Суббота , 5 июля 2025

Маңғыстау мұнайшыларын ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРА БАСТАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №4 (368) от 2 фев­ра­ля 2017 г.

 

Ере­уіл­де­ген ел бар

 


 

 

Тәу­ел­сіз кәсі­по­дақты сақтау үшін аштық жари­я­лап, сотқа тар­ты­лған маңғы­ста­улық мұнай­шы­лар шеті­нен жұмыстан шыға­ры­лып жатқан­да­ры­на шағым­да­на­ды. Жұмыс беру­ші ком­па­ния ком­мен­та­рий­ден бас тартады.

 

Маңғы­стау облы­сын­да билік­тен тәу­ел­сіз кәсі­по­дақта­рын жап­па­уды, оны қай­та тір­ке­уді талап етіп, аштық жари­я­лаған «Oil Construction Company» (OCC) мұнай­шы­ла­ры әуелі әкім­шілік және аза­мат­тық жаза­ла­у­ға тар­ты­лып, енді жұмыста­ры­нан айы­ры­лып жатқан­да­рын хабар­ла­ды. Қаңтар­дың 23–24 күн­дері Маңғы­стау облы­сы­ның Шет­пе ауы­лы мен Қарақия және Мұнай­лы аудан­да­рын­да өткен сот оты­ры­сы тағы 36 ада­мға қаты­сты істі қара­ды. Митинг өткі­зу заң­ды­лы­ғын бұзға­ны үшін 14 мұнай­шы­ға 20 АЕК (1 айлық есеп­тік көр­сет­кіш – 2269 тең­ге) айып­пұл салы­нып, 19‑ы аштық жари­я­лаған­да­ры үшін ком­па­ния шек­кен 500 276 мың тең­ге шығын­ды өндіру­ге міндеттелді.

Сот шешім­дері шыққан­нан бері үш мұнай­шы – Құсай­ын Жылқы­ши­ев, Жам­был Беге­шев және Қай­рат Ере­ке­шов жұмыстан боса­ты­лған. Мұнай­шы­лар өздерін құқық қорғау орган­да­ры­на шақы­рып, қысым­ның жалға­сып жатқа­нын айтады.

Сот­тағы айып­та­у­лар­дан соң алға­шқы болып жұмыстан шыға­ры­лған­дар­дың бірі – 49 жастағы Құсай­ын Жылқы­ши­ев OCC меке­месін­де 2003 жыл­дан бері электр­газ дәне­кер­ле­ушісі болып еңбек еткен. Алтын­шы раз­рядқа ие Құсай­ын Жылқы­ши­ев өзіне еңбек шар­ты­ның бұзы­лға­ны тура­лы жұмыс беру­ші бұй­ры­ғы­ның қаңтар­дың 25‑і күні кеш­кі сағат 20.00-де тап­сы­ры­лға­нын айта­ды. ОСС ком­па­ни­я­сы­ның дирек­то­ры Серік Әбде­но­втің қолы қой­ы­лып, Еңбек кодексінің 52-бабы­на сіл­те­ме жасалған бұй­ры­қта қаңтар­дың 23‑і күн­гі Маңғы­стау аудан­дық соты­ның шеші­мі негіз­ге алы­нып, жұмыс­шы­ның «тамақтан бас тар­тып, еңбек қағи­да­ла­рын бұзға­ны» айтылған.

«Менен бір­ден жұмыс орнын боса­ту­ды талап етті. Бұй­ры­қта мені Қала­мқас кені­ші­нен дереу шыға­ру тиістілі­гі жазы­лған. Мені түн­гі сағат 22.00-де алып кет­ті, – дей­ді Жылқы­ши­ев. – Түсін­дір­мем­де тамақтан бас тар­тқа­ным­мен, өндіріс­ке зиян тигіз­бе­генім­ді, жос­па­рым­ды орын­даға­ным­ды жазып бер­дім», – деді ол «Азатты­ққа».

Құсай­ын Жылқы­ши­ев – қаңтар­дың 5‑інен бастап екі апта бойы аштық жари­я­лап, Тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар кон­фе­де­ра­ци­я­сы­ның жұмыс істе­уін талап еткен ОСС мұнай­шы­ла­ры­ның ара­сын­да өткір пікір­лері­мен көз­ге түс­кен­дер­дің бірі. Қаңтар­дың 19-ында ОСС ком­па­ни­я­сы­ның талап ары­зын қанағат­тан­ды­рған Ақтау қала­лық №2 соты аштық жари­я­лау акци­я­сын заң­сыз деп тауып, мұнай­шы­лар­ды аштық жари­я­лап оты­рған кәсі­по­дақ кең­сесін шұғыл түр­де боса­туға мін­дет­те­ген еді. Құсай­ын Жылқы­ши­ев сот үкі­мін орын­дап, қаңтар­дың 20-сынан бастап Ақтау қала­сын­дағы кәсі­по­дақ кең­сесіне кел­ген жоқ. Қаңтар­дың 21-інде Ақтау қала­сы­ның маман­дан­ды­ры­лған әкім­шілік соты қала­лық ішкі істер басқар­ма­сы­ның әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық тура­лы хат­та­ма­сы­мен оны «митинг өткі­зу заң­ды­лы­ғын бұз­ды» деп айып­тап, 45 382 тең­ге айып­пұл салған.

Құсай­ын Жылқы­ши­ев­тің отба­сын­да бір қыз, екі ұлы бар. Бала­ла­ры кәме­лет­тік жасқа толға­ны­мен, отба­сын­да жұмыс істей­тін тек жалғыз өзі екенін айта­ды. «Енді мен де жұмыс­сыз қал­дым. Сөз жоқ, әділет ізде­генім үшін жұмыс­сыз қал­дым. Оған өкін­бей­мін де. Бірақ бала­ла­рым­ның бола­шағы барған сай­ын бұлы­ңғыр болып бара­ды. Аузын аша алма­са, құл болып өмір сүр­ді деген сөз ғой», – дей­ді Құсай­ын Жылқышиев.

Ол өзіне қаты­сты үш сот шеші­міне де апел­ля­ци­я­лық шағым түсіретінін айт­ты. ОСС ком­па­ни­я­сы дирек­то­ры­ның орын­ба­са­ры Дүй­сен Атшы­ба­ев «Азатты­ққа» Жылқы­ши­ев­ті жұмыстан шыға­ру тура­лы ком­мен­та­рий беру­ден бас тартты.

Azattyq.org

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн