Воскресенье , 29 июня 2025

Медеу АРЫНБАЕВ: ДАРЫНСЫЗДАР әр уақытта болған, БОЛА ДА БЕРЕДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10 (281) от 12 мар­та 2015 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 

Бүгін­гі кей­іп­кері­мізді қазақ эст­ра­да­сы­ның «ари­сто­крат» әншісі деп баға­лай­ды. Кез кел­ген жұл­ды­зды ду-думан шоулар­дан төбесін көр­сет­пек түгілі, кон­церт­тер­ге талғап, таң­дап шыға­тын өзін­дік талға­мы бар. Екі жыл қата­ры­нан өткізіліп келе жатқан «Қаза­қстан дауы­сы» жоба­сы­ның ең сау­ат­ты да сабыр­лы тәлім­гері, өнер­де өзін­дік ойып алар орны бар әнші, ком­по­зи­тор Медеу АРЫНБАЕВ «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет­те» қонақта болды.

 

– Медеу мыр­за, аса құпия бол­ма­са, сізді маза­лап жүр­ген бүгін­гі уай­ым­ды білу­ге бола ма?

– Құдай сақ­та­сын, ешқан­дай уай­ым-қай­ғы жоқ. Менің өзім емес, мені уай­ым­дап жүр­ген­дер көбірек. Шынын айт­сам, мен үшін алаң­дап, қобал­жи­тын ана­шым, жора-жол­даста­рым шығар. Бар­лы­ғы­ның көкей­ін­де­гісі «қашан үйле­несің?» деген сұрақ. Өзім үшін уай­ым­дап, түңіліп жүр­ген мен жоқ­пын. Өнер ада­мы болған соң, махаб­бат, сезім деген нәр­се бола­ды. Таны­сай­ық дей­тін­дер де, тіп­ті төрт-бес жыл күтіп, тұр­мысқа шыға­мын дей­тін қыз-келін­шек­тер де жоқ емес. Бірақ мұн­дай нәр­се менің табиға­ты­ма жат. Сүй­ік­ті жар ізде­ме­сем де, жаным­ды түсі­нетін дос іздеп жүр­ген болар­мын. Осы күн­ге­де тәу­бе, аяу­лы анам қасым­да, ұлым мен қызым көз алдым­да аман-есен өсіп жатыр.

– Ал тың­дар­ман­да­ры­ңыз ара­сын­да «Өмір жалға­сып жатыр, біздің Медеу неге бас құра­май­ды екен?…» деген сұрақ барын естіп жүр­ген болар­сыз… Бұл сіз­ге уай­ым емес пе?

– Несі уай­ым? Ең басты­сы, менен артық бақыт­ты адам жоқ. Бар уай­ы­мым – ұл-қызым­ның ана­сыз өсіп жатқа­ны. Әке бола тұра, олар­дың ішін­де­гісін біле бер­мей­сің ғой. Әрине, уай­ым­дай­сың, бала­ла­рым жалғыз­сы­ра­ма­са екен дей­мін. Бірақ шеше­міз еке­уміз ана­ла­рын жоқтат­пай өсіру­ге тыры­сып жүр­міз. Шамам кел­ген­ше ерке­летіп, мұқтаж­дық көр­сет­пей, аяққа тұрғы­зып жатыр­мын. Қолым­нан кел­ген­ше тәлім-тәр­бие беріп жатыр­мын. Әлбет­те, бұл тұрғы­дағы тір­шілік тауқы­меті аз емес.

– Тағ­дыр­дың жазуы­мен жары­нан ерте айы­ры­лған бір аза­мат: «Менің қашан отау жаңғыр­та­рым­ды ана­сы­ның артын­да қалған бала­ла­рым­нан сұраң­дар…» – деген екен. Бұл қаза­қи қаси­ет­тен туған пары­здың пай­ы­мы шығар, аға, ә?

– Әрине, алға­шқы жыл­да­ры ауыр хал­ге, күй­зеліс­ке түс­кені­міз рас. Есім­де қалға­ны – ұлым мен қызым сөз­ге келіп, рен­жісіп қалған­да, «бүй­те бер­сең­дер, ертең мен үйле­не­мін» дегенім­де, әсіре­се ұлым­ның: «Әке, сізді тың­дай­мыз, үйлен­бе­ші», – деп айтқан сөзі жадым­да сақта­лып­ты. Қазір ойлай­мын: маған жар болар жан кез­десіп жат­са, өзім­ше шешім қабыл­дап, үйле­нетінім­ді бала­ла­ры­ма түсін­ді­ре ала­мын. Ол кез­де бала­ла­рым кіш­кен­тай бол­ды, олар үйде бөг­де біре­удің жүр­генін түсін­бес еді. Енді олар есей­ді: ұлым – 15 жаста, қызым – 13-ке толды.

– Деген­мен, өзіңіз жүр­ген өнер­дің өрісіне келей­ік: «Қаза­қстан дауы­сы» жоба­сы­ның биы­лғы жеңім­па­зы Бауы­р­жан Рет­ба­ев, шынын­да да, бас жүл­де­ге лай­ық деп санай­сыз ба?

– Әрине, лай­ы­қты деп санай­мын. Бауы­р­жан­да, сөз жоқ, музы­ка­лық қабілеті жет­кілік­ті. Қара дома­лақ қазақ бала­сы­ның өзіне тән музы­ка­лық талға­мы мен тар­тым­ды­лы­ғы, талан­ты бар. Бола­шағы­на сене­мін, әзір­ге бір бағыт­ты ұста­нып жүр. Финал­да үш рет айтқан әні көңілім­ді бір­де тол­ты­рып, бір­де «әтте­ге­най» дегіз­се де, жоба­да әр бағыт­та ән айтып, музы­ка­лық қыры­нан таны­ла алды. Келе­шек­те пози­тив­ті, әуені мен маз­мұ­ны көтеріңкі көңіл-күй­де ән айта жатар, ал қазір жылаңқы, жүрек­ті тер­бе­тетін ән шырқап жүр. Осы күні мұн­дай ән айту «мода» ғой.

– Шәкір­тіңіз Мақ­сат осы бай­қа­уда жеңіс тұғы­ры­нан көрін­бе­се де, «нағыз дары­нға дауы­стың кере­гі жоқ», – деп айтқан едіңіз. Осы сөздің тігісін жазып беріңізші.

– Өкініш­ке орай, оның таң­да­уын­дағы клас­си­ка­лық бағыт халы­қтың қол­да­уы­нан тысқа­ры бол­ды. Кеңес дәуірі кезің­де клас­си­ка­лық бағыт­тағы әндер өнер­дің биік тұғы­ры, шыңы сана­лушы еді. Ол кез­де клас­си­ка­лық бағыт­тағы әндер мен әншілер сахна­ның ең биі­гін­де көрі­нетін. Олар­дың қасы­на бүгін­гі «чип-чип» пен «аспанға қарай­мын…» дей­тін ойнақы әншілер жақын­дай алмау­шы еді. Тіп­ті көлең­кесіне де жола­май­тын. Амал нешік, заман өзгеріп, клас­си­ка­лық әншілер қол­да­у­сыз қал­ды. Менің тобым­да тар­тым­ды, дауы­сы әде­мі эст­ра­да­лық бағыт­тағы әншілер бол­ды. Бұл жолы мен әдейі клас­си­ка­лық бағыт­ты таң­да­дым. Мақ­сат­ты бар­лық кезең­ге дей­ін өзім тар­тып кел­дім. Өкіні­штісі – халы­қтың талға­мы аздап төмен­деп кет­ті. Аста­на­дан арнайы шақыр­ту­мен кел­ген Сүн­дет Бай­ғо­жин мен Мақ­сат «Жан ана» деген әнді тұғы­ры­на, шыңы­на жет­кізіп орын­да­ды. Соған қара­ма­стан, келесі кезең­ге өтпей­тінін іштей сездім. Сон­ды­қтан әдейі «дауы­сқа мұқтаж­дарға дауыс беріңіз­дер» деп айт­тым да қой­дым. «Жан ана» өз дең­гей­ін­де шырқалға­ны сон­дай – аздап көңілім босап кет­ті… Екін­ші­ден, өкініш те, аз ғана өкпе де бол­ды: бүгін­гі эст­ра­да жан­ры­ның осын­дай күй­ге түс­кеніне өкінемін.

– Бәл­кім, расын­да да, Мақ­сат­тың жеңім­паз бол­мауы бүгін­гі халы­қтың клас­си­ка­лық әнге деген талғам таяз­ды­ғы­на бай­ла­ны­сты болар…

– Әлбет­те! Эст­ра­да жылаңқы әндер­дің алаңы­на айна­лып кет­ті. Қайт­кен­де де, табиғи дарын­ды әншілер уақыт өте келе клас­си­ка­лық бағыт­ты арман­дап, оның биік шыңы­на тал­пы­на­тын бола­ды. Өйт­кені бұл өз басым­нан өткен нәр­се. Мен де жас бол­дым, мен де иірім­ге қызы­ққан­мын, мен де эмо­ци­яға беріл­ген­мін. Таза клас­си­ка­ны аздап эст­ра­даға бет бұрғы­здым. Ән айта білу – бір басқа, клас­си­ка жан­рын орын­дау – екін­ші басқа шеберлік.

– Сіздің екін­ші шәкір­тіңіз Гүлім Жүсі­п­бе­ко­ва жай­лы нара­зы көре­рмен: «Біздің таң­да­уы­мы­зға Медеу неге риза емес?» деген пікір­лер айтқа­ны әле­умет­тік желілер­де сай­рап жатыр…

– Сай­рай бер­сін! Сай­ра­тып жүр­ген кім екен? Осы жоба­ның шыңы­на жету – Гүлім үшін үлкен жетістік. Бай­қа­удың шар­ты бой­ын­ша, жар­ты­сын халық таң­дап өткіз­се, жар­ты­сын тәлім­гер­лер таң­дап жата­ды. Халы­қтың талға­мы мен кәсі­би музы­кант­тар­дың таң­да­уы парал­лель жүріп жат­ты. Бұл теле­ди­дар­лық бағ­дар­ла­ма бол­са да, сай­ы­стың аты – сай­ыс. Ал Гүлім­ге келер бол­сақ, халық қан­ша­ма қалаға­ны­мен, тәлім­гер ретін­де менің таң­да­уым басқа­да бол­ды. Науқаста­нуы­на бай­ла­ны­сты тап­сы­рған әнді орын­да­май, дауы­сы­ның қуат­ты­лы­ғы да жоқ дүни­е­ге қызы­қты. Енді менің артым­нан өкпе­леп жүр­ген көрі­неді. Жара­сым­ды әнін айтып, тіп­ті Рес­пуб­ли­ка сарай­ы­нан кон­церт бер­сін, ста­ди­он­ды тол­тыр­сын. Тілек­тес­пін! Бірақ «сын­ды­рып» тұрып, дауы­стап, жүрек-жанын жеп, әнді шыңы­на жет­кізіп орын­даған қаты­су­шы­лар бол­ды. Сөй­те тұра, талап дең­гей­іне жете алмай қалған қызы­мыз жоға­ры дауыс жина­са, шын­дық қай­да қала­ды? Біздің қазақ «жана­шыр­лы­қ­пен» неме­се «ағай­ын­гер­шілік­ке» салы­нып, өйтіп-бүй­ту­ге құмар. Осы­лай жалға­са бер­се, өре­міздің де, өнері­міздің де өспей­тіні анық. Жанға бата­ты­ны – сол. Гүлім­ге тап­сы­рған ән – дастар­хан басын­да, той-тома­лақ үстін­де айты­ла­тын ән бола­тын. Сөздің ашы­ғы – бұл кәсі­би емес, әуе­сқой әншінің дең­гей­ін­де­гі орын­дау дер едім.

– Әріп­тесіңіз Ақбо­та Керім­бе­ко­ва біздің газет­ке бер­ген сұх­ба­тын­да өнер­де жүр­ген­дер­дің 80 пай­ы­зы дарын­сыздар деген еді. Бұл пікір­мен келі­сесіз бе?

– Келі­су­ге де бола­ды… Бұрын­да­ры «кәсі­би» және «әуе­сқой» әншілер болып бөлі­ну­ші еді. Мүм­кін, солай болып қалға­ны дұрыс па еді… Дарын­сыз дей­тін бол­сақ, біре­удің көңіліне тиіп қалар­мыз. Кей­де әуе­сқой­лар халы­қтың талға­мы­на сай келіп жата­ды. Сон­ды­қтан халық ұна­тып жүр­ген әншіні қалай дарын­сыз дей аласың?!

Иә, дарын­сыздар әр уақыт­та болған, бола да бер­мек. Әуе­сқой әнші дегені­міз – «әу» демей­тін қазақ жоқ деген сөз. Бұрын­да­ры өлең жазу, оның аран­жи­ров­ка­сын өңдеу – мүм­кін емес шаруа бола­тын. Бүгін­де оған да толық қол жет­кіздік. Әуе­сқой­лар кез кел­ген музы­ка­лық орта­лы­ққа барып, әнін олай-пұлай өңдей салып, той-тома­лақта әйта сала­ды. Әуе­сқой­лы­қ­пен күнін көріп жүр­ген­дер эст­ра­да­да толып жүр. Олар­дың ішін­де вокал­шы­сы бар, дауы­сын­да әртістік қабілеті басым бола­тын әншілер де бар. Әнші­де дауыс та, әртістік қабілет те, тар­тым­ды­лық та, кел­бет те, образ да болуы керек. Сон­да ғана ол тұлға бола ала­ды. Біре­уі – бар, біре­уі – жоқ әншілер жетер­лік. Мыса­лы, бірін­де жігер бол­са, екін­шісі – солғын, біре­уі – түр-кел­пе­ті келіс­кен сұлу бол­са да, айтар­лы­қтай дауы­сы жоқ. Тағам қалай дай­ын­да­ла­ды, сол секілді.

– Сая­си шара­ларға шақы­ры­ла­тын өнер адам­да­ры үне­мі «біз сая­сат­тан тысқа­ры­мыз…» деп жата­ды. Алай­да шоу-биз­нес өкіл­дері жастар­ды сай­ла­у­ға шақы­рып, үгіт­теп жата­ты­нын қалай түсінеміз?

– Қан­ша айтқан­мен, сая­сат­пен ара­лас­пай жүре­мін деген күн­нің өзің­де – халы­қтың ада­мысың. Халық жүр­ген жер – сая­сат. Халы­қтың бір бөл­ше­гі – өзім. Сая­сатқа қан­ша ара­лас­пай­мын десең де, өз тың­дар­ма­ның тұрғы­сын­да ара­ла­суға тура келеді. Отан, туған жер, тіл тура­лы ән шырқа­дың ба – мұның бәрі саясат.

Әлбет­те, Қаза­қстан­да қан­дай жағ­дай болып жатқа­ны­нан әрдай­ым хабар­дар болуы­мыз керек. Мыса­лы, биыл мен «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­на мүшелік­ке кір­дім. Құдай­ға шүкір, жасы­мыз да келіп қал­ды, ара-тұра жина­лы­сы­на барып тұра­мын. Әде­мі сөз сөй­лей алма­сақ та, әде­мі әні­мізді айтып беру­ге шама­мыз бар.

– Айт­пақ­шы, сіз бұл сай­ла­уда дауыс бересіз бе?

– Әрине! Жал­пы, сай­ла­у­ға халық қан­дай мақ­сат­пен бар­са, менің мақ­са­тым да – сон­дай. Мақ­сат – елі­міздің тұрақты­лы­ғы, зама­ны­мыз бей­біт бол­сын деген тілек.

– Сөз соңын­да шығар­ма­шы­лық жаңа­лы­қта­ры­ңыз жөнін­де не айтасыз?

– Иә, шығар­ма­шы­лық жұмыстар­ды қолға ала баста­дым. «Қаза­қстан дауы­сы» жоба­сы­ның басы-қасын­да жүріп, шығар­ма­лық жұмыстарға қол тимей кет­кен еді. Бұры­нғы әндер­ді қай­та­дан өңде­у­ге кірістім. Одан кей­ін­гі «Қаза­қстан дауы­сы» жоба­сы­на қаты­сқан был­ты­рғы шәкір­тім Жанға­ли­дың жаңа бей­не­ба­я­ны­на тұса­у­кер жаса­мақ­пыз. Мақ­сат шәкір­ті­ме өзім­нің репер­ту­а­рым­дағы «Айт­тым сәлем, Қала­мқас» әнін орын­да­уға кеңес еттім. Ақыл-кеңес сұрап, іні-қарын­даста­рым жиі келеді: дауы­ста­ры­на сай әнді тауып, оны орын­дау шебер­лі­гі жөнін­де азды-көп­ті кеңес беремін.

Айт­пақ­шы, жағым­ды жаңа­лы­қтың бірі – жаңа пәтер­ге ие бол­дық. Бұл да менің шығар­ма­шы­лы­ғы­ма қанат бітіретін жағ­дай деп білем…

Сұх­бат­тасқан –

Жан­сая ЕРТАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн