Пятница , 4 июля 2025

«МАЙҚАПШАҒАЙША ТОНАУ» БҰРЫН ДА БОЛҒАН ЕКЕН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (376) от 30 мар­та 2017 г.

 

Оба­лы кімге?

 


 

 

Газеті­міздің өткен санын­да Қытай­дағы мал-мүл­кін сатып, бала-шаға­сын ертіп, Ата­ме­кен­ге оралған жесір әйел­дің Май­қап­шағай шека­ра-кеден бекетін­де декла­ра­ция тол­тыр­ма­дың деген айып­пен ақша­сы тәр­кі­леніп, дала­да қалға­ны жөнін­де жазған бола­тын­быз («Май­қап­шағай­дағы тонау қазақ көшіне кері әсер етуі мүм­кін деді сарап­шы­лар». №10–11 (375). Редак­ци­я­мы­зға теле­фон шалған көп­те­ген оқыр­ман­да­ры­мы­здың сұра­уы – осы істі наза­рдан таса қыл­мау еді. Сон­ды­қтан осы орай­да Зай­сан­да өтіп жатқан сотқа қаты­сқан әріп­тесі­міз Ұлар­бек Дәлей­ұ­лы­мен хабар­ла­сып, істің мән-жай­ын сұрастырдық.

 

– Көп жыл­дан бері жинап-тер­гені­нен Қаза­қстан шека­ра­сын­да бір мезет­те айы­ры­лған орал­ман Гүл­жан Мәуіт­хан апай­ы­мы­зға қол­дау көр­се­ту мақ­са­тын­да Зай­сан қала­сы­на барып қайт­тық, – деді Ұлар­бек мыр­за. – Біз­бен бір­ге Гүл­жан апай­дың інісі, келіні, ұлы барып, сотқа куә­гер ретін­де қатысты.

27 науры­зға белі­ген­ген сот оты­ры­сы өтті. Таңер­тең­гі сағат 10.00-да басталған сот кеш­ке дей­ін жалға­сты. Ақша тәр­кіле­у­ге қаты­сқан, көр­ген, хат­та­ма тол­ты­рған кеден­шілер мен шека­ра­шы­лар тара­пы­нан куә­гер ретін­де сегіз адам қатысты.

Күні бойы сот­тың дауы өтті, бар­лы­ғы­нан жау­ап алын­ды. Сот бір күн­де біт­пей қал­ды да, келесі сот оты­ры­сын 31 науры­зға қалдырды.

 

– Сот­тың енді­гі бета­лы­сы қалай болар түрі бар?

– Сот­тың қазір­гі бей­несі­нен жақ­сы­лы­ққа жори­тын ештеңе айтуға кел­мей­ді. Өйт­кені сотқа қаты­сқан про­ку­рор сот оты­ры­сын қадаға­лап, екі жаққа да болы­спау керек қой. Бірақ про­ку­рор­дың бей­несі мен сөзіне қара­сақ, шека­ра­шы мен кеден­шілер­ді қол­дап оты­рға­ны байқалады.

Орал­ман ағай­ын­дар­дың сотқа барып-қай­туы 3000 шақы­рым болып тұр. Ол кісілер Зай­сан­дағы сотқа Аста­на қала­сы­нан қаты­нап отыр. Жол шығын­да­ры­ның өзіне 150 мың тең­ге­ден астам ақша кетіп қал­ды. Шынын айтқан­да, қал­та­ла­ры әбден жұқа­рып кетіп­ті. Бұған қоса Гүл­жан апай­ы­мыз алыс жол­ды көте­ре алмай, кеше ауы­рып жатып қал­ды. Енді 31 наурыз күні өтетін сотқа бара ала ма, бара алмай ма – ол жағы әзір­ше бел­гісіз. Қазір­гі жағ­дай осын­дай болып тұр.

Ол кісілер қай­та­дан Аста­наға кет­ті. Пәтер жал­дап, сон­да тұрып жатыр. Ақша­ла­ры пәтер­ге, сотқа, адво­катқа, жолға кетіп, қиын­дық көріп жүр.

 

– Ұлар­бек мыр­за, біздің газет­те осы жағ­дай­ға қаты­сты мақа­ла жарық көр­гелі бері, көп оқыр­ман­дар редак­ци­яға теле­фон шалып, осы жағ­дай­ға қаты­сты өкпе-рені­ш­терін біл­діріп жатыр. Зай­сан­да өтіп жатқан сотқа жер­гілік­ті ағай­ын­дар қаты­сып, қол­дау біл­дір­ді ме?

– Зай­санға орал­ман ағай­ы­ны бар, жер­гілік­ті ағай­ын бар – келіп қол­дау көр­се­те­міз деген­мен, жиналған халы­қты есік алды­на тұрғы­з­бай, қуа­лап жібер­ді. Кел­ген адам­дар­ды сот залы­на кір­гіз­беді. Тіп­ті мен сот залы­нан фото-видео түсірілім жасай­ын деп едім, менің де теле­фон­да­рым­ды кір­гіз­бей қой­ды. Бірақ жур­на­лист ретін­де қатыстырды.

Осы жағ­дай­ға қаты­сты Зай­сан­да қара халық шулап жатыр. «Обал бол­ды, ақша­сын бекер тар­тып алды» деген сөз­дер айты­лып жүр жұрт ішінде.

Тағы бір айта кететін маңы­зды нәр­се – бұн­дай жағ­дай бірін­ші рет орын алып оты­рған жоқ екен. 2011 жылы тура осы «Май­қап­шағай» бекеті­нен Том­пақ Марқа есім­ді бір ақсақал екі бала­сы­мен, жүгін, көр­пе-жасты­ғын алып, көшіп өткен. Олар да декла­ра­ция тол­ты­ру деген нәр­се­лер­ді біл­мей­ді ғой. Отыз мың дол­лар­мен өтіп келе жатқан, Қытай­дағы мал-мүл­кін сатып, Ата­ме­кен­нен жер ала­мын деп. Оның да 20 мың дол­лар ақша­сын сот арқы­лы тар­тып алып, қолы­на 10 мың дол­ла­рын қай­та­рып, қоя беріп­ті. Соны­мен, барар жер, басар тауы жоқ ақсақал қай­та­дан жүгін алып, Қытай­ға көшіп кетіп­ті. Мен сол адам­ды тауып алып, сот­тың шығарған шеші­мінің көшір­месін алдым.

Ол кісінің жүгі­нен ет турай­тын пышақ шыққан екен. Соны шека­ра­дан суық қару алып өттің деп көл­де­нең тарқан. Көш болған­нан кей­ін, пышақ та, ыдыс-аяқ та бола­ды ғой. Ол кісі мыл­тық алып өткен жоқ, жүгіне зеңбірек тиеген жоқ. Шека­ра­шы­лар осы­ны бұр­ма­лап, декла­ра­ция тол­ты­рған жоқ­сың, суық қару алып өттің деп, сот арқы­лы ақша­сын бірақ сыпы­рып алыпты.

Бұл жалғыз мен есті­ген жағ­дай ғана. Осын­дай қиын­ды­қтарға ұры­нып, бұл жақта таны­сы, тума-туға­ны жоқ орал­ман­дар көштің басын Қытай­ға қай­та бұрып кет­кен оқиға­лар аз емес екен.

 

Димаш АЗАМАТ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн