Среда , 27 августа 2025

МАҢҒЫСТАУ ЕРЕУІЛІ НЕГЕ КЕЗЕКТІ РЕТ ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №3 (367) от 26 янва­ря 2017 г.

 

Ере­уіл­де­ген ел бар

 


Соны­мен, қаза­қстан­дық билік Маңғы­стау мұнай­шы­ла­ры­ның ерік-жігерін аяққа тап­тап, ере­уіл­ге шыққан және аштық жари­я­лаған жұмыс­шы­лар­дың өздерін жазғы­рып, аза­мат­тық акци­я­ны өшпен­ділік­пен тоз-тоз етті. Ал ере­уіл­де­ген жұмыс­шы­лар­дың басты тала­бы – өздерінің мұңы мен мұқтаж­ды­ғын қорғай­тын тәу­ел­сіз кәсі­по­дақты мем­ле­кет­тік тір­ке­уден өткі­зу еді.

Қаза­қстан­да мем­ле­кет қысы­мы­на ұшы­ра­май­тын тәу­ел­сіз қоғам­дық ұйым жоқ. Сон­дай қоғам­дық ұйым­дар­дың бірі – маңғы­ста­улық мұнай­шы­лар­дың тәу­ел­сіз кәсі­по­дағы еді. Бүгін­гі қаза­қстан­дық билік жүй­есі жұмыс­шы­лар қауы­мын қорға­уға мүд­делі емес, өйт­кені елдің іргелі кәсі­по­рын­да­рын­дағы жұмыс­шы ата­улы­ны шетел инве­стор­ла­ры­ның езгісіне салып қой­ған. Шетел­дік иелік­те­гі кәсі­по­рын­дар көбі­не­се жер­гілік­ті жер­ден жұмыс­шы­лар­ды жал­даған кез­де өздері­мен бір­ге әкел­ген білік­ті деген маман­да­ры өзі­міз­де­гі дең­гейі бір­дей жұмыс­шы­лар­дан 6–8 есе көп жалақы ала­ты­ны ешкім­ге құпия емес. Ал тәу­ел­сіз кәсі­по­дақ осын­дай әле­умет­тік теңсіздік­ті жою­дың бір­ден-бір баста­ма­шы­сы еді.

 

ҚУҒЫНДАУ ХРОНИКАСЫ

 

Қаза­қстан­дағы ірі мұнай кәсі­по­ры­ны – «Маңғы­ста­у­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы­ның кені­ш­теріне қыз­мет көр­се­тетін Oil Construction Company (әрі қарай – OCC) ком­па­ни­я­сы­ның бір­не­ше жүз жұмыс­шы­сы қаңтар­дың 5‑і күні Ақта­уда, Қала­мқас пен Жеті­бай кені­ш­терін­де аштық жари­я­лап, нара­зы­лық акци­я­сын бастаған еді. Тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар кон­фе­де­ра­ци­я­сын қай­та тір­ке­уді талап еткен мұнай­шы­лар­дың аштық акци­я­сы Ақтау қала­сын­дағы ОСС кәсі­по­дақ ұйы­мы кең­сесін­де басталған. Жұмыс беру­шінің мәлі­метін­ше, аштық акци­я­сы үш жер­де өтіп, Ақтау қала­сын­дағы ОСС кәсі­по­дағы кең­сесін­де 292 адам, ал Қала­мқас кені­шін­де 270 адам, Жеті­бай кені­шін­де 100-ге тар­та адам аштық жариялаған.

Олар құра­мы­на өздерінің кәсі­по­дақ ұйы­мы енетін Қаза­қстан тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар кон­фе­де­ра­ци­я­сы­ның сот шеші­мі­мен жабы­луы­на қар­сы­лық біл­діріп, ұйым­ды тір­кеу тура­лы талап қой­ған. Ескер­те кетей­ік, қаңтар­дың 4‑і күні Оңтүстік Қаза­қстан облы­стық ауда­на­ра­лық эко­но­ми­ка­лық соты кең­сесі Шым­кент қала­сын­да орна­ласқан кон­фе­де­ра­ция «заң­мен бел­гі­лен­ген мерзім­де жер­гілік­ті фили­ал­да­рын тір­ке­уден өткіз­бе­гені» үшін жабы­ла­ты­ны тура­лы шеші­мін жари­я­лаған болатын.

Сот шеші­мі шыққан күн­нің ертеңі – қаңтар­дың 5‑сі күні Маңғы­стау облы­сы мұнай­шы­ла­ры Қаза­қстан тәу­ел­сіз кәсі­по­дақта­ры кон­фе­де­ра­ци­я­сын жоюға қар­сы шықты. Ақтау қала­сын­да OCC кәсі­пор­ны жұмыс­шы­ла­ры «Қаза­қстан тәу­ел­сіз кәсі­по­дақта­ры кон­фе­де­ра­ци­я­сы жой­ыл­са, жұмыс беру­ші­ге талап­та­ры­мыз жет­пей қала­ды» деп мәлім­деп, аштық жари­я­ла­ды. ОСС кәсі­пор­ны­ның тәу­ел­сіз кәсі­по­дағы осы кон­фе­де­ра­ция құра­мын­да болған еді. Ал нара­зы мұнай­шы­лар «жұмыс­шы­лар­дың құқы­ғын қорға­май­тын» ресми кәсі­по­дақ ұйы­мын­да болғы­сы кел­мей­тін­дерін мәлімдеген.

Бірақ тәу­ел­сiз кәсi­по­дақтар кон­фе­де­ра­ци­я­сы­ның пре­зи­ден­тi Лари­са Харь­ко­ва 11 қаңтар­да Шым­кент­те бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткiзiп, онда кәсi­по­дақтың жабы­луы­ның заң­ды­лы­ғы мен мұнай­шы­лар­дың ашты­қты тоқта­туын сұраған мәлiм­де­месi БАҚ арқы­лы дереу тара­ды. Билiк осы мәлiм­де­ме­ден соң мұнай­шы­лар тала­бы тығы­ры­ққа тiре­ледi деп күт­се керек. Алай­да аштық жари­я­лаған­дар өздерiнiң Харь­ко­ва үшiн талап қой­ып отыр­маға­нын және оның қысым жасалған­ды­қтан осын­дай ақпар тара­туға мәж­бүр болып отыр деп санай­тын­да­рын айт­ты. Себебi Харь­ко­ва бұған дей­iн­гi «Хью­ман Райтс Вотч» ұйы­мы­на (HRW – штаб-квар­ти­ра­сы АҚШ-та орна­ласқан адам құқы­қта­рын қорғау ұйы­мы) бер­ген сұх­ба­тын­да «сот жүй­есi iстiң мән-жай­ы­на қаны­ғуға мүд­делi бол­маға­нын, кон­фе­де­ра­ци­я­ның әдейi жабы­лға­нын және ол тура­лы сотқа тап­сыр­ма берiл­генiн» айтып салған.

Ескер­те кетей­ік, OCC жұмыс­шы­ла­ры бірін­ші мәр­те нара­зы­лық акци­я­сы­на шығып оты­рған жоқ. Осы­дан үш жыл бұрын – 2013 жыл­дың қара­ша­сын­да сер­ви­стік ком­па­ни­я­ның Қала­мқас пен Жеті­бай­дағы жұмыс­шы­ла­ры бір­не­ше күн ере­уіл­ге шықты. Олар ком­па­ния бас­шы­лы­ғы­на жалақы­ны көте­ру (сол кез­де олар­дың орта­ша айлы­ғы 70 мың тең­ге көле­мін­де болған), өндірістік база мен теx­ни­ка­ны жаңар­ту, жұмыс­шы­лар адам төз­гісіз жағ­дай­да – вагон­дар­да тұрып, әбден тозы­ғы жет­кен теx­ни­ка­лар­мен атқа­ры­ла­тын аза­бы көп еңбек­тің өте­уін сұрап, тәу­ел­сіз кәсі­по­дақты қуда­ла­уды доға­ру жөнін­де ұзын-саны 23 талап қой­ған еді. Мұнай­шы­лар­дың осы тала­бы толық орын­дал­са, бел­сен­ді жұмыс атқарған кәсі­по­дақ жетек­шілері мен жұмыс­шы­лар аштық жари­я­ла­мас па еді, бәлкім!

Бірақ жұмыс­шы­лар тала­бы толық орын­дал­май қал­ды. Сон­ды­қтан министр болып тұрған кезін­де «пата­му­шта­мен» аты шыққан Серік Әбде­нов дирек­то­ры болып оты­рған ООС ком­па­ни­я­сы­ның жұмыс­шы­ла­ры тағы да әле­умет­тік-тұр­мыстық талап­пен ере­уіл­ге шығуға мәж­бүр болды.

 

CОТ ТАПСЫРЫСТЫ ОРЫНДАДЫ

 

Екі апта­дан астам уақы­тқа жалғасқан жап­пай аштық акци­я­сы өткен сен­бі күні – қаңтар­дың 21-інде кең­се­де­гі аштық жари­я­ла­у­шы жұмыс­шы­лар­ды поли­ция тізім­ге алып, қол­да­ры­на Ақтау ішкі істер басқар­ма­сы­на шақыр­ту қаға­зын тап­сы­ра­ды. Бір­не­ше күн бойы аштық жари­я­лап, қал­жы­раған мұнай­шы­ларға поли­ция әкім­шілік іс қозғап, сен­бі­де түні бойы олар­дың ісін Маңғы­стау облы­стық ауда­на­ра­лық әкім­шілік соты қарады.

Сотқа поли­ци­я­ның хат­та­ма­сы негізін­де 15 адам: Серік Бал­жі­гіт, Жам­был Беке­шов, Ержан Болат­бек, Тахир Ерда­нов, Қай­рат Ере­ке­шов, Мақ­сат Жай­лау­ба­ев, Құсай­ын Жылқы­ши­ев, Мұхан­бет Қаржау­ба­ев, Зей­нелға­би­ден Қой­шы­ғұ­лов, Құс­пан Қос­шы­ғұ­лов, Анар­бек Құл­жа­нов, Иманға­ли Мол­даға­ли­ев, Нұр­сұл­тан Мұха­ме­ди­ев, Вале­рий Пахо­мов пен Мақ­сат Тасы­ба­ев жеткізіледі.

Әкім­шілік сот оты­ры­сы ашық деп жари­я­ланға­ны­мен, жур­на­ли­стер­ді сотқа кір­гіз­бе­ген. Сот залы­на жұмыс­шы­лар­ды бір­не­ше топқа бөліп кір­гізіп-шыға­рып әлек­ке сала­ды. Бір мез­гіл­де сот өтіп жатқан зал­дан шыға­ры­лған және кіре­бері­сте тұрған бір­не­ше мұнай­шы­ны поли­ция қыз­мет­кер­лері екі жеңіл көлік­ке салып, бел­гісіз жаққа алып кете­ді. Олар­ды қай­да апа­ра жатқа­нын поли­ция жур­на­ли­стер­ге айтпаған.

Кеш­кі сағат тоғы­здың шама­сын­да Маңғы­стау облы­сы бой­ын­ша сот әкім­шілі­гі жетек­шісінің орын­ба­са­ры Аман­бек Қал­пақов «сот жұмысы бүгін осы­мен аяқтал­ды» деп хабар­лаған соң, сот залы­нан шыққан Тахир Ерда­нов, Серік Бал­жі­гіт, Қай­рат Ере­ке­шов және Анар­бек Құл­жа­но­вты «нар­ко­ло­ги­я­лық орта­лы­ққа тек­се­ру­ге апа­ра­мыз» деп, көлік­ке салып, қала шетіне алып кете­ді. «Азатты­қтың» тіл­шісінің хабар­ла­у­ы­на қараған­да, рация арқы­лы сот ғима­ра­тын­да жур­на­ли­стер­дің жоқ екенін есті­ген поли­ция көлік­те­гі мұнай­шы­лар­ды қай­та­дан сот залы­на әке­леді. Түн­гі сағат екі­ге дей­ін жалғасқан заң­сыз сот­тың нәти­же­сін­де Қаза­қстан Әкім­шілік құқық бұзу кодексінің 488-бабын (заң­сыз шеру, митин­гі, пикет өткі­зу) бұз­ды деп танып, Құс­пан Қос­шы­ғұ­ло­вқа – 50 айлық, ал қалған­да­ры­на 20 айлық есеп­тік көр­сет­кіш (1 АЕК – 2269 тең­ге) мөл­шерін­де айып­пұл салынған.

Айып­пұл салы­нған­дар­дың кей­бірі соңғы үш күн­нің ішін­де екін­ші рет әкім­шілік сотқа тар­ты­лған еді. Қаңтар­дың 19‑ы күні Ақтау соты OCC ком­па­ни­я­сы­ның аштық жари­я­лаған жұмыс­шы­лар­дың үсті­нен бер­ген шағы­мын қарап, нара­зы­лық акци­я­сын «заң­сыз» деп тауып, оны тоқта­ту­ды мін­дет­те­ген болатын.

Маңғы­стау облы­сын­да екі апта­дан астам уақыт аштық жари­я­лап кел­ген жүз­де­ген мұнай­шы­ға жетек­шілік еткен OCC ком­па­ни­я­сы кәсі­по­дағы­ның лидері Әмин Еле­усі­нов пен кәсі­по­дақтың еңбек инспек­то­ры Нұр­бек Қошақ­ба­ев Ақта­удан Аста­наға жет­кізіл­ген соң, қыл­мыстық айып­тар бой­ын­ша қамауға алын­ды. Қаңтар­дың 21‑і күні Аста­на­ның Алма­ты аудан­дық соты Еле­усі­нов пен Қошақ­ба­ев­тың үсті­нен қозғалған қыл­мыстық істер бой­ын­ша еке­уін екі ай тер­геу мерзім­ге қамау тура­лы санк­ция бер­ген. Қамауға заң­сыз алы­нған аза­мат­тар­дың адво­ка­ты Гүл­нар Жуас­па­е­ва­ның айтуын­ша, тәу­ел­сіз кәсі­по­дақ жетек­шісі Әмин Еле­усі­нов­ке Қыл­мыстық кодекстің 189-бабы бой­ын­ша (сеніп тап­сы­ры­лған бөтен мүлік­ті ием­де­ну неме­се талан-тара­жға салу), Нұр­бек Қошақ­ба­евқа 402-бап бой­ын­ша (заң­сыз ере­уіл­ге қаты­су­ды жалға­сты­ру­ды аран­да­ту) айып­тар тағылған.

Ақта­удағы ОСС ком­па­ни­я­сы тер­ри­то­ри­я­сын­дағы тәу­ел­сіз кәсі­по­дақ кең­сесіне сен­бі күні таңер­тең кел­ген Ақтау қала­сы про­ку­ро­ры Марат Той­жан нара­зы­лық акци­я­сын өткізіп жатқан­дар­дан кең­сені боса­ту­ды талап етіп, жұмыс­шы­лар­дың мем­ле­кет­ке қар­сы шығып оты­рған­да­рын ескерткен.

Ал қаңтар­дың 23-інде Ақтау қала­лық сотын­да Қаза­қстан тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар кон­фе­де­ра­ци­я­сын тір­кеу тура­лы талап­пен OCC ком­па­ни­я­сы­ның шағы­мы бой­ын­ша, Қала­мқас кені­шін­де аштық жари­я­лаған 28 жұмыс­шы­ның үсті­нен сот жүр­ді. Шағым­да жұмыс­шы­лар­дың аштық акци­я­сын заң­сыз деп танып, олар­дың 6 қаңтар­дан 22 қаңтарға дей­ін­гі ара­лы­қта аштық ұста­уы сал­да­ры­нан ком­па­ния тар­тқан «3 мил­ли­он тең­ге шығын­ды» өндіріп алу­ды сұраған.

Сотқа кел­ген жиыр­ма­дан астам жұмыс­шы сотқа түс­кен іс мате­ри­а­лы­мен таны­са алмаған­да­рын айтып, сот­тан уақыт беруді, өздеріне адво­кат тағай­ын­да­уды сұраған. Ал судья мате­ри­ал­мен таны­суға 15 минут қана уақыт бер­ді. Жұмыс­шы­лар 15 минут­тың ішін­де таны­сып үлгер­ме­генін, адво­кат­та­ры­ның жоқты­ғын айтып, сотқа қаты­су­дан бас тар­та­ды. Бірақ судья оған қара­май сот ісін жүр­гізіп, заң талап­та­рын өрес­кел бұзды.

Маңғы­стау аудан­дық соты­ның судья­сы Жасұлан Сәли­ев ОСС-тің аштық жари­я­лаған 28 мұнай­шы­сы­на бай­ла­ны­сты ком­па­ния пай­да­сы­на 3 354 594 тең­ге өндіріліп алын­сын деген үкім шығар­ды. Судья бұл қар­жы­ны сотқа қаты­су­шы­лар­дың бөліп төле­уін міндеттеді.

Ақы­ры тәу­ел­сiз кәсi­по­дақтың жұмыс iсте­уiне мүм­кiн­дiк берудi сұраған ОСС ком­па­ни­я­сы мұнай­шы­ла­ры­ның әре­кетi әлем наза­ры­на iлiк­тi. HRW халы­қа­ра­лық құқық қорғау ұйы­мы Қаза­қстан тәу­ел­сiз кәсi­по­дақтар кон­фе­де­ра­ци­я­сын жою тура­лы Оңтүстiк Қаза­қстан облы­сы­ның эко­но­ми­ка­лық соты­ның шешi­мiн аза­мат­тар­дың бiрi­гу құқы­ғын «өрес­кел түр­де бұзу» деп айып­тап, Қаза­қстан­ның тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар ұйы­мын жабу тура­лы шешi­мi жой­ы­луы тиiс дей­дi. Бұл тура­лы HRW-тың Еуро­па және Орта­лық Азия бой­ын­ша дирек­то­ры Хью Уильям­сон 10 қаңтар­да таратқан мәлiм­де­месiн­де айтқан бола­тын. Қаза­қстан билi­гi кәсi­по­дақ ұйы­мын жабу­мен «артқа қарай қауiп­тi қадам жаса­ды», – дей­дi Уильямсон.

Сөй­тіп, Қаза­қстан тәу­ел­сіз кәсі­по­дақта­ры кон­фе­де­ра­ци­я­сын маңғы­ста­улық мұнай­шы­лар аштық акци­я­сы арқы­лы аман алып қала алмады.

 

ЕНДІГІ ЕРЕУІЛ ҚАЛАЙ БОЛАДЫ?

 

Қаза­қстан тәу­ел­сіз кәсі­по­дақта­ры кон­фе­де­ра­ци­я­сы 2016 жылғы жел­тоқ­сан­нан бастап Халы­қа­ра­лық кәсі­по­дақтар кон­фе­де­ра­ци­я­сы­ның (ХКК) тең құқы­қты мүше­сі. Билік тағай­ын­даған Әбілға­зы Құсай­ы­нов басқа­ра­тын тағы бір қаза­қстан­дық бір­ле­стік – Қаза­қстан кәсі­по­дақта­ры феде­ра­ци­я­сы да осы халы­қа­ра­лық ұйы­мға 2015 жыл­дан бері мүше екен. Бірақ бұл кәсі­по­дақ ұйы­мы­ның ерекшелі­гі тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар кон­фе­де­ра­ци­я­сы тап болған кедер­гілер­ге ұшы­ра­мап­ты, орта­лық кең­сесі Аста­на қала­сын­да аман-есен жұмыс істеп жатыр.

Еске сал­сақ, Қаза­қстан тәу­ел­сіз кәсі­по­дақта­ры кон­фе­де­ра­ци­я­сы 2016 жылғы ақпан­ның 12-сі күні құры­лған. Кон­фе­де­ра­ци­я­ны тір­кеу про­цесі 10 айға созы­лған. 2014 жылғы шіл­де­де кәсі­по­дақтар тура­лы жаңа заң күшіне енген­нен кей­ін, Лари­са Харь­ко­ва басқарған Қаза­қстан­ның тәу­ел­сіз кәсі­по­дақта­ры кон­фе­де­ра­ци­я­сы құры­лға­ны­мен, құзыр­лы орган­дар оған заң­ды жұмыс істей­тін ұйым мәр­те­бесін беру­ден бас тартқан.

2017 жылғы қаңтар­дың 4‑і күні Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы­ның маман­дан­ды­ры­лған эко­но­ми­ка­лық соты (іс заң­ды тұлға тір­кел­ген және Лари­са Харь­ко­ва­ның тұрғы­лы­қты орны бой­ын­ша қаралған) тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар кон­фе­де­ра­ци­я­сын жою тура­лы шешім шығарған.

Осы­лай­ша, әле­умет­тік әділет­сіздік­ке тап болған­дар­дың құқын қорғай­тын қоғам­дық ұйым­ның мәсе­лесі сая­си мән­ге айнал­ды. Жер­гілік­ті жер­де­гілер­дің әле­умет­тік мәсе­лесі сая­сатқа айна­лып кет­пе­сін деп, баста­рын ала қашқа­ны­мен, мұнай – әлем­дік аре­на­дағы үлкен сая­сат­тың құра­лы екені бел­гілі. Маңғы­ста­удың мұнайы да осы әлем­дік үдері­стен шет қал­май­ты­ны анық.

Жека-дара билік­тің басқа­руын­дағы мем­ле­кет үшін батыс өңір­де­гі «алақан­дай» Маңғы­ста­удағы мұнай­шы­ны уысы­нан шығар­мау – аса қиын шаруа еме­сті­гі тағы бір шын­дық. Көн­бе­се – оққа бай­лап, сот­тай салу тәжіри­бесі жетер­лік. Осын­дай­да қаны кеп­пе­ген, жара­сы жазыл­маған Жаңаө­зен қасіреті – билік­ке де, қоға­мға да сабақ бол­ма­ды-ау деген өкініш бой­ды билейді.

Жаңа жыл баста­лы­сы­мен аштық жари­я­лаған жұмыс­шы­лар­дың бірқа­та­ры ауру­ха­наға түсті. Ал Ақта­уға пре­зи­дент Назар­ба­ев­ты шақы­рып, жағ­дай­ды өз көзі­мен көріп кете­ді деген ере­уіл­шілер­дің үміт­тері ақталмады.

Осы­дан алты жыл бұрын да мұнай­шы­лар­дың нара­зы­лы­ғы сегiз айға ұла­сып, ере­уіл­шілер қаны төгіл­ген қақты­ғы­стан кей­iн абыр-сабыр басы­лған соң, пре­зи­дент Назар­ба­ев Жаңаө­зен­ге келіп, «ештеңе естi­ме­генiн», «ештеңе көр­ме­генiн» айтып, сүт­тен ақ, судан таза болған еді.

Сон­да Назар­ба­ев былай деген еді: «Осы­мен мынан­дай сұм­ды­қты тоқта­ты­ң­дар. Масқа­ра бол­май­ық. Солай бол­ды екен деп, мен Маңғы­стау жұр­ты­на көңілім­ді өзгерт­пей­мін. Қазақ елдің қай түк­пірін­де жүр­се де – менің қаза­ғым. Маңғы­стау – 362 әули­енің жері, қаси­ет­ті жер. Солар­дың ару­ағы­на күл шашпаң­дар. Олар­дың қаһа­ры­на қал­маң­дар. Ұят болады…».

Пре­зи­дент­тің сол «ұят боладыс­ын» билік­тік БАҚ осы жолы тағы да қай­та­ла­ды. «Қаза­қстан» ұлт­тық телер­на­сы­ның Ақта­удағы бөлім­ше­сі және КТК теле­ар­на­сы­нан шыға­тын «Порт­рет неде­ли» бағ­дар­ла­ма­сы «мұнай­шы­лар­дың аштық жари­я­ла­у­ы­на сыр­тқы күш­тер ықпал етті» деген сарын­да сөй­леп, бір­не­ше жүз жұмыс­шы­ның нара­зы­лы­ғын аран­да­ту­шы­лар­дың айдап салуы ретін­де көр­се­ту­ге тырысты.

Бірақ Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев та ел биле­ушісі ретін­де Жаңаө­зен қасіреті­нен сабақ алмаған сияқты. Оған осы – маңғы­ста­улық жұмыс­шы­лар­дың соңғы ере­уілі дәлел бол­са керек. Пре­зи­дент тағы да «ештеңе есті­ме­ген», «ештеңені біл­ме­ген» күй­де кезек­ті рет аузын буып қалды.

Деген­мен, әле­умет­тік талап­пен көтеріл­ген жұмыс­шы­лар ере­уіліне қаты­сты «ауыз буу» әдісі бұдан былай нәти­же бер­мей­тін сияқты. Ашы­нған жұмыс­шы­лар бұл жолы бір ғана әле­умет­тік талап­пен жеңіс­ке жет­пей­тін­дерін, мем­ле­кет­тік билік алды­на сая­си талап қой­май­ын­ша және оның орын­да­луын табан­ды түр­де талап етпей­ін­ше, елде қалып­тасқан қатыг­ез жағ­дай өзгер­мей­тініне көз жет­кізді. Тәу­ел­сіз кәсі­по­дақ лидері Әмин Еле­усі­нов пен кәсі­по­дақтың еңбек инспек­то­ры Нұр­бек Қошақ­ба­ев­ты Аста­наға әкеліп сот­та­удың аста­рын­да сая­си сипат жоқ деп айтуға кел­мей­ді. Ақор­да жер­гілік­ті жер­дің соты­на да, про­ку­ро­ры­на да сен­бей­тін болған сыңай­лы, билік­тің дәр­мен­сіз әре­кеті осы­ны мең­зей­тін сияқты.

Осы­дан кей­ін Маңғы­стау мұнай­шы­ла­ры мен жұмыс­шы­лар қауы­мы енді көтеріл­се, Ақор­да­ның алды­на елге өзгеріс енгі­зу жөнін­де сая­си талап қою­мен ғана алаңға шыға­тын­да­рын сезініп кетті.

 

 

Бет қат­та­лып жатқанда

Қаңтар­дың 23-күні Маңғы­стау облы­стық «Ақтау» тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар кон­фе­де­ра­ци­я­сы­ның кең­сесін­де жина­лыс өтіп, «Oil ConstructionCompany» (ОСС) кәсі­по­дағы­ның лидері Әмин Еле­усі­нов пен облы­стық фили­ал кәсі­по­дағы­ның төраға­сы Нұр­бек Қошақ­ба­ев­тың екі ай қамауға алы­нуы­на бай­ла­ны­сты алдағы уақыт­та атқа­ры­ла­тын жұмыс жос­пар­ла­ры талқы­лан­ды. Қаза­қстан­ның тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар кон­фе­де­ра­ци­я­сы Үйле­сті­ру кеңесінің ұсы­ны­сы бой­ын­ша, ОСС еңбек ұжы­мы­ның аты­нан қамалған­дар­дың мүд­десін қорға­уға «Ақтау» мен «Жаңар­ту» кәсі­по­дақта­ры­ның қай­рат­кері Мұх­тар Үмбе­тов сенім­ді өкіл болып сайланды.

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн