Четверг , 3 июля 2025

Маңғыстауда xалықтың ТОЛҚУЫ МҮМКІН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №31 (395) от 31 авгу­ста 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

АнекDAT

 

– Атың кім еді?

– Асқар…

– Аа-а‑а… Вице­мін десей!

• Айдос Сарым­ның ФБ-парақшасынан

 

 


 

«Ауруын жасы­рған өледі» деген мақал бар. Қаза­қтың дауыл­паз ақы­ны Мұрат Мөң­кеұ­лы: «Мен қауіп еткен­нен айта­мын» деп­ті ғой. Мен де қауіп еткен­нен, сол қауіп­тің алдын алу үшін жазып отырмын.

 

Келер жылы Маңғы­ста­уда xалы­қтың толқуы болуы әбден мүмкін…

Оған басты себеп – жұмыссыздық!

Қазір біздің қоғам жұмыс­сызды­қты жасы­рып отыр. «Өзін-өзі асы­ра­у­шы», «қазақ жалқау», «жастар ерін­шек» деген сыл­та­у­лар көбей­іп бара­ды. Жастар­ды сон­дай­ға үйрет­кен өзі­міз емес пе?

Қазір Маңғы­стау мұнай­шы­ла­рын 550 деген бағ­дар­ла­ма­мен жұмыстан шыға­рып жатыр. Жастар 5 жылғы жалақы­сы­ның 50 пай­ы­зын алғанға мәз болып, жұмыстан кету­де. Қазір қол­да­ры­на 5–8 мил­ли­он алғанға қуанған жастар жұмыстан өз еркі­мен бас тартуда.

Бұл ақша­ны олар бір жылға да жет­кіз­бей құр­та­ды. Бұл бағ­дар­ла­ма келер жылы жұмыс­сызды­қтың дең­гей­ін 2,3 есе­ге көбейтеді.

Өзге аймақтар­мен салы­сты­рған­да, Маңғы­ста­уда тамақ, киім, тұты­ну бұй­ым­да­ры өте қым­бат. Осы және басқа да түр­лі әле­умет­тік қиын­ды­қтар жина­ла келіп, xалы­қтың жап­пай нара­зы­лы­ғы­на ұла­суы ықти­мал. Бұл қауіп­тің алдын алма­сақ, ертең кеш қала­мыз. Сол кез­де тек сал­дар­мен ғана күре­сетін бола­мыз. Әрине, мен елдің тыны­шты­ғын, аман­ды­ғын ойлаға­сын, жазып отыр­мын. Ақыл­да­сай­ық, талқы­лай­ық, ауруы­мы­зды жасыр­май­ық, ағайын!

Қашанғы той той­лай­мыз? ЭКСПО да жақын­да аяқта­ла­ды. Жаз да өтіп барады…

 

Жәні­бек ҚОЖЫҚ,

Abai.kz

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн