МҰРЫН АНАҒА ескерткіш ашылды

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №43 (360) от 24 ноября 2016 г.

 

Бәрекелді!

 


 

 

 

Қазақта аналар көп дара туған,

Бір Тәңір перменімен жаратылған.

Ойлаумен елдің мұңын, жердің құнын,

Толғанып, кірпік ілмей таң атырған.

Солардың бірі – әулие МҰРЫН АПА,

Ырыс-бақ арылмаған сабасынан.

Әбубәкір Қайран

 

Бүкіл қазақ елі құрметтейтін, шыққан тегі Ұлы жүздегі атақты Үйсін Бәйдібек би мен Домалақ ананың ұрпағы, Жүзей қызы наймандарға келін боп түскенде, күнге шағылысқан сұлулығымен ғана әсер берсе, бертін келе ақылды даналығының арқасында жаңа көшінің нақ көрікті келіні болған. Бүкіл бір тайпаның ұйтқысы боп, барша халық құрметтеген Мұрын аталуы, келін болып түскен жерінің құрметіне бөленеді.

Ғылыми деректерге жүгінсек, Орта жүз Найманның ішіндегі Қаракерейден өрбіген аталардың бірі – Байыс. Шежіре деректерінде Байыстың бес баласының бірі – Сары (Ерсары). Осы Сарының бәйбішесінің есімі Ақбике екен. Мұрыны зор кісі болса керек. Осы Ақбикеден өсіп-өнген ұрпақтың «Мұрын» аталып кетуі содан еді дейді ел аузындағы аңыз деректері.

Мұрын анамыздың атағы алысқа кеткенін, Тарбағатай тауының етегіндегі Ақсуат өңірінде өніп-өсіп жатыр. Көнші-Мұрын, Қыржы- Мұрын, Кенже-Мұрын, Назар-Мұрын, Қыдыр-Мұрын тағы осы сияқты 17 болыс ел «Мұрын» атанған екен.

Өскелең ұрпағымыз өткен тарихтан қол үзіп барады деп, жігерімізді жани алмай, тарихи тұлғалардың есімі көмескілене түсуде. Жастарды қойып, үлкендердің өзі тікелей ұрпағы болса да, Шығыс өңірдегі Мұрын ана жөніндегі деректі біле бермейді. Егер тарихта аты қалған Анаға ескерткіш қойылып, бейнесі көз алдыңызда асқақтап тұрса, кімге де болса ой салмай ма? Білмегендер «Бұл кім?» деп сұрап, қызығушылық танытады.

Биылғы жыл маусым айында Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуатта Мұрын Ана ескерткіші салтанатпен ашылды. Алаңға лық толған, жан-жақтағы биіктерді бауырлаған ауыл тұрғындарының нақ ортасында республика, облыс, аудан басшылары, еліміздің көптеген қоғам, ғылым, мәдениет қайраткерлері, ақындар, әншілер қошамет көрсетті.

Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың арнау сөзінен кейін, елге арналған сөздер дарияның тоғысты толқынындай шарықтады. Бүкіл бір өңірдегі ел-жұрт Ұлы Анамыздың атымен аталуына атақ-даңқы аңызға айналған тұлғаны мәңгілік есте сақтау үшін, Ақсуаттың төрінде Мұрын ананың ескерткіші бой көтерді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында қазақ аналарының асқақ бейнесін сомдаған қос мүсінші – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Әлібек пен Ертіс Шоқановтардың еңбегіне ел риза.

Майдан САХАРБЕК,

Ақсуат – Алматы     

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн