Среда , 14 мая 2025

Мұнайдың бағасы МҰҢҒА АЙНАЛДЫ

 

Орта­лық Азия елдері (оның ішін­де, әрине, Қаза­қстан да бар) мен Ресей мұнай баға­сы­ның арзан­да­уы­нан $218 млрд жоғалт­ты, деп хабар­ла­ды Bloomberg.

Агент­тік жасаған сарап­та­ма­лық кар­та бой­ын­ша, мұнай баға­сы­ның арзан­да­уы­нан ең көп – $357 млрд ұты­лған Таяу Шығыс өңірінің елдері бол­ды. Одан басқа Сол­түстік Афри­ка – $62 млрд, ал Саха­ра­ның оңтүсті­гін­де­гі афри­ка­лық мем­ле­кет­тер – $89 млрд жоғат­ты. Латын Аме­ри­ка­сын­да мұнай­дан түсетін кіріс – $60 млрд-қа кеміген.

Бұл рет­те дамы­ған деген Кана­да және Нор­ве­гия сын­ды елдер де мұнай баға­сы­ның арзан­да­уы­нан ұтыл­ды. Мыса­лы, Кана­да – $40 млрд, ал нор­ве­ги­я­лық мұнай қоры – $53 млрд жоғатты.

АҚШ, Азия мен Еуро­па ұты­ста бол­ды. Ази­яда кіріс – $393 млрд, АҚШ-та – $180 млрд, ал Еуро­па­да мұнай баға­сы­ның арзан­да­уы­нан кір­ген кіріс – $300 млрд болды.

«Қазір біз мұнай баға­сы орта мерзім­ге және ұзақ мерзім­ге де арзан баға кезеңін­де өмір сүріп жатқа­ны­мы­зға мен сене­мін. Біз­де арзан мұнай, арзан газ, қал­пы­на келетін арзан қуат көз­дері бар. Біз қазір ұсы­ныс шек­те­усіз кез­де өмір сүру­де­міз», – деп айтқан BNEF ком­па­ни­я­сы­ның өкілі Май­кл Либ­райх­тың сөзін Bloomberg келтіреді.

Жал­пы алған­да, агент­тік сарап­шы­ла­ры­ның мәлі­мет­терін­ше, көп­те­ген инно­ва­ци­я­лық өңір­лер был­ты­рғы мау­сым айы­нан бері бір жыл­да мұнай баға­сы­ның 50 пай­ыз арзан­да­уы­нан $900 млрд тұра­тын ынта­лан­ды­ру топ­та­ма­сын алып отыр. «Ол жаһан­дық эко­но­ми­каға пай­да әке­леді, бірақ ол диви­денд­тер бір­кел­кі үле­стіріл­мей­ді, Таяу Шығыс пен Ресей алған шот­та­ры­нан шошып отыр», – деп есеп­тей­ді Bloomberg.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн