Пятница , 4 июля 2025

МЕН СОҒЫСТЫҢ ТҮЛЕГІМІН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (381) от 4 мая 2017 г.

Естелік

 


Соғыс 22 мау­сым 1941 жылы басталған­да, мен үш жарым жаста екен­мін. 1937 жылы 25 қара­ша­да Семей облы­сы Ақсу­ат ауда­ны Егін­дібұлақ мекенін­де дүни­е­ге келіп­пін. Кей­інірек өмір­ба­я­ным­да жазы­лып жүр­ген туған жерім – Қызыл­кесік Егін­дібұлақтан 7–8 шақы­рым жер­де­гі ірі­лен­ген кол­хоз­дың орта­лы­ғы бол­ды. Ол заман­да туу тура­лы куәлік жаз­баған болар, тек төлқұ­жат алар­да аудан­дық ішкі істер меке­месінің тізі­мі­нен менің аты-жөнім табы­лып, туған күнім­ді сол кез­де бір-ақ біл­дім. Одан бұрын менің туған күнім күз­де, қар бірін­ші жауған – мерзім болатын.

 

Әдет­те өмір­ба­ян­ды әке-шеше­ден баста­у­шы еді, мен өзім­шіл­дік­ке жол беріп қой­ып­пын. Менің екі әкем, екі шешем бол­ды. Мені өмір­ге әкел­ген әкем – Ахмет­жан (Шала­бай), шешем – Ән (Әну­ар), ал бауы­рын­да болған әкем Әбділ­да, шешем Тіле­жан. Осы күн­ге дей­ін осы­лар­дың қай­сысын әкем, шешем деп айтуға баты­лым жет­пей жүр.

Ахмет­жан (жеті айлы­ғын­да туған­ды­қтан, жеңе­ше­лері Шала­бай деп атап­ты) сол заман­дағы аудан аза­мат­та­ры­ның алды­ңғы қата­рын­да сау­ат­ты, кеңес және тұты­ну ұйым­да­рын­да қыз­мет атқа­рып­ты. Ал Әбділ­да ауыл­да қол өнер шебер­лі­гі­мен аға­штан бұй­ым жасау, ұста­лық және пеш салу сияқты жұмыстар­мен шұғыл­данған деседі. Ол кісі қал­жы­ң­бас, жол­даста­ры­на сықақ өлең­дер шыға­ра­ды екен. Ел аузы­нан есті­генім – пеш қала­у­ға шақы­рған үй Әбеңе жақ­сы сый-құр­мет көр­сет­пе­се, түтіні тарт­пай­тын­дай бір жерін бітеп кетіп, үй иелері жалы­нып-жал­пай­ып, қай­та шақы­руын күтетін деседі. Ал өзінің Дос­кел­ді деген құр­да­сы қыста өгіз шан­амен Бұқтар­ма­дан Егін­дібұлаққа балық тар­та­тын, оған Әбең бір жолы:

Әй, Дос­кел­ді, Доскелді,

Кіре­ге барып бос келді.

Бос кел­генін қайтейін,

Қоңыр­ме­нен өш келді, –

деген өлең шумағын Дос­кел­дінің жұбайы Қоңыр апа­мы­здың өз аузы­нан соғыс жыл­да­рын­да жиі тың­да­дым. Қоңыр маған да ептеп «сенің әкең олай еді, бұлай еді» деп мақтап, әңгі­ме­леп қоятын.

Өкініш­ке қарай, екі әкем­нің де өңі-түсі есім­де жоқ, әке­лерім­ді біл­медім деу­ге бола­ды. Оларға деген ықы­ла­сым­ды 2012 жылы жарық көр­ген «Қаза­қстан мем­ле­кет­тілі­гі үшін» деген бес том­дық кіта­бы­ма «Әкем Ахмет­жан (Шала­бай) және атам Әбділ­да Әлім­жа­но­втар Ұлы Отан соғы­сын­да мерт болып, қабір­лері май­дан шебін­де қалған. Осы бес том­дық жинақты қос әке­ме ескерт­кіш­ке арна­дым» деген қол­таң­ба жазып, әке­лері­ме өтей алмаған пары­зым­ды жеңіл­дет­кен болдым.

Шеше­лерім Тіле­жан («апа» дей­тін­мін), Ән («тәте» дей­тін­мін) үй шаруа­сы­мен шұғыл­дан­ды. Ал соғыс жыл­да­рын­да кол­хоз­да жұмыс істеп, қой, ешкі сауып, тәтем май­данға жібе­ру­ге жай­ла­уда қой сүті­нен ірім­шік даяр­лаға­ны есім­де. Шеше­лерім жауын­гер­лер­ге жіберіледі деп, жүн­нен жіп иіріп, қолғап, шұлық тоқи­тын. Ана­ла­рым­ның істе­генін көріп, мен де ұршық иіріп, қолғап тоқу­ды үйрен­ген едім. Екі шешем де мен деген­де шыбын жан­да­рын қиюға әзір еді. Тәтем 1976 жылы, ал апам 1982 жылы дүни­е­ден өтті. Оларға топы­рақ салып, баста­ры­на аты-жөн­дері жазы­лған мәр­мәр­дан тақтай­ша қойдым…

Мен өз әке­лерім тура­лы білетінім шама­лы болға­нын айт­паған­да, менің қызым мен ұлым, неме­ре­лерім мені тек ес біл­ген­нен бастап, көр­ген­дері арқы­лы біледі. Ал олар менің бала­лық, жастық шағым­нан мүл­де хабар­сыз деу­ге бола­ды. Басқа­лар оқы­ма­са да, бала-шаға, үрім-бұтақта­ры­ма жет­кі­зей­ін деген мақ­сат­пен және «мен тура­лы менен артық ешкім біл­мес» деген оймен өмір­ба­я­ным­ды жазуға кірістім де, оны «Мен соғы­стың түле­гі­мін» деп ата­уды жөн көрдім…

 

Мен Отан соғы­сы тура­лы жазай­ын деп мақ­сат қой­ып оты­рған жоқ­пын және оқыр­ман­дарға ақыл айтып, жастарға жол көр­се­ту де жос­па­рым­да жоқ. Мен өмір­ге кел­ген­де, Кеңес өкі­метіне тура 20 жыл болған. Дәл бүгін­гі 20 жастағы жастар Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­да өсіп жатыр. Олар­дың келе­ше­гі өте бұлы­ңғыр. Ұсы­ны­лған 40 жыл Мои­сей­дің жолы (1990−2030) күресіп жатқан, «Нұр­лы жол» жой­қын (2050) өзін­де ой жоқ, басын­да ми жоқтар үшін шыға­ры­лған сая­сат. Қазір дамы­ған 50 елдің қата­рын­да­мыз деп дау­ры­ға­мыз, ал шын­ды­ққа көз жүгір­тіп, адам дамуы­ның үш көр­сет­кі­шіне жүгін­сек (орта жастың ұза­қты­ғы, білім дең­гейі және ішкі өнім­нің жан басы­на шаққан­дағы көле­мі) Қаза­қстан дүние жүзі мем­ле­кет­терінің ара­сын­да 72-орын­да бол­са, ал Кеңес Одағы­ның құра­мын­да 33-орын­да еді.

Мен соци­а­лизм зама­нын­да еңбек етіп, капи­та­лизм кезеңін­де өмірім­нің соңғы жыл­да­рын өткі­зу­де­мін. Менің неме­ре­лерім тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да туып, ер жетіп келеді. Бірақ олар­дың зама­ны құбыл­ма­лы, қор­шаған қоғам­дық орта­сы қай­шы­лы­ққа толы екені тай­ға таң­ба басқан­дай көрініп тұр. Бұған кім кінәлі деген сұрақ күн тәр­тібі­нен түс­пей отыр. Бала ма, ата-ана ма, мек­теп пе, қоғам ба, жоқ әлде сая­сат па? Осы­лар­дың біре­уі ғана «кінәлі» десем, мен қате­ле­сер едім. Әйт­кен­мен, сая­сат­тың кінәсі басы­мы­рақ екенін айтқа­ным жөн болар. Себебі мен де «сая­сат­тың» ұрпағы екенім­ді айқын таны­ған қартпын.

Ресми тарих­тан білетіні­міз – Совет Одағы 1937 жылы дүни­е­жүзін­де­гі бірін­ші соци­а­ли­стік мем­ле­кет болып, Ұлы Октябрь рево­лю­ци­я­сы­ның толық жеңісін бүкіл әлем­ге жари­я­ла­ды. Алай­да мем­ле­кет­тің де, халы­қтың да жағ­дайы ауыр болған. Оның үстіне 1937 жылы жап­пай қуғын-сүр­гін сая­са­ты жүр­гізіл­ді. Осы қырғын сая­сат жай­ын­да мем­ле­кет қай­рат­кері Ерік Асан­ба­ев маған «1937 сен туған жыл – халы­ққа пәле әкел­ді» дей­тін. Мен Ерік Мағзұ­мұлы­на «жоқ, сен 1936 жылы науры­зда туып, пәлені баста­дың, ал мен 1937 жылы қара­ша айын­да дүни­е­ге келіп, бар­лық пәлені тоқтат­тым», – деп қал­жы­ң­да­са­тын едік.

Менің туы­ста­рым­ның ара­сын­да сот­талған-қат­талған адам болған жоқ. Алай­да оты­зын­шы жыл­дар­дағы зардап шек­кен боздақтар­дың туы­сқан-туған­да­ры­мен, бала­ла­ры­мен көп ара­ла­сып, тіп­ті қыз­мет­тес те бол­дым. Өмір өтіп, сая­сат түзел­ген кез­де көріп-біл­генім, оты­зын­шы жыл­да­ры аты­лып кет­кен қаза­қтар­дың бала­ла­ры­ның көп­шілі­гі таны­мал ғалым, қоғам және мем­ле­кет қай­рат­кер­лерінің дең­гей­іне көтеріл­ді. Алай­да бұлар­дың әке­леріне жасалған қия­нат үшін Ста­лин­ге нара­зы­лық біл­діруі – режим құлаған соң, оны әшке­ре­ле­уі орын­ды. Ал зия­лы­лар­дың кеңес зама­нын­да туып-өскен, соци­а­лиз­мнің жемісін жеген топ­та­ры­на не жоқ? Тіп­ті ол ғалым­дар­дың ара­сын­да соци­а­ли­стік дәуір­дің түбін түсіріп мақтап, тари­хи, ғылы­ми еңбек жазып, ака­де­ми­к­тік дәре­же­сіне жет­кен­дері де аз емес. Ал бүгін солар­дың біра­зы кеңес дәуіріне күйе жағу­ды ман­сап қылып жүр.

Мұн­дай іс-қимыл­дар­дың кем деген­де екі жағым­сыз жағ­дайы бар: бірін­ші­ден, тари­хи шын­ды­қты бұр­ма­лау, екін­ші­ден, жасөс­пірім­дер­ге теріс бағыт көр­сетіп, әділет­сіз ізденіс­ке итермелейді.

Сон­ды­қтан да сек­сен жылға таяу өткен өмірім­ді кеңес зама­ны және тәу­ел­сіздік жари­я­лаған ота­ны­мы­здың алға­шқы ширек ғасы­ры­мен ұшта­сты­ра баян­дау тәсілін, және тари­хи оқиға­лар­дың ақиқат жемісін әділет­ті баға­ла­уды жөн көрдім.

Мен ес біле бастаған­да, Ұлы Отан соғы­сы жүріп жат­ты. Май­дан­да қаза тапқан­дар жай­ын­да қара қағаз («изве­ще­ние о гибе­ли») келетін, шағын ауыл бол­са да, Егін­дібұлақ тұрғын­да­ры қара­лы отба­сы­на көңіл айтып, жыла­сып-сық­та­сып, шулап, жоқтау айта­тын. Біз­дер, Бөкеш, Қал­ды­ға­зы, Базар­бек, Базар­бай, Әли­мұ­хан, Төкенға­зы – бір топ бала­лар, ойнап жүр­ген асы­ғы­мы­зды тастай салып, үлкен­дер­дің айтқа­нын тың­дау үшін, қара­лы үйдің маңай­ы­на бара­тын­быз. Өзі­міз­ше әтте­ген-ай, біздің жасы­мыз жет­се, немістер­ді қырып-жояр едік деген­дей қын­жы­ла­тын­быз. Сол жыл­да­ры Егін­дібұлаққа екі-үш неміс отба­сын әкел­ген, құра­мы – әйел­дер мен бала­лар. Соның ара­сын­да біз­бен жасы шама­лас Фрид (Фри­дрих болар) атты ұл бол­ды. Соны қай­ғы­лы күн­дері сабағы­мыз келіп тұра­тын. Бірақ атам «оның кінәсі жоқ, өздерің сияқты бүл­дір­шін бала, қай­та оны қатар­ла­ры­ңа қосып, бір­ге жүрің­дер» деп, бізді тоқта­та­тын. Біз үшін ата­ла­ры­мы­здың айтқа­ны дала заңы, бұжыт­пай орын­дау қанға сіңген.

Сол жыл­да­ры біздің отба­сы­мы­зға да қара қағаз­дар жет­ті. Фин соғы­сы­на қаты­сқан, сонан соң «кад­ро­вый офи­цер» ретін­де әскер­де жүр­ген әкем­нің інісі Төле­убай­дан «ерлік­пен қаза тап­ты» деген хабар келіп­ті, ол менің есім­де жоқ. Ал 1943 жылы Әбділ­да – мерт бол­ды және Шала­бай – хабар­сыз кет­ті деп естірт­ті. Бұл суық хабар­ларға бәрі­міз­ден де, әсіре­се әжем Күн­жан қат­ты қинал­ды, үш ұлы­нан айы­ры­лу оңай ма, зар қағып жүретін.

Буы­ны­мыз қат­паған бала бол­сақ та, біз жесір қалған ана­ла­ры­мы­з­бен бір­ге күн көру­ге тыры­стық. Бәрін тізіп жазу мүм­кін емес, әйт­кен­мен бірер сәт­ті айтай­ын. Апам Тіле­жан ешкі фер­ма­сын­да түн­гі күзет­ші бол­ды, түн­де мал қора­ны қасқыр­дан күзе­ту қауіп­ті еді. Мен де апам­мен бір­ге жүретін­мін. Ал көк­тем­де ешкі лақтаған кез­де жұмыс көбей­еді, төл қабыл­дап, оны енесіне жеріт­пей емізу­ге көп күш керек. Ешкі көбіне егіз таба­ды, ал біздің фер­ма­да ангор, ақ түбіт жүн­ді, бәрі бір­кел­кі асыл тұқым­ды ешкі бол­ды, ұзын саны 500–600 бас болар – ойым­да нағыз саны сақтал­мап­ты. Бірақ әрбір ешкінің лағын бұл­жыт­пай танып, бауы­ры­на салып емі­зу – сол фер­ма­да тек менің қолым­нан келетін «өнер» бола­тын. Апам да және басқа фер­ма­да жұмыс істеп жүр­ген әйел­дер де «мына ешкі, мына лақты еміз­бей жатыр, осы­ны­кі ме, әлде жеріп кет­ті ме, енесін тауып бер­ші» деп, лақты құшақтап маған әкеліп беретін. Мен түстері бір­дей бол­са да, кешелі-бүгін­ді лақтаған ешкіні танып, лағын бауы­ры­на сала­ты­н­мын. Мек­теп жасы­на жет­пей жасалған шаруа, кей­ін ойла­сам зеректік­ке тәр­би­е­ле­ген екен ғой.

Ал тәтем Ән жай­ла­уда қой­дың сүті­нен ірім­шік даяр­лай­тын, оны аудан­нан жина­у­шы (заго­то­ви­тель) келіп, әскер­ге жібе­ретін. Мен сол ірім­шік даяр­лау тәсіл­деріне қолқа­быс етіп, көбіне баста­удың басы­нан тұнық суды иінаға­шпен шелек­теп таситынмын.

Айт­пақ­шы, ешкі өсі­ру тура­лы «Гос­план­да» қыз­мет істеп жүр­генім­де есті­ген бір әңгі­ме есі­ме түсіп отыр. Соғыс біт­кен соң, Қаза­қстан Ком­му­ни­стік пар­ти­я­сы­ның бірін­ші хат­шы­сы Жұма­бай Шаях­ме­тов пен Қазақ ССР Мини­стр­лер Советінің төраға­сы Нұр­тас Оңда­сы­нов И.В.Сталинге барып­ты-мыс. Әңгі­ме бары­сын­да олар «жол­дас Ста­лин, Қаза­қстан­да ешкі өсірудің мүм­кін­ді­гі зор. Сіз осы­ған қалай қарай­сыз?» – деп, көсем­нен пікір тар­тқы­сы келіп­ті. Сон­да Ста­лин труб­ка­сын сорып, әрі-бері жүріп «коза – это бед­ность» депті.

Содан да болар, соғы­стан кей­ін Ақсу­ат өңірін­де ешкі басы жой­ыл­ды, қой мен жылқы көбей­ді. Бірақ Жұме­кең мен Нұре­кең өза­ра «көсем­нің көр­гені Гру­зи­ядағы бау-бақ­ша­ның жапы­рағын жей­тін ешкі болар» деп мысқылдапты.

 

Соғыс жеңіспен аяқтал­ды деген хабар­ды мен атам­ның алдын­да, ат үстін­де естідім. Сол күні «Жаңа­та­лап» деген шағын кол­хоз­дан бірін­ші сынып бітір­ген соң, Көк­жы­ра мекені арқы­лы Базар деген егіс егетін кол­хоз­дың дала­сы­на кетіп бара жатқан­да, Көк­жы­ра­да көше­ге ілін­ген радио Жеңіс тура­лы саңқыл­дап тұр екен. Атам еке­уміз ауыл­дың шетін­де аттан түсіп, мен қуа­на секіріп, ал атам Құдай­ға сый­ы­нып, маңай­дағы зиратқа құран оқып, ниет біл­дір­ді. Сонан соң атам маған: «Балам, сен өсіп кетіп­сің, ертоқым тар болар» деп, шек­пе­нін аттың арқа­сы­на төсеп, мені мін­ге­стіріп алды. Мініп жүр­ген аты «Мүлік» деп аталған асыл тұқым­ды, кол­хозға шет­тен әкел­ген үлкен қара­то­ры айғыр еді. Атам оны қиын-қыстау кезең­де, көбіне қар­лы боран соққан күн­дері ығып кет­кен табын­ды ізде­у­ге мінетін. Мүлік кісі­не­ген­де, тау ара­сын­да ығып жүр­ген жылқы­лар да дыбыс беретін. Жану­ар­ды атам өте жақ­сы көр­ді, кол­хоз­дан алған аз-маз сұлы­ны Мүлік­ке беретін. Базар басы­на кел­сек, адам­дар тай­лы-таяғы қал­май, дала­да ән шырқап, бірін-бірі құшақтап, самау­рын қай­на­тып, түйе, қой сой­ып, мәре-сәре болып жатыр екен.

1944 жыл­дың қыр­күй­е­гін­де ауыл­дық совет­тің төраға­сы Төкен Бей­ілғо­жин жай­ла­удан күзе­у­ге жыл­жы­ған кез­де мек­теп жасы­на толған бала­лар­ды ат арба­сы­мен ара­лап, мек­теп­ке жина­ды. Мені де дала­дан ұстап алып, арбаға отыр деп бұй­ыр­ды. Апам: «Бұл әлі жеті жасқа толған жоқ» деп еді, оны төраға тың­да­май: «Қалай тол­май­ды, балаң еңге­зер­дей болып өсіп­ті» деп, өзін­ше шешем­ді жұбат­ты. Кол­хоз орта­лы­ғы Егін­дібұлақта баста­уыш мек­теп бар еді, оның екі бөл­месін­де төрт кла­стың оқу­шы­ла­ры оқи­тын, бар­лық пән­нен бір мұғалім сабақ беретін.

Ұста­зы­мы­здың есі­мі Әйтіш еді, жасы біздің әке­міз құра­лып­тас. Ал соғы­сқа неге бар­маға­ны есім­де жоқ. Ол заман­да мұғалім­дер­дің біра­зы бронь­мен қал­ды деп ести­тін­біз, әлде ден­са­улы­ғы­на бай­ла­ны­сты бол­ды ма екен?

Мені төраға Бай­ба­зар ақсақал­дың үйіне орна­ла­сты­рып: «Мына бала­ның ата­сы күзе­уден көшіп кел­ген­ше сен күтесің» деп, қат­ты­рақ сөй­леп, өзінің билі­гін сездір­ген­дей бол­ды. Бай­ба­зар ақсақал: «Ой, қам жеме, бұл кір­менің неме­ресін өз неме­рем­дей көрем ғой» деп, қал­жы­ң­дап, уәде берді.

Қыр­күй­ек­тің бірін­де Бөкеш еке­уміз мек­теп­ке бар­сақ, бір-екі әйел пар­та­лар­ды сүр­тіп, еден­ді сыпы­рып жатыр екен, ал мұғалім кел­ген бала­ларға анаған-мынаған көмек­тесің­дер деп нұсқап тұр­ды, өзі де қолқа­быс жасап жүр­ді. Ол күні сабақ болған жоқ, тек тізім­ді рет­те­ген мұғалім: «Ибра­ев Бекеш, сен сегіз жастан асып­сың, ал Әбділ­дин Сепон – сен жеті­ге тол­мап­сың, мек­теп жасы – жеті жас» деген­де, мен қат­ты қуан­дым. Бірақ: «Бала­лар­ды толық жинаған­ша, сен сабаққа қаты­са бер» деп, тағы да менің қуа­ны­шым­ды су сеп­кен­дей басты. Ол сөзінің себебі бала көбей­се, пар­та жет­пей­ді екен.

Бала кезім­де мені Сепон дей­тін, кей­ін неге олай десем, қазақ тілін­де «серік» деген сөз кей­де «сеп» «сеп­ті­гі тисін» деген сөз­бен үндеседі екен де, Серік­бол­сын – «сеп бол­сын», ерке­летіп айтқан­да, «Сепон» бола­ды деген­ді түсін­дір­ген еді ағаларым.

 

Ол жыл­дар­да – тап­шы­лық, Бай­ба­зар ата­мы­здың қауқа­ры да шама­лы, бірер сиы­ры болар, аз-мұз бидай, ал біздің әкел­ген құрт-ірім­шік көп­ке жет­пе­ді, «көзім көгеріп, қар­ным ашты­ның» сал­да­ры бастал­ды. Бірер апта­дан соң, мек­теп­тің маңай­ы­на күзе­уден Қызыл­кесік­ке қой жүнін тасып жүр­ген, өгіз арба­лы, өзі­ме жақ­сы таныс, соғы­стан жара­лы болып кел­ді ме, Шотан атты ағай тоқтай қал­ды. Мен оған: «Мек­теп­ке жасым жет­пеп­ті, мені ала кет» деп едім, қуа­на-қуа­на: «Мен түні­мен ұйы­қтаған жоқ­пын, мына өгізді айда» деп, биші­гін ұста­та сал­ды. Соны­мен апа­ма қай­тып жет­тім. Бұл тек шеше­ме, үйі­ме жет­кенім емес, апам­ның сақтап қой­ған сары майы, қай­мағы, құрт-ірім­ші­гіне қол жет­кіз­генім бол­ды. Апам ұлым кел­ді деп қуан­ды, мен қар­ным той­ды деп мәз бол­дым. Ауыл­со­вет­тің басты­ғы­нан сон­ша қорқа қой­ға­ны­мыз жоқ, себебі мұғалім­нің өзі жасың жет­пей­ді дегені бар. Шынын­да, ол заман­да мек­теп­ке 7 жасқа тол­маған­дар­ды қабыл­да­май­ды екен.

Қыстаққа, тағы да Алақ қорас­ы­на бар­дық. Шама­сы қаңтар айы­ның басы болар, 1945 жылы сол Алаққа ойда жоқ жер­де соғы­стан жара­лы болып қай­тқан, ал кел­ген соң Жаңатілек кол­хо­зы­на бас есеп­ші (бух­гал­тер) болып тағай­ын­далған Дол­дин Сқақ кел­ді. Менің атым­ды Сқаққа серік бол­сын деп – Серік­бол­сын қой­ған екен. Аман-есен кел­геніне қуа­нып, сол Алақтағы фер­ма­ның мең­ге­ру­шісі болып есеп­те­летін Арха­бай есім­ді ақсақал сер­ке сой­ып, қуа­нып оты­рған­да, ағам: «Мына Серік­бол­сын неге оқы­май­ды, мен мек­теп­ке алып кету­ге кел­дім және осы күн­ге дей­ін сүн­дет­ке оты­рғы­з­бап­сың!» деп, апа­ма тар­па бас сал­ды. Қазақ жолы­мен есеп­те­ген­де, қай­ны­сы жеңе­ше­сіне үстем­дік сөз айтуға бола­тын­ды­қтын ба, әйте­уір қан­ша өркөкірек бол­са да, апам ауыз толар­лы­қтай ештеңе айта алмады.

Ертеңін­де пар ат жек­кен шан­амен Кішіаға (неме­ре аға­ла­ры­мыз көп болған­ды­қтан ба, Сқақты – Кішіаға деп, Әшім­ді – Әшаға деп, тағы басқа­ла­ры­на да көңіл­ге сый­ым­ды сый­лы ат қоя­тын­быз) мені Жаңатілек­ке алып кет­ті. Шана­да Кішіаға­ның өз тұлы­бы­нан басқа бір тұлып, киіз пима бар екен, мені сол тұлы­пқа «мынау Қаба­жақтың тұлы­бы» деп орап, пима­ны аяғы­ма кигізіп қой­ды. Ал Қаба­жақ – Қасым­ха­нов Қаб­ды­рах­ман, капи­тан, май­дан­нан дема­лы­сқа келіп, Ақсу­ат­тан Аягөз­ге дей­ін Кішіаға поезға шыға­рып салған біздің жиені­міз еді. Ол соғыс біт­кен соң көп­те­ген орден, медаль­дар­мен мара­пат­талған жауын­гер ретін­де ел-жұр­тқа абы­рой­мен ора­лып, Ақсу­ат өлкесінің қадір­лі аза­ма­ты бол­ды. Біз Қаба­жақты мақтан тұта­тын­быз, өзі «ел басы­на күн туған­да, батыр­лар мен сияқты бұзы­қтар­дан шыға­ды» деп қал­жы­ң­дап қоятын.

Ақы­рын­да Кішіаға мені Тіле­жан шешем­нен Ән шеше­ме алып кел­ді. Оқу жылы­ның жар­ты­сы өтіп кет­се де, мені сон­дағы баста­уыш мек­теп­ке тір­кет­ті. Әли­ма атты бүл­дір­шін­дей жас, педучи­ли­щені бітіріп, сол жыл­дар­дағы кадр­лар­ды бөлу жүй­есі­мен (по рас­пре­де­ле­нию) Жаңатілек­ке Шығыс Қаза­қстан облы­сы­нан кел­ген екен.

Әскер­ден кел­ген бух­гал­тер мен шығы­стан кел­ген жас мұға­ли­ма­ның сөз­дері жарас­ты ма, әйте­уір Әли­ма апай маған көп уақы­тын бөліп, басқа бала­лар­дың оқы­ға­нын қуып жету­ге жәр­дем­де­сті. Сол жыл­да­ры – тап­шы­лық, әліп­пе тек мұғалім­нің қолын­да, ал дәп­тер аты­мен жоқ, ескі кітап-жур­нал, газет­тің бетіне шимай­лап жаза­тын­быз. Қалам­сап­ты дұрыс ұста­уға, әріп­тер­ді көр­кем жазуға мұға­ли­ма­мыз аса зор көңіл бөлетін.

Сөй­тіп, жар­ты жыл­да бірін­ші сынып­ты бітіріп, әліп­ті таяқ деп біл­мей­тін дең­гей­ден ежік­теп оқуға шамам жет­ті. 9 мамыр күні, «әлі оқу жылы аяқталған­ша, бір апта бар» деген мұға­ли­ма­ның сөзіне атам: «Қарағым, мына ұлды әкеліп бер деп, шеше­сі құлақ етім­ді жеді, бүгін алып кет­пе­сем, қай­та келіп жүру біз­ге де оңай емес. Сені Алла жары­лқа­сын, бірін­ші кла­сты бітір­ді деп боса­та ғой» деген қари­я­ның сөзін сый­ла­ды ма, әлде татар қызы әдеп­тілік біл­дір­ді ме, «сені күз­де күте­мін» деп басым­нан сипады.

Өкініш­ке қарай, сол күн бірін­ші ұста­зым­мен қоштасқан күн болып қала берді.

 

Менің қыр­күй­ек­те осы мұға­ли­маға қай­тып келер­мін деген ойым орын­дал­ма­ды. Әрине, бух­гал­тер­дің отба­сын­да тұру мал­шы­ның жер үйі­мен салы­сты­руға кел­мей­тін және бұл үйде бір ана­дан туған Зағыш атты апай­ым, Сай­рам­хан деген қарын­да­сым да бол­ды. Дәл бүгін олар­дың көзі тірі, апай­ым 80 жаста, қарын­да­сым 75-те, үйлі-күй­лі, бала­лы-шаға­лы бол­ды. Кішіаға­мыз Отан соғы­сы­ның арда­гері, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген эко­но­мисі, соғыс және еңбек май­да­нын­дағы жетістік­тері үшін орден, медаль­дар­мен мара­пат­талған, биыл 94 жасқа кел­ді. Кішіағаға Әли­ма бұй­ыр­маған болар, кей­ін Мәмен деген қызға үйлен­ді, ол жең­ге­міз он құр­сақ көтер­ді, «Батыр ана» атағы­на ие бол­ды, ағар­ту сала­сын­да көп жыл­дар қыз­мет етті.

Менің ойым­да қалған бір ерекшелі­гі – көр­кем әде­би­ет­ті көп оқу­шы еді, өкініш­ке қарай, ерте­рек дүние сал­ды. Кішіаға­мыз Алма­ты­да Бере­ке деген ұлы және Айгүл атты келіні­мен тұра­ды. Олар­дан бес неме­ре сүй­іп отыр. Басқа ұл-қызда­ры да Қаза­қстан­ның әр аймағын­да еңбек етіп жүр, бәрі де үйлі-баран­ды. Әділет­тілік­ке жүгін­сек, бұл менің туған отбасым.

Ал адал­дық жолын ұста­сам, тоғыз айлы­ғым­да бауы­ры­на басқан Тіле­жан апам­нан қалай ажы­рай­мын. Апам­ның шын пей­ілі­мен мені күт­кені есім­нен кет­пей­ді… Көр­шілер­дің сыбыр­лап сөй­ле­ген сөз­дері­нен «Тіле­жан бала көтер­ме­ген, Мәния мен Жәлел Әбділ­да­ның бала­дан қай­тыс болған бірін­ші әйелі­нен, ал Сепон – Әннен туған ғой» деген сөз­дерін де естіп, ішім­нен тынып жүре­мін. Соғыс жыл­да­рын­да Мәни­я­ны Семей­ге кәсі­би маман­ды­ққа оқы­та­мыз деп, ал Жәлел­ді Қараған­ды­ға ФЗУ-ға алып кет­кен. Соғы­стың қан­дай қиын­шы­лы­ғы бол­са да, кеңес үкі­меті әкесіз жетім­дер­ді оқы­туға көп көңіл бөл­генін өз отба­сым­нан біле­мін. Бұл менің тұрған отба­сым еді.

Соны­мен қатар менің екі әжем бол­ды. Күн­жан – Әлім­жан­ның бәй­бі­ше­сі, ал Жамал – атам­ның тоқа­лы. Атам еке­уін де бөл­мей-жар­май қамқор­лық жасай­тын. Кеңес зама­нын­да екі әйел­ге тый­ым салын­ды деген­ге де сену­ге бол­май­ды. Бұл да менің өмір­де көр­ген шын­ды­ғым. Күн­жан менің әкем­нің шеше­сі, бірақ мені атам бауы­ры­на тар­тып, көбіне Жамал әжем­нің қамқор­лы­ғын­да бол­дым. Үйі ірге­ле­с­кен екі әжем мені өздеріне тар­тып, кей­де сөз­ге келіп жата­тын, бірақ атам ақыр­са, еке­уі де жым болатын.

 

Серік­бол­сын ӘБДІЛДИН

 

Редак­ци­ядан: Серік­бол­сын Әбділ­дин аға­мы­здың осы естелі­гі толық жазы­лған «Тұңғыш төраға – Пер­вый пред­се­да­тель» деп ата­ла­тын кіта­бын мына мекен-жай­дан сатып алуға бола­ды: Алма­ты қ‑сы, Сей­фул­лин көше­сі, 288. Тел. 382−72−33, 382−72−30.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн