Суббота , 5 июля 2025

Мөлдірдің мұраты – КҮЙЕУГЕ КЕТУ

 

Мөл­дір сұлу­дың сахна­да ән айтып жүр­геніне де он жыл толып­ты. Алай­да осы дөң­ге­лек датаға бай­ла­ны­сты әнші шығар­ма­шы­лық есеп беруі – биы­лғы жос­па­рын­да жоқ екен. Себебі…

Себебін әнші былай түсін­дір­ді: «Биыл жеке өмірім­де­гі өзгерістер­ге бай­ла­ны­сты халы­ққа есеп беру мақ­са­тын­дағы жеке кон­цер­тім­ді кей­ін­ге қал­ды­руға тура кел­ді. «Қыз мұра­ты – кету» деп қазақ бекер айт­паған ғой. Аяу­лы жар, иба­лы келін, ардақты ана ата­ну – әрбір қыз бала­ның пары­зы, мін­деті деп санай­мын. Қаза­қтың сал­ты көп қой. Сол үшін шығар­ма­шы­лы­қтағы біраз жұмыста­рым­ды кей­ін­ге шегеріп отыр­мын. Осы жыл­дың жел­тоқ­сан айын­да тұр­мысқа шығамын».

Иә, бұл мөл­діре­ген Мөл­дір­ден жаңа шығар­ма­шы­лық жаңа­лық күтіп жүр­ген жұрт­шы­лы­ғы үшін тосын хабар бол­ды. Тән­ті жұр­ты талант­ты әнші «КешYOU» тобы­нан бөлек шығып, енді жеке шығар­ма­шы­лы­ғы­мен айна­лы­са­ды деп жүр­ген­де, жағ­дай «былай боп…» қалған сияқты.

Деген­мен, «қыз мұра­ты – кету» деген­дей, бой жетіп қалған әншінің «жеке бас» мәсе­лесін ойлаға­ны да жөн шығар. Мөл­дір­жан мұра­ты­на жетіп алса, шығар­ма­шы­лық кон­церт беру қай­да қашар дей­сіз, тәйірі!

 

 

Топ­та­ма­ны дай­ын­даған – Жан­сая ЕРТАЙ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн