Суббота , 5 июля 2025

МЕН СОҒЫСТЫҢ ТҮЛЕГІМІН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №18 (382) от 12 мая 2017 г.

 

Естелік


 

(Жалға­сы. Басы газет­тің өткен санында)

 

Білім соқ­пағы

Бірін­ші сынып­ты 1945 жылы жар­ты­лай оқып бітір­ген соң, екін­ші сыны­пқа барар кез­де Тіле­жан апам­ның (бауы­ры­на басқан шеше­сі – Ред.) көңілі бұзы­ла бастаға­нын сездім. Бір күні қос сыр­тын­да ойнап оты­рып, көр­ші әйел­ге: «Мен балам­ды был­тыр оқы­ған жеріне жібер­мей­мін. Ол – Әнге (Әну­ар – туған ана­сы – Ред.) бауыр басып кете­ді. Осы күз­де Ақжай­лау жақтағы қыстаққа сұра­нып, сон­дағы Нұрақ ағам­ның қолы­на оқуға бере­мін» деген әңгі­месін естіп: «Апа, мен сенен алыс кет­пей­мін, Нұрақ атам­ның үйін­де тұрып оқуға бара­мын», – дедім. Нұрақ Боқа­нов апам­ның туған аға­сы еді, оның да бала­сы бол­май, бір жақын­да­ры­ның қызын бауы­ры­на салып алған.

Соны­мен, оқу жылын «Ақжай­лау» кол­хо­зы­ның Үштө­бе деген орта­лы­ғын­дағы баста­уыш мек­теп­те екін­ші кла­стан баста­дым. Наға­шы атам мен наға­шы апам маған жылы ниет­пен қара­ды, мен де «арам­та­мақ» бол­май­ын деген оймен қолға­нат бол­дым. Малға шөп салу, оның астын таза­лау, ат суға­рып, жем беру қолым­нан келетін. Мек­теп­тен келіп, жай­дақ атқа қарғып мініп, бұлақтан суа­рып келу мен үшін жұмыс емес, серу­ен сияқты бола­тын. Жыл өткен сай­ын мен туған-туы­сқан­дар бас қосқан жиын­дар­да тек ұл бала емес, қолға­нат, қолы­нан бәрі келетін, елге­зек бала атандым.

Соғыс аяқталған соң, атам­ның інілері Мұха­мет­жан, Тәлім­жан және ұлда­ры Әшім, Қыры­қ­бай бірі­нен соң бірі елге ора­ла баста­ды. Жал­пы, май­данға атам Әлім­жан­ның екі інісі, бір неме­ре інісі, бес ұлы қаты­сты. Соның үше­уі (Төле­убай, Әбділ­да, Шала­бай) ұры­ста қаза тауып, қалған бесе­уі жеңіл жел­пі жара­ла­нып, соғы­стан кей­ін­гі шару­а­шы­лы­қты қал­пы­на кел­ті­ру жыл­да­рын­да қызу еңбек­ке араласты.

Бір есім­де қалған күн – Тәлім­жан аға­мы­здың хабар­сыз кетіп, 1946 жылы тұтқын­нан (Ұлы­бри­та­ни­яда болып­ты) кел­ген күні еді. Әңгі­ме үстін­де аға­мы­зды «Тарғы­ба­тай» (қазір Қыры­қ­жыл­дық) кол­хо­зы­на есеп­ші қыз­метіне жібе­ретіні, ал мені қолға­нат ретін­де, әрі баста­уыш мек­теп­тің үшін­ші сыны­бын­да оқы­та­ты­ны сөз бол­ды. Бұл жер­де апам жоқ еді, мен сыр біл­дір­мей оты­ра бер­дім, ал атам мен наға­шым­ның үйін­де тұрып оқы­ға­ным­нан гөрі інісінің қолын­да жүр­генім­ді құп­таға­ны сезіл­ді. Сөздің қысқа­сы, мен сол жыл­да­ры Ақсу­ат ауда­ны­ның бір кол­хо­зы болып сана­ла­тын Аягөз­ге таяу «Тарғы­ба­тай» кол­хо­зын­дағы баста­уыш мек­теп­тің үшін­ші сыны­бы­на тіркелдім.

Жыл­дар өте кол­хоз­дағы жылқы саны көбей­іп, кол­хоз басқар­ма­сы ата­ма Төле­убай деген жас жігіт­пен Тәуір­ше деген оның жесір жең­гесін көмек­ші ретін­де қосым­ша табын­дар­ды бағуға шешім қабыл­да­ды. Бұл шешім бұры­нғы­дай емес, ата­ма күзе­уден орта­лы­ққа ерте­рек келу­ге мүм­кін­дік бер­ді. Сон­ды­қтан да маған «Егін­дібұлақ» кол­хо­зы­ның баста­уыш мек­тебіне қыр­күй­ек айы­нан бастап, төр­тін­ші сыны­пқа тір­ке­луі­ме жол ашты.

Ауыл­да оқу мүм­кін­ді­гі төрт­жыл­дық мек­теп­пен аяқтал­ды, ал бесін­ші сынып­ты аудан орта­лы­ғын­дағы онжыл­дық мек­теп­те жалға­сты­руға тура кел­ді. Сол жыл­да­ры Кішіағам Ақсу­ат аудан­дық жер бөлі­мінің есеп­шісі болып қыз­мет істе­ді. Бірақ дәл Ақсу­ат­тың орта­лы­ғын­да үй бол­ма­са керек, бұры­нғы бас есеп­ші болған «Жаңақұрал» кол­хо­зы­ның бер­ген үйі­нен барып келіп жүр­ді. «Жаңақұрал­дың» іргесі Ақсу­атқа тиіп тұрған, 2–3 шақы­рым­дай ғана алы­сты­ғы бола­тын. Қазір ешқан­дай арақа­шы­қты­ғы жоқ, аудан орта­лы­ғы­мен қосы­лып кетті.

Соны­мен, Тәтем­нің (Ән шешем­нің) қолы­на қай­тып орал­дым. Осы ауыл­дан мек­теп­ке барып келіп оқи­тын апай­ым Зағыш, қарын­да­сым Сай­рам­хан, тағы басқа 5–6 оқу­шы бол­ды. Мен Тоқтар Нұре­ке­нов деген бала­мен бір кла­ста болып, бір­ге жүр­дім. Ақсу­ат орта­лы­ғын­да туып-өскен құр­да­ста­ры­мыз мен сияқты ауыл­дан қосы­лған­дарға үдірейе қарай­тын. Себебін тауып, «ана­ны, мына­ны істе, тіл алма­саң, таяқ жей­сің» деген­дей мінез көр­сет­кен­дері де бола­тын. Үзілістер­де мені де ары-бері итеріп, үстем­дік жасағы­сы келетін. Бірақ мен оларға қар­сы­лық жаса­уға шамам бол­ды да, кей­де жек­пе жек­ке барып, қан­ша­ма кеудесін көтер­ген­дер­ге той­та­рыс бере алдым. Біздің бала кезі­міз­де жек­пе жек­тің бір шар­ты – күре­су еді. Кім жыға­ды – сол жеңеді. Сол жыл­да­ры Ақсу­ат­та Бай­ға­был атты палу­ан жас жігіт бол­ды. Той­лар­да оған ешкім тең кел­мей­тін. Алып та, шалып та жыға беретін. Тіп­ті Семей­ден де жүл­де алып қай­та­тын. Біз сол аға­мы­зға қат­ты еліктедік.

Кей­бір жағ­дай­да жығы­лған құр­да­ста­рым екі үше­уден жабы­ла­тын бол­ды. Бірақ аудан орта­лы­ғы шағын ғой – жеке кез­десіп қалған сәт­тер­де біразы­мен «есеп айы­ры­сып» жүр­дім. Біздің зама­ны­мы­здағы төбе­лес – білек пен жүрек­тің күші бола­тын, шоқ­пар, темір-тер­сек пайдаланбайтынбыз.

Бір жыл­дан кей­ін, 6‑сыныпта мені үздік оқу­шы­лар­дың қата­рын­да есеп­теп, қоғам­дық жұмысқа қосты. Ол заман­да мек­теп­те «пио­нер дру­жи­на­сы», «ком­со­мол коми­теті», «оқу­шы­лар коми­теті» деген ұйым­дар бола­тын. Мен алтын­шы сынып­тағы­лар­дың өкілі ретін­де оқу­шы­лар коми­тетінің құра­мы­на сай­лан­дым. Оның басты­ғы 8‑сынып оқу­шы­сы еді, сол жыл­дар­дың өзін­де аса қабілет­ті жас Нүкен Наси­ров бол­ды. Оның біз­ден бір сынып төмен оқи­тын Нұрах­мет деген інісі бол­ды, осы аза­мат­тар­мен аға­лы-інілі туы­стай болып едік. Өкініш­ке қарай, ол еке­уі де бүгін ара­мы­зда жоқ.

1950–51 оқу жылын­да менің мек­теп­ке қай­да тұрып, бара­ты­ным сөз бола баста­ды. Себебі 1950 жылы бүкіл одақ бой­ын­ша ұсақ кол­хоз­дар­ды іріле­ту сая­са­ты жүр­гізіл­ді. Ақсу­ат ауда­ны­нағы 36 кол­хоз­дан оншақты ірі шару­а­шы­лық құрыл­ды. Кішіаға­ны ірі­лен­ген «Екпін» кол­хо­зы­на бас бух­гал­тер­лік­ке жіберіп, үйі­міз Жаңақұрал­дан Екпін­ге қоныс аудар­ды. Екпін Ақсу­ат­тан 8 шақы­рым бола­тын. Әрине, мек­теп­ке жаяу барып-келіп оқу күр­делі бол­ды да, мені Мұха­меджан аға­мыз қолы­на алды. Ол аға­мыз (атам­ның інісі) аудан­да соғы­стан кей­ін­гі жыл­да­ры көр­нек­ті қыз­мет­кер бол­ды. Сахи атты жеңе­ше­міз баста­уыш кла­старға сабақ беретін.

Жеңе­ше шеше­міз жиі құр­сақ көтер­ді. Соғы­стан кей­ін­гі 4–5 жыл­да Баян, Бақыт­бек, Зей­не­гүл, Әди­на есім­ді үш қыз, бір ұлды бол­ды. Сахи тәте­міз он бала туып, өсіріп «Алтын алқа» тақты. Мен осы үйде тұрып оқы­ған жылы үш бөл­мелі шағын саман­нан салы­нған қоны­ста үлкен әже­міз – Күмі­сжан, аға-жең­ге­міз, олар­дың төрт бала­сы, менен үлкен атам­ның қызы – Кен­же­са­ры және ағам­мен қыз­мет­тес, бірақ Қызыл­кесік­те жұмыс істей­тін бір аза­мат­тың Рая атты қызы тұр­ды. Жиы­ны он адам 30 шар­шы метр үйде тұр­дық. Бұл мекен­ді соғы­стан бұрын менің Шала­бай әкем салған екен, соңғы жыл­да­ры төбесін ашып, шама­лы биік­тетіп, қосым­ша бір бөл­ме жалғап, кеңей­ту жұмысы­на мен де қаты­стым. Кей­бір күн­дері ауыл­дан сау етіп туы­сқан туған­дар келіп жата­ды. Жал­пы, үйде сабақ дай­ын­дай­тын жағ­дай жоқтың қасы, сон­ды­қтан да мен мек­теп­те мұғалім­дер не айта­ды, соны мұқи­ят тың­дап, ертеңін­де сұрай қал­са, бұл­жыт­пай қай­та айтып беру­ге дағ­ды­лан­дым. Әрине, үйге бер­ген есеп шыға­ру, шығар­ма жазу сияқты тап­сыр­ма­лар­ды тізе­ме дәп­тер­ді қой­ып жаз­сам да, орын­дап жүретін­мін. Осы­лай жүріп, Ақсу­ат­та «ВЛКСМ ның 30 жыл­ды­ғы» атты орта мек­теп­те 5–7‑сыныптарды бітірдім.

Ал 1953–54 оқу жылы баста­лар­дан бұрын, ірі­лен­ген «Ленин жолы» кол­хо­зы­ның орта­лы­ғы­нан 10 жыл­дық мек­теп ашыл­ды. Қызыл­кесік-Қызы­л­тас ауда­ны құры­лған (кей­інірек Ақсу­ат) оты­зын­шы жыл­да­ры аудан орта­лы­ғы болып, онда Киров атын­дағы мек­теп салы­нған екен. Соны жаңғыр­тып, аудан­да ашы­ла­тын екін­ші орта мек­теп­ті Қызыл­кесік­ке орна­ла­сты­ру халы­ққа қуа­ныш әкел­ді. Ол мек­теп­тің дирек­то­ры болып, Ақсу­ат орта мек­тебінің оқу ісінің жетек­шісі (завуч) Ғаб­бас Жүні­сов деген мате­ма­ти­ка физи­ка пән­дерінің мама­ны тағай­ын­дал­ды. Ол кісі біздің 7‑сыныпқа сабақ беретін, мені жақ­сы тани­тын, ол мұғалім­нің сабағын­да Тоқтар еке­уміз көбірек дау­ла­са­тын­быз. Себебі Ғаб­бас аға­мыз оқу­шы­лар­ды ойлан­ды­ра­тын­дай есеп­тер­дің әрқи­лы шыға­ру жол­да­рын ұсы­нып, бізді жары­сты­рып, өзі де қызып кететін.

 

Бір күні завуч шақы­ра­ды деп, маған бір мұға­ли­ма хабар бер­ді. Мен тағы да не бүл­діріп қой­дым екен деп кел­сем, Ғаб­бас аға­мыз: «Киров атын­дағы орта мек­теп­ке мені дирек­тор тағай­ын­даға­нын білесің ғой. Ол мек­теп­ті ашу үшін 8‑сыныпқа бір топ оқу­шы жинау керек. Осы жер­де оқып жүр­ген қыр жақтан (аудан­ның сол­түстік баты­сын­дағы шару­а­шы­лы­қтар­дың ата­уы) кел­ген бала­лар­ды білесің ғой, солар­дың тізі­мін жаса­уы­мыз керек. Тізім­нің басы­на өзіңді жазып отыр­мын, тағы кім­дер бар?» – деді. Бірін­ші аузы­ма түс­кені Бөкеш Ибра­ев бол­ды да, тағы біраз бала­лар­ды айт­тым. Бірақ Бөкеш Киров мек­тебіне бара алма­ды, себебі аудан орта­лы­ғын­да ауру­ха­на бар, дәрі­гер­лер­дің көме­гіне зәру еді. Тағы бір себеп – тұрған пәтері соғы­стан кел­ген біздің ата­лас туы­сы­мыз, аудан орта­лы­ғын­да тұты­ну­шы­лар коопе­ра­ци­я­сын (потреб­ко­опе­ра­ция) басқа­ра­тын Сапы­шев Мажит аға­мы­здың үйі еді. Бөке­штің бұл үйде жағ­дайы жақ­сы, өзі аға­мы­зға қолқа­нат болды.

1953–54 оқу жылын Киров атын­дағы орта мек­теп­те 16 оқу­шы­сы бар 8‑кластан бастап, 1955 жылы бәрі­міз ыды­ра­май бітір­дік. Осы жыл­да­ры менің білім алуы­ма жақ­сы жағ­дай бол­ды. Бірін­ші­ден, атам зей­нет­ке шығып, Әшім, Рама­зан, Мәзен атты ұлда­ры­мен Егін­дібұлақтан ірі­лен­ген кол­хоз орта­лы­ғы Қызыл­кесік­ке көшіп кел­ді. Үй-жай­ла­ры сол заман­ның мүм­кін­ді­гін­ше жақ­сы бол­ды. Әшаға кол­хоз­дың бас бух­гал­тері еді. Мек­теп­ке бара­тын атам­ның кен­же қызы Гүл­са­ра­мен мен ғана едім.

Қызыл­кесік аудан орта­лы­ғы болған мез­гіл­де, орта мек­теп­те (соғыс жыл­да­рын­да жеті жыл­дық Киров атын­дағы мек­теп болып қай­та құры­лған) он жыл­ды­қты біз бітіре­рде, жаңа­дан бірін­ші атте­стат ала­тын­дар­дан оқу оза­ты бол­са, медаль­ға ұсы­ныл­сын деген сыбыс бол­ды. Бұл бұры­нғы дәстүрі бар Киров мек­тебінің дәре­же­сін көте­ру мақ­са­ты­мен жасалған болар. Ол заман­да «Еңбек Ері» атағын беру және басқа мара­пат­тау жүй­есі сияқты меда­ли­стер­дің де санын рет­теп беретін «ВЛКСМ-ның 30 жыл­ды­ғы» атын­дағы мек­теп­ке – екі орын, Киров атын­дағы орта мек­теп­ке – бір орын бөлініп­ті деген сыбыст­ар­ды естідім. Онын­шы кла­сты біте­рер емти­ха­ны бастал­мас бұрын, мек­теп­тің мұғалім­дер алқа­сы (пед­со­вет) мені медаль­ға ұсы­нуға лай­ық деп шешім қабыл­даған. Емти­хан­ның қор­тындысы бой­ын­ша алтын медаль­ға жібер­ген құжат орыс тілі­нен «төрт» деп баға­ла­нып, маған күміс медаль­ды бекітіп­ті. Өкініш­ке орай, «ВЛКСМ 30 жыл­ды­ғы­нан» жібер­ген екі жұмысты да (біре­уі – орыс мек­тебі­нен, біре­уі – қазақ мек­тебі­нен) бір шикілік­тері бар деп бекіт­пеп­ті. Соны­мен, Ақсу­ат өңірін­де 1955 жылы 10-кла­сты алты мек­теп­тің қабы­рға­сы­нан өтіп, меда­лист атағы­мен бітірдім.

Серік­бол­сын ӘБДІЛДИН

 

(Жалға­сы газет­тің келесі санында)

 

Редак­ци­ядан: Серік­бол­сын Әбділ­дин аға­мы­здың осы естелі­гі толық жазы­лған «Тұңғыш төраға – Пер­вый пред­се­да­тель» деп ата­ла­тын кіта­бын мына мекен-жай­дан сатып алуға бола­ды: Алма­ты қ‑сы, Сей­фул­лин көше­сі, 288. Тел. 382−72−33, 382−72−30.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн