Суббота , 5 июля 2025

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗҚАУІПТІ ШЕККЕ ЖЕТТІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №5 (369) от 9 фев­ра­ля 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 


 

2016 жылы Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік қары­зы ЖІӨ-нің 26%-ын құра­ды және қауіп­сіз шек­те қал­ды, деп мәлім етті ҚР қар­жы мини­стрі Бақыт Сұл­та­нов жұма күні ҚР пре­зи­ден­тінің қаты­суы­мен өткен үкі­мет­тің кеңей­тіл­ген отырысында.

 

Бірақ, халы­қа­ра­лық қар­жы маман­да­ры­ның пікіріне қараған­да, мем­ле­кет­тің сыр­тқы қары­зы Ішкі жал­пы өнім­нің 25 пай­ы­зы­нан, яғни төрт­тен бір бөлі­гі­нен асқан жағ­дай­да ел эко­но­ми­ка­сы дефолт жағ­дай­ы­на жет­ті деп есеп­те­леді. Сөй­те тұра, бұл шек­тің қауіп­ті мөл­шер­ге жет­кенін мой­ын­даған сыңай­мен қар­жы мини­стрі ағым­дағы жылы мем­ле­кет бас­шы­сы­ның тап­сыр­ма­сын атқа­ру жолын­да бар­лық хол­динг­тер мен ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың сырт­тан қарыз алу опе­ра­ци­я­ла­ры­ның бар­лы­ғы­на үкі­мет­тің бақы­ла­уы күшей­тілетін бола­ды деп айтты.

Ал сарап­шы­лар­дың пікірі бой­ын­ша, Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік қары­зы қан­ша­лы­қты қым­батқа түсіп отыр?

Ескер­те кетей­ік, Қар­жы мини­стр­лі­гінің сай­тын­дағы мәлі­мет­тері бой­ын­ша, сыр­тқы қары­здың абсо­лют­тік түр­де­гі мөл­шері Т11,5 трлн бол­ды. 2015 жылы бұл көр­сет­кіш Т9,2 трлн болып, ЖІӨ-нің 21,6%-ын құраған, ал 2014 жылы ол Т5,4 трлн неме­се ЖІӨ-нің 14%-ын құраған.

«Қаза­қстан бюд­жет тап­шы­лы­ғы зона­сын­да тұр және ол екі жол­мен жабы­лу­да: Ұлт­тық қор қара­жа­ты­мен және үкі­мет­тің сырт­тан қарыз алуы­мен. Бюд­жет тап­шы­лы­ғы­ның нәти­же­сін­де мем­ле­кет­тік қарыз өсе береді. Қаза­қстан­ның кре­дит­тік қары­зы төмен болған­ды­қтан, біз үшін халы­қа­ра­лық қар­жы­лан­ды­ру қым­бат», – деді Қаз­ТАГ-қа «BRB Invest» ЖШС дирек­то­ры Галим Хусаинов.

Оның айтуын­ша, негіз­гі қарыз сома­сы түрін­де­гі ауырт­па­лы­қтан басқа мем­ле­кет оған қыз­мет ету­ге де шығын жұм­сай­ды. Ол шығын­дар орта­ша алған­да жал­пы сома­ның 10%-ын құрай­ды. Одан басқа, қары­здар­дың бір бөлі­гі валю­та­мен номи­нал­данған және егер тең­ге әлсіре­ген бол­са, онда мем­ле­кет­тік мін­дет­тер өседі, деді Г. Хусаинов.

Мем­ле­кет­тік қары­здар өскен­де, ең маңы­здысы ол қара­жат­тың неге жара­ты­ла­тын­ды­ғын­да, деді өз кезе­гін­де Tengri capital ком­па­ни­я­сы­ның басқа­ру­шы серік­тесі Әну­ар Үшбаев.

Егер мем­ле­кет тар­тып оты­рған ақша есебі­нен жара­та­тын шығын­дар мен инве­сти­ция тиім­ді нәти­же беретін бол­са, онда эко­но­ми­ка келе­шек­те жетер­лік­тей кіріс беріп және салық алым­да­ры мем­ле­кет­тік шығын орнын тол­ты­ра­ды. Ондай жағ­дай­да, оның пікірін­ше, мем­ле­кет­тік қары­здар­дың артуын­да тұрған ешқан­дай қауіп жоқ. «Егер инве­сти­ция тиім­сіз бола­тын бол­са, онда ол мем­ле­кет­тік қары­зды тек өсі­ру болып табы­ла­ды», – деп ол атап көрсетті.

Қаз­ТАГ

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн