Воскресенье , 6 июля 2025

МӘНШҮКТІҢ ЕРЛІГІН КӨРГЕН, Батыр қызды өз қолымен жерлеген жауынгердің естелігі

Ел басы­на күн туған кез­де Аягөз өңірі­нен 27 000 аза­мат Ұлы Отан соғы­сы­на аттан­ды. Солар­дың бірі – Алма­ты­да жасақталған 100-атқы­штар бри­га­да­сы­ның жауын­гері Бола­тов Ахметқа­зы еді.

Ахметқа­зы аға – Кали­нин облы­сы Бабуш­ки­но қала­сын жаудан қорға­уда ерекше ерлік көр­сет­кен. 1943 жыл­дың 15 қаза­нын­дағы шай­қасқа Мән­шүк Маме­то­ва­мен бір­ге қаты­сып, оның қалай мерт болға­нын өз көзі­мен көр­ген адам. Ұрыс аяқталған­нан кей­ін Мән­шүк­ті жауынгер 

Т.Әбуов еке­уі сүй­е­гін ізде­стіріп тауып, өз қол­да­ры­мен жерлеген. 

Бер­лин­ге дей­ін барып, ерлі­гі еленіп, бір­не­ше мәр­те медаль, орден­дер­мен мара­пат­тал­ды. Абы­рой­мен елге ора­лып, халқы­на адал еңбек еткен аза­мат. Бүгін­де Орал қала­сын­дағы Совет Одағы­ның Баты­ры Мән­шүк Маме­то­ваға арналған мұра­жай­да Ахметқа­зы аға жай­лы деректер, ол кісінің алған бар­лық медаль, орден­дері сақта­у­лы. Орал қала­сы­ның аза­мат­та­ры аға­ны ерекше құр­мет тұтып, сол қала­ның «Құр­мет­ті аза­ма­ты» атағын берген.

Май­дан­гер жауын­гер Ахметқа­зы Бола­тов жай­лы жазу­шы­лар Әди Шәрі­пов, Әзіл­хан Нұр­шай­ы­қов бір­не­ше мәр­те өз естелік­терін­де жазып кет­кен. 2002 жылы Аягөз қала­сы­ның Граж­дан­ская көше­сі Ахметқа­зы Бола­тов көше­сі болып өзгер­тіл­ген. Бұл да Аягөз аза­мат­та­ры­ның ардақты аға­ла­рын құр­мет­теп, еңбе­гін еле­ген­дік­тері деп есептеймін.

Бүгін­де көз­ден кет­се де, естен кет­пе­ген аға­мы­здың өз аузы­нан есті­ген Мән­шүк батыр жай­лы әңгі­мені назар­ла­ры­ңы­зға ұсы­нып отыр­мын. Ескер­те кетей­ін, бұл естелік батыр аға­ның өз аузы­нан жазы­лып алынған. 

Күл­пан МАҒЗЫМБАЙҚЫЗЫ,

ҚР Білім беру ісінің құр­мет­ті қызметкері

 

Мен Алма­ты­да жасақталған 100-атқы­штар бри­га­да­сы­ның құра­мын­да май­данға алы­нып, соғы­стың аяғы­на дей­ін қаты­на­сқан адам­мын. Сон­дағы менің бай­қаға­ным, басы­на іс түс­кен­де, қаза­қтай қай­сар халық жоқ екен. Фашизм­ге қар­сы қанқұй­лы соғы­ста мен өз халқым­нан шыққан сүй­ік­ті ұлан­дар­ды жете таны­дым, олар­дың үш түр­лі басты қаси­етіне тән­ті бол­дым десем, артық айтқан­дық емес. Май­дан­да қазақ жігіт­тері ашты­ққа төзім­ді, қол­да бары­на қанағат­шыл еді. Қар­ны той­ма­са, сүмең­деп, тамақ іздеп кететін әдет бай­қатқан жоқ. Тамақта­нуға оты­рған­да азған­тай ас- суға коман­дир­ден, жасы үлкен­дер­ден бұрын қол созбай­тын. Бұл – үлкен тәр­би­елілік, тек­тілік еді.

Сосын қазақ сол­дат­та­ры суы­ққа да шыдам­ды­лық таны­та біл­ді. Соғы­стың алға­шқы жыл­да­ры, жасы­ра­ты­ны жоқ, етік тозып, аяғы­мы­зға шәр­кей іліп, қом­ша бай­лап жүр­ген кезі­міз бол­ды. 1941–42 жыл­дар­дың қысын­да Москва түбін­де­гі 30–40 гра­дус шыңы­л­тыр аязға төтеп бер­дік. Жылы киім арты­мы­здан кей­ін кел­ді. Ең басты­сы, біздің жігіт­тер намыс­шыл еді. Намысын жігері жаны­ған­дай шеті­нен тастүй­ін, кеудесін­де кек қай­нап, ең қиын тұста тұр­ды, соғыс өнерін жетік мең­геріп алды. «Қаза­қстан­ды­қтар» деген жалғыз ауыз сөз­ге сүт­тей ұйып, ел аты­на, өз ары­на кір кел­тір­меу үшін кеудесін от пен оққа төсе­ген­дер­ді көз­бен көрдік.

Сон­дай батыр­лар­дың біре­гейі Мән­шүк еді. Мән­шүк­тің ерлі­гін Ұлы Отан соғы­сын­да оры­сы бар, басқа ұлты бар, бір­де-бір халы­қтың қызы түгілі, жігіт­тері жасай алған жоқ. Мен жау­мен 1943 жыл­дың 15 қаза­нын­дағы шай­қасқа Мән­шүк­пен бір­ге қаты­на­сып, қалай мерт болға­нын көз­бек көр­ген адам­мын. Мен сол уақыт­та да айтқан­мын, қазір де қолым­ды көкіре­гі­ме қой­ып, ағым­нан жары­лып айта ала­мын. Сол күн­гі Изо­чи стан­ци­я­сы үшін болған шай­қастан аман-есен шыққан 100-бри­га­да­ның жауын­гер­лері тек Мән­шүк­тің арқа­сын­да тірі қал­дық. Өз өмірі­міз үшін де, соғы­стан кей­ін­гі көр­ген бар­ша қызы­қ­шы­лы­ғы­мыз үшін де Мән­шүк­тің әру­ағы алдын­да қары­здар­мыз. Сон­ды­қтан оның ерлі­гіне бас ие оты­рып, өзі­міздің көзі­міз жұмы­лған­ша оның атын қастер­леп айтып өтеміз.

Мен Мән­шүк­ті Алма­ты­да бей­біт жағ­дай­да көріп, танып-біл­ген емес­пін. Біз мұз жаста­нып, қар жамы­лған қиын-қыстау кез­де май­дан­да кездестік.

1942 жыл­дың қыр­күй­е­гін­де Мән­шүк Маме­то­ва 100-атқы­штар бри­га­да­сы­ның құра­мын­да Москва­ның сол­түстік жағын­дағы Бабуш­ки­но деген шағын қалаға кел­ді. Үлкен шабуыл алдын­дағы дай­ын­дық кезі бола­тын. Бұл қала Миха­ил Кали­нин­нің туған жері екен, сол себеп­ті Кали­нин облы­сы деп аталған. Ол жау қолы­на өткелі біраз уақыт болған. Алда оны фаши­стер­ден азат ету мін­деті тұр­ды. Ұры­сқа кірер алдын­да Миха­ил Ива­но­ви­чтің өзі келіп, жауын­гер­лер­мен жүз­десіп, сөз сөй­леп жігер­лен­діріп, ту тап­сы­рып кет­ті. Әйгілі 8‑гвардиялық Пан­фи­лов диви­зи­я­сын 100-атқы­штар бри­га­да­сы­мен толы­қты­рған бола­тын. Біз осы құра­ма­да шабуы­лға әзір­леніп жат­тық. Мән­шүк шта­б­та іс-қағаз­дар­ды рет­те­уші, әрі 4‑бөлімшенің ком­со­мол жетек­шісі еді. Біздің бри­га­да Алма­ты­да жасақталған­ды­қтан, мұн­да негізі­нен қазақ жігіт­тері бол­ды. Сон­ды­қтан олар Мән­шүк­ті аялап, «ара­мы­здағы қар­лы­ға­штай қызы­мы­зды оққа ұшы­рып алсақ, елге не деп бара­мыз» деп, мүм­кін­ді­гін­ше оны шта­б­та ұста­ды. Мен топ комс­ор­гі едім. Бөлім­де­гі жауын­гер­лер­дің есебін шта­бқа апарған кез­де Мән­шүк­пен жүз­десіп, әңгі­ме­лесіп жүрдім.

1942 жыл­дың қара­ша айын­да Белый қала­сы­ның түбін­де ұры­сқа кір­дік. Ржев деген жер­де тұрға­ны­мы­зда, әру­ағы­ң­нан айна­лай­ын, Диме­кең Қона­ев жіберт­кен екі вагон киім-кешек, тәт­ті-дәм­ді тағам арты­мы­здан келіп, қарық болып қал­дық. Етік, тон, малақай сияқты жылы киім­ді сон­да алдық. Елді сағы­нған жігіт­тер­дің көңілі көтеріліп, бәрі мәре-сәре бол­ды. Сон­дағы жеген алма­ның дәмі таң­дай­ым­нан әлі кет­пей­ді. Бәрі­нен де бей­та­ныс бой­жет­кен­дер, аяу­лы қарын­дастар тігіп жібер­ген кестелі ора­мал­дар қан­дай еді, шір­кін! Кестелі ора­мал! Май­дан өмірін­де мұн­дай күн­нен өткен бақыт­ты күн, мұн­дай арқа-жарқа қуа­ны­штан артық қуа­ныш жоқ еді-ау?!

Соғы­стың аты соғыс. Әлгі­дей жарқын сәт­тер­ден қанат­танған жігіт­тер шабуыл­дан соң шабуы­лға шықты. Моло­дой Туд ауда­ны­ның он екі елді мекенін біздің бри­га­да фаши­стер­ден азат етті. Өзі­міз де жігіт­тер­дің жар­ты­сын жоғалт­тық. Кали­ни­но дерев­ня­сын алу үшін болған шай­қа­ста, әлі есім­де, бір аяу­лы аза­ма­ты­мы­здан айы­рыл­дық. Ол соғы­стың алдын­да опе­ра және балет теат­ры­ның алға­шқы дирек­то­ры болған, бри­га­да­ның аға сая­си басқа­ру­шы­сы, гвар­дия капи­та­ны Қабы­кен Әлжа­нов еді. Оның қаза­сы­ның әрбір эпи­зоды­на дей­ін есім­де сақталға­ны, денесі бей­та­рап зона­да қалып қой­ды. Сая­си жетек­шінің денесінің жау қолы­на түсуі соғыс тәр­тібін­де қат­ты айып­та­ла­ды. Фаши­стер мәй­іт­ті адам айтқы­сыз қор­ла­уы мүм­кін. Сон­ды­қтан сүй­ек­ті бей­та­рап зона­дан қайт­кен күн­де де олар­дан бұрын алып шығу үшін коман­дир­лері­міз он бес авто­мат­шы­ны аттан­дыр­ды. Біз бер жақтан қар­сы бет­тің наза­рын өзі­міз­ге ауда­рып, аты­сып жат­тық. Он бес авто­мат­шы­ның бірі болып, менің бір­ге туған аға­тай­ым Ахмет­жан Ахмет­жа­нов та кетті.

Абы­рой болған­да Қабы­кен­нің сүй­е­гін алып шығып, Моло­дой Туд ауда­ны­ның орта­лы­ғы Василь­ко­во село­сын­да жер­ледік. Осы­ның бәрін ұйым­да­сты­рып жүр­ген 100-бри­га­да­ның комис­са­ры Сақтаған Бәй­і­шев еді.

Осы­дан кей­ін біздің бри­га­да гене­рал-лей­те­нант К.Н.Галицкийдің басқа­руын­дағы 3‑тегеурінді арми­я­ның құра­мын­да атақты Вели­кие Луки шай­қа­сы­на қаты­на­сты. Ұлы Отан соғы­сы­ның тарихын­да бұл «Кіші Ста­лин­град шай­қа­сы» деген атақ алған қиян-кес­кі ұрыс еді. Біз­дер қан­ша­ма боздақтар­дан айы­рыл­дық бұл шай­қа­ста! Естен кетпейді-ау!

Вели­кие Луки шай­қа­сын­да жауды еңсіре­те жеңіп, қала­ны алған соң, әбден қажы­ған бри­га­да­ны дема­лы­сқа шығар­ды. Шади­ни­но дерев­ня­сын­да бекіні­сте тұр­дық. Жаңа­дан тың күш келіп қосы­лып, келесі ұры­старға әзір­ле­ну үстін­де­міз. Бұл 1943 жыл­дың жазы еді. Мән­шүк шта­б­та хат­шы бол­май­мын деп, қай­та-қай­та рапорт жазу­мен бол­ды. Алдын­да да бір­не­ше мәр­те алды­ңғы шеп­ке сұранған еді. Бұл тіле­гі қабыл­дан­баған. Енді пуле­мет­шы болғы­сы келетінін айтып, бри­га­да коман­дир­леріне үсті-үстіне рапорт жаз­ды. Ақы­ры 1943 жыл­дың мау­сым айын­да жаңа­дан құры­лып жатқан 4‑пулеметшылар бата­льо­ны­на қабыл­дан­ды. Жаз­дай пуле­мет­шы өнеріне жаттықты.

Осы ара­да Мән­шүк­тің табан­ды­лы­ғы, қай­сар­лы­ғы тура­лы айт­пасқа бол­май­ды. Бұры­нғы­дай шта­б­та жүре бер­се, оған ешкім қой деген жоқ. Әрбір шабуыл­дан кей­ін қата­ры­мы­здың сиреп қалға­нын көр­ген сай­ын Мән­шүк­тің дұшпанға деген ашу-ыза­сы артып, еркін намысы билеп, алғы шеп­ке сұра­ну­шы еді. Пуле­мет­шы болу оңай емес, қару­дың өзін көтеріп жүру әжептәуір жүк еді. Мән­шүк­тер пай­да­ланған пуле­мет­ті «стан­ко­вый пуле­мет», ауы­зекі тіл­де «Мак­сим» деп те айта­тын. Бұл пуле­мет­тің рас­четін­де төрт кісі бола­тын. Оғы­мен толық жаб­ды­қтаған­да, ол тоқ­сан кило­грам­дай тар­та­ды. Осы­ны әлгі төрт адам бөліп-бөліп көтеріп жүреді. Ұрыс пози­ци­я­сын аны­қтаған соң, сол жер­ге апа­рып құра­ды. Орын ауы­стыр­са, тағы да бұзып арқа­лап ала­ды. Мән­шүк осы жұмыстар­дың бәріне төселіп, бұзуын, құруын, атуын бәрін екі айда жақ­сы мең­гер­ді. Ойлап қара­сақ, бұл қыз бала үшін оңай іс емес еді. Бірақ біздің Мән­шүк айтқан беті­нен қайт­пай­тын алғыр­лы­ғы­мен жеңді. Шта­б­та жүр­ген­де бұры­мы бар еді, сол қолаң шашты кесті. Өзі де намыс оты­на суа­ры­лған, қын­нан шыққан қылы­штай өткір еді. Соғыс өнеріне әбден төселді.

Қыр­күй­ек айын­да 3‑тегеуірінді арми­я­ның құра­мын­да біздің бри­га­да шабуы­лға шықты. Бұры­нғы Кали­нин, қазір­гі Псков облы­сы­ның Невель қала­сын жаудан азат ету­ден баста­ды. Невель­ді алған­мен, онда табан тіреп тұру оңай болған жоқ. Бұл ара­да фаши­стер­дің көп­те­ген оқ-дәрі қой­ма­ла­ры, азық-түлік­тері қалып қал­ды. Соны қай­та­рып алуға жан­та­ласқан жау шабуыл үстіне шабуыл үдет­ті, қиян-кес­кі ұры­стар бол­ды. Оның бәріне Мән­шүк қаты­на­сып, дұшпанға есесін жібермеді.

Невель­дің терістік жағын­да он бес шақы­рым­дай жер­де сан тарау темір жол тора­бы орна­ласқан Изо­чи стан­ци­я­сы бар. Ленин­град, Москва жол­да­ры осы арқы­лы өте­ді. Соны фаши­стер­ден азат ету үшін алдын ала жос­пар жасал­ды. 14 қазан­да шабуыл­ды баста­дық. Екі күн­ге созы­лған шай­қас еді бұл. Стан­ция мен қала­ның орта тұсын­дағы жот­аға Мән­шүк­тер 14-нен 15-не қараған түн­де алдын ала орна­ла­сып, өздеріне қолай­лы пози­ция жасап алып, шабуыл­дың бары­сын қадаға­лап жатты.

Таңғы алты­да шабуыл­ды бастап, он екі­де стан­ци­я­ны алдық. Соғыс тәр­тібі бой­ын­ша жаудан азат еткен жер­ге бекініп, окоп қазып, орын сай­лап алуы­мыз керек. Бірақ фаши­стер оған мұр­ша бер­мей, екі-үш есе көп күшпен қай­та шабуы­лға шықты. Біз­ге ес жидыр­май, соққы беру­де. Күш тең кел­ме­ген­дік­тен, бүй­тіп соғы­са бер­сек, жігіт­тер­ден түгел айы­ры­ла­тын болған­ды­қтан, пози­ция ауы­сты­ру үшін, стан­ци­я­ны тастап, шегіне ұры­стық. Арты­мыз – стан­ция, алды­мыз – Мән­шүк­тер бекін­ген жота. Міне, мен Мән­шүк­тің табан­ды­лы­ғын, қай­сар­лы­ғын осы жолы көр­дім. Жот­а­дан біздің қай­тып келе жатқан­ды­ғы­мы­зды бай­қаған ол арт­тан қуған жауға пуле­меті­нен оқты төк­ті де отыр­ды. Бұл пуле­мет­тер­дің ради­у­сы кең, екі шақы­рым жер­ді қам­ти­тын. Біздің жігіт­тер жот­аға жет­кен­ше өкше­леп келе жатқан жауды бет­тет­пей, қоға­дай жапы­рып отырды.

Мән­шүк бекін­ген жер­ге біз де жет­тік. Қара­сақ, жалғыз қалып­ты, басы­нан жара­ланған көрі­неді, таңып алып­ты. Пуле­меті де істен шыққан. Қасын­дағы иесіз қалған екін­ші пуле­мет­ке ауы­сып, іске қосып жатыр екен. Оның жалғыз қалға­нын көріп, іші­міз елжіреп, біз­бен бір­ге жүруін өтін­дік. Ол тастүй­ін бекініп алған. «Ана жақта кім­дер қал­ды?» – деп сұра­ды. Қайт­пай қалған жігіт­тер­дің кегін қай­тарғы­сы кел­ген­дей, пуле­мет­ке жабы­са түсті. Фаши­стер­дің үш-төрт дүр­кін­гі бас көтер­ген шабуы­лы­на төтеп бер­ді. Қан­ша дұшпан­ды қыр­ды, ол ара­да санап жатқан кісі жоқ. «Мән­шүк, қой, Гит­лер­дің қай әскерін қырып тауы­са­сың, пози­ция ауы­сты­рып, күш жинай­ық», – деген­ге көн­бей, сол жот­а­да қалып қой­ды. «Сен­дер бара берің­дер, мен сен­дер­ді қорғай тұра­мын», – деді. Соңғы айтқан сөзі осы бол­ды. Біз жота­ның астын құл­ди­лап кете бердік.

Арты­мы­здан дүм­пу­лер естіліп жат­ты. Фаши­стер де Мән­шүк­тің бекін­ген жерін атқы­лай баста­ды. Біз үш жүз-төрт жүз метр ұза­ған шама­да Мән­шүк­тің сақыл­даған пуле­метінің дау­сы үзіл­ді. Біз­дер терең күр­сініп, бір-бірі­міз­ге қарап: «Біт­ті!» – дедік. Егер сол жолы пуле­меті­нен от шашып, жаудың алдын бөге­ме­ген­де, фаши­стер бізді жот­аға жет­кіз­бей-ақ жой­ып жібе­рер ме еді, кім біл­сін?! 100-бри­га­да­ның қан­ша­ма жігіт­терінің өмірін сақтап қал­ды. Мән­шүк ерлі­гінің мәні, міне, осын­да! Намыстан жаралған­дай ол жауға най­за­ғай оғын­дай тиді.

Біз­дер 2‑батальонға аман-есен жет­тік. Осы екі ара­да күздің қысқа күні де бат­ты. Фаши­стер көп шығы­нға ұшы­ра­мау үшін түн­ге қарай шабуы­лға шық­пай­ды. Біз түні­мен қорға­ны­стағы арми­яға қосылдық.

Ертесін­де бізді басқа диви­зи­яға қосты. Одан кей­ін де бұл ара­да қиян-кес­кі ұры­стар бол­ды. Жау әскер­лері көп­ке дей­ін Мән­шүк бекін­ген төбені де, Изо­чиді де босат­па­ды. Тағы бір ұры­ста 249 фаши­стің көзін жой­ған атақты мер­ген Ыбы­рай­ым Сүлей­ме­нов қаза тап­ты. Одан басқа да біздің жақтан шығын көп болды…

Мен басқа құра­мға ауы­сқан­ды­қтан, мұның бәрі­нен хабар­сыз­бын. 1944 жыл­дың 5‑наурызында Мән­шүк Маме­то­ваға Кеңе­стер Одағы­ның Баты­ры атағы беріл­ген­ді­гі жөнін­де Указ жари­я­ла­на­ды. Бұл уақыт­та біз Брест қала­сын алып, Поль­ша­ның шека­ра­сын­да тұрған­быз. Бір күні коман­ди­рі­міз шақыр­ды. Бар­сам, есік алдын­да бұрын­нан 100-атқы­штар бри­га­да­сы­нан тани­тын Тұраш Әбу­ов тұр екен. Сәлем­десіп, ішке кіріп кет­тім. Коман­ди­рім: «Изо­чи­де­гі ұры­сқа қаты­на­стың ба?» – деп аны­қтап сұра­ды. Мен қаты­на­сқа­ным­ды айт­тым. «Енде­ше Мән­шүк Маме­то­ва­ның мерт болар­да бекін­ген жерін, пуле­метінің орнын, сүй­е­гін таба ала­сың ба?» – деп сұра­ды. «Таба алар едім», – дедім мен тай­сал­май. «Енде­ше капи­тан Т.Әбуов еке­уің барып, Маме­то­ва­ның сүй­е­гін тауып, Невель қала­сы­на апа­рып жер­лей­сің­дер!» – деді. Қасы­мы­зға тағы екі жауын­гер қосып бер­ді. Біз жолға шықтық.

Ол жер­дің жады­мы­зда сақталға­ны сон­ша, қинал­май-ақ тауып алдық. Пуле­метінің орнын да ажы­рат­тық. Сна­ряд түсіп, сүй­ек­ті топы­рақ жауып қалып­ты. Қазып жүріп, әуелі еті­гіне кезік­тік. Кіш­кене әйел­дің аяқ киі­мі екені бел­гілі. Еті­гін таны­ған соң, сүй­ек­ті топы­рақ асты­нан ашып алдық. Адам­ның шашы бұзыл­май­ды екен. Шашын көр­ген­нен кей­ін Мән­шүк­тің сүй­е­гі екеніне шүбә­міз қал­ма­ды. Плащ-палат­каға салып алып келіп, қара­лы жиын ашып, Невель қала­сы­ның пар­тия коми­тетінің алдын­дағы алаңға, бауыр­ла­стар зира­ты­на Әбілқай­ыр Бай­мол­дин мен Ыбы­рай­ым Сүлей­ме­но­втың орта­сын­дағы бел­гі­лен­ген оры­нға жер­ледік. Мән­шүк­тің алдын­дағы жауын­гер­лік, жол­да­стық пары­зы­мы­здың өтел­ген тұсы осы-ау дей­мін. Амал не, өлім­ге қия­тын жан ба еді?! Жай­нап тұрған шағын­да қыр­шын кетті.

.…1982 жылы сәуір айын­да 100-атқы­штар бри­га­да­сы­ның бүгін­гі көзі тірі жауын­гер­лері соғы­сқан жер­лері­мізді ара­ла­дық. Фашиз­мнен өзі­міз азат еткен ежел­гі орыс қала­ла­рын – Вели­кие Луки, Невель, Ново­со­коль­ни­ки, т.б. ара­лап, сол ара­да қаза тапқан бауыр­ла­ры­мы­здың зира­ты­на тәу етіп, дұға оқып, топы­рақ алып қайттық.

Мән­шүк пен Әли­я­ның қаза тапқан жер­лерінің ара­сы небәрі алпыс бес шақы­рым екен. Баста­рын­да ерлік ала­уы жанып тұр. Ұлы Отан соғы­сы­ның тарихын­да қос жұл­ды­здай болған қаза­қтың қос қызы­ның есі­мі ерлік­тің мәң­гілік ала­у­ын­дай аспа­ны­мы­зда жарқы­рап тұрмақ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн