Среда , 14 мая 2025

Мектеп реформасындағы РЕЗИСТЕНТТІК ҰҒЫМ – одан қалай құтыламыз?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10–11 (375) от 16 мар­та 2017 г.

 

Саға­ди­ев­тің санасына


 

Шару­а­шы­лы­қтың кез кел­ген сала­сын­да бел­гілі бір уақыт­та пер­спек­ти­ва­лы өзерістер енгізіліп оты­ры­луы – заң­ды­лық. Алай­да рефор­ма­лар­дың бағыт­та­ры ғылы­ми жол­мен, терең зерт­тей оты­рып таң­да­луы керек. Рефор­ма жасау үшін алды­мен оның мақ­са­ты, көз­де­ген ныса­на­сы, түп­кілік­ті нәти­же­лері айқын­да­ла­ды. Мақ­сат қоғам­ның діт­те­ген ныса­на­сы­на сай, кон­сти­ту­ци­я­лық дең­гей­де негіз­де­леді. Мақ­сатқа сай пара­диг­ма таң­да­лып алы­на­ды. Пара­диг­ма­ны жүзе­ге асы­ру­дың ғылы­ми жол­да­ры айқын­да­ла­ды. Сонан кей­ін ол халы­қтың келісі­мі­мен білім беру тура­лы заңға енгізіледі. Пәр­мен­ді әре­кет­тер сонан кей­ін басталады.

Ана бір жылы бір әйел, педа­го­ги­ка­ның док­то­ры, экранға шығып алып, «біз білім берудің мақ­са­тын өзгерт­тік» деп мәлім­деді. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы алды­на демо­кра­ти­я­лық, құқы­қтық, әле­умет­тік қоғам құру мақ­са­тын қой­ға­ны бел­гілі. Ал білім берудің мақ­са­ты қоғам алды­на қой­ған мақ­сат­пен толық үндестік­те болуы керек қой. Кез кел­ген функ­ци­о­нер­дің, мей­лі ол ғалым бол­сын, қоғам көз­де­ген, Кон­сти­ту­ци­яда бекітіл­ген мақ­сат­ты өзгер­ту­ге қақы­сы жоқ. Ондай мәсе­ле бүкіл­ха­лы­қтық дауы­сқа салы­нып, жүзе­ге асы­ры­луы керек.

Ал біз­де бір шене­унік­тің нұсқа­уы­мен бір­не­ше пән сабақ кестесі­нен сызы­лып таста­ла­ды. Келесі біреу мына­дай жаңа пән оқы­та баста­дық деп жари­я­лай­ды. Тағы біре­удің нұсқа­уы­мен қытай тілі оқы­ты­ла бастай­ды. Бел­гілі бір уақыт өткен­нен кей­ін бұлар­дың бәрі дұрыс бол­мап­ты деп, енді тағы бір­деңе­лер енгізі­ле бастайды.

 

Тестілеу тура­лы

Қазір Баты­стан кел­ген кре­дит­тік жүй­ені сынау, әсіре­се білім дең­гей­ін айқын­дау әдісі – Ұлт­тық біры­ңғай тестіле­у­ге (ҰБТ) үрей­лене қарау сән­ге айналған. Бірақ олар бар қыр­сы­қтың себебі пед­тех­но­ло­ги­яда емес, адам­дар­да – оқу­шы мен мұғалім­нің өзін­де, дәлірек айтқан­да, олар­дың моти­ва­ци­я­сын­да жатқа­нын ескермейді.

Кре­дит­тік жүйе, емти­ханды тестілеу әдісі­мен алу – білім беру үдерісін­де ақталған, тиім­ді пед­тех­но­ло­ги­я­лар болып табы­ла­ды. Олар біл­гісі келетін шәкірт пен біл­гіз­гісі келетін оқы­ту­шы­ға лай­ы­қталған. Оларға бала­ның білім­ді болып шығуы­на мүд­делі ата-ана­лар қосы­лып, ынты­мақ­та­са оты­рып (педа­го­ги­ка сотруд­ни­че­ства), сапа­лы білім беру үдерісін ұйымдастырады.

Ал біз­де ол ойдағы­дай нәти­же бере алмай­ды. Өйт­кені біз­де бәрі төң­керіліп түсіп жатыр – білім беру үдерісі төңіре­гін­де қалып­тасқан аху­ал да басқа, оқу­шы мен оқы­ту­шы­ның моти­ва­ци­я­сы да баты­сты­қтар­дікі­нен өзгеше.

ҰБТ жара­ты­лы­ста­ну-мате­ма­ти­ка цик­лі пән­дері бой­ын­ша білім сапа­сын баға­ла­у­ға ыңғай­лы. Ал оны қоғам­дық-гума­ни­тар­лық пән­дер бой­ын­ша білім сапа­сын баға­лау үдерісін­де іші­на­ра қол­данған жөн. Бұл сабақтар­ды мең­гер­ту үдерісін­де шәкірт­тің айтар ойын еркін жет­кі­зе алуы­на, сөй­лей алуы­на көбірек көңіл бөлі­нуі керек. Сон­ды­қтан аталған пән­дер бой­ын­ша білім сапа­сын баға­лау үшін дәстүр­лі жаз­ба­ша, ауыз­ша сынақты көбірек қол­данған­ды құп­тау керек.

 

ҰБТ тізі­міне енбе­ген пән­дер туралы

Осы тұста, Қал­тай Мұха­мет­жа­но­втың сөзі­мен айтқан­да, «ары­стан арам қатып жатыр».

Білім беру жүй­есіне инсти­ту­ци­о­нал­дық жаңа­лық енгізіліп, мек­теп жер­гілік­ті әкім­дік­ке бағы­на­тын болған­нан кей­ін, ғылы­ми әдісте­ме­мен сабақты түсін­діріп оқы­та­тын мұғалім­дер­ге сұра­ныс азай­ып, олар­дың орнын сабақты жат­та­тып оқы­та­тын мұғалім­дер басты. Жоға­ры сынып­тар­да бағ­дар­ла­маға сәй­кес өтілу­ге тиісті пән­дер кей­ін ысы­ры­лып, тест сұрақта­ры­ның жау­ап­та­рын меха­ни­ка­лық жат­та­ту негіз­гі білім беру әдісте­месіне айналды.

Қазір оқу­шы­лар тест сұрақта­ры­ның жау­ап­та­рын жат­та­у­мен өмір­лік қыз­мет­ке керексіз бір­деңе дең­гей­ін­де, тек жоға­ры балл алу үшін ғана айна­лы­са­ды, олар­дан іс жүзін­де ешқан­дай руха­ни азық алмай­ды. Мұғалім­дер бағ­дар­ла­ма­лық мате­ри­ал­дар­да сенің мек­теп­тен кей­ін­гі өмір­лік қыз­метің­де кәде­ге жарай­тын руха­ни азық бар деп түсір­дір­мей­ді. Оқу­шы алдын ала өзінің орта­лық жүй­ке жүй­есіне «жат­тап алып, емти­хан тап­сы­рып болған соң, лақты­рып таста» деген коман­да береді. Оның миы қожа­сы­ның нұсқа­уын бұл­жыт­пай орын­дай­ды. Соның сал­да­ры­нан мек­теп­тен кей­ін бітіру­шінің кәл­ла­сы бос болып шыға­ды. Тіп­ті ҰБТ-ны жақ­сы тап­сы­рған­дар­дың өздері мек­теп­те не оқы­ған­да­рын естеріне түсі­ре алмай­ды. Ешбір оқу­шы өмір­лік қыз­мет­те, өндірі­сте, тұр­мыста ұшы­рас­а­тын аху­ал­дар­дан дұрыс жол тауып шығу үшін, оқулы­қтағы ғылы­ми ақпа­рат­тар­ды білу қажет деп ойламайды.

Қазір­гі ауыл мек­тебін бітіру­ші­ге дүни­е­та­ным­ды кеңей­ту, өз ісінің кәсі­пқойы болу, ғылым­мен айна­лы­су, дүниенің құпи­я­ла­рын ашуға ұмты­лу сияқты ұғым­дар жат. Оны ештеңе – жұл­ды­здар, гүл­дер, таудан сыл­ды­рап аққан бұлақ, еңбек, жетістік, елдер мен жұрт­тар қызы­қтыр­май­ды. Ол адам­гер­шілік қам­та­ма­сыздық, сала­у­ат­ты­лық, аза­мат­тық парыз, отба­сын құру және оны қам­та­ма­сыздан­ды­ру сияқты ұғым­дар­мен де бас қатырмайды.

Зерт­те­улер­дің нәти­же­лері қаза­қтіл­ді мек­теп­тер­дің жоға­ры сынып­та­рын­да білім беру стан­дар­ты талап­та­ры толық жүзе­ге асы­рыл­май­ты­нын айғақтай­ды. Білім беру стан­дар­ты бой­ын­ша жос­пар­ланған, жал­пы білім беретін қоғам­дық-гума­ни­тар­лық бағ­дар­лы мек­теп­тің 10–11-сыныптарында Қаза­қстан тарихы, Дүние жүзі тарихы, Қоғам­дық білім негіз­дері, Құқы­қта­ну негіз­дері өтіл­мей қалуы кең таралған құбы­лы­сқа айналған. Бұл сабақтар­дың атта­ры дәліз­де­гі кесте­де жазу­лы тұрға­ны­мен, іс жүзін­де жүр­гізіл­мей­тіні бел­гілі болып отыр. Мек­теп­тер стан­дарт­тық талап­тар­ды бұзып, бағ­дар­лы мек­теп­тер­де­гі Қаза­қстан тарихы­нан өзге қоғам­дық пән­дер­дің бәрін өздерінің қала­у­ын­ша пай­да­ла­нуға көшіп алған. ҰБТ-ға дай­ын­дық желе­уі­мен, аталған кур­стар­дың орны­на Қаза­қстан тарихын­да өтіліп кет­кен мате­ри­ал­дар бой­ын­ша жыл бойы 40–50 рет­ке дей­ін тест сұрақта­рын жат­та­ту­мен айна­лы­са­тын болған. Бұл кәсі­би білі­мі төмен, өз маман­ды­ғын сүй­мей­тін, білім беру­ге зауқы да жоқ, дирек­тор­мен сыбай­ла­сып алып, мек­теп­ті табыс көзіне айнал­ды­рып жүр­ген «мұғалім­дер­дің» қолы.

Бұдан бір­не­ше күдік­ті сұрақ туындайды.

Бірін­шісі: мек­теп­тер қоғам­дық пән­дер бой­ын­ша аталған бағ­дар­ла­ма­лық кур­стар­ды оқыт­па­уды қай заңға сүй­еніп, кім­нің рұқ­са­ты­мен жасап отыр?

Екін­ші сұрақ: мек­теп бітіру­ші­ге «Қоғам­дық білім негіз­дері», «Құқы­қта­ну негіз­дері», «Дүние жүзі тарихы» кур­ста­ры бой­ын­ша өтілу­ге жос­пар­ланған мате­ри­ал­дар­ды иге­рудің қажеті жоқ па? Егер аталған кур­стар­ды оқы­ту­дың жас адам­ның ғылы­ми дүни­е­та­ны­мын қалып­та­сты­руға қажеті бол­ма­са, онда мек­теп бас­шы­ла­ры мен мұғалім­дер неге солай екенін ком­пе­тент­ті ғылы­ми меке­ме­лер­де, Білім және ғылым мини­стр­лі­гін­де дәлел­деп, ол кур­стар­ды оқы­ту­ды стан­дарт­тан мүл­дем алдыр­тып тастамайды?

Үшін­ші сұрақ: аталған пән­дер­дің атта­ры мек­теп­те­гі сабақ кестесін­де көр­сетіл­ген, олар­дың өтіл­гені тура­лы жур­нал­дарға жазы­лып, баға­лар тізіліп тұр. Стан­дар­тқа сай мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен ол кур­стар­ды өту­ге тиісті қара­жат бөлін­ген. Ал оқу­шы бол­са, бұл сабақтар­дың атын ғана есті­ген. Осы мәсе­ленің қара­жатқа қаты­сты жағын кім тал­дап, түсін­діріп бере ала­ды? Осы кур­стар­дың өтілуі үшін бөлін­ген ақша қан­дай ста­тья бой­ын­ша, қай­да кетіп жатыр?

Төр­тін­ші сұрақ: білім стан­дар­ты бой­ын­ша Қаза­қстан тарихын оқы­туға беріл­ген уақыт­тың 2,5 есе­ге арт­ты­ры­луы сабақтың мең­герілуіне қалай ықпал ету­де? Осы­дан кей­ін оқу­шы мате­ри­ал­ды кере­мет мең­геріп алды ма? Олар­дың пат­ри­от­тық сезім­дері асқақтап тұр ма?

Білім беру жүй­есінің ең өзек­ті және имма­нент­ті мәсе­лесі – мем­ле­кет­тік стан­дарт талап­та­ры­ның өрес­кел бұзы­луы. Бұл құбы­лыс білім берудің сапа­сы­на алаң­дай­тын адам­дар­дың үрей­ін ұшыруда.

 

«Мәң­гілік ел» туралы

«Мәң­гілік ел» иде­я­сы – ұлт­тық идея ретін­де ұсы­ны­лған, бүкіл­ха­лы­қтық жұмы­лу­ды қажет ететін, кере­мет келе­шек­ті нұсқаған, асқақ арман. Ол иде­я­ны жүзе­ге асы­ру бар­лық қаза­қстан­ды­қтар­дан әле­умет­тік бел­сен­ділік­ті, барын сала жұмы­лу­ды талап ете­ді. Ал қазір­гі бұқа­ра­ның қабағын­да кір­бің, көкіре­гін­де түйт­кіл бар. Сана­сын енжар­лық, томаға-тұй­ы­қтық меңдеген.

Адам­дар­дың көбі жан­ды жегі­дей жей­тін амби­ва­лент­тік күй кешу­де. Қоғам­ның әр мүше­сінің сана­сы­на бір жағы­нан отан­шыл­дық, асқақ арман, жарқын келе­шек орна­са, екін­ші жағы­нан – «ауы­зын жыр­тқан құрғақ қасық», күй­бең тір­шілік, түсі­мі мар­дым­сыз жан­та­лас, кез кел­ген уақыт­та бере­кесіз арба­шы­ның пұлын­дай соңғы ризы­ғы­нан (жұмысы­нан) айы­ры­лып қалам ба деген үрей бар. Мұн­дай­да шешім­нің мате­ри­ал­дық құн­ды­лы­қтар­дың пред­по­зи­ци­я­лы­лы­ғы мен асқақ иде­я­ның пост­по­зи­ци­я­лы­лы­ғы жағ­дай­ын­да қабыл­да­на­ты­ны белгілі.

Бір қызы­ғы – осын­дай­да «Мәң­гілік ел» иде­сы­на буу­лы қап­тың үстін­де тыпыр­шып оты­рған жемқор шене­унік­тер­дің өздері қалай қарай­ды екен деген сұрақ туындайды.

 

Оқу­шы­ның моти­ва­ци­я­сы туралы

Оқу­шы­ның моти­ва­ци­я­сы­на түбе­гей­лі өзгеріс қажет. Қазір­гі ауыл мек­теп­терін тәмам­дап кел­ген­дер­дің сана­сын білім­нен қашу пси­хо­ло­ги­я­сы меңдеген.

Меди­ци­на­да рези­стент­тік деген ұғым бар. Ол науқас адам­ның дер­ті­нен ары­л­та­тын дәріні қабыл­да­удан бас тар­ту жағ­дай­ын көр­се­те­ді. Қазір­гі қазақ бала­ла­рын түгел­дей рези­стент­тік пси­хо­ло­гия мең­деп алған. Олар­дың білім алғы­сы кел­мей­ді. Ата-ана­ның еркі­мен мек­теп­ке қаты­на­уға мәж­бүр. Бірақ білім алу­дан әбден жеріген.

Мұның екі себебі бар: бірін­шісі – оқы­тқы­сы кел­мей­тін және оқы­та да алмай­тын, өз пәнін дұрыс мең­гер­ме­ген мұғалім­нің қыжырт­па­сы бала­ны әбден мезі қылған, мек­теп­тен әбден жеріт­кен. Қазір­гі мек­теп бала­ны білім­нен үркітудің бар­лық әдістерін қол­да­на оты­рып, төмен­гі және орта буын­дар­да мек­теп­ке фор­ма­лы қаты­на­уды сана­сы­на сіңіріп тастаған.

Екін­шісі – өмір­лік прак­ти­ка­ның үйрет­кені. Бір жағы­нан, оқу­шы ел үшін, жер үшін жан пида деп, еңіреп жүр­ген ерлер­дің – алды­ның аты­лып, арты­ның –абақты­да қама­лып жатқа­нын, мықты ғалым­дар­дың шетел­ге қашып неме­се базар жаға­лап жүр­генін, сала­у­ат­ты, білім­ді адам­дар­дың тағ­ды­ры ауыр бола­ты­нын көріп, өсіп келеді. Екін­ші жағы­нан, білім­сіз, мәде­ни­ет­сіз бол­са да, аға неме­се тәте тауып алып, түсім­ді оры­нға орна­ла­сып, «жемқор­лық сар­ба­зы­на» айна­лып, ақша­ны қап­пен арқа­лап жүр­ген­дер­ді көреді. Оқу­шы ондай ақпа­рат­ты бір­ге оқи­тын сынып­та­ста­ры­нан да, туы­ста­ры­нан да, ақпа­рат құрал­да­ры­нан да алып отыр. Осы­дан кей­ін оның білім­ге қан­дай ынта­сы болады?

Бұл құбы­лыс – әле­умет­тік пси­хо­ло­гия ғылы­мы­ның, соның бір сала­сы –педа­го­ги­ка­лық пси­хо­ло­ги­я­ның зерт­теу объ­ек­тісі. Бұл ғылым­дар Қаза­қстан­да сөй­ле­мей­ді. Аздаған энту­зи­а­стар бар. Олар­дың тереңірек қам­тып, тұжы­рым айтуға шама­ла­ры келмейді.

Бұдан шыға­тын қоры­тын­ды: бала рези­стент­тік пси­хо­ло­ги­яға бой алды­рған­да, оны ешқан­дай рефор­ма­мен де, кере­мет оқулы­қ­пен де құтқа­ру мүм­кін емес. Бала­ның сана­сын қозға­удан бұрын, ере­сек­тер­ді ояту керек. Қазір қазақ сая­си сау­ат­тан, құқы­қтық сана­дан, әле­умет­тік бел­сен­ділік­тен, мәде­ни­ет пен білім­нен де аулақ, фруст­ра­ци­я­лық күй­ге енген, аморф­ты мас­саға айналған.

Қаза­қтың сау­ат­сыз және кедей болып қалуы екі санат­тағы адам­дарға тиім­ді. Бірін­шісі: билік иелеріне бұқа­ра­ның өз құқы­қта­рын біл­мей­тін, оны қорға­уды ойла­май­тын, түр­лі демо­кра­ти­я­лық ұран­дарға елең­де­мей­тін, сая­си ұйым­дасқан әре­кет­ке қабілет­сіз, «сұға бер­сең, бұға беретін», сай­лау учас­ке­леріне топыр­ла­тып айдап әкеліп, жүз пай­ыз дауы­сын ала­тын тобыр дең­гей­ін­де қала бер­гені керек. Халы­қтың кедей және жұмыс­сыз болуы кәсіп­кер­лер деп ата­ла­тын­дарға арзан жұмыс күші ретін­де тиім­ді. Соңғы онжыл­ды­қтар­да осы бағыт­тар «ойдағы­дай» жүзе­ге асы­ры­лып жатыр.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн