Суббота , 5 июля 2025

ҚҰМАЛАҚҚАТІЛ БІТСЕ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (365) от 12 янва­ря 2017 г.

 

Жоралғы


 

 

 

Міне, жаңа – 2017 жыл­дың да мұр­ты мұқа­ла баста­ды. Ақпа­рат әле­мін­де­гі жыл жаңа­лы­қта­ры тағы сол жемқор­лық, парақор­лық, ұстау, қамау, атыс, жары­лыс хабар­лар­мен бастал­ды. Құлаққа жағым­ды, халы­ққа қарай­лас хабар-ошар там-тұм ғана.

Соны­мен, бұл жыл қаза­ққа не береді? Біздің былы­ғы мол қоғам­ды, соғыс оты ойнап тұрған әлем қауым­да­сты­ғын не күтіп тұр?

Осын­дай сұрақтар­дың жау­а­бын жор­та жора­мал­дап айтар құма­лақ­шы іздеп, «ДАТ» жор­нал­шы­сы жас сәу­е­гей Арай Сей­тқа­зы­ға (сурет­те) жолы­ққан еді. Арай­дың құма­лағы қалай «сөй­леді»? Назар аударыңыз.

 

 

Арай бал­гер­дің алға­шқы тар­тқан құма­лағы­на біз мына­дай сұрақтар ұсын­дық: Дүние жүзін­де қан­дай жаңа­лы­қтар болуы мүм­кін? Үшін­ші ғалам­дық соғыс қау­пі сей­і­ле ме? АҚШ пен Ресей­дің ара­сын­дағы кикіл­жің қалай өрбуі мүмкін?

«Бисмил­ла рах­ман рахим, құма­лағым, ақ сөй­ле! – деп баста­ды сөзін Арай Сей­тқа­зы 41 құма­лағын үшке бөл­ген соң. – Бір бүй­ір­ге дұшпан басы құма­лақ дара түсті ғой. Шашы­лған құма­лақтың бәріне осы «дұшпан құма­лақ» тыны­штық бер­мей­ді. Мұр­ты түстік­ке қарай түс­кеніне қараған­да, бұл ел Ресей болуы мүм­кін. Бірақ сол жам­ба­сы мен тақы­мы­на тақау түс­кен қос-қостан төрт құма­лақ «дұшпан басын» тырп еткіз­бей­ді. Бұл төр­теу дара құма­лақтан сан жағы­нан ғана емес, күш жағы­нан да басым – құй­ы­сқан­да­ры берік тұр. Бұл – бір­лік­ті, мығым­ды­қты біл­діреді. Сон­ды­қтан Ресей «мығым төр­те­умен» талас­пай­ды – биыл «дара құма­лақтың» беті бері қарай­ды. Бұры­штағы бес құма­лақтың ара­сы­нан тұтанған от көріп тұрған жоқ­пын: үлкен соғыс бол­май­ды. Қос қап­тал­дағы жұп құма­лақтар дара­ның жолын түсіріп тұрған жоқ. Бір бүй­ір үміт­ке түсіп тұр, яғни жаман­ды­қтың беті аулақ болады».

«Қаза­қстан­ды не күтіп тұр? Қан­дай өзгерістер болуы мүм­кін? Биы­лғы жылы халы­қтың билік­ке қар­сы нара­зы­лық толқуы бола ма?» – дегені­міз­де, Арай асы­қ­пай құма­лағын екін­ші рет тартты.

«Жол түсіп тұр… – деп, Арай құма­лақ­шы біраз ойлан­ды. – Есік­тен төр­ге дей­ін сүй­ін­ші құма­лақ тара­ды. Құма­лақтың осы әлпе­тіне қараған­да, қазақ халқы­ның алдын­да көп­тен күт­кен куа­ныш бар…».

«Ол қан­дай қуа­ныш болуы мүм­кін? – дедік біз де тағат­сызда­нып. – Үлкен өзгерістер көріп тұрғам жоқ, бірақ бір қуа­ныш бар. Бір бүй­ірі толық болға­ны­на қараған­да, жал­пы елге ортақ бір сүй­ін­ші түсіп тұр… Ал нара­зы­лық… ашу… толқу бар. Бірақ ол ашу тез тарай­ды, нара­зы­лық тез туып, тез тарай­ды. Үлкен өзгерістер бір беле­стің астын­да жатқан сияқты», – деді Арай құмалақшы.

«Ол қан­дай бір белес?».

«Бір жыл ма екен, бір толқу ма екен… дәл айта алмай­мын. Соңғы қатарға кілең тақ құма­лақтар түсті…» – деп, Арай құма­лағын екін­ші рет тартты.

«Құма­лақтың оң бүй­ірі толық, ал сол бүй­ірі тақ бол­ды – бұл теңсіздік­тің, аума­лы-төк­пе­лі жағ­дай­дың бел­гісі. Құма­лақтың басын­да ауыс-түй­істің бел­гісі бар: билік­те өзгеріс болуы мүм­кін… Бұл бір беле­стен кей­ін бола­ды… бір жыл ғой дей­мін, шама­сы… Қалған екі қатар жұп­тан тара­ды, яғни көп­шілік­ке қорқы­ны­шы көп бол­май­ды. Бірін­ші қатар­дың сол бүй­іріне жалғыз құма­лақ түс­кеніне қараған­да, билік басы­на ел сенетін басқа тұлға келеді… Бұның бәрі бір беле­стің астын­да жатыр… Бір жыл…».

«Сон­да бір беле­стен кей­ін дегеніңіз – 2018 жыл болға­ны ма?».

«Солай-ау, шама­сы… Құма­лақ жақын уақыт­ты мең­зе­мей­ді, жол алы­стан түсіп тұр…».

«Енде­ше Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың ден­са­улы­ғы мен сая­са­ты қалай бола­ды? Пре­зи­дент­тің орнын баса­тын адам бола ма?» – деп, құма­лақ­шы қызға Назар­ба­ев­тың фото­су­ретін көрсеттік.

«Бұл сурет қашан түсіріл­ген?» – деп сұра­ды Арай Сейтқазы.

«Кім біл­сін, интер­нет­тен алдық, жина­лыс жүр­гізіп отыр ғой…» – дедік біз.

«Егер бұл сурет­те жуық маң­дағы кей­пі түсіріл­се, түрін­де бір алаң­да­у­шы­лық бар… – деп, Арай құма­лағын қай­та­дан тарт­ты. – Пре­зи­дент­тің ден­са­улы­ғы­на келер бол­сам, күті­мі жақ­сы адам ғой, анау мынау дерт­тен аман: құма­лақтың оң бүй­ірі толық, құй­ы­сқа­ны берік. Бірақ адам­ның тағ­ды­ры – Алла­ның қолын­да деген­дей, қас қағым сәт­те аяқ асты­нан анау-мынау болып кетуді ешкім де алдын ала болжаған емес…

Ортаға түс­кен үш құма­лақ бір қатер­ді сездіреді. Соңы­на түс­кен үш құма­лақ маң­дайы жабық дей­ді… Бұл алдағы қатер­ді рас­тай­ды. Алты құма­лақтың қатар келуі бола­шағын шай­тан бай­лап тұр, маң­дай­ы­на сор біте­ді деген­ді біл­діреді… Бірақ оның орны­на «анау келеді екен, мынау пре­зи­дент бола­ды екен…» деген дол­барға сенудің қажеті жоқ… Құма­лақтың соңы таласқа түсіп тұр… Ол тала­стың соңы не бола­рын кім біл­сін?..» – деп, Арай құма­лағын қос алақа­ны­мен өзіне қарай сырып тартты.

«Пре­зи­дент­тің орны­на Дариға Назар­ба­е­ва келеді деп жүр, құма­лағы­ңыз бұған не дер екен?» – деп, Арай сәу­е­гей­ді келесі сөз­ге тарттық.

«Құма­лағым жай­ы­лып түсті… – деді Арай үш қатар­ды теңеп шыққан соң. – Қос босағаға бір-бір тал­дың түсуі… – «бұл құма­лақ ауру ада­мға түс­се, ол адам­ның жаны көп ұза­май көк­ке ұша­ды, сау ада­мға ашыл­са, ол кісі көз көріп, құлақ есті­ме­ген жаққа ұшып кете­ді» деген еді менің ұста­зым. Дариға – сап-сау адам ғой… көріп жүр­мін… Оған түс­кен бүй­ір­де­гі құма­лақ алаң көңіл… өмірін­де уай­ым­сыз қалып жоқ, жаны тыныш емес…

Бүгін­гі оты­рған орны біре­удің айтқа­ны­мен, нұсқа­уы­мен бұй­ы­рған… Қатар­дағы үш құма­лақ «маң­дайы жабық» дей­ді… Үсті мен асты­на түс­кен қос-қос құма­лақ сары уай­ым­ды біл­діреді… Елдің көз алды­нан бір күн­нің ішін­де таса болып, аты ұмы­ты­ла бастайды…».

«Биыл ма?» – деп сұра­дық біз.

«Жоқ, биыл екенін біл­мей­мін, бола­шаққа тар­тқан жолы түс­пей тұр… Көп күт­тір­мей­тін сияқты… Қоныс ауда­руы мүмкін…».

«Иманға­ли Тасмағам­бе­то­втің бола­шағы қалай болуы мүм­кін? Оны қыз­меті­нен алып тастау неме­се сотқа тар­ту қау­пі жоқ па? Осы­ған да бір құма­лақ ашып бер­сеңіз», – дедік Арай балгерге.

«Құй­ы­сқа­ны берік екен… Сол бүй­ір­ге үш тал құма­лақтың келуі… – дұшпа­ны мықты, айтыс­са жеңіп, күрес­се – жыға­тын күшті көріп тұр­мын. Жеке өмірін­де жақ­сы­лы­қтың ныша­ны бар, отба­сы толы­ға­ды… Қыз­меті тыныш өте­ді, бірақ біре­удің «көр­се­туі­мен» еркі­нен тыс бір адам­ның қыспағы­на ілініп, қыз­меті­нен кетуі мүм­кін. Қатері күп­ті құма­лақ соңғы қатарға түсті… Өзіне жай­сыз кезең баста­ла­ды… Жүре­гі күп­ті құма­лақ түсіп тұр… Бұл құма­лақ жүй­кесі жүн, жігері құм болып, алға басқан аяғы кері кетіп жүр­ген ада­мға түседі», – деді Арай Сейтқазы.

«Ал құма­лағы­ңыз Кәрім Мәсі­мов­ке не дер екен?» – деп, Арай құма­лақ­шы­ны тағы бір сөз­ге шақырдық.

«Бір бүй­ірін­де «пусто­та» бар… Құма­лақтың жүре­гі берік емес… бір аяғы – алды­да, екін­шісі – кері кет­кен… Сол қана­тын­да қорқы­ныш бар… екін­ші оры­нға қарай ығы­сты­ры­лған күй­ді кешеді. Не қыз­мет атқар­са да, бүгін­гі жағ­дай­ды уысы­нан шыға­рып ала­тын кезеңді басы­нан өткі­зеді. Бұры­шқа тығы­лған оқу­шы­ның кей­пін еле­с­те­те­ді. Қасын­да жүр­ген біраз адам­ның «артын аша­ды», тығы­ры­ққа келіп тірел­ген сәт­те қыз­метін­де бей­бе­ре­кет­сіздік орын ала­ды. Өзі сеніп жүр­ген­дер өзі­нен сырт айналады…».

Сөз соңын­да: «ДАТ» газетіне қаты­сты құма­лағы­ңыз қан­дай болжам айта­ды?» – деп сұра­дық Арай Сейтқазыдан.

«Оң босаға­сы берік құма­лақ түсті, міне­ки! Бірақ бір бел­гісіздік басым, келер жылы не істей­міз деп алаң­дап тұр­сыздар… Олжа түс­пей­ді… Жыл орта­сы­на таман орын ауы­сты­рып, көше­сіз­дер. Бірақ барған жер­леріңіз олжа­лы, май­лы бола­ды. Жүрек ашық… Сөз берік… Қос табан қатар тұр – бұл мығым­ды­қтың бел­гісі…» – деген Арай Сей­тқа­зы құма­лақ­шы­ның қолы­на бес мың тең­ге ұста­тып, біз редак­ци­яға қарай асықтық.

Димаш АЗАМАТОВ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн