Понедельник , 7 июля 2025

Маржанның бір арманы ӨКІНІШТЕН ҚҰРАЛҒАН

Әттең-ай!

 

Жуыр­да талант­ты әнші Мар­жан Ара­п­ба­е­ва тың­дар­ман­да­ры­мен өзінің арма­ны тура­лы бөлісті. Онда ол өз өміріне разы­лы­ғын айтып, өткені­нен бір-ақ нәр­сені өзгерт­кісі келетінін жеткізген.

Бұл тура­лы әнші: «Мен өмір­де бір нәр­сені ғана өзгер­тер едім. Анам тірі бол­са, сол кісі­мен уақы­тым­ды көбірек өткі­зетін едім, теңіз­ге апа­рып, қыды­рар едік. Осы­ны ғана өзгер­тер едім, ал қалға­ны­ның бәріне мен риза­мын», – деген болатын.

Соны­мен қатар өзі жай­лы біраз сыр­дың басын ашқа­ны бар. Айта­лық, өнер жолын баста­мас бұрын мек­теп­те ұстаз болып жұмыс атқа­ра­ды. Ара­да бір жыл өткесін мей­рам­ха­на­лар­да ән айта бастаған. «Ол кез­де мей­рам­ха­на жұмысы енді көтеріліп, жақ­сы дамып жатқан еді. Содан 5–6 жыл бойы сол жер­де әнші бол­дым. Әншілер­дің ара­сын­да «кабак­ская шко­ла» деген ұғым бар: сол мек­теп­тен өткен әншілер­ді көп нәр­сені көр­ген, біл­ген, дау­сы да мықты деп түсі­нетін. Сон­ды­қтан мен кабак­тың мек­тебі­нен өттім деп ойлай­мын», – дей­ді әнші Арапбаева.

Бәл­кім, бүгін­гі қазақ эст­ра­да­сын­дағы жас әншілер үшін сол «кабак­ская шко­ла­ның» қадірі – қаза­қы «той мек­тебі­нен» асар-аспас. Оның жыры біз­ге жат. Ал сөз басын­дағы Мар­жан­ның өзгерт­кісі келетін «бір нәр­сесі» – ана­сын бұл өмір­ге қай­та­ра алмай­тын өкіні­ші. Амал нешік, сол өкіні­штің орнын басар сезім – өзінің де арман­шыл балаға ана болған құдіреті шығар…

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн