Воскресенье , 6 июля 2025

Мектепке Әл-Фарабидің қағидасы «ЖОЛАЙ АЛМАЙ» ЖҮР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (306) от 15 октяб­ря 2015 г.

 

 

Қазақ мем­ле­кет­ті­гінің түп қазы­ғы – қазақ мек­теп­тері. Бүгін­гі оқу­шы­лар ертең осы елге ие болып, тіз­гін­ді қолға ала­ды. Сон­ды­қтан бар­лық мек­теп­тер­дің негізі қазақ мек­теп­тері­нен алы­нуы керек.

Қазір­гі орта білім беру үрдісі елі­міз­де­гі көп­те­ген оң өзгерістер­ден ең кен­же қал­ды десек те бола­ды. Шикі­зат сатып, эко­но­ми­ка­мы­зды қары­шта­тып дамы­тып жатыр­мыз. Ертең шикі­зат біт­кен соң, өсіп келе жатқан ұрпақтың ары қарай әлем­дік бәсе­ке­ге төтеп беріп, елі­мізді шикі­затсыз дамы­туға білім­дері, қабілет­тері жете ме?.. Бұл – ойла­на­тын шаруа.

Ғалым­дар­дың зерт­те­уі бой­ын­ша, адам бала­сы 25 жасқа дей­ін ғана, әсіре­се 18-ге дей­ін бүкіл білім­нің қоры миға құй­ы­лып, аса дарын­ды­ла­ры бол­ма­са, қалған­да­ры­ның қабыл­дау қабілеті 25-тен соң тоқтап, бая­у­лай­ды екен. Сон­да біз 18 жасқа дей­ін мек­теп­тер­де ұлт­тық педа­го­ги­ка­дан аулақ, адам­дық қаси­ет­тер­ден жұр­дай, түк­ке тұрғы­сыз білім­сы­мақ ақпа­рат­тар­мен бала­ның басын тол­ты­ра­ды екенбіз.

Кеңес Одағы бала жаза ала­тын, оқи ала­тын бол­са бол­ды, «сау­ат­ты» деп мақта­ды. Ал біз­де қазір қалып­тасқан оқы­ту жүй­есінің қателі­гі­нен бала­ның білім­ге деген қабілеті ашыл­май­ды. Логи­ка­лық ойлау жүй­есі қалып­тас­пай, білім­ге деген құл­шы­ныс арт­пай­ды. Керісін­ше, өз бетін­ше ізден­бей­тін, газет-жур­нал, әде­би көр­кем кітап­тар оқы­май­тын, бола­шақта олар да ата-ана болған­да, бала­ла­ры­ның бола­шағы­на немқұрай­ды қарай­тын, мем­ле­кет­тік тұрғы­дан ойлай алмай­тын, жоға­ры білі­мі бола тұра, қабілеті тек «қазан-ошақтан» аса алмай­тын дәре­же­ге жет­кі­зетін – біздің оқы­ту жүйеміз.

Сек­сен жыл бойы кеңе­стік «жат­тан­ды білім беру тео­ри­я­сы» бүкіл халы­қты орта­ша ғана сау­ат­ты­лы­ққа оқы­тып кел­ді. Халы­қтың шала сау­ат­ты болуы Кеңес Одағы үшін тиім­ді бол­ды. Орта­ша білім­ді халы­қты бағын­ды­руға, айда­уға жеңіл болады.

Осы­дан 40–50 жыл бұрын қалып­тасқан кеңе­стік оқы­ту жүй­есінің «дің­ге­гіне» айналған В. Шата­ло­втың «тірек сиг­нал­да­рын пай­да­ла­на оқы­ту», Скат­кин мен Лер­нер­дің «оқы­ту­дың 5 түр­лі әдістерін» пай­да­ла­нып келе­міз. Мұның қоры­тындысы «жат­тан­ды білім» жүй­есіне әкеліп соқтырды.

«Жат­тан­ды білім» деген не?

Бала бала­бақ­шаға аяқ басты. Оқып, жаза алмаған­ды­қтан, тәр­би­е­ші оқып, «түсін­діріп» береді.

Бала мек­теп­ке бар­ды. Дай­ын­дық тобы. Бала оқи алмай­тын­ды­қтан, мұғалі­мі оқып береді, «түсін­діреді».

Бірін­ші сынып – бала оқып, жаза ала­ды. Бірақ мұғалім оқып, «түсін­діріп» береді.

Он бірін­ші сыны­пқа дей­ін оқу­шы жазып, оқи алса да, мұғалім «түсін­діріп» береді.

Білім­сіздік, міне, осы «түсін­діріп» беру­ден баста­ла­ды. Оқып, жаза ала­тын балаға мұғалім­нің оқып-«түсіндіріп» беруі – ақы­лға сый­май­ды. Өйт­кені жас ерекшелі­гіне бай­ла­ны­сты сол сынып­тың оқу­шы­сы­на арналған оқулы­қты мұғалім оқып, «түсін­діріп» береді. Оқулық мұғалім­ге емес, оқу­шы­ға арнап жазы­лған. Сон­ды­қтан оқу­шы мәтін­ді өзі оқып, оқы­ға­нын түсін­діріп неме­се есеп­ті өзі шыға­рып беруі тиіс. Керісін­ше, мұғалім сабақ мәтініне сай қосым­ша мың­даған мате­ри­ал­дар­мен қару­ла­нып, оқу­шы ойын толы­қты­рып, сүй­е­мел­деп оты­руы керек.

Ұста­здың тек оқулық мате­ри­ал­да­ры­мен ғана шек­те­лу оқу­шы­ны да, мұғалім­ді де сау­ат­сызды­ққа ұшы­ра­та­ды. Өйт­кені оқулық білім емес, ана­дан-мына­дан жар­ты­кеш, әрбір ғылым сала­сы­нан, онда да 11 жыл бойы қай­та­лан­бай­тын бір рет­тен ғана ақпа­рат береді. Сон­ды­қтан мұғалім­нен оқу­шы­ға білім емес, тек ақпа­рат беріледі.

Білім – берілетін зат емес. Білім алы­на­ды. Ол – ұста­здың өз бетін­ше тал­май ізденіп жинаған білі­мі мен және оны мағы­на­лап, мән­деп жет­кі­зе білуі. Құн­ды жазы­лған оқулық мате­ри­а­лы ұға білетін оқу­шы­ның сана-сезі­мі, түй­сі­гі, қабілеті, дары­ны шама-шарқы жет­кеніне дей­ін ғана ала­ды. Сон­ды­қтан «білім беру» деген сөз тір­кесінің өзі мүл­дем теріс, қате түсінік.

Міне, осы «сабақты түсін­ді­ру» әдісте­месі бала­лар­ды білім­сіздік­ке ұшы­ра­тып, өз бетін­ше ойлау қабілеті­нен айы­рып, мила­ры­на жүк түсір­мей, мұғалім­нің айтқа­нын қай­та­ла­у­мен ғана шек­теліп, 11 жылын мек­теп пен үйінің ара­сы­на кітап тасып, екі ара­лы­қты шаң қылу­мен босқа өткізуде.

Сон­да 11 жыл бойы «мұғалім түсін­діріп бер­ме­се», оқу­шы өз бетін­ше кітап бетін ашпай­ды. Үйін­де де «ағай/апай сабақты түсін­діріп бер­ген жоқ», – деп дай­ын­дал­май­ды. Ата-ана­сы да: «Мұғалім түсін­діріп беру керек еді, сабақ түсін­дір­мей­тін нашар мұғалім» – деп, бала­сы­ның көзін­ше мұғалім­ді жер­ден алып, жер­ге сала­ды. Егер пән мұғалі­мі ауы­рып неме­се бір жағ­дай болып, сабаққа келе алма­са да, кітап бетін ашпай­ды. Осы түсінік бала­ның да, ата-ана­ның да сана­сын әбден улап тастаған. Бар­лық оқу­шы­лар­дың 5 пай­ы­зы ғана «өзім оқуым керек» деген ойда бола­ды. Зия­лы қауым мен жур­на­ли­стер­дің «халық неге газет оқы­май­ды?» деп бас қаты­руы, қоғам­да жаман­ды­қтың көп болуы кітап, газет-жур­нал­дың бетін ашпай­тын­дар­дың көп болуы – осы­дан. Көбі­не­се мұғалім­дер бүгін­гі айтқан сабағын ертеңіне үтір-нүк­тесіне дей­ін қай­та­лап айтып беретін бала­ны «зерек», «дарын­ды» бала деп мақтайды.

Қалған­да­ры да кітап бетін ашпай-ақ, осы «зеректің» үй тап­сыр­ма­сын айтқан­да­рын қай­та­лап, «3» не «4» деген баға­сын ала­ды. Қазір­гі білім берудің шынайы беті осы.

Біз­де­гі «Білім тура­лы» заң сау­ат­сыз жазы­лған. Ол заң бой­ын­ша Білім мини­стр­лі­гі білім жүй­есін тіке­лей басқа­ра алмай­ды. Әкім­дер не айта­ды –сол бола­ды. Яғни, ол жер­ден білім ізде­удің кере­гі жоқ.

Жапон­дар 1980 жыл­да­ры әрбір оқу­шы­ны толық ком­пью­тер­мен қам­та­ма­сыз етті. Ондағы ойла­ры – бала­ла­ры­нан әлем­де­гі ең білім­ді жасты қалып­та­сты­ру еді. Бірақ, бір өкіні­штісі, 2000 жылы «ком­пью­тер­лік білім­ді» зерт­те­ген­де, 20 жыл­дық «білім шыңы­на шығу» арман­да­ры өкіні­шпен аяқтал­ды. Ком­пью­тер­мен жан-жақты білім­ді бола­ды деген оқу­шы­лар, керісін­ше, ойша екі жай сан­дар­ды қоса алмай, түк­ке тұрғы­сыз сұрақтарға жау­ап бере алмаған. Ком­пью­тер­дің бар­лық «дай­ын білі­мі» 90 пай­ыз бала­ны ойлау қабілеті­нен айы­рып, топас­тан­ды­рған. Біздің «жат­тан­ды білім» мен ком­пью­тер­дің «дай­ын білі­мі» де білім­ділік­ке жете­ле­мей­ді. Өз бетін­ше тал­май, ізденіп оқи­тын бала­лар ғана жетістік­ке жете­ді де, қалған­да­ры тек «сау­ат­ты» болады.

Батыс ғалы­мы Анре Ферье­ра­ның «Адам­дар мек­теп­ті қалай құрған» деп ата­ла­тын аңы­зын­да: «Бала табиғат­ты жақ­сы көреді, сон­ды­қтан оны төрт қабы­рғаға қамап қой­ды. Бүл­дір­шін­дер өз жұмысы­ның мағы­наға ие екен­ді­гін ұғы­нғы­ла­ры келеді, сон­ды­қтан оның бел­сен­ділі­гінің еш пай­да әкел­ме­уіне қол­да­ры­нан кел­ген­дерін істе­ді. Ол қозға­лыс­сыз тұра алмай­ды, оны қозғал­ма­стай жаса­ды. Ол қолы­мен жұмыс жасағы­сы келеді, ал оған тео­ри­я­лар мен иде­я­лар­ды үйре­те баста­ды. Ол сөй­ле­ген­ді ұна­та­ды – оған үнде­ме­уді бұй­ыр­ды. Ол түсі­ну­ге тыры­са­ды – ал оған жат­тап алу­ды тап­сыр­ды. Ол өзді­гі­нен білім іздер еді – ал оларға бәрі дай­ын күй­ін­де беріл­ді. Осы­лай­ша бала­лар басқа жағ­дай­да үйрене алмай­тын әре­кет­тер­ді үйрен­ді; олар өтірік айтып, қула­ну­ды үйренді.

Соны­мен мынау бол­ды: кей­бір адам­дар селқос, енжар бола баста­ды да, өмір­ге деген қызы­ғу­шы­лы­қта­рын жоғалт­ты. Олар бақыт пен ден­са­улы­қтан айы­рыл­ды. Махаб­бат пен мей­рім­ділік із-түс­сіз жоғал­ды. Ал ойлар құрғақта­нып, қара­пай­ым­да­нып, жан қаті­гез­ден­ді, жүрек ыза­дан булы­қты…» деп жүре­гі қан жылап жаз­ды. Әулие екен, айтқа­ны келді.

Біз­де мек­теп про­бле­ма­ла­ры­мен ондаған педа­го­ги­ка­лық инсти­тут­тар мен уни­вер­си­тет­тер, рес­пуб­ли­ка­лық және облы­стық (қала­лық) білім жетіл­ді­ру инсти­тут­та­ры, үш ғылы­ми зерт­теу инсти­ту­ты мен бір­не­ше зерт­теу орта­лы­қта­ры­ның басын қосқан Ы. Алтын­са­рин атын­дағы Қаза­қтың Білім ака­де­ми­я­сын­да мың­даған ғалым­дар қыз­мет істей­ді. Олар ғылым кан­ди­да­ты, док­тор, про­фес­сор, ака­де­мик атақта­рын алу үшін жаңа­лық ашқан жоқ па?.. Біз неге осы ғалым­дар­дың ашқан жаңа­лы­қта­рын сезін­бей­міз? Біз­ге тек білім сапа­сын жақ­сар­ту мақ­са­тын­да К. Оку­нь­ның «Про­бле­ма­лық оқы­ту», «Сорос–Қазақстан» бағ­дар­ла­ма­ла­ры негізін­де­гі «Сын тұрғы­сы­нан ойлау», Ж.Қараевтың «Сара­лап, дең­гей­леп оқы­ту», М.Жанпейісованың «Оқы­ту­дың модуль­дік тех­но­ло­ги­я­сы» кеңі­нен таратылды.

Бірақ бұлар жап­пай қол­да­ны­лып кет­кен жоқ. Олар­дың жап­пай қол­да­ны­сқа түс­пе­уіне кеңе­стік «жат­тан­ды білім» оқы­ту әдісте­месі жол бер­меді. Ұлт­тық педа­го­ги­ка­ны – «кеңе­стік педа­го­ги­ка» мек­теп есі­гі­нен сыға­лат­пай отыр. Мүм­кін, жеке мен­шік мек­теп­тер­де жаңа инно­ва­ци­я­лық тәсіл­дер­мен оқы­та­тын шығар, бірақ олар­дағы мұғалім­дер де «Кеңе­стік педа­го­ги­ка­дан» нәр алған­дар. Мака­рен­ко­ның тәр­бие бер­мей­тін кеңе­стік «тәр­бие тео­ри­я­сы» да қазақ мек­теп­теріне ұлт­тық тәр­би­ені кір­гіз­бей отыр. Педа­гог ғалым­да­ры­мыз шала  сау­ат­ты болған­ды­қтан, осы­ның ара-жігін ажы­ра­та алмай, содан мұғалім­дер шата­сып жүр.

Сон­ды­қтан әлем­нің ұста­зы Әл-Фарабидің:»Адамға ең бірін­ші білім емес, тәр­бие беру керек, тәр­би­есіз беріл­ген білім адам­заттың қас жауы, ол келе­шек­те оның өміріне апат әке­леді» – деген мәң­гілік қағи­да­сы да мек­теп­ке «жолай алмай» жүр.

Тоғай­бай НҰРМҰРАТҰЛЫ

Аста­на қаласы

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн