Суббота , 5 июля 2025

МЕКТЕП – «нағыз абақтыға» АЙНАЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (309) от 05 нояб­ря 2015 г.

 

Бола­шақ қай­дан басталады?

 

Неме­се Білім беру­ден бұрын моти­ва­ци­я­ның болмауы

(Жалға­сы. Басы өткен сандарда)

 

«Білім беру» деген – мағы­на­сы күң­гірт ұғым. Субъ­ект білім алғы­сы кел­ме­ген­де, бұл тір­кес агно­ним­ге айна­ла­ды. Негізін­де, білім – берілетін нәр­се емес, алы­на­тын нәр­се. Керек болған адам білім­ді бар жері­нен алады.

Қаза­қстан мек­тебінің алдын­да тұрған өзек­ті мәсе­ле­лер­дің бірі – білім беру пси­хо­ло­ги­я­сы ғылы­мы­ның бол­мауы­нан туын­да­уда. Соның сал­да­ры­нан білім беру үдерісін­де сыры ашыл­маған «ақтаң­дақтар» көп болып отыр. Бұл жер­де­гі мәсе­ленің үлкені субъ­ект – объ­ект қаты­на­ста­ры­нан, тара­та айтқан­да, білім алушы субъ­ек­тінің білім­ге қаты­на­сы­нан туын­дап отыр. Бұл жағ­дай білім берудің сапа­сы­на қаты­сты­лар­ды аны­қта­уды оқы­ту­шы­ның білім беру­ге тыры­суы­нан емес, білім алушы­ның – оқу­шы­ның моти­ва­ци­я­сы­нан ізде­у­ге жетелейді.

Әр жас адам алды­на өмірін қызы­қты, маз­мұн­ды өткі­зу мақ­са­тын қояды. Ол үшін өмір логи­ка­сын түсі­ну­ге, уни­вер­сум­ның мағы­на­сын ізде­у­ге тыры­са­ды, айна­ла­дағы қор­шаған дүниені тануға оны иде­ал дең­гей­де мең­ге­ру­ге құштар­лық таны­та­ды – бұл адам­ның іргелі қажет­ті­гі. Ал білім беру меке­ме­лері көп­шілік жағ­дай­да оқу­шы­ның білім алуға деген құштар­лы­ғын мұқал­тып, мүд­делілі­гін сөн­діріп тастай­ды. Оқу­шы білім алу­дың оның тағ­ды­рын айқын­да­у­шы фак­тор екен­ді­гін түсін­бей, мек­теп­ті «бітіріп» кетіп жатады.

Мек­теп алды­на бала­ның дүни­е­ге кел­ген күні­нен басталған, айна­ла­дағы дүниені тануға деген кере­мет құл­шы­ны­сын одан ары дамы­ту­ды басты мақ­сат етіп қоюы керек. Білу­ге қызы­ғу­шы­лық сен­си­тив­ті жастағы бала­лар­да айы­ры­қ­ша көрініс береді. Мек­теп жасын­дағы бала­лар табиғат пен қоғам­да болып жатқан құбы­лы­стар­дың сыр­ла­ры­на үңілу­ге ерекше ынты­қты бола­ды. Мек­теп­тің төмен­гі буы­нын­да әрқа­шан да сабаққа ынта­лы бала­лар көп бола­ды. Тәжіри­белі мұғалім­дер баста­уыш сынып­тар­да озаттар­дың үлесін 80–90%-ға дей­ін жет­кі­зуі ықтимал.

Орта буын­дар­да оқу­шы­лар­дың білім­ге құштар­лы­ғы күрт төмен­дей­ді. Бұл құбы­лыс мек­теп­тің оқу­шы­лар­дың руха­ни мүд­десін қам­та­ма­сыз ете алмаған­ды­ғы­нан бола­ды. Дүни­е­та­ны­мы тар, интел­лек­ті төмен мұғалім­дер үне­мі оқу­шы­ны ғылы­ми білім­дер­дің жаңа тасқы­ны­мен үздіксіз қам­та­ма­сыз ете алмай­ды. Бел­гілі бір тап­та­у­рын ақиқат­тар­ды қай­та­ла­у­ы­мен, бала­ны алға­шын­да өзі­нен шет­те­те­ді, кей­ін алы­ста­та­ды, одан ары – жирендіреді.

Ал бала­ның мек­теп­ке бар­май қоюға шара­сы жоқ. «Оқу керекті­гін, атте­стат алу қажет­ті­гін» жақ­сы түсі­нетін ата-ана бала­ны мек­теп­ке қаты­на­уға мәж­бүр­ле­мей тұр­май­ды. Осы­лай мек­теп бала үшін еріксіз қаты­на­уға тиіс меке­ме­ге айна­ла­ды. Мұн­дай құбы­лы­стың тек біз­де ғана орын алып отыр­маға­ны да рас. Ол жөнін­де фран­цуз пост­мо­дер­ни­стері Ж.Делёз бен М.Фуко «Бала­лар өздерінің табиға­ты­на тән емес инфан­ти­лиз­мнің және топас­ты­қтың құр­ба­ны болу­да. Мек­теп – аздаған абақты­ға айналған» деп сипаттаған бола­тын [Фуко М. Интел­лек­ту­а­лы и власть: М.: 2002. 72‑б.].

Бұл құбы­лы­стың сипа­ты оны Қаза­қстан мек­теп­терін­де қалып­тасқан аху­ал­мен салы­сты­ра қарас­ты­рған­да айшы­қты көрініс таба­ды. Әрине, өрке­ни­ет­тің алды­ңғы қатар­лы елдерін­де де орта және жоға­ры буын­дар­да оқу­шы­лар­дың білім­ге құштар­лы­ғы бел­гілі дең­гей­ге дей­ін төмен­дей­ді. Бірақ олар құбы­лы­стың жап­пай етек алып кетуіне жол бер­мей­ді. Ал біздің мек­теп­тер­де­гі аху­ал­дың ерекшелі­гі сол – тәр­би­е­ле­ну­шілер­дің білім алуға зауқы­ның соқ­пай қалуы­на жет­кілік­ті көңіл бөлін­бей­ді. Орта және жоға­ры буын­дар­да оқу­шы­лар­дың мек­теп­ке қаты­на­сы түбе­гей­лі кері жағы­на өзгер­ген және ол жал­пы­ла­ма сипат алған. Мек­теп бала­ның оқуға деген ынта­сын мұқал­тып, пси­хо­ло­ги­я­лық соққы­мен есең­гіретіп тастай­ды. Оқу­шы үшін мек­теп ата-ана­ның айда­уы­мен, еріксіз барып тұруға мін­дет­тел­ген оры­нға, өзі­нен аулақта­та­тын, жиір­кені­шті меке­ме­ге – «нағыз абақты­ға» айналған.

Демек, білім беру жүй­есін­де қалып­тасқан аху­алға қаты­сты «білім­ді нашар береді, білім сапа­сы төмен» деген баға­ла­у­лар шынайы бола алмай­ды, білім берудің сапа­сын көр­се­тетін тер­мин ойлап табу керек. Қуыс бос бол­май­ды,  мек­теп­тер де бір­деңе береді, әрине. Енді­гі сұрақтың үлкені – олар­дың бер­генінің не екендігінде.

Ол – оқу­шы­ның сана­сы­нан білім алуға деген моти­ва­ци­я­ның сүр­тіліп таста­луы. Оқуға деген моти­ва­ци­я­ның бол­мауы оқу­шы­лар­дың сабақта таным­дық қыз­мет үдерісі­нен тыс қалып оты­руы­нан көрініс беру­де. Три­а­да­ның үшін­ші басқы­шын­да оқу­шы­лар­да бағ­дар­ла­ма­лық мате­ри­алға ғана емес, тұта­стай руха­ни азық алуға деген рези­стив­тік тұрғы ұста­нуы тұр. Демек, қазір­гі мек­теп­тер оқу­шы­ның оқуға деген құл­шы­ны­сын өшіріп, олар­ды білім алуға қар­сы­ла­су әдістері­мен қам­та­ма­сыз етіп отыр деген сөз.

Қазір­гі оқу­шы мек­теп­ке білім алай­ын деп кел­мей­ді, керісін­ше, білім алуға, мұғалім­ге қар­сы, агрес­сив­ті пиғыл­мен, «қане, білі­міңді беріп көр­ші» деген­дей, іштей қар­сы­лы­қ­пен келеді. Оқу­шы­ның әр сөзі мен әре­кеті мұғалім­ге сенім­сіздік­ке, кекесін­ге, ере­гес­ке толы. Сен­си­тив­тік жасын­да, мен­тал­дық дең­гей­де сана­сы­на мығым орнаған рези­стив­тік әдеті­нен ол ЖОО-ға келіп түс­кен­нен кей­ін де, тіп­ті өмір бойы ары­ла алмай­ды. Қазір­гі ЖОО-ға түсіп оқып жүр­ген­дер білім алмау үшін күре­стің алу­ан түр­лі амал­да­ры­мен қару­ланған. Сабаққа кел­ме­удің, кел­се – оқы­маудың толып жатқан сыл­та­у­ла­рын алға тосып, сыты­лып кетудің жол­да­рын жоға­ры дең­гей­де мең­гер­ген. Олар­дың алда­уды діт­те­ген көз­дерін­де от жоқ, білім­ге құл­шы­ныс жоқ, топас кере­на­улық бар.

Сана­сын­да рефлек­сия үдерісі тоқтап қалған оқу­шы оқулы­қтар­да беріл­ген ғылы­ми ақпа­рат­ты мек­теп бітір­ген­нен кей­ін өмір­лік аху­ал­дар­да, өндірі­сте, тұр­мыста қажет бола­ды деп есеп­те­мей­ді. Бағ­дар­ла­ма­лық мате­ри­ал­ды мең­ге­руді ешкім­ге қажеті жоқ, құр әуре деп қабыл­дай­ды. Мек­теп бітіру­шінің сана­сы­на тұлға­ның әле­умет­те­нуі, дүни­е­та­ным­ды кеңей­ту, маман­дық алу, өз ісінің кәсі­пқойы болу, ғылым­мен айна­лы­су, дүниенің құпи­я­ла­рын ашуға ұмты­лу сияқты ұғым­дар жат. Оны ештеңе – мате­ма­ти­ка да, әлем де, жұл­ды­здар да, поэ­зия да, гүл­дер, таудан сыл­ды­рап аққан бұлақ… қызы­қтыр­май­ды. Ол сала­у­ат­ты­лық, аза­мат­тық парыз, еңбек пен жетістік, отба­сын құру және оны қам­та­ма­сыздан­ды­ру сияқты ұғым­дар­мен бас қатырмайды.

Оның себебін аны­қтау қиын емес. Оқу­шы соқыр да, саңы­рау да емес. Ол айна­ла­да болып жатқан­ның бәрін – кадр­лар сыбай­ла­сты­ғы жағ­дай­ын­да, бәрі патрон дең­гей­ін­де шешілетінін көріп, біліп отыр. Ағаш­ка неме­се тәтеш­ка табы­лып, түсім­ді орын ұсы­нған­да, оның қал­та­сын­да тек екі нәр­се болуы керек – жоға­ры білім­нің дипло­мы және бір­деңе. Орна­ла­су деген осы. Оқу­шы­ның түсіні­гі бой­ын­ша, кәсі­пқой­лық, интел­лект, мәде­ни­ет оның тағ­ды­рын­да ешқан­дай рөл атқар­май­ды, сон­ды­қтан бағаланбайды.

Қазір­гі мек­теп бітіру­ші алды­на бір ғана мін­дет қояды. Ол – ҰБТ-ден өту. Оқу­шы­лар тест сұрақта­ры­ның жау­ап­та­рын жат­та­у­мен ынта­сыз, уақыт­ша, өмір­лік қыз­мет­ке керексіз бір­деңе дең­гей­ін­де, тек ҰБТ тап­сы­рған­да жоға­ры балл алу үшін ғана айна­лы­са­ды. Олар тест сұрақта­ры­ның жау­ап­та­рын­да мек­теп­тен кей­ін­гі өмір­лік қыз­мет­те кәде­ге жарай­тын руха­ни азық бар деп есеп­те­мей­ді. Оқу­шы алдын ала өзінің орта­лық жүй­ке жүй­есіне «жат­тап алып, емти­хан тап­сы­рып болған соң, лақты­рып таста» деген коман­да береді. Оның миы қожа­сы­ның нұсқа­уын бұл­жыт­пай орын­дай­ды. Соның сал­да­ры­нан мек­теп­тен кей­ін бітіру­шінің кәл­ла­сы бос болып шыға­ды. Тіп­ті ҰБТ-ны жақ­сы тап­сы­рған­дар­дың өздері мек­теп­те не оқы­ған­да­рын естеріне түсі­ре алмайды.

Арнайы зерт­те­улер­дің нәти­же­лері мек­теп­ті ауыл­да бітіріп кел­ген­дер­дің басым көп­шілі­гінің оқу үдерісін­де бір ғана емес, бір­не­ше сабақта, бір­не­ше сынып­та, ондаған рет ұшы­рас­а­тын ұғым­дар­ды біл­мей келетінін көр­сетіп жүр. Көп­шілі­гі логи­ка­лық ой түй­ін­де­у­ге қабілет­сіз. Өтіл­ген мате­ри­ал­да кел­тіріл­ген құбы­лы­стар мен үдерістер­дің себеп-сал­дар­лық бай­ла­ны­ста­ры­на үңі­ле алмай­ды, өзін­ше қоры­та алмай­ды, тео­ри­я­лық тұжы­рым­ды тереңі­нен түсініп, пішін­дей алмайды.

 

***

Қазір­гі мұғалім­дер өздерінің төл мін­детін – оқу­шы­ға айна­ла­ны қор­шаған орта­да болып жатқан құбы­лы­стар мен үдерістер­дің терең­де жатқан сыр­ла­рын, олар­дың даму заң­ды­лы­қта­рын түсін­діруді кей­ін­ге ысы­рып тастаған. Бағ­дар­ла­ма­лық мате­ри­ал­ды оқу­шы­ға мең­гер­те алмаған олар енді шебер­лік­терін білім дең­гейі төмен бітіру­шіні емти­хан­нан сүй­реп шыға­руға, емти­хан алушы­лар­мен келі­су жол­да­рын ізде­стіру­ге, шпар­гал­ка дай­ын­да­уға және оны жасы­ру­ды үйре­ту­ге, осы сияқты анти­пе­да­го­ги­ка­лық әре­кет­тер­ге бағыштауда.

Қазір білім беру ұғы­мы емти­хан тап­сыр­ту ұғы­мы­м­ен толық алма­сты­ры­лған. Қазір­гі оқу­шы­лар ғана емес, мұғалім­дер­дің өздері де емти­хан тап­сы­ру­дан бұрын қат­ты әбі­гер­ге түседі: емти­хан үдерісін­де ақпа­рат­тық тех­но­ло­ги­я­ны пай­да­ла­нуға, ҰБТ сұрақта­ры мен жау­ап­та­рын қолға түсіру­ге (әрине, төлем­сіз емес) тырысады.

Шпар­гал­ка­мен емти­ханға кіру жал­пы­ла­ма сипат алмас еді, егер мұғалім оқы­туға тиісті бағ­дар­ла­ма­лық мате­ри­а­лын оқу­шы­ға мең­гер­тіп жібер­се. Дүни­е­та­ным көк­жи­егін кеңей­тетін ғылы­ми ақпа­рат­тар­ды мек­теп­тен ала алмаған­ды­қтан, оқу­шы шпар­гал­ка дай­ын­да­уға мәж­бүр болу­да. Білім кеңісті­гін­де орын алып оты­рған жан­та­лас әре­кет­тер­дің бәрі осы­мен – білім сапа­сы­ның төмен­ді­гі­мен түсіндіріледі.

Мек­теп функ­ци­я­сы­ның өзге­руі оқы­ту әдісте­месін де түбе­гей­лі өзгер­тіп жібер­ді. Ғылы­ми дидак­ти­ка­ның орнын орта ғасыр­лар­дағы дін дог­ма­ла­рын жат­та­ту әдісі басты. Авто­мат­ты жат­та­уды қазір­гі қазақ мұғалім­дері қысқа мерзім ішін­де сүй­ік­ті әдісте­ме­ге айнал­ды­рып алды. Өйт­кені жат­та­ту «әдісі» мұғалім­ге көп жеңіл­дік әпе­реді: одан өзі оқы­тып жүр­ген пәнін мін­дет­ті, терең білу талап етіл­мей­ді. Мұғалім пән бой­ын­ша бағ­дар­ла­ма­лық мате­ри­ал­ды мең­гер­ту үшін оқы­ту әдістерін іздеп әуре бол­май­ды, педа­го­ги­ка­лық шебер­лік­тің, күш пен қуат­тың қажеті жоқ. Оқу­шы­ға құбы­лы­стың сырын ұғын­ды­ра­мын деп, оның кез­дей­соқ сұрақта­ры­на жау­ап бере­мін деп мұғалім жан­та­лас­пай­ды, тео­ри­я­лық қағи­да­лар­ды түсін­ді­ру үшін жат­ты­ғу­лар, мысал­дар ойлап шығар­май­ды, көр­некі құрал жаса­май­ды. Оқу­шы­ға «жат­тап алы­ң­дар» деп қарап оты­ра береді.

Реті кел­ген­де айта кету керек, құрғақ жат­та­ту мен трю­измдер­ді қай­та­лай беру­ден бала­ның оқуға деген ұмты­лы­сы жой­ы­ла­ды, оны мұғалім айтқан­ның бәрі­нен жирен­діреді. Жат­та­ту мен бел­гілі ақиқат­тар­ды үне­мі қай­та­ла­ту пед­тех­но­ло­гия ретін­де қол­да­ны­лған­да, адам­ның логи­ка­лық ойла­у­ға қабілетін көле­гей­леп тастай­ды. Бұлар – адам­ды алжа­сты­руға бастап апа­ра­тын факторлар.

 

***

Тек моти­ва­ция білім беру­ден бұрын болған­да ғана білім беру үдерісін­де нәти­же бола­ды. Білім беру фило­со­фи­я­сы­ның мәні осын­да. Егер олай бол­ма­са, білім беру­шілік­пен айна­лы­су­дан еш нәти­же шық­пай­ды. Жастар­дың жап­пай мек­теп­ті жек көруі, таным­дық қыз­мет­ке қосыл­мауы, білім алуға қаты­сты рези­стив­тік тұрғы ұста­нуы, жетілу­ге тал­пын­ба­уы – бұлар­ды қазақ педа­гог­та­ры мен пси­хо­лог­та­ры бай­ы­бы­на бара алмай оты­рған, ұлт­ты руха­ни апатқа бастап апа­ра жатқан, қауіп­ті дерт­тің симп­то­мы, төніп тұрған руха­ни апо­ка­лип­си­стің бел­гісі деп қана баға­ла­у­ға болады.

Бұдан мына­дай сұрақ туын­дай­ды: мек­теп бітіру­шілер­дің сау­а­ты­ның төмен­ді­гінің бұқа­ра­лық сипат алып кет­кенін көре тұра, қазақ ғалым­да­ры неге даб­ыл қақ­пай­ды? Жау­ап мына­дай: пси­хо­ло­гия ғылым сала­сы ретін­де Қаза­қстан­да дамы­м­аған. Ал педа­гог­тар бол­са, Кеңе­стен кей­ін­гі кезең­де саны­ның мей­лін­ше артқа­ны­на қара­ма­стан, білім беру кеңісті­гін­де болып жатқан құбы­лы­стар­дың сыры­на үңі­ле ала­тын­дай меже­ге жете алмай отыр.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ

[email protected]

(«Тіл фило­со­фи­я­сы» атты кітаптан)

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн