Понедельник , 7 июля 2025

Мағжан сенген жастардан БИЛІК НЕГЕ ҚОРҚАДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 46 (270) от 18 декаб­ря 2014 г.

 

Мере­ке десе, жер­ден жеті қоян тапқан­дай қуа­нып, тау­сы­ла той­лай­тын билік биыл да жел­тоқ­сан айы туға­лы қашанғы бір әдетін­ше салғырт, қашанғы бір қылы­ғын­ша самарқау. Мұны сүл­ки­ген көше­ден, сүмірей­ген Алма­ты­дан-ақ аңға­руға бола­тын­дай. Қалаға бар­саң – бос қалған; далаға бар­саң – бос қалған. «Ә, бәсе, тап­тым, тап­тым! Мере­ке ғой», – деп арса­лаң қағып, алаңға бар­саң, алаң да бос қалған. Сон­да тұтас ел қайда?

 

 

Күй­кі тір­лік­тен шар­шаған қара­пай­ым халы­қты сұра­саңыз: олар онсыз бір күн бол­са да қожы­рас­ын­да жай­ла­нып, жылы су ұрт­таға­ны­на мәз. Алдын­дағы асын біреу тар­тып алған­да ғана бол­ма­са, онан бер­гі­ге бір­жо­ла көніп алған (әрине, бұл біздің көп­ке топы­рақ шашқа­ны­мыз емес – Қ.Қ.). Оның үстіне кеше­де 86-жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісіне кілең жастар­дың, әсіре­се жоға­ры оқу орнын­дағы сту­дент жастар­дың қаты­сқа­нын ескер­сек, оларға тіп­тен өкпе­міз жоқ.

Ал онда жастар қай­да дей­сіз бе? Биы­лғы жылы жоға­ры оқу орын­да­рын­да (ЖОО) «мез­гіл­сіз науқан» жыл­дағы дең­гей­ден де тым-тым жоға­ры орын­далған. Жел­тоқ­сан­ның 10-жұл­ды­зы­нан бастап, ЖОО біт­кен ары­сы бір айға, берісі бір аптаға дема­лыс жари­я­лап, шәкірт ата­улы­ны аяқ асты әбі­гер­ге сал­ды-ау келіп!

Сосын қай­сы­бір оқу орны­на бар­саң да, сабағын жөн­деп жаба алмай, қай­тарға ақша таба алмай, сең­дей соғы­лы­сып жүр­ген сту­дент­тер­ге жолы­ға­сың. Олар­дың айтуын­ша, нақты оқу әдісте­месі бой­ын­ша қыр­күй­ек­тен басталған дәріс он төр­тін­ші апта­да әрең бітіп, содан соңғы апта бойы ала шапқы­нға түсетін. Сол ара­лы­қта ұстаз үлесін­де­гі ұпай­ын әупірім­деп түгел­деп алуы керек екен. Сон­да барып, ай орта­сы­нан асқа­нын сезініп, емти­хан алды бірер күн ғана тыны­ғуға мұр­сат болатын.

Енді есеп­теп көріңіз: 1 қыр­күй­ек­тен бер­гі 15 апта­ны әр апта­дағы 7 күн­ге есе­леңіз, сон­да жиы­ны 105 күн­ге жетіп бара­ды. Яки, 3 жарым ай. Демек, бұл есеп бой­ын­ша жел­тоқ­сан­ның 15-не дей­ін оқу күні аяқтал­мауы керек. Жаңағы айтқан «бірер күн­дік мұр­сат­тың» да шырға­сыз шып-шын­дық екені бел­гілі болады.

Алай­да өкіні­штісі сол – бір­не­ше жыл­дан бері сес­си­я­ны қалып­тан тыс «ерте аяқтау» дағ­ды­ға айналған. Әсіре­се бұл жылғы дема­лы­стың бұры­нғы­дан бөге­найы бөлек көрі­неді. Мәсе­лен, Қазақ Мем­ле­кет­тік қыздар педа­го­ги­ка­лық уни­вер­си­теті сту­дент­тер­ге жел­тоқ­сан­ның 10 – 17-сі ара­лы­ғын­да дема­лыс жари­я­ла­са, Қазақ Ұлт­тық аграр­лық уни­вер­си­тетінің сту­дент­тері кани­кулға жел­тоқ­сан­ның 10‑ы күні кетіп, Алма­ты­ға қаңтар­дың 5‑інде ғана ора­ла­ды екен. Міне, бұл біз атаған «Ары­сы бір ай мен берісі бір апта­лық» деген мак­си­мал мен мини­мал­дық дема­лы­стың сық­пы­ты ғана. Егер, сіз қала­саңыз, осы екі ара­лы­қтан жыпыр­лаған ЖОО-ның да сұл­ба­сын табуға бола­ды екен.

Осы рет­те бәрін біл­сек те, біл­мес­ке салып, «Сон­да бұл не үшін керек?» деп, біраз сту­дент­тер­ден сыр тар­тқан едік. Бәрі де бұл дема­лы­стың таса­сын­да бүгін­гі билік­тің «қорқы­ны­шы» жатқа­нын біледі. Яғни, олар­дың елі­міз­де­гі ресми мере­ке­лер­дің бірі аталған Тәу­ел­сіздік мере­кесіне тұс­па-тұс келетін Жел­тоқ­сан көтерілісі дата­сы­нан қорқа­ты­нын, сол үшін де осын­дай қада­мға жиі бара­ты­нын айта­ды. Әрі бұл күн­дері Алма­ты­да өтетін түр­лі қоғам­дық-сая­си шара­ларға сту­дент­тер қауы­мы еріп кетіп, 1986 жыл­дың жел­тоқ­са­ны тағы да қай­та­ла­на ма деген үрей­дің үні басым.

Осы орай­да сөзі­міз­ге дәлел ретін­де Қазақ мем­ле­кет­тік қыздар педа­го­ги­ка­лық уни­вер­си­тетінің ака­де­ми­я­лық мәсе­ле­лер жөнін­де­гі депар­та­мен­тінің жетек­шісі Гүл­зия Акра­шқы­зы­ның мына бір сөзін беру­ге қақы­лы­мыз! «Тәу­ел­сіздік күніне орай сту­дент­тер­ді бір аптаға үйлеріне жіберіп алу – уни­вер­си­тет­те бұрын­нан қалып­тасқан үрдіс. Сту­дент­тер үйлеріне барып, төлем ақша­ла­рын алып келеді», – дей­ді Акрашқызы.

Қан­дай көре­ген­дік дей­сің?! Ия, жыл жаңар­май аталған оқу орны­ның төле­мін түгел­деп алуы, оңтүстік­тің сөзі­мен айтқан­да, жүдә жөн-ақ. Алай­да сол төлем­нің құны «тәу­ел­сіздік­тің» құнын тәрік етер­дей қан­дай күн туды бұл пақырларға?

P.S.: Мұн­дай­да жуы­қта ғана ел пре­зи­ден­ті Назар­ба­ев­тың Алма­ты­ға арнайы жұмыс сапа­ры­мен кел­гені, Әл-Фара­би атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­тетін­де жина­лыс жасап қай­тқа­ны еске түседі. Әрі сол жиын тарқаған­ша, шаш ал десе, бас ала­тын атал­мыш орда­ның атқа­мі­нері­нен есік баққан күзет­шісіне дей­ін сту­дент­тер­ді бір «үркітіп» алға­ны бар. Оқу ғима­ра­ты ішін­де­гісін сол жер­ден шығар­май, жатақ­ха­на­дағы­сын тысқа қадам бастыр­май ұстаған. Бәл­кім, сол ұзын-сонар жиын бүгін­гі бүтін елдің ұзақ-ұзақ дема­луы­на сеп бол­ды ма, кім білсін?!

Әйте­уір, Назар­ба­ев­тың 30 тісі­нен тараған сөз отыз рулы ЖОО-на тарай­ты­нын осы көк­тен түс­кен көп-көп дема­лы­стың арқа­сын­да тағы ұқтық қой, ұқтық!

Қозы­бай ҚҰРМАН,

«

 

 

Республиканский еженедельник онлайн