Суббота , 5 июля 2025

Мөлдір ӘУЕЛБЕКОВА: ЕТЕКТІ ЖАУЫП ЖҮРІП ТЕ сұлу әрі танымал атануға болады

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №7 (371) от 23 фев­ра­ля 2017 г.

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 


«Кешью» тобы арқы­лы көп­шілік­ке етене таныс болған Мөл­дір ӘУЕЛБЕКОВА жуы­қта ғана декрет­тік дема­лы­стан сахнаға қай­та орал­ды. Алға­шқы про­дю­сері Баян Есен­та­е­ва­дан алған тәжіри­бесін өз шығар­ма­шы­лы­ғын­да қол­да­ну­ды ойлаған әнші жұмысқа бел шеше кіріс­кен екен. «Бей­сен­білік бет­пе-бет» айда­ры аясын­дағы біздің сұх­ба­ты­мыз да өнер­ге шөлір­кеп қалған Мөл­дір­дің жаңа сер­пілістері тура­лы әңгі­ме­ден басталды.

 

−Мөл­дір, эст­ра­да сахна­сын сағы­нып қалған болар­сыз: алға­шқы қарқын қалай болып жатыр?

− Шүкір, бар­лы­ғы өз орны­мен және өз уақы­ты­мен өту­де. «Туған ел» әніне жаңа бей­не­к­лип түсіріп бітір­дік. Қазір мон­таж жұмыста­ры жүріп жатыр. Жаңа бей­не­ба­ян­ды көк­тем­де көре­рмен­ге ұсын­сам деп жос­пар­лап отыр­мын. Декрет­тік дема­лы­стан кей­ін­гі алға­шқы әнім­ді құлын­шағы­ма арна­дым. Сол үшін жас ком­по­зи­тор Шоқан Уәлиxанға арнайы тап­сы­ры­спен ән жаз­ды­рған едім. Мәтінін өнер­де­гі әпкем Құр­ма­най Бақти­ярқы­зы жазып бер­ді. Алға­шқы ана­лық сезі­мім­ді әнмен жет­кізіп, ұлы­ма тар­ту етсем дей­мін. Оған да өңдеу жұмыста­ры жүр­гізілу­де. Бұл әнді де тың­дар­манға көк­тем­нің алға­шқы күн­дерін­де ұсынамын.

 

− Деген­мен шоу-биз­нес сын­шы­ла­ры «Туған ел» бей­не­к­ли­пін «Кешью» тобы­ның сти­ліне ұқса­тып жатыр. Бұған не айтар едіңіз?

− Бұл менің сти­лім. Әрдай­ым сон­дай болған және бола береді де. «Кешью» тобын­да ең көп өнер көр­сет­кен мен бола­ты­н­мын. Сол себеп­тен де ән айту ырғағым топқа сіңіп кет­кен. Және «Кешью­ден» де өзі­ме қажет­ті тұста­рын бой­ы­ма сіңі­ре алдым. Бірақ қазір­гі «Кешью» мүл­дем басқа. Тіп­тен бұры­нғы ән салу сти­лі­мен салы­сты­рып қара­уға болмайды.

 

− Қазір Аста­на­да тұрып жатыр­сыз. Бірақ Алма­ты өнер­дің қай­наған орда­сы ғой. Жас ана үшін бұл жаққа жиі ат басын бұрып тұру қан­ша­лы­қты ауыр соғу­да екен?

− Иә, тұр­мыс құрған соң, Аста­наға қоныс аудар­дым. Себебі, күй­е­уім­нің жұмысы сол жақта. Босанға­лы бері Алма­ты­ға бей­не­ба­ян түсірілі­мі үшін ғана аз уақы­тқа қана кел­дім. Сәбиім­ді үйде­гі ене­ме тастап кет­кен бола­ты­н­мын. Әйт­пе­се, жиі-жиі арлы-бер­лі жүру­ге көңілім соқ­пай­ды. Көп уақы­тым бала­ма кете­ді. Расым­ды айт­сам, әзір­ге бар көңілім сахна­дан бұрын, құлын­шағы­ма ауып тұр.

 

− Кеше ғана еркін жүр­ген, басы бос қыздың отба­сы­лық өмір­ге сіңі­суі, бала­лы болуы қалай екен?

− Әйел­дің бақы­ты − отба­сы. Үйде бере­ке бол­ма­са, оның сәні кете­ді. Сон­ды­қтан отба­сы­на қаты­сты мәсе­ле­лер­ге аса жау­ап­кер­шілік­пен қараймын.

«Ел бола­мын десең – бесі­гіңді түзе» дей­ді. Бала тәр­би­есіне өте мұқи­ят­пын. Дүни­е­ге сәби әкел­ген соң, оның бола­шақта дұрыс адам болып өсуін қадаға­лау ата-ана үшін үлкен міндет.

Отба­сы­лық өмір­дің өз машақа­тын сезініп келе жатыр­мын. Мұның бар­лы­ғын бір сөз­бен айтып, жет­кі­зе алмай­сың. Былай айтқан­да, «бақыт құшағын­да» өмір сүріп жатыр­мын. Бұл ұғым айтар ойым­ды өзін­ше бей­не­леп тұр десем болады.

 

− Инста-парақ­шаңы­зда қажет­ті кеңе­стеріңіз­бен бөлісіп жүр­сіз. Көп келін­шек­тер­ді маза­лай­тын мәсе­ле: бала туған­нан кей­ін әйел адам­ның өз қал­пы­на ора­луы. Біздің оқыр­ман­дар­мен осы сыры­ңы­з­бен бөліссеңіз…

− Иә, инста-парақ­шам­да әйел адам­ның өз-өзін күтуіне, бала­ны қалай тамақтан­ды­ру керек неме­се шомыл­ды­руға бай­ла­ны­сты керекті кеңе­стерім­мен бөлісіп оты­ра­мын. Мәсе­лен, бала­ны ерте­мен бас­сейн­ге түсі­ру оның ден­са­улы­ғы­на жақ­сы әсер етеді.

Бұл­шық еттері қалы­пқа келіп, қол-аяғы жұмыс жасай­ды. Имму­ни­теті күшей­еді, тем­пе­ра­ту­ра­ның дереу өзгерісіне төтеп беру­ге дай­ын бола­ды. Жүрек пен қолқа жол­да­ры жақ­сы дами­ды. Қан жүрісі жақ­са­ра­ды. Тәбеті ашы­ла­ды, ұйқы­сы жақ­сы болады.

Ал бала тапқан­нан кей­ін әйел­дер­дің өз қал­пы­на ора­луы жөнін­де инста-парақ­шам­да арнайы пост дай­ын­дап жатыр­мын. Бұдан басқа алдағы уақыт­та өз өмірім мен отба­сы­лық жағ­дай­ла­рым жай­ын­да да әңгі­ме ететін боламын.

Бұл бір күн­дік жаз­ба бол­май­ды, бұй­ыр­са, менің оқыр­ман­да­рым жақын ара­да парақ­шам­нан ол тура­лы толық оқи ала­тын болады.

 

− Мөл­дір, сіз оты­зға қараған жасы­ңы­зда тұр­мысқа шықты­ңыз ғой. Қыз кезіңіз­де­гі бір сұхбатыңызда:«Кез кел­ген қыз басын­да үйі, астын­да көлі­гі, есеп­шо­тын­да жеті бір­лік­тен кем емес қар­жы­сы бар жігіт­ті арман­дай­ды» деп жазға­ны­ңыз бар. Сол қыздар­дың арма­ны сіздің өміріңіз­де қалай болды?

− Иә, қыз қия­лы осын­дай отба­сы­лық бақы­тқа бай­ла­ны­сты болып келетіні сөз­сіз. Ал бай­лы­ғы кем­шін, бірақ бой­ын­да има­ны мол жар тура­лы ойлай­тын қыздар көп деп айта алмай­мын. Бүгін­гі сана­ны тұр­мыс тауқы­меті биле­ген заман­да қыз бала­сын бұл үшін кінәлау қиын.

Негізі, қаза­қтың әр жігіті өз есеп­шо­тым­да алты нөлі бар ақшам, астым­да – баға­лы көлік, басым­да – әсем жиһаз­ды үйім бол­сын деп, сон­дай ыры­сты ынта­мен тал­пы­нға­ны дұрыс болар еді. Сон­да қаза­қтың қара­көз қызда­ры да ақбоз ат мін­ген бекза­да­ны алыс арма­нын­дағы қия­лға айнал­дыр­мас еді. Өйт­кені «Әкенің малы – балаға мал бол­май­ды» деген сөз бар ғой. Егер бүгін­гі жас жігіт­тер ешнәр­се­ге ынта­лы бол­ма­са, оларға бай­лық қай­дан келсін?

Бірақ мен ақбоз атты бекза­да­ны алы­стан ізде­медім: Ары­стан еке­уміз бір-бірі­міз­бен бұрын­нан таныс едік. Негізі, қыз бала үшін бақыт­ты алыс арман­дар­дан емес, маңай­ы­ң­нан іздеу керек екен. Біз қара­пай­ым отба­сы­нан шыққан­быз. Есеп­шо­ты­мы­зда алты нөл­дік бір­лік­те­гі қар­жы­мыз бол­ма­са да, шүкір­шілік, еке­уі­міз де еңбек­теніп, осы бақыт­ты күні­міз­ге өз еңбе­гі­міз­бен, тал­мас тір­лік­пен жет­кен­біз. Ары­стан­ның шоу-биз­неске еш қаты­сы жоқ. Алай­да, ол менің өнер жолым­ды әрқа­шан қол­дап отырады.

 

− «Шоу-биз­нес» демек­ші, эст­ра­даға жаңа­ша көзқа­рас­пен қарай­тын кре­а­тив­ті жас әнші ретін­де бүгін­гі қазақ шоу-биз­несіне көңіліңіз тола ма?

− Соңғы уақыт­тар­да сахна­да бір­не­ше жыл­дық тәжіри­бесі бар өнер саңлақта­ры мен кәсі­би әншілер сапа­лы әндер орын­дап, там­са­на көретін­дей кон­церт­тер өткізіп жатыр. Осын­дай жақ­сы жақта­ры­на қарап оты­рып, көңілім тола­ды. Бұның өзі үлкен көрсеткіш.

Деген­мен, қазір әнші көбей­ген заман. Айтып жатқан әніне өзге емес, өзі де түсін­бей­тін жаста­ры­мыз орта­мы­зда аз емес.

Мұн­дай­ды көр­ген­де мүм­кін жасты­қтың ала­у­ы­мен өз ісіне мән бер­мей жүр­ген шығар деп, өзім­ді жұба­тып қоя­мын. Жыл­дар өте келе бар­лы­ғы өз қал­пы­на түседі деген үмітім бар. Және кей­бір әнші қызда­ры­мы­здың ашық-шашық киім­деріне қарап, ете­гін жауып та сұлу, әде­мі болуға бола­ты­нын ескер­генін қалай­мын. Бұл таны­мал­ды­қтың шар­ты емес.

 

− Қазір­гі қоға­мы­м­ы­здағы қан­дай мәсе­ле­ге жаны­ңыз көбірек ауырады?

− Қазір­гі кез­де вир­ту­ал­ды өмір сән­ге айнал­ды. Ғалам­тор зама­ны бол­ды. Әлу­мет­тік желілер, оның ішін­де адам­дар­ды инста­грам желісі бау­ра­ды. Алай­да сол жер­ге жари­я­лай­тын суреті­міз­бен жазған сөз­дері­мізді үйле­сті­ре алмай, қан­ша­ма көз бен құлақ ұяла­тын жағ­дай­ға тап болып жатырмыз.

Қаза­ққа тән емес қылы­қта­рын жари­я­лап, мен­та­ли­теті­міз­ге сай «ұят» деген сөзі­мізді күл­кі­ге айлан­ды­ра­тын кей­бір жамағат мені қат­ты ойлан­ды­ра­ды. Әсіре­се халық алдын­да жүр­ген жүзі елге таныс кісілер­дің бұлай жасай­ты­ны­на таң­да­на­мын. «Бұл – өз өмірім, біл­генім­ді істей­мін» деушілер қата­ры көбе­ю­де. Иә, рас, өмірін қалай өткіз­гісі кел­се, не істе­се де әркім­нің өзі біледі. Бірақ, өздеріне қарап, бой түзеп, өсіп келе жатқан ұрпақты да бір сәт ойлау керек. Біз­ден бұры­нғы аға-әпке­лері­міздің алдын­дағы ізба­сар­лық жау­ап­кер­шілік­ті де ұмыт­па­уға тиіс­піз. Қаза­ғы­мы­здың ұлт­тық мәр­те­бесіне өзі­міздің жаны­мыз ашы­ма­са, өзге­ден не сұраймыз?

 

− Сізді кезін­де біраз кон­церт­тен, сахна­лар­дан «қуы­лған» деп естіп жата­мыз. «Қара тізім­ге» енгізіл­ген екен­сіз. Әлі де солай ма?

−Бұл сұрақтар маған жиі қой­ы­ла­ды. Оған жау­ап беру­ден де шаршадым…

 

− Деген­мен бұл әле­умет­тік желілер­де ауық-ауық қызу талқы­ла­на­тын тақы­рып қой… Жал­пы, желі­де­гі оқыр­ман­дар пікіріне қан­ша­лы­қты мән бересіз? Ондағы ықти­яр­сыз сын­дар­дан да шар­шаған жоқ­сыз ба?

− Несіне шар­шай­мыз? Көп­шілік тара­пы­нан сын есту – біздің жұмысы­мы­здың кіш­кене бір бөл­ше­гіне айналған жағ­дай ғой? «Сын» деп айтуға тұрар­лық бол­са, оны дұрыс қабыл­дай­мын. Және оны дереу орын­да­уға тыры­са­мын, ал сыл­дыр-сұй­ық, әшей­ін­нен жазы­лған бос сөз­дер­ді еле­мей­мін. Ал оқыр­ман­да­рым­ның маған деген жылы лебіз­дерін оқы­ған­да, әрине қуа­нып қаламын.

 

− Парақ­шаңы­здан бай­қаға­ным: соңғы уақыт­та діни-исла­ми тұрғы­дағы әде­би­ет­ті жиі оқып жүр­сіз. Бұл діни сау­ат­ты ашу­дың әлпе­ті ме, әлде дін­ге бір жола бет бұру­дың бел­гісі ме?

− Діни кітап­тар­ды бұрын­нан оқып келе­мін. Бұрын­да­ры бұл рет­те­гі ой-жоралғы­ла­рым­ды парақ­ша­ма салып, көп­шілік­ке жария етпей­тін едім. Ал соңғы кез­дері исла­мға ден қою­ды әдет­ке айнал­ды­ра баста­дым. Себебі дін мен ұлты­мы­здың ара­сы­нан бай­ла­ныс іздей­мін. Біз сол ислам­ның ішін­де­гі табиғи бол­мысы­мы­зды, ұлт­тық тәр­би­е­мізді сақтай білуі­міз керек.

Айт­пақ­шы, мен діни кітап­тар­ды ғана емес, көр­кем дүни­е­лер­ді де жиі оқи­мын. Бұл бала кез­ден қалған әдетім бол­са керек.

 

− Әзір­ге жас бол­саңыз да, шәкірт тәр­би­е­леп, про­дю­сер­лік­пен де айна­лы­сқан едіңіз. Ол шару­аңыз әлі де жүріп жатыр ма?

− Шәкірт тәр­би­е­ле­уді көп­шілік про­дю­сер болу деп түсі­неді. Мүл­дем олай емес. Мыса­лы, бір жыл­да­ры мен «Қарақат» мек­теп-сту­ди­я­сын­да вокал­дан сабақ бер­дім. «Гауxар­тас» тобы­ның репер­ту­а­рын­дағы біраз әндер­ге сеп­ті­гім тиді. Бұл менің жастарға деген жәр­де­мім іспет­ті ілтипат.

Ал про­дю­сер­лік кәсіп­ті қоса алып жүру – ойда жоқ емес. Сәбиім марқай­ып, кіш­кене етек-жеңім­ді жинап алған соң, про­дю­сер­лік жұмысты қолға алып көремін.

 

Сұх­бат­тасқан –

Анар ДӘУКЕН,

[email protected]

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн