Воскресенье , 6 июля 2025

МАЙДАНГЕР АҒА соңында ұлағатты ұрпақ қалдырды

Өткен жыл­дар бет­тері парақта­лып, жыл­дар алды­ға жыл­жы­ға­ны­мен, оның көк­жи­егі бүгіні­міз­бен, бола­шағы­мы­з­бен тығыз бай­ла­ны­сты. Өйт­кені «Өткен­сіз – бүгін жоқ, бүгін­сіз – ертең жоқ», «Тарихы жоқтың – бола­шағы жоқ» дей­ді дана халқымыз.

Иә, бүгін­де тәу­ел­сіз елі­міздің ауы­з­бір­шілі­гін сақта­уға ұйы­тқы болған қари­я­ла­ры­мыз – біздің асыл қазы­на­мыз, тірі тарихы­мыз. Олар өздері бей­нетін де, зей­нетін де көр­ген соңғы жүз жыл­дың басты оқиға­ла­ры­ның нағыз куә­гер­лері. Сон­ды­қтан да олар­дың кеше­гі және бүгін­гі, ертең­гі бола­шақ жай­лы, адам­дық құн­ды­лы­қтар тура­лы өмір­шең ой толғам­да­ры, ұлы­мы­зды ұлағат­ты, қызы­мы­зды әдеп­ті етіп өсі­ру жолын­дағы ана­лық, ата­лық жана­шыр ама­нат – лебіз­дері бар­ша­мыз үшін зор ғанибет.

Кеше­гі ата дәстүрі­міз бен бүгін­гі заман талап­та­рын өза­ра үйле­сті­ре оты­рып, бала­ла­рын, неме­ре­лерін тәр­би­е­леу бары­сын­да адам­гер­шілік пен мей­ірім­ділік­тің ғажай­ып үлгілерін көр­сетіп, көненің көзін­дей тәр­би­е­ге толы тағ­лы­мы­м­ен айна­ла­сы­на үлгі болған, ел үшін, жер үшін қан май­дан­да ерлік көр­сет­кен жан­дар­дың бірі – Қара­шев Шол­панқұл ата тура­лы сыр шерт­кім келеді.

Ол кісі 1925 жылы 20 мамыр­да дүни­е­ге кел­ген. Қара­пай­ым отба­сы­нан шыққан Шол­панқұл ата­ның жастық шағы соғыс жыл­да­ры­на тұс­па-тұс кел­ді. Сол кез­де небәрі 18 жастағы өрім­дей жас жігіт Шол­панқұл Іле аудан­дық әске­ри комис­са­ри­а­ты­нан шақы­ру қаға­зын алып, 4 сәуір 1943 жылы қан май­данға аттанады.

Ұлы Отан соғы­сын­да 205-атқы­штар пол­кін­де бөлім­ше коман­ди­рі, кіші сер­жант шенін­де II Укра­и­на фрон­тын­да соғы­сқа ара­ла­са­ды. Батыс Укра­и­на­ны фаши­стер­ден азат ету­ге қаты­сқан. Укра­и­на­ны неміс фаши­стері­нен азат ету жолын­да қор­ша­уда болған. Басы­нан өткен қиын­шы­лы­қтарға қара­ма­стан, аш-жалаңаш жүріп, қор­ша­уды бұзып, тұрақты арми­яға қосыл­ды. Сол Батыс Укра­и­на­да Елтуш­ки деген дерев­ня­ны азат ету кезін­де оң аяғы­нан ауыр жарақат­пен қоса кон­ту­зия алып, дәрі­гер­лер­дің тала­бы бой­ын­ша май­дан­нан Жеті­ген ауы­лы­на қайтқан.

Май­дан­нан алған ауыр жарақа­ты­на қара­ма­стан, 40 жыл темір­жол­шы болып жұмыс істе­ді. Сол жыл­дарғы Темір жол мини­стр­лі­гінің Құр­мет тақ­та­сын­да үзбей суреті ілініп тұра­тын. Қара­шев Шол­панқұл ата­мыз Ұлы Отан соғы­сы­на қаты­сқа­ны үшін көп­те­ген медаль, орден­мен мара­пат­талған. «Ерлі­гі үшін» медалі­мен екі мәр­те, I және II-дәре­желі «Ұлы Отан соғы­сы» орден­дері­мен наградталды.

Жары – Әлмен­бе­то­ва Күл­ша­ра еке­уі 10 бала (8 ұл, 2 қыз) тәр­би­е­леп, өсір­ген. Күл­ша­ра апа да Ұлы Отан соғы­сын­да тыл­да аян­бай еңбек етіп, «Еңбек­те­гі ерен ерлі­гі үшін» медалі­мен мара­пат­талған. Қазір­гі уақыт­та үлкен ұлы Болат – отстав­ка­дағы офи­цер, Тас­бо­лат – «СК Базис» ком­па­ни­я­сы­ның бас дирек­то­ры, Мұрат – осы ком­па­ни­яда бри­га­дир, Бек­бо­ла­ты әкесінің жолын қуып, темір­жол­шы болған. Талғат – «Сам­шит-строй» ком­па­ни­я­сын­да құры­лыс басты­ғы, Қай­рат, Самат деген ұлда­ры құры­лыс сала­сын­да, қара шаңы­рақ иесі Кен­же­бек – жеке кәсіп­кер. Екі қыздың үлкені Бати­ха – зей­нет­кер, Әлия – «Алма­ты газ тар­мағын­да» қыз­мет ете­ді. Осын­ша­ма ақыл­да­ры­на көр­кі сай тәр­би­елі бала­лар­ды өсір­ген ата­мыз бен апа­мыз 54 жыл тату-тәт­ті бір­ге өмір сүр­ген. 24 неме­ре сүй­іп, өмір­ден озған. Еке­уі де өмір­де асқан абы­ройы мол, сый­лы, өте еңбекқор, адал жан­дар еді. Қара­шев­тар отба­сы­ның ерекшелі­гі – артын­да қалған ұл-қызда­ры қазір­гі уақы­тқа дей­ін Ұлы Жеңіс күнін аса құр­мет­пен атап өтетіні және бар­лы­ғы қара шаңы­раққа жина­лып, әке-шеше­сін еске алып, қадір тұтатындығы.

Соңын­да осын­дай өне­гелі ұрпағын қал­ды­рған май­дан­гер аға­ның өмір жолы жеті­ген­дік жет­кін­шек­тер үшін ұмы­тыл­мас шежі­ре болып қалмақ.

Риза САУЫРБАЕВА,

Жеті­ген ауылы

№ 3 орта мек­теп­тің мұғалімі,

Алма­ты облысы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн