Воскресенье , 6 июля 2025

Мектеп директорының еркі бар… ҚАЙДАН ҚҰЛАҚ ШЫҒАРСА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №34 (305) от 08 октяб­ря 2015 г.

 

Редак­ци­яға хат

 

Елба­сы Н. Назар­ба­ев­тың: «300 жыл сая­си мәде­ни­еті­міз бол­маған…» – деген сөзінің аста­рын­да не жатқа­нын біре­улер түсін­се, өкініш­ке орай, – біре­улер ол кісінің нені мең­зеп оты­рға­нын түсін­бе­ген болуы керек. Жас өскін­шек­тің тәлім-тәр­би­есі жанұя­сы­нан, қор­шаған орта­сы­нан басталға­ны­мен, оны ұштау, өресіне жет­кі­зу-жетіл­ді­ру мек­теп­те жалға­сын таба­ды. Қаза­қта «Ұяда не көр­сең, ұшқан­да соны ілесің» деген нақыл сөз бекер айтыл­маған, мек­теп – өне­ге, тәр­бие, білім, мәде­ни­ет орта­лы­ғы болып қала бермек.

 

Ал Қоста­най қала­сы­ның №5 орта мек­тебін­де дирек­тор болып істей­тін Исе­то­ва Бақыт­жан Қаб­ды­қа­парқы­зы өзінің қара­мағын­дағы мұғалім­ге істеп оты­рған зор­лық-зомбы­лы­ғы, расын­да да, сол мәде­ни­ет­тің бол­маға­ны­нан тууы мүмкін.

2015 жылы Қоста­най мем­ле­кет­тік педа­го­ги­ка­лық инсти­ту­тын қызыл дипло­мға үздік бітір­ген Әміро­ва Ұлпан Жұмаға­лиқы­зы Қоста­най қала­сын­дағы №5 мек­теп­ке химия пәнінің мұғалі­мі болып, осы жылы жұмысқа орна­ла­са­ды. Бір айдай істе­мей жатып, бойы тал­дыр­маш кел­ген, денесі жұқал­таң Ұлпан­ның жүк­ті екенін біл­ген соң, мек­теп дирек­то­ры: «Өз еркің­мен арыз жазып, жұмыстан шық, менің саған «декрет­ный» төлей­тін басы артық қара­жа­тым жоқ!» – деген жекіруін күн­де қай­та­лап, Ұлпан­ның жүй­кесін тозды­рып­ты. Тіп­ті оны­сы аздай, дирек­тор жиыр­ма бір жастағы өрім­дей жас келін­шек­ті каби­нетіне қамап: «Жұмыстан шығу тура­лы арыз жаз­ба­саң, осы жер­ден шық­пай­сың!» – деп, зір­кіл­деп, каби­нет­тің есі­гін құлып­тап кетіп қалады.

Біраз уақыт­тан кей­ін қай­тып кел­ген мек­теп дирек­то­ры Исе­то­ва Бақыт­жан жүк­ті келін­шек­ті қина­уын одан әрі жалғай­ды. Ақы­ры өз каби­нетінің еденін­де дома­лап, ішін басып, қина­лып жатқан Ұлпан­ның қолы­на қалам мен қағаз беріп, дегеніне жетіп, «Жұмыстан өз еркім­мен боса­ты­ңыз» деген арыз жаз­ды­ра­ды. Сөй­тіп, көп­тен күтіп жүр­ген ары­зын қолы­на түсіріп, жеңіс­ке жет­кен қуа­ны­шын­да шек болмайды.

Жүк­ті болға­ны­на 5–6 ай шама­сы болып қалған Ұлпан қат­ты қорқу­дың сал­да­ры­нан ішін­де­гі нәре­стесіне түсік таста­уға дей­ін шақ қалып, ұялы теле­фо­ны арқы­лы күй­е­уіне хабар­лаған екен. Әйте­уір «жедел жәр­дем» уақы­тын­да жетіп, жүк­ті келін­шек­ті ауру­ха­наға жатқы­за­ды. Қазір­гі уақыт­та құр­сағын­дағы нәре­стесіне зиян тиген­дік­тен, түсік тастау қау­пі төн­ген Ұлпан Қоста­най қала­лық ауру­ха­на­сын­да жатыр. Ал оның туыс-тума­ла­ры әділ­дік іздеп, Қоста­най ІІМ басқар­ма­сы­на бар­са, ондағы­лар: «Бұл жер­де қыл­мыстық бап жоқ, басқа жер­ге барып шағым­да­ны­ңы­здар», – деп шыға­рып салады.

Лажы құрып, басқа амал­да­ры қал­маған жүк­ті келін­шек­тің туы­ста­ры Қоста­най қала­лық оқу бөлі­мінің басты­ғы В.А. Цым­ба­люк­ке бар­са: «Мек­теп дирек­то­ры қара­мағын­дағы мұғалім­деріне не істе­се де өз еркі» – деп, масқа­ра­ның тағы бір шетін шыға­рып­ты. Ал енді әлгі «қара­мағын­дағы мұғалім­дер­ге не істе­се де өз еркін­де­гі» №5 мек­теп­тің дирек­то­ры Аста­на­да дөкей «кры­ша­сы» бар екен­ді­гін де еске салып қойыпты…

«Қаза­қстан – Қоста­най» теле­ар­на­сы аур

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн