Суббота , 5 июля 2025

Мектептердегі ДІНИ КИІМГЕ тыйым салынды

Қаза­қстан Білім және ғылым мини­стр­лі­гі орта мек­теп оқу­шы­ла­ры­на арналған мін­дет­ті киім фор­ма­сы­на қой­ы­ла­тын талап­тар­ды бекітті.

Үкі­мет­тің ресми сай­тын­да жари­я­ланған құжат­та талап­тың «білім беруді зай­ыр­лы сипатта қылуға және орта білім беру орын­да­рын­да оқи­тын­дар ара­сын­да әле­умет­тік, мүлік­тік және басқа да айы­рым бел­гілерін жою­ды көз­дей­тіні» айты­лған. Құжат­та жаңа тала­пқа сай мек­теп фор­ма­сын­да қан­дай да бір кон­фес­си­яға қаты­сты киім бел­гісі бол­мауы тиіс екені айтылған.
Талап бой­ын­ша, мек­теп фор­ма­сы­ның үлгісі клас­си­ка­лық стиль­де, үш түр­лі түстен аспай­тын­дай болуы керек. Мек­теп фор­ма­сы оқу­шы­лар­дың жас ерекшелі­гіне бай­ла­ны­сты енгізіледі және ол күн­делік­ті, сал­та­нат­ты шара­лар­да және дене шыны­қты­ру пәні кезін­де киетін деп үшке бөлінеді.
Мек­теп фор­ма­сы­на қой­ы­ла­тын талап жер­гілік­ті кли­мат жағ­дай­ын, оқу орнын­дағы жағ­дай мен тем­пе­ра­ту­ра­ны еске­ре оты­рып орын­да­луы тиіс. Бұған қоса мек­теп­те оқу­шы­ға денесіне жарақат сала­тын киім кию­ге және заттар тағы­нып жүруіне тый­ым салынады.
Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн