Понедельник , 7 июля 2025

МЕН НЕГЕ ел президентінен ТҮҢІЛДІМ?

Құр­мет­ті редак­ция! Мен «ДАТ» пен «СолДАТ»-тың алға­шқы шыққан күні­нен бастап, қол үзбей оқып келе жатқан оқыр­ма­ны­мын. Сол себеп­ті өзім­нің ойым­ды хат арқы­лы газет редак­ци­я­сы­на жол­даған­ды жөн көрдім.

Жиыр­ма бес жыл бойы құры­лы­ста про­раб болып жұмыс істеп, соңғы 4–5 жыл­да қыс мез­гілін­де құры­лыс тоқтап, жаз айын­да ғана мек­теп, бала­бақ­ша­ны жөн­деу жұмысы­мен айна­лы­стық. Сөй­тіп, 1998 жылға дей­ін 24 жыл­дық еңбек өтілінің арқа­сын­да (стаж) бүгін (соңғы 9% үсте­мені қосқан­да) 33 000 тең­ге зей­не­тақы ала­мын. Еге­мен­дік жыл­да­ры­нан қай­ран жоқ, осы еңбек еткен жыл­да­рым бой­ын­ша зей­не­тақы жинақтау қоры­нан маған тиесілі болға­ны – 180 000 тең­ге ғана.

Осын­дай жағ­дай­да мен пре­зи­дент­ке «рах­мет!» деуім керек пе? Пре­зи­дент Назар­ба­ев бір сөзін­де: «Өрке­ни­ет­ті елдер­де бала­сы, неме­ресі бар адам­дарға зей­не­тақы төлен­бей­ді. Егер ол аза­мат ұл-қыз өсір­се, қар­тай­ған­да ұрпағы асы­рас­ын. Біз тек қана ешкі­мі жоқтарға қарай­ла­суға мін­дет­ті­міз», – деді ғой беті бүлк етпей.

Айлы­ғын жал­дап ала алмай жүр­ген Жаңа­тас халқы 1998 жылы облыс орта­лы­ғы­на қарай жаяу шеру­ге шығып, олар­ды айда­ла­да поли­ция қор­шап, ары қарай жібер­мей тұр­ды. Сол уақыт­та пре­зи­дент Назар­ба­ев Мәс­ке­уде кез­де­су­де ісса­пар­да жүр­ген жерін­де бір тіл­ші тоқта­тып: «Жаңа­тас қала­сы­ның тұрғын­да­ры жыл­дар бойы алмаған еңбе­кақы­ла­ры төлен­ген­ше айда­ла­да жер қазып, күтіп отыр, егер төлен­бе­се, сол жер­де өле­міз дей­ді. Сіз осы жағ­дай­ға не дей­сіз?» – деп сұрақ қой­ды. Пре­зи­дент аспай-сас­пай: «Не, немене? «Каз­фос­фат па?» Ол – жеке мен­шік өндіріс орны. Мем­ле­кет жеке мен­шік иесі үшін жау­ап­ты емес екенін білесіз ғой…» – деп, кілт бұры­лға­нын теле­ди­дар­дан көр­сет­ті. Сол күні мен де пре­зи­дент­тен түңілдім.

Түңіліп жүр­ген кезім­де «ДАТ»-тың жаңа жыл­дық алға­шқы санын­да Дін­мұ­ха­мед Қона­ев ата­мыз тура­лы өте орын­ды баста­ма көтеріл­ген екен. Өзім­нің отба­сым­ның, дос-жаран зей­нет­кер­лер­дің аты­нан осы баста­ма­ны жүз пай­ыз қол­дай­мыз. Құлы­ба­ев­тар сияқты алпа­уыт­тар­дың заң­сыз жол­мен тапқан ақша­сы­ның көк тиы­ны керек жоқ. Ескерт­кіш­ке қажет­ті бес тон­на қола үшін өзі­міз-ақ қар­жы жинай ала­мыз. Елінің құр­метіне бөлен­ген бас­шы­ны ұлы­қтау біздің пары­зы­мыз ғой, егер осы баста­ма қолға алы­на­тын бол­са, біз де қол ұшын беру­ге дайынбыз!

Еркін БАЙЖАНОВ,

Тараз қала­сы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн