десек те, кәсі­пқой сати­рик­тер­ден сүй­е­гін алып, «еті ме, фар­шы» ма, өздері жабыст­ы­ра салуға бола­ды. Тым құры­ған­да, иде­я­сын иіс­кеп көр­се… Иіс­ке­мей­ді. Өздерінікін өздері иіс­ке­ген­ді жақ­сы көреді. Шет­тері­нен даны­шпан, шет­тері­нен «жұл­дыз»…  Жоға­ры­да айтқа­ным­дай, шене­унік­тер­ге тістері бат­пай­ды… Тістері босап қалғандай..

 

– Жоға­ры­да өзіңіз айтқан­дай, біздің өнер ата­у­лы көз­ге көрін­бей­тін, қолға ұстал­май­тын жасы­рын, сая­си цен­зу­раға тап болған сияқты…

– Сиқыр­шы цен­зу­ра бол­ды ғой… Көз­ге көрін­бе­се, қолға «ұста­лын­ба­са», бірақ билік деген­дерін істеп жат­са, Шын­ды­қтың қай­тыс болға­ны… Баяғы­да «Шын­дық қай­тыс бол­ды» деген сати­ра жазған болатынмын.

 

– Ресей­лік сықақ­шы­лар теле­ар­на­лар­да әзіл-сықақ хабар­лар жүр­гі­зеді, тіп­ті Евге­ний Пет­ро­сян­ның өзін­дік бөлек бағ­дар­ла­ма­сы бар. Ал біздің әзіл­ке­ш­тер (Уәли­бек­тен басқа­сы) неге теле­жә­шік­тен көрін­бей­ді? Бұл орай­дағы олқы­лы­қты кім­нен, неден іздеу керек деп ойлайсыз?

– «Тука» ата­лып кет­кен іні­міз де, «Шым­кент-шоудағы» «қара қатын» да біраз уақыт теле­жүр­гі­зу­ші болып көрініп, кей­ін­нен жоқ болып кет­кені рас. Уәли­бек інім өз мис­си­я­сын орын­дап жүр. Бірақ аса кере­мет жүр­гі­зеді деп айта алмай­мын… Был­тыр Тұр­сын­бек Қаба­тов «Базар жоқ алаңы» бай­қа­уын жүр­гізді. Сон­дағы Қажет (тегін ұмы­тып қал­дым) есім­ді жігіт аға­сы маған кере­мет ұна­ды. Тұнып тұрған күл­кі. Моно­лог­ты қалай күл­кілі орын­дай­ды десеңіз­ші! Тілі қан­дай жатық, дауыс ырғағы нет­кен таза! Бет-әлпе­тін образға лай­ы­қтап, өзгер­те қой­ға­ны­ның өзіне ішек-сілеңіз қата­ды. Егер Уәли­бек­тің орнын­да осы жігіт бол­са (бұл жер­де Уәли­бек інім­ді төмен санап оты­рған жоқ­пын, оның да өз орны, өз биі­гі бар), сати­ра­ны жан­ды­рар еді! Еке­уін салы­сты­рып оты­рға­ным – кез кел­ген нәр­се салы­сты­ру­дан тұр­май­ды ма? Бокс­шы­лар­ды да салы­сты­рып жата­ды ғой? Голов­кин мықты ма, Қанат Ислам мықты ма деген­дей… Осы тұрғы­дан алған­да, бағы жан­бай, ел-жер­де еске­русіз жүр­ген әзіл­ке­ш­тер қаншама?!

 

– Ал сонау кеңе­стік заман­да тара­лы­мы 150 мың дана­дан жоға­ры болған «Ара» жур­на­лын бүгін­гі ұрпақ неге біл­мей­ді деп ойлайсыз?

– Жоға­ры­да айт­тым ғой, қазір­гі жастар ком­пью­тер-бас болып кет­ті. Газет-жур­нал оқы­май­ды. Ел аға­ла­ры, орта жастағы­лар ғана оқи­ды. Көзі қарақты­лар­ды айта­мын. Ал күн­көріс қамы­м­ен жүр­ген кедей отба­сы газет сатып алып оқы­ған­ша, үйіне бір бөл­ке нан апарған­ды несі­бе көреді. Жастар­дың қолын­да бір-бір­ден ұялы теле­фон, смарт­фон… Күні-түні интер­нет­тен шық­пай­ды. Олар үшін интер­нет­те­гі «дом­бы­ра әйел» қызық! Сон­дай ролик­ті көріп жағам­ды ұста­дым. Бір той­да ер адам келін­шек­ті алды­на алып, құй­ры­ғын саба­лап, «дом­бы­ра» тар­тқан бола­ды. Осы­ның несі күл­кі? Бұл қан­дай тәр­бие? Қаза­қты қаза­қтың мазақ етіп жатқа­нын неге түсін­бей­ді? Ал сен бүгін­гі ұрпақ «Ара» жур­на­лын неге біл­мей­ді?» деп сұрайсың…

 

– Мұх­тар мыр­за, «Дат» газетінің оқыр­ман­да­ры­на су жаңа бір анек­дот, бүгін­де бірқақ­пай дей­міз ғой, айтып берсеңіз?

– Одан да оймақтай ойым­ды айтай­ын. Мен айт­ты деңіз­дер: 2017 жылы ЭКСПО өтіп болған соң, біраз жау­ап­ты адам­дар сот­та­ла бастайды…

 

– Рах­мет, аға! Күлер, күл­дірер күл­кіңіз таусылмасын!

Cұх­бат­тасқан –

Жан­сая ЕРТАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн