«Общественная позиция»
(проект «DAT» №40 (404) от 02 ноября 2017 г.
Ойдан-қырдан
Оқушы кезінде интернатта тұрып оқыған, бүгінде ең танымал әншілердің біріне айналған Халық әртісі Мақпал Жүнісова интернат қыздарынан көрген қорлығын Zhuldyz.tv арнасының «Сенбілік серуен» бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.
«Мен өзім дала-қаланың қызымын. Ата-ананың тәрбиесін көрмеген, 3-сыныптан бастап, қалаға кеткен, интернатта өскен қызбын. Интернатта тұрып, өмір сүрудің өзі оңай емес. Естімеген нәрсені естідік, көп қиындық көрдік. Ата-ананың жылуын көп сезінген жоқпыз. Таяқ жеген кездерім де болды», – дейді Мақпал Жүнісова.
Сонымен бірге ол жоғары сынып қыздарынан таяқ жеген күндерін еске алды. «11-сыныптың 5–6 қызы мені теуіп, мектептің ішіндегі бақта мені ұрды. Не үшін дейсіз ғой? Ешқандай кінәм жоқ, мысалы. Ол қыздарды осы күнге дейін танимын, түрін де, атын да білемін. Айтпай-ақ қояйын. Бізге дене шынықтыру сабағынан мектепке практиканттар келді. Сонда Майдин деген ұйғыр жігіт келді. Мен 8-сыныпта оқимын, әлгі қыздар 11 оқиды. Мен мектепте әнші ретінде өте танымал болдым ғой. Сонда әлгі Майдин деген жігітке менің даусым ұнап қапты. Сосын ол: «Мақпал, ән айт», – дейді ғой маған. Менің ешқандай арам ойым жоқ: тұрып алып, алдында ән айттым, ол үлкен жігіт. Сөйтсем, 11-сыныптың қыздары соған ғашық екен.
«Мақпалочка» деп, мені жақсы көріп… енді жақсы ән айтқаным үшін жақсы көрген шығар. Арамызда махаббат деген болмаған. Содан корпустан келе жатсам, қыздар мені бұрышқа кіргізіп алып тепкілеп, «соплячка» деп шашымнан жұлып, жерге ұрып-жығып, қанжоса қылған. Сол есімнен кетпейді. Сонда ештеңе жасай алмадым. Өзім шалғайдан, Қарағанды облысынан келген қызбын ғой», – деп еске алды Мақпал.