Суббота , 5 июля 2025

Мадияр Серікбаев: Бізде пародияға лайық ТАНЫМАЛ ТҰЛҒА АЗ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (309) от 05 нояб­ря 2015 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 

 

Бүгін­гі «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет» айда­ры­ның қонағы – таны­мал әзілқой әртіс, «Өнер қыран­да­ры» теат­ры­ның жетек­шісі Мади­яр Серікбаев.

 

– Мади­яр мыр­за, Ресей сати­ра­сы­мен салы­сты­рған­да, біздің елде сахна­лық паро­дия жан­ры неге кен­де қалған деп ойлайсыз?

– Алды­мен аман­да­сып алай­ын: Асса­ла­у­маға­лей­кум, «ДАТ» газетінің оқыр­ман­да­ры! Ал сұрағы­ңы­зға орай айт­сам: әзіл мен паро­дия жан­ры жағы­нан Ресей біз­ден әлдеқа­шан ерте­рек дамы­ған. Негізін­де бұл сала­да ресей­лік­тер­ден арт­та келеміз.

Менің есі­ме бұдан үш жыл бұры­нғы оқиға түсіп отыр: ресей­лік­тер­дің «Боль­шая раз­ни­ца в Казах­стане» бағ­дар­ла­ма­сы­на Алма­ты қала­сын­да ірік­теу кезеңі өтті. Біздің енді ғана паро­ди­я­мен айна­лы­сып жүр­ген кезі­міз – ірік­те­у­ге қаты­суға бел будық. Бірақ бай­қа­уға кел­ген кез­де оның тек қана орыс тілін­де жүр­гізіліп жатқа­нын көр­дік. Сосын біз затта­ры­мы­зды жина­сты­рып, кері қай­тып бара жатқан­да, ұйым­да­сты­ру­шы­лар «сахнаға шығы­ңы­здар, көрей­ік» деді. Біз орыс тілін­де дай­ын­далған паро­ди­я­мыз жоқ екенін айт­тық. Сол бай­қа­удың әділ-қазы­лар алқа­сын­да «Боль­шая раз­ни­ца» бағ­дар­ла­ма­сы­ның про­дю­сері отыр екен: «Алды­мен қой­ы­лым­ды көр­сетің­дер, кей­інірек баға­сын бере жатар­мыз», – деді. Біз кірісіп кет­тік. Бір бай­қа­сақ, про­дю­сер­дің ішек-сілесі қатып, күліп отыр. Содан қой­ы­лым біт­кен соң, біздің коман­да­ны сахнаға шақы­рып: «Жігіт­тер, сен­дер бір топ­сы­ң­дар ма, әлде бұла­рың театр ма?» – деп сұрақ қой­ды про­дю­сер. Біз Жүр­ге­нов атын­дағы Өнер ака­де­ми­я­сы­ның қуыр­шақ теат­ры­ның әртістері екені­мізді айт­тық. «Мен ештеңе түсін­ген жоқ­пын, бірақ маған өте күл­кілі бол­ды. Сен­дер­дің тапқыр­лы­қта­ры­ңа өте риза бол­дым. Егер сен­дер бір топ­тан құралған бол­саң­дар, мен сен­дер­мен жұмыс жасағым келеді», – деді. Сөй­тіп, сол кез­де ірік­теу дереу тоқта­ты­лып, біз келісім-шар­тқа оты­рып, жұмыс жасадық.

Сахна­лық қой­ы­лым­да бел­гілі әртістер­ге паро­дия жасаға­ны­мы­зды көр­ген әйгілі Иван Ургант­тың: «Біздің ресей­лік паро­ди­я­шы­лар­дың ойы­на кел­мей­тін нәр­сені жаса­ды­ң­дар. Осы уақы­тқа дей­ін біз­де мұн­дай нәр­се болған жоқ, тіп­ті «Боль­шая раз­ни­ца» бағ­дар­ла­ма­сын­да мұн­дай қиял, фан­та­зия ойы­мы­зға кіріп-шыққан емес. Мен таңқа­лып отыр­мын, сен­дер­дің дең­гей­лерің жоға­ры екен», – деп айтқа­ны бар. Сол «Боль­шая раз­ни­ца» бағ­дар­ла­ма­сы бары­сын­да «Тақи­я­лы пері­ш­те» мен «Иро­ния судь­бы» фильм­деріне және басқа да қой­ы­лым­дар­мен екі сағат­тық қой­ы­лым жаса­дық. Ресей­лік­тер біздің музы­ка­мы­зға да аса мән бер­ді. Ербо­лат Құдай­бер­ген­нің «Біздің жігіт­тер, жігіт­тер» әнін естіп, шетел­дің музы­ка­сы ма, кім айта­ды деп, таң­да­нып жатты.

Росын­да, Ресей­де халық көп болған соң, өнер­ге деген сұра­ныс та көп. Олар­да паро­дия жан­ры өндірістік ағы­нға қой­ы­лған – дамыл табуға уақыт­та­ры жоқ. Ал біз бір қой­ы­лым­ды шыға­ру үшін, оң мен солын сара­лап, «жеті рет өлшеп, бір рет кесіп», алды-арты­мы­зға қара­уға тура келеді. Бәл­кім, содан да болар, жас жанр баяу дамып келеді. Егер қазақ өнерін­де әртістер­ге шығар­ма­шы­лық еркін­дік беріп қоя­тын бол­са, біраз дүние жаса­уға бола­тын сияқты.

– «Еркін­дік бер­се» демек­ші, біздің әртістер билік басын­да оты­рған тұлға­лар­дың қолы­нан «жем жей­тін­дік­тен», ешкім­ді паро­ди­я­мен рен­жітіп алғы­ла­ры кел­мей­тін шығар?

– Паро­дия деген – адам­ның кем­шілі­гін айту ғана емес: кей­іп­кер­дің қызы­қты қылы­ғы мен әде­мі әдетін көр­се­ту арқы­лы нысан­ның обра­зын жасау. Біз осы образ жаса­удан қорқақтай­мыз. Әрине, өзінің кем­шілі­гін көр­генін ешкім қала­май­ды. Сон­ды­қтан билік басын­да жүр­ген тұлға­ларға паро­дия жаса­уға көп ойла­на­мыз. Қан­ша деген­мен, елдің алдын­да жүр­ген аға­ла­ры­мыз ғой…

– Мүм­кін, паро­дия жан­ры­ның біздің сахна мен теле­экран­ды «жаты­рқап жүруі» қазақ халқы­ның «жал­пақ­ше­шей­лік мен­та­ли­тетіне» бай­ла­ны­сты емес пе?

– Расын­да, біз «оу, ағай­ын» деген сөз­ге тоқтаған халы­қ­пыз ғой. Осын­дай мінезі­міз­ге сай кей­бір тұлға­лар паро­ди­я­ны қабыл­дай алмай­ды. Өйт­кені енді ғана тәй-тәй басып келе жетқан жанр­дың мән-маз­мұ­нын жұрт­шы­лық түй­сініп болған жоқ. Оның үстіне, кей­де қарап отыр­сақ, өзі­міздің де асы­рып жібе­ретіні­міз бар…

– Иә, паро­дия жан­ры­ның басты тала­бы – оның кей­іп­кер­лері өте таны­мал тұлға болуы керек. Осы орай­да, мәсе­лен, паро­дия шебері Олжас Сыдық: «Біз паро­дия жасай­тын таны­мал тұлға­ларға өте зәру­міз, сая­сат сахна­сын­да бел­гілі тұлға­лар бол­маған­нан кей­ін, амал жоқ, айна­лып келіп, сол өнер адам­да­ры­на паро­дия жаса­уға мәж­бүр­міз. Халық кеңі­нен тани­тын бес-алты ада­мға айна­лып келіп қай­та-қай­та паро­дия жасай бере­міз», – дей­ді. Яғни, Олжас мыр­за­ның пікірі тұрғы­сы­нан қарай­тын бол­сақ, біздің елде жеке ерекшелі­гі­мен таны­лған сая­сат­кер­лер­дің тым тап­шы болға­ны ғой?

– Жасы­ра­тын несі бар, біз­де паро­ди­яға лай­ық таны­мал тұлға­лар аз. Бары – көп алдын­да көрі­нуді ерсі көретін сияқты. Қалай болған­да да, Ресей мен шетел­дікі сияқты емес, жарқы­рап шығып, көгіл­дір экран­да көл­бең­деп жүр­мей­ді. Бой­ы­мы­зға сің­ген ұят пен ұяң қаси­ет­тер бар.

– Бұның бәрі, шама­сы, бір кісі­ге табы­нған сая­сат­тың сал­да­ры бол­са керек. Деген­мен, мұр­тын май­лап тарай­тын Кәрім Мәсі­мов паро­ди­яға нысан болуға әбден лай­ық тұлға емес пе? Неме­се, «әйелінің пәтерін­де тұра­тын» Ахмет­жан Есі­мов те паро­ди­яға келі­се кетей­ін деп тұрған жоқ па?

– Олжас бауы­рым Иманға­ли ағаға паро­дия жасай­тын кез­де кіш­кене қорқақтап, өзі­нен рұқ­сат алуға барған­да: «Егер сәт­ті шыққан паро­дия бол­са, неге жаса­масқа, көрей­ік», – деп­ті Име­кең. Сол секіл­ді сіз атаған бұл кісілер де қат­ты рен­жи қой­май­ды деп ойлай­мын. Жақ­сы әзіл, түй­іні бар ой бол­са, қағыт­па­дан артық кет­пе­ген паро­ди­яға ешкім реніш таныт­па­уы тиіс. Деген­мен, ондай паро­ди­я­ны біз жаса­сақ та, оны теле­ар­на­лар көр­се­ту­ге қорқақтай­ды. Сон­дай жағ­дай қалып­тасқан: теле­ар­на бас­шы­ла­ры «біз кінәлі болып қалуы­мыз мүм­кін» деп қуы­ста­на­ды. Кей­де теле­ар­на­лар­да үлкен тақы­рып­тың маз­мұ­нын қам­ты­ған бір сөзді де кесіп тастай­ты­ны бар.

Сон­ды­қтан «Өгізді де өлтір­мей, арба­ны да сын­дыр­май» паро­дия жасау оңай шаруа емес. Ақиқат­ты айт­сақ, кей­іп­кер кей­іп қала­ды, айт­па­сақ – көре­рмен­нің сөзіне қала­мыз. Ал паро­дия өнер­дің нағыз шебер­лі­гі – екі жақтың мүд­десі тең бей­не­ле­нетін ақиқат­ты айту.

– Енді бір сати­ра­шы­лар паро­дия жан­ры­на лай­ық мате­ри­ал жаза­тын автор­лар тап­шы дейді…

– Жал­пы, бұл театр­лар мен сати­ра­шы­лар ара­сын­да бұрын­нан шешіл­мей жүр­ген түй­ін. Рас, қазір іліп ала­тын­дай туын­ды­лар жоқтың қасы. Жазы­лған кей­бір дүни­е­лер­дің көбі әртістер­дің сахна­лық ойы­ны­на сай кел­мей­ді. Ондай­да автор­ларға хабар­ла­сып, бұл дүние біз­ден гөрі, Тұр­сын­бек Қаба­то­втың репер­ту­а­ры­на сай келетінін айта­мыз. Ал үлкен автор­лар­мен қоян-қол­тық ара­ла­сып жүр­гені­міз жоқ, көбіне сце­на­рий­ді өзі­міз жазамыз.

– «Сати­ра – қоғам­ның айна­сы» деген сөз бар. Бірақ сіз осы айна­дан бүгін­гі қым­бат­шы­лық қысқан халы­қты, мерзі­мі­нен бұрын өтетін сай­ла­у­лар­ды, жемқор шене­унік­тер­ді көріп жүр­сіз бе?

– Қоғам кем­шіліксіз бол­май­ды. Себебі көп­шілік болған­нан кей­ін, жоға­ры жақта оты­рған шене­унік­тер­дің біз біл­мей­тін қан­ша­ма істері бар. Біз олар­ды сахна­да сынай­тын бол­сақ, ол өнер бол­май шыға­ды. Сон­ды­қтан қоғам­ның әле­умет­тік-тұр­мыстық қиын­шы­лы­ғын астар­лап, өнер тілі­мен жет­кізу­ге тыры­са­мыз. Біздікі – ниет, осы­дан қоғам түзел­сін­ші деген ұста­ным. Өзіңіз айт­пақ­шы, сати­ра – қоғам­ның айна­сы екеніне дау жоқ.

– Қазақ сати­ра театр­ла­ры­ның күл­кісі қытай­дың тау­а­ры сияқты: басқа тап­паған соң, жұрт­тың амал­сыз алуға мәж­бүр бола­ты­ны сияқты, арзан күл­кі­ге еріксіз езу тар­туға мәж­бүр бола­ды деген ойға не айтар едіңіз?

– Ең басты­сы – сапа маңы­зды. Қазір жаһан­да­ну зама­нын­да бәрі қысқа-нұсқа, бәрі тез болу керек. Оның үстіне ұзақ-сонар мыл­жы­ң­ды көріп оты­руға адам­дар­да уақыт жоқ. Біре­улер ең қым­бат нәр­се – ақша деп ойла­уы мүм­кін. Алай­да ақша емес, уақыт қымбат.

Күл­кі «қытай­дың тау­а­ры» сияқты бол­мауы үшін, көп ізденіс керек. Теле­ар­на­лар­да қап­таған шоу-бағ­дар­ла­ма­лар өте көп: олар­да сапа бол­маған соң, әзіл арзан­дап бара жатқа­ны шын­дық. Бүгін­де театр­лар ара­сын­да сай­ыс өтіп жата­ды: оқы­ға­ны бар, оқы­маға­ны бар, бес-алты адам­ның басын құрап, театр құрып, сай­ы­сқа қаты­сып жата­ды. Бірақ оны қадаға­лап оты­ра­тын сарап­шы-сын­шы жоқ. Ақы­ры сол құра­ма әзілқой­лар көгіл­дір экран­нан сөй­леп жатқан соң, көре­рмен өнер деген осы екен деп ойла­уы мүмкін.

Қазір атағы­нан ат үркетін бағ­дар­ла­ма­лар көбей­іп кет­ті. Солар­ды көр­сең, сол баяғы той­да айты­лып жүр­ген 1–2 бел­гілі нөмер­лер. Шоу жасай­мыз деп, бары­мен базар жасай­тын­дар бар. Бірақ уақыт өте келе осы­ның бәрі табиғи сүз­гі­ден өтері анық. Көп­шілі­гі өнер­ді – бір жарқ етіп, жұл­дыз болып шыға келу деп түсі­неді. Рес­пуб­ли­ка сарай­ын­да өтіп жатқан бір кон­церт­те алғаш рет ән айтқан екі жігіт: «Э‑с-с, ақы­ры звез­да бол­дық», – дегені бар. Бұл шыны­мен болған оқиға.

– Бәл­кім, қазақ қоға­мы­ның өзі анек­дот болып кет­кен соң, халы­қты сахна­дан күл­дірудің өзі әзіл­кеш әртістер үшін қиын­ды­ққа айналған жоқ па?

– Қоғам­ның күл­кі­ге айна­луын жасап оты­рған – адамдар…

Мыса­лы, біз соңғы кон­цер­ті­міз­де жетім­дер жай­лы қой­ы­лым көр­сет­тік. «Жетім­дер үйіне» барып сөй­лес­кен кез­де ондағы қыз­мет­шілер: «Біз­ге үшін­ші ұрпақ келіп жатыр. Мына бала­ның әкесі, әкесінің әкесі де осы жер­де болған…» – дей­ді. Бұл енді қоғам­ның күл­кісі емес – тра­ге­ди­я­сы. Осы жетім­дер жай­ын әзіл­дің тілі­мен сахна­лаған­нан кей­ін, біз­ге хабар­ласқан үлкен бір аға­мыз жылап тұрып: «Жасты­қтың буы­мен кезін­де бала­мы­зды жетім­дер үйіне өткізіп жібер­ген едік. Сіз­дер­дің қой­ы­лым­да­ры­ңы­здан кей­ін, жүре­гім ауы­рып, тоқтай алмай жылап отыр­мын. Қазір сол балам­ды ізде­стіріп жатыр­мын», – деді. Бұл күл­кілі жағ­дай ма? Бір қара­саңыз, осын­ша­ма уақыт бойы бала­сын ізде­ме­геніне күлесің, егер терең­нен мән бер­сең – жылай­сың. Шыны керек, қоғам­ның өзі күл­кі­ге айна­лып, оның түбін­де адам – адам­шы­лы­ғы­нан айы­ры­лған тра­ге­ди­яға ұла­сып кете ме деп қорқасың.

– Қалай десек те, «Өнер қыран­да­ры» теат­ры паро­дия сала­сын­да біраз ізденіс таны­тып жүр­гені дау­сыз. Деген­мен, сіз­дер жазыл­маған цен­зу­ра­дан қалай­ша қай­мы­қ­пай жүр­сіз­дер? «Әй, бала, абай­ла!» деген ешкім бол­ма­ды ма?

– Бір кез­дері теле­ар­на­лар­да шек­теу болған. Қазір де қой­ы­лар кон­цер­ті­міздің тақы­ры­бы мен маз­мұ­нын теле­ар­на­лар бас­шы­ла­ры­мен келісіп, «басын ашып» ала­тын болдық…

– Біздің газет­тің оқыр­ман­да­ры­мен бөлі­сер қан­дай жаңа­лы­қта­ры­ңыз бар?

– Осы қара­ша­ның жиыр­ма­сын­да «Өнер қыран­да­ры» теат­ры гастроль­дік сапарға шыға­ды. «Кел, таны­сай­ық!» атты кон­цер­ті­міздің түп­кі мақ­са­ты – «қаза­қтың мәде­ни­еті мен дәстүрі, тілі мен діні жоқ, қазақ енді қалып­тасқан ұлт, қазақ деген ел бол­маған» дей­тін адам­дарға арналған. Сол адам­дар келіп көр­сін, есі­гі­міз ашық, қазақ деген халы­қтың атын бұрын-соң­ды есті­ме­се, көр­сін, кел­сін, танысайық.

Жел­тоқ­сан­ның 20-сы күні Алма­ты қала­сын­дағы Сту­ден­тер сарай­ын­да, ал 24 жел­тоқ­сан­да Аста­на қала­сын­да өтетін кон­церт­ке келіңіз­дер. Қай жер­де жүр­сеңіз­дер де, мін­дет­ті түр­де келіңіз­дер, өкін­бей­сіз­дер деп ойлаймын.

– Енде­ше паро­ди­я­ның пошы­мын кел­тіріп жүр­ген еңбек­теріңіз жемісті болсын!

Сұх­бат­тасқан –

Жан­сая ЕРТАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн