Понедельник , 7 июля 2025

Мақсұт ЖҰМАЕВ: Қазақтың бүкіл жері – МЕНІКІ, оны ешкімге бермеймін!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №07 (278) от 19 фев­ра­ля 2015 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 

Мақсұт Жұма­ев – жер бетін­де­гі ең биік 8‑мыңдық 14 шың­ның бәрін қосым­ша отте­гін пай­да­лан­бай бағын­ды­рған әлем­де­гі он төрт аль­пи­ни­стің бірі. Он бес жыл бұрын шетел­дік аль­пи­ни­стер­дің жүгін ғана көте­ру­ші болған қазақ бала­сы бір кез­дері «Жер тәжін», яғни, әлем­де­гі бар­лық 8‑мыңдық құзар шың­дар­ды бағын­ды­рып, дүни­е­жүзін­де­гі әйгілі спорт­шы бола­рын біл­ген жоқ.

 

–Мені кезін­де өзім сияқты ауыл­да қора таза­лап жүр­ген бала есті­се деп армандаймын

– Сіз жиыр­ма­дан асқан шағы­ңы­зда пор­тер (аль­пи­ни­стер жүгін тасу­шы) едіңіз, енді, міне, бір­ден Гима­лай­дың 8‑мыңдық шыңы­на өрлеп, Қаза­қстан­ның аль­пи­ни­стер құра­ма коман­да­сы­на алын­ды­ңыз. Бұл не еді: сәт­тілік пе, дарын ба, әлде ген­нің мықты­лы­ғы ма?

– Расын­да, мен тауды алғаш Алма­ты­ға кел­ген­де көр­дім. Сту­дент кезім­де жаз­да әпке­ме Орал­дан қонаққа келіп, жүк тасу­шы болып, ақша тауып жүр­дім. Шетел­дік тури­стер­дің жүк­терін тауда арқа­лап жүретін­біз… Ал Гима­лай­ға шығуға кел­сек, кеңес дәуірін­де аль­пи­ни­стің шетел­ге экс­пе­ди­ци­яға шығуы сирек жағ­дай еді. Коман­даға өту үшін 10–20 жеті мың­дық шың­дар­ды алу керек бола­тын. Спорт­шы­ның кемін­де спорт шебері дәре­же­сі болуы тиіс. Ал 2000 жылы да бұл оңай шаруа емес еді. Қазір­дің өзін­де төмен­гі раз­ряд­тағы спорт­шы­ның Гима­лай шыңы­на шығуын еле­сте­ту қиын.

Иә, сәтін салға­ны рас. 1999 жылы аме­ри­ка­лық аль­пи­ни­стер­мен жұмыс істе­ген кез­де ең төмен­гі буын сана­тын­да – кіші пор­тер едім. Төрт спорт­шы­ның ара­сын­дағы ең жасы кішісі, білік­тілі­гі жағы­нан төмені бол­дым. Мен олар­мен жүр­ген кез­де тек төрт мың­дық биік­тік­ке шықтым. Бұл – лагерь орна­ласқан жер, биік таудың өзі емес. Сол кез­де анам қат­ты ауы­рып, үйге қай­тып кет­тім. Сон­ды­қтан сегіз мың­дық шыңға көтері­лу – мен үшін мың­нан бір ғана берілетін мүм­кін­дік еді. Бір­де аль­пи­ни­стер­дің бірі хабар­ла­сып, Гима­лай­дың Шиша­банг­ма шыңы­на шығуға дай­ын­далған екі қаза­қстан­дық аль­пи­ни­стің – біре­уі тәжіри­белі жат­ты­қты­ру­шы, екін­шісі – спорт шеберінің аяқ асты­нан бара алмай­ты­нын хабар­ла­ды. Егер қала­сам, жолым­ды өзім төлеп, аме­ри­ка­лы­қтар­дың тобы­на қосы­луға бола­ты­ным­ды ескерт­ті. Менің спорт­тағы дәре­жем – бар-жоғы 3‑разряд. Ағы­л­шын тілін де жөн­ді біл­мей­мін. Жолға билет алар ақшам да жоқ. Бірақ барғым кел­ді. Бір­ден тегін тара­ты­ла­тын газет­тер­ді ақта­рып, ком­па­ни­я­ларға хабар­ла­сып, көмек сұрай баста­дым. Ақы­ры қазір бар-жоғы бел­гісіз шағын фар­ма­цев­ти­ка­лық фир­ма­ның бас­шы­сы, өзі бұры­нғы спорт­шы, жолы­ма қара­жат беру­ге келісті. Тіп­ті бұл ақша аль­пи­ни­ни­стер­дің ескі бәтең­кесін сатып алуға да жет­ті. Ара­да көп жыл­дар өткен­нен кей­ін, коман­да­дағы бір жігіт­тер Гима­лай­ға шығуға құқым бол­маға­нын, өйт­кені сол кез­де­гі дай­ын­ды­ғым­ның төмен­ді­гін еске сал­ды. Әрине, Гима­лай­ға шығу – «күн астын­дағы Күне­кей қыз» неме­се «Ақ боз ат мін­ген хан­за­да» ерте­гісі емес.

– Қалай болған­да да, сол кез­де басы­ңы­зды бәй­ге­ге тік­тіңіз ғой?

– Неге бара жатқа­ны­ң­ды біл­ме­ген де жақ­сы. Қауіп-қатер­ді дұрыс баға­лай алмай­сың. Үш аме­ри­ка­лы­қтың арты­нан еріп, тауға өрме­ледім, қай­та-қай­та арт­та қала бер­дім. Өйт­кені дай­ын­ды­ғым, тәжіри­бем олар­дай емес еді. Шыңға жақын­дай бер­ген­де, қина­лып кет­тім де, үлкен мамы­қтан жасалған сырт киі­мім­ді шешіп, жол­да бел­гі­лен­ген жер­ге тастай салып, әрі қарай жеңіл күр­те­ше­мен кет­тім. Қазір дәл солай ешқа­шан жаса­мас едім. Өйт­кені егер сырт киі­мім­ді жел ұшы­рып әкет­се, оны қай­та таба алмай, 3–4 сағат­та суы­қтан мерт болуым мүм­кін еді. Қаза­қстан­ның туын бүк­теп, жан қал­та­ма салып, әрі қарай өрме­лей бер­генім есім­де. Шыны керек, әбден шар­шаға­ным сон­ша, шыңға шыға салып, қай­та бұры­лып, төмен түстім.

Кей­ін Гима­лай­дан оралған соң, дәрі­гер­лер­дің тек­се­руін­де болға­ным­да, олар дене­мнің гипо­ксия (отте­гі жетіс­пе­ушілі­гі) жағ­дай­ы­на бей­ім­дел­гі­шті­гі фено­мен­ді дәре­же­де екен­ді­гін айт­ты. Яғни, бұл – туа біт­кен қаси­ет. Оны тәжіри­бе арқы­лы дамы­тып оты­ру керек.

Егер менің бой­ым­да биік­тер­ге ұмты­лу­шы­лық қаси­ет бол­са, ол әкем­нен беріл­ген болар. Әкем – аудан басқарған абы­рой­лы аза­мат еді. Бар тапқан ақша­сын кіта­пқа, біздің білім алуы­мы­зға жұм­са­ды. Жеке мен­шік көлі­гі­міз де, үйі­міз де болған жоқ. Ешқа­шан дүние жимаған, өз жұмысы­на адал адам еді.

– Әке-шешеңіз сіздің қаза­қтар үшін жат – аль­пи­низммен айна­лы­сқа­ны­ңы­зға қалай қарады?

– Құп­таған жоқ. Бұл бала­сын соғы­сқа жібер­ген­мен тең. Жат­ты­қты­ру­шы да, коман­да­дағы жігіт­тер де, сақтан­ды­ру ком­па­ни­я­ла­ры да аль­пи­нист­ке үйіне аман-есен ора­ла­ты­ны­на кепіл­дік бере алмай­ды. Біз ешқа­шан өмірі­мізді сақтан­ды­рған емес­піз. 2005 жылы Пәкістан­да «тірі­дей көміл­ген кезі­міз­де» үйде­гілер қан­дай күй­ге түсті?! «Бата­рей­ка» өшіп, күшті дауы­лға тап болып, үш күн із-түс­сіз жоға­лып кет­тік. Біз­ге тікұ­шақ, құтқа­ру­шы бри­га­да жібер­мек­ші бол­ды. Сол бір сәт­ті ұмы­та алмай­мын. Есі­ме алсам, көзі­ме жас келеді. Жаз кезі еді. Қай­тар жол­да Кара­чи­де бір тәт­ті нәр­се жеп, қат­ты ула­нып қал­дым. Тіп­ті жап-жасыл болып кет­тім. Әбден қажып, әлсіреп, үйге әрең орал­дым. Ұшақтан түсіп келе жатқан кез­де, алы­стан қар­сы алып тұрған адам­дар­дың ара­сы­нан әке-шешем­нің жүзін көр­ген­де, жүре­гім лүпіл­деп, қат­ты толқы­дым. Аман-есен елге жет­кені­ме қуа­нып, жыладым.

– Аль­пи­нист үшін қатер көп: күн өтіп кетуі, суы­қтан қатып қалуы, құзға құла­уы, төбе­ден тас түсуі мүм­кін. Ал шынайы қатер­ді, яғни, ажал­дың «демін» сезін­ген кезіңіз бол­ды ма?

– Үне­мі. Аль­пи­низм – ең қатер­лі спорт түрі. Спорт­шы­лар ара­сы­на өлім көр­сет­кі­ші өте жоға­ры. Мәсе­лен, 1991–2011 жыл­дар ара­лы­ғын­да 14 сегіз мың­дық шың­дарға шығу бағ­дар­ла­ма­сын орын­да­уға қаза­қстан­дық аль­пи­ни­стер­дің үш буы­ны қаты­сты. Сон­дағы 50 адам­ның оны ара­мы­зда жоқ. Бар­лы­ғы тауда қал­ды. Бұл нені біл­діреді? Аль­пи­низмде тәу­е­кел­дің құны жоға­ры: ол – адам­ның өмірі. Мәсе­лен, аль­пи­ни­стер ара­сын­да «жол­да­сың үшін өміріңді қиюға даяр­сың ба?» деген де сау­ал бар… Біз тәу­е­кел­дің не екенін түсінеміз…

– Ал аль­пи­нист үшін қорқы­ныш деген не?

– Менің жат­ты­қты­ру­шым, әйгілі аль­пи­нист Ерванд Ильин­ский бір жолы пара­шют спор­ты жат­ты­қты­ру­шы­сы­мен кез­десіп­ті. Сон­да ол пара­шю­ти­стер­дің тәу­е­кел­ге бара­ты­нын, 3 мың шақы­рым төмен­ге құл­ди­лап секірудің қорқы­ны­шты екен­ді­гін айтып­ты. Ал біздің жат­ты­қты­ру­шы: «Секірер алдын­да бір рет қорқу қиын ба, әлде құзар шыңға шығып, қай­та лагерь­ге оралған­ша бір ай бойы әр сағат сай­ын қауіп­ті сезі­ну қиын ба?» – деп сұрап­ты. Аль­пи­нист айлап ішкі арпа­лы­ста, ішкі ширы­ғу­да жүреді. Жыл­дап жат­ты­ғып, енді тауға шығып бара жатқан­да, мәсе­лен, 2006 жылы Дха­у­ла­ги­ри шыңы­на 100–200 метр қалған­да, қалың қар жауып, айна­ла бұлы­ңғыр тар­тып, оған қоса най­ға­зай ұрса, «мұның бар­лы­ғы қажет пе?» деген ой келеді. Қажет!

– Сіз­бен кез­де­су­ге келе жатқан кез­де тау­мен теңе­стірілетін сөз­дер есі­ме түсті: «таудай бол», «тауың шағыл­ма­сын», «таудай талап»… Ұлы дала­ның қаза­ғы тауды неге сон­ша­ма дәріп­те­ген деп ойлайсыз?

– Қазақ таудың алып­ты­ғын түсін­ген. Мәсе­лен, «Хан тәңірін» қастер тұтқан­да, оның Қаза­қстан­ның ең биік нүк­тесі екенін біл­ген жоқ қой. Нары­нқол жақтан келе жатқан­да, қасқыр­дың тісі сияқты ақсиып, күн батқан­да қан қызыл түс­ке боя­ла­ды. Өте әде­мі! Гима­лай­да тұрған үндістер, непал­ды­қтар «таудың басын­да құдай­лар өмір сүреді, олар­дың шырқын бұзуға, шыңға шығуға бол­май­ды» дейді.

– «Жаман­дық – аяқ астын­да, жақ­сы­лық – таудың басын­да» деп те қазақ тегін айт­паған ғой…

– Таудың басын­да не жақ­сы дей­сіз ғой? Онда құдай­ға жақын­дық бар. Онда өзіңді адам емес, көк­тің тұрғы­нын­дай сезі­несің. Өмір­де бір еле­улі биік­ке қол жет­кіз­ген доста­рым, таны­ста­рым­ды алып қара­сам, олар­дың көбі – руха­ни жағы­нан мықты адам­дар. Ал аль­пи­ни­стер­де басқа­лар үшін адам төз­гісіз жағ­дай­ларға, тұр­мыстық келеңсіздік­тер­ге жеңіл қарай­тын бір ерекшелік бар. Біз бір жұтым суды, жылу­ды, күн­ді баға­лай­мыз. Қар­ды ерітіп, ыстық сумен өмірі­мізді сақтай­мыз. Біз­де өмір сүр­генің үшін, жақын­да­рың қасы­ң­да болға­ны үшін бақыт­ты болу сезі­мі бар. Әркім осы өмір­де өз қада­мын жаса­уы керек. Маған оны айту оңай. Өйт­кені мақтан тұтар жетістік­терім бар. Олар мені тау­лар­дан да биік мақ­сат­тарға жете­лей­ді. Мені кезін­де өзім сияқты ауыл­да қора таза­лап жүр­ген бала есті­се деп арман­дай­мын. Оның өзіне деген сені­мін жоғалт­па­уын тілеймін.

– Сіз ырым­шыл­сыз ба?

– Иә, сон­дай­мын… Аль­пи­низмде оры­стар­дың көбірек екені рас. Бірақ мен­де олар­ды шаң қап­ты­рып кету ойым болған жоқ. Бұл жер­де мәсе­ле басқа. Қазақ екен­ді­гім мені үне­мі қам­шы­лап отыр­ды. Мен­де «алға­шқы қазақ» ата­ну сияқты мен­мен­дік те болған емес. Менің қолым­нан бұл іс келетініне ғана қуа­нам. Мақтан тұт­тым! Бала­лық шағым­да бір оқиға болған. Бірін­ші сынып­ты үздік бітір­ген кез­де біре­улер мақтау қаға­зын әкем аудан­ның пар­тия коми­тетінің бірін­ші хат­шы­сы болған соң алға­ным­ды айт­ты. Сол күні мақтау қаға­зын өрт­теп, енді оқу оза­ты бол­мауға серт бердім.

Спорт­та да сегіз мың­дық шыңға шығу мүм­кін­ді­гін елде­гі титул­ды ұлт­тың өкілі болға­ным үшін беріл­ген­ді­гін айтқан­дар табыл­ды. Әрине, бұл менің көңілі­ме кел­ді. Сон­ды­қтан үне­мі өзі­ме және коман­даға жай­дан-жай алын­баға­ным­ды дәлел­де­у­ге тыры­стым. Бүгін­гі күн­ге дей­ін солай істеп келе­мін. Ал қазақ болып өмір­ге кел­гені­ме ризамын.

Мені жақын­да Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғы­на арналған спорт­тық жиын­да елі­міздің абы­рой­лы аза­мат­та­ры­мен қатар тұрып, сөз сөй­ле­у­ге шақыр­ды. Мен біре­у­ге ақыл айта­тын­дай сон­ша кім­мін? Десек те, бір-екі нәр­се бой­ын­ша ой бөліскім кел­ді. Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғын атап өту – мем­ле­кет­ті­гі­мізді жоққа шығарғы­сы кел­ген Путин­нің мәлім­де­месіне бай­ла­ны­сты дей­тін­дер бар. Ол өзі кім? Олар­дың өздері кім­дер?! Өздерін «вели­ко­росс» дей ме, «шови­нист» дей ме, тағы кім деп көкірек керетін­дері мені толған­дыр­май­ды. Мұның бәрі – алып­са­тар­лық әңгі­ме­лер. Менің білетінім: адам қай­ы­қты алып, ашық мұхи­тқа шығуы керек. Содан кей­ін сол әлем­ге сіңі­су… Жер шары­ның ең үлкен саха­ра­ла­рын жалғыз өзі жүгіріп өткен Марат Жылан­ба­ев солай істе­ді. Ол – әлем ада­мы. Мен де сол әлем­ге сіңістім. Бірақ бой­ым­дағы нөл бүтін мил­ли­он­даған бір түй­ір бөл­шек – қаза­қты­ғым қалған пай­ы­здар­ды жеңіп, қазақ екенім­ді мақтан тұт­тым. Кат­манд­уда, Аль­пы дүкен­дерін­де: «кәріс­сің бе, әлде жапон­сың ба?» деп сұрай­тын­дар бар. Мен үне­мі: «Қаза­қ­пын!» деп жау­ап бере­мін. Әлем­ге өзім­нің қазақ екенім­ді мақта­ны­шпен көр­се­те ала­мын. Әркім құр­мет­ке ие. Бәрі­міз бір клет­ка­дан жаралған Жер­дің бала­сы екені­мізді түсі­не­міз. Соны біле тұра – қазақ екеніңді ұмыт­пау… Мұны Қаза­қстан­да туып-өсіп, осы жер­де тұрған кез­де толық сезі­ну қиын.

Өзіңді қаза­қ­пын деп сезініп, өз ісіңді бәрі­нен де жақ­сы істеу – пат­ри­от­тық. Не істе­сең де: киім тік, адам емде – басқа­лар ісіңе дән риза болып, шын ниеті­мен: «рах­мет!» десе, пат­ри­от­тық деген – осы. Сон­да адам өз жеріне, қоға­мға, ұлты­на қажет­ті­гін түсі­неді. База­рдан «Қаза­қстан құра­ма­сы» деген жазуы бар кур­тка­ны сатып алу – бір бөлек, ауыр жат­ты­ғу арқы­лы Қаза­қстан құра­ма­сы­на еніп, олим­пи­а­да ойын­да­рын­да алтын медаль алу – екін­ші басқа. Тоқтар Әубәкіров үлкен өмір­лік жол­дан өтіп, ғары­шқа ұшты. Ол ұлт­тың ұрпақ жалға­сты­ғын жақ­сы түсін­ді. 550 жыл­ды­қтың, менің ойым­ша, одан да көбірек жыл­дар­дың мәнісін, ұрпақ ара­сын­дағы тари­хи бай­ла­ны­стың бар екенін шын жүре­гі­мен ұғы­ну маңызды.

– Дәл қазір қаза­қтың мақтан тұтар несі бар?

– Қаза­қтың бала­сы болған­ды­ғы, ата-баба­мыз қазір Қаза­қстан деп ата­ла­тын осы жер­ді сақтап қалға­ны – мақта­ныш. Менің астым­дағы мәши­не­мнен өзге ештеңем, мен­ші­гім­де ұлта­рақтай жерім де жоқ. Бірақ қаза­қтың бүкіл жері – менікі! Оны ешкім­ге бер­мей­мін! Оған ауыз салғы­сы келетін­дер­дің жел­кесін үзу­ге даяр­мын. Өйт­кені оның құнын жақ­сы біле­мін. Оны менің бой­ым­дағы ата­лар­дың рухы айта­ды. Қаза­қтар үшін ата­ме­кен, әулет, отба­сы – ең қастер­лі ұғымдар.

Бұл – менің жара­ты­лы­сым, ұлтым­мен өзім­нің тоғы­суым­ның, бір­лі­гім­нің көрінісі. Менің пат­ри­от­ты­ғым – осын­да шығар.

Үй салғым келеді. Өйт­кені екі балам бар, үшін­шісін күтіп отыр­мыз. Тамы­рын терең­ге салған – биік­ке қарай өседі. Адам таудың басын­да тұрып, үлкен мақ­сат­тар қой­ып, өзі содан қоры­қ­паған­да, тағ­дыр соған жету­ге мүм­кін­дік береді. Адам­дар отба­сы­мен, жері­мен, тарихы­мен үйлесім­ді тір­шілік кеш­кені абзал. Біз жақ­сы ұлт­пыз! Ешкім­нен кем де, артық та емес­піз. Өйт­кені, бәрі­міз бірдейміз.

Бірақ біздің өзге­шелі­гі­міз де бар: көзі­міз қысы­ңқы, қазақ тілін­де сөй­лей­міз, өз тарихы­мыз бар. Қаны­мыз бен гені­міз­ге құлақ салуы­мыз керек. Дәл қазір­гі таң­да әлем­ге қазақ екені­мізді көр­се­туі­міз маңызды.

Сұх­бат­тасқан –

Айжан КӨШКЕНОВА

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн