Понедельник , 7 июля 2025

МЕНДЕ ЗӘРЕ ЖОҚ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10 (281) от 12 мар­та 2015 г.

 

Уақыт уыты

 

  • Сәуір­дің 26-сы күні Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы пре­зи­ден­тінің кезек­тен тыс сай­ла­уы өткізіледі. Ол сонау бір жыл­да­ры «Қаза­қстан халы­қта­ры­ның ассам­бле­я­сы» делін­ген, кей­ін­нен ғана «Қаза­қстан халқы Ассам­бле­я­сы» деп өзгер­тіліп аталған мем­ле­кет­тік ұйым Кеңесінің ұсы­ны­сы­мен, пре­зи­дент Н. Назар­ба­ев­тың құп­та­уы­мен жүзе­ге аспақ.

 

Енді сәл кідіріп, өзім­нің Ассам­бле­я­ны «мем­ле­кет­тік ұйым» дегенім дұрыс па, жоқ па – соны біліп алай­ық. «Ассам­блея (фр. asemblee) – 1) бал, собра­ние в эпо­ху Пет­ра I; 2) назва­ние неко­то­рых руко­во­дя­щих орга­нов в меж­ду­на­род­ных орга­ни­за­ци­ях; Гене­раль­ная Ассам­блея Орга­ни­за­ции Объ­еди­нен­ных Нации (ООН) – один из глав­ных орга­нов ООН, состо­я­щий из пред­ста­ви­те­лей всех госу­дарств – чле­нов ООН; 3) в неко­то­рых бур­жу­аз­ных стра­нах – состав­ная часть наиме­но­ва­ния пар­ла­мен­та или одной из его палат».

Сон­да біздің Ассам­блея бұл үше­уінің қай­сысы? Ази­я­лы­қтар­ды (әрине, қаза­қтар­ды да) қара жұмысқа жегіп, мылқау етіп ұстау керек деп көкіп өткен І Петр­дың ойын-сауық кешінің, жина­лы­сы­ның сақта­лып қалған сарқы­ны ма? Әлде халы­қа­ра­лық бас­шы орган­дар­дың бірі ме? Неме­се бүгін­гі Қаза­қстан бур­жу­а­зи­я­лық ел ме?

Соны­мен, құр­мет­ті оқыр­ман, сіз бен біз оның не екенін түсін­бей­міз, себебі: Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­нан басқа жер­де, басқа елде «ассам­блея» барын есті­ген жоқ­пыз. Біздің ойлап тапқы­штар ойлап тапқан шығар, пар­ла­мен­ті­міздің мәжілісі де, сена­ты да шеше алмай­тын мәсе­ле­лер­ді шешіп отыр­сын деп. Әне­ки, ол Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы пре­зи­ден­тінің кезек­тен тыс сай­ла­у­ын өткі­зу мәсе­лесін шеше сал­ды да, пар­ла­мент­тің қос пала­та­сы «шегі­нер жер жоқ, арты­мы­зда…» деген­дей, қостап қол көте­ру­ге тиіс болды.

Жә, оны қой­шы, сай­ла­у­ға пре­зи­дент­тік­ке кім­дер кан­ди­дат болып қаты­са­ды деп ойлай­сыздар? «Еге­мен Қаза­қстан» газетінің екше­уін­ше, әзір­ше бір ғана лай­ы­қты кан­ди­дат – қазір­гі пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев мыр­за. Әрине! Талай сай­ла­уда тасы өрге дома­лаған Нұре­кеңнің бұл сай­ла­у­ға да қыңқ етпес кан­ди­дат болып қаты­суы қажет!.. Алай­да кей­бір заман­дас сай­ла­у­шы­ла­ры­мыз «шын жүй­рік өрге шап­са – өрше­ле­нер­ді» ұмы­тып, «Нұре­кең кан­ди­да­ту­ра­сын ұсын­бай қоя ма?» деп қауіп­те­неді екен. Мысал­ды «алы­стан арба­ла­май-ақ», «Еге­мен Қаза­қстан» газетінің 28 ақпан күн­гі саны­нан ала салайын:

…Нұр­сұл­тан бауы­рым! Сай­ла­у­ға түс. Елді басқа­ру жау­ап­кер­шілі­гін тағы да өз иығы­ңа жүк­те. Өзің құрған мем­ле­кетіңді мына қиын өткел­ден өзің өткіз. Көз­де­ген меже­леріңе өзің жет­кіз. Бір сөзің­де Әбубәкір Кер­дері баба­мы­здың: «Жігіт­ке ерлік те оңай, елдік те оңай, әгәрәки қабы­рға­лы бол­са халқы» деп айтқа­нын кел­тіріп едің ғой. Қабы­рға­лы халқың саған тағы да аза­мат­тың ауыр жүгін артқы­сы келеді. Халқы­ңа сен. Халқың саған сенеді. Алға тарт, Азаматым!

Әкім ТАРАЗИ, Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың лауреаты.

 

…Енді жоға­ры мәр­те­белі Елба­сы­мыз Нұр­сұл­тан Әбі­шұлы­ның пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға түсуіне келісім беруін ел аты­нан сұраймын.

Әнес САРАЙ, жазу­шы, дра­ма­тург, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қайраткері.

 

…Елі­міз азатты­ғын алған күн­нен бастап, іргесін қалап, кере­гесін мықтап, шаңы­рағын биік­ке көтер­ген, қазақ халқы мен қаза­қстан­ды­қтар­дың мәр­те­бесін асқақтатқан ел тұтқа­сы – тұлға тағы да халық тіле­гін қабыл алып, жұрт жүк­те­ген сенім биі­гі­нен көрі­неді деген ойдамын.

Қажы­ға­ли МҰХАНБЕТҚАЛИҰЛЫ, Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың лауреаты.

 

…Осы күн­дер­де ел халқы пре­зи­дент­тік­ке кан­ди­дат ретін­де ең алды­мен Елба­сы­ның есі­мін атай­ты­ны – шығар күн­дей шын­дық. Егер Елба­сы, өзінің кан­ди­да­ту­ра­сын ұсы­ну­шы көп­шілік­тің тіле­гін қабыл алса, бәрі­міз де ұтар едік.

Сұл­тан ОРАЗАЛИН, жазу­шы, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қайраткері.

 

…Осы жер­де атап көр­се­тетін бір жайт бар. Ол – Елба­сы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың 26-сәуір­ге бел­гі­лен­ген пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға өзінің кан­ди­да­ту­ра­сын ұсы­ну мәсе­лесі. Бұл – бар­ша қаза­қстан­ды­қтар­дың көкей­ін­де­гі мәселе.

Бек­бо­лат МҰҚЫШЕВ, «Арда­гер­лер ұйы­мы» РҚБ төраға­сы­ның орынбасары.

 

…Қазір­гі кез­де қаза­қстан­ды­қтар­дың ойын бір ғана мәсе­ле маза­ла­са керек. Ол – Елба­сы­ның өз кан­ди­да­ту­ра­сын пре­зи­дент­тік­ке ұсы­нуы. Пре­зи­дент халық қала­у­ы­на түсіністік­пен қарай­ды деп үміттенеміз.

Бақыт­жан ЕРТАЕВ, Пар­ла­мент мәжілісінің депу­та­ты, Халық қаһарманы.

 

Үлкен газет­тің аты – «үлкен газет», ол осын­ша­ма пікір­ді тоғы­сты­рып беру­ге, жал­пы осы кезек­тен тыс сай­ла­удың Қаза­қстан мен қазақ халқы­ның тағ­ды­рын­дағы аса жау­ап­ты шара екенін, елба­сы­мы­зды қалай­да қай­та­дан пре­зи­дент етіп сай­лап алуы­мы­зға қол жет­кіз­бей бол­май­ты­нын жұр­тқа түсін­діру­ге үлкен күш жұм­сап отыр. Газет­тің әрбір саны­ның алға­шқы 4–5 беті жоға­ры­дағы­дай ойға толы. Ал газет­тің бас­шы­сы Сауыт­бек Абд­рах­ма­нов мыр­за­ның «Ел тіле­гін ескеріңіз, Елба­сы!» деген шағын мақа­ла­сын қарасөз­бен жазы­лған дастан деу­ге болады.

Айт­пақ­шы, сол сияқты пікір иелерінің бірі – Абы­лай Мыр­за­хме­тов мыр­за билік­тің маңай­ын­дағы екі-үш Мыр­за­хме­то­втің қай­сысы екен деп, интер­нет­ке сұрау салып едім, өмір­ба­я­ны­ның орыс­ша­сын­да былай деп тұр:

 

 С 1998 по ноябрь 2001 года — пре­зи­дент РГП «Қаза­қстан темір жолы». В нояб­ре 2001 года Ука­зом Пре­зи­ден­та РК назна­чен мини­стром транс­пор­та и ком­му­ни­ка­ций. С 14 мар­та 2002 года вре­мен­но отстра­нен от долж­но­сти в свя­зи с нача­лом рас­сле­до­ва­ния финан­со­вых нару­ше­ний в пери­од нахож­де­ния на долж­но­сти дирек­то­ра «Қаза­қстан темір жолы». В апре­ле 2002 г. окон­ча­тель­но снят с долж­но­сти мини­стра ука­зом Пре­зи­ден­та. Гене­раль­ной про­ку­ра­ту­рой РК Аблаю Мыр­за­хме­то­ву предъ­яв­ле­но обви­не­ние в руко­вод­стве пре­ступ­ным сооб­ще­ством и совер­ше­нии хище­ний на сум­му более 3,3 млрд тен­ге. По при­го­во­ру Вер­хов­но­го суда Рес­пуб­ли­ки Казах­стан был при­го­во­рён к 5 годам лише­ния сво­бо­ды условно…

Есі­ме түсті: 3,3 мил­ли­ард тең­ге­ге жуық қазы­на­ның қар­жы­сын қымқыр­ды деп, сот­талған Мыр­за­хме­тов екен. Бірақ мил­ли­ард­тар­ды қылғы­тқан Абы­лай аман қала­ды да, Пав­ло­дар облы­сы­ның экс-әкі­мі Ғалым­жан Жақи­я­нов облыс бюд­жетінің бір тар­мағын­дағы сома­ны екін­ші тар­мағы­на ауы­сты­рып, «мем­ле­кет­ке 2 мил­ли­он тең­ге зиян кел­тір­гені үшін» 7 жылға түр­ме­ге жабы­ла­ды. Сол «қылғы­тқыш» Мыр­за­хме­тов енді Назар­ба­евқа жата-жалы­на тағы да пре­зи­дент­ті­ке түс деп жал­ба­ры­на­ды. Әрине, ана­дай қыл­мыстан шыбын шаққан­дай құр­лы құтқарған ада­мы­на жалын­баған­да – қайтсін?!

Газет­тің бұдан бұры­нғы сан­да­ры­ның бірі­нен мына­ны оқы­ға­ным­ды да айта кетейін:

«…Шын­ту­ай­ты­на кел­ген­де, Н.Назарбаев – біл­гір, дана, көре­ген, алдын болжай ала­тын, ешкім­ді бөліп-жар­май­тын, бар­ша­ның бала­сын бауы­ры­на басқан қазақ бол­са, сол қаза­қтық рух­тағы бүгін­гі таң­дағы Көш­бас­шы­мыз». (Асы­лы ОСМАНОВА, Қаза­қстан халқы Ассам­бле­я­сы­ның мүше­сі, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері). Нұре­кеңді қай­та­дан сай­лап алмай бол­май­ды деп алаң­даған ойы­ның түй­іні. Мұн­дай тұжы­рым­ның «біре­гейі» мынау:

 

«Жақын­да мен Елба­сы­ның аузы­нан бір жақ­сы сөз­дер­ді естідім, – оның дуа­лы аузы­нан кіл өңкей жақ­сы сөз­дер шыға­ты­нын өздеріңіз білесіз­дер, деген­мен, дәл сол сөз­дер маған әсіре­се қат­ты ұна­ды. «Қаза­қстан – дүниенің бір бөлі­гі, сон­ды­қтан дүни­е­де болып жатқан­ның бәрі біз­ден көрі­неді», – деді ол. Біздің жер­гілік­ті ұлт­шыл-пат­ри­от­тар, отан­шыл­ды­қтың сой­ы­лын соғу­шы­лар осы сөз­дер­ді жақ­сы­лап ұқса ғой, таза-тақыр тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның неме­се 17 мил­ли­он адам­ның ішін­де 10 мил­ли­он мүл­дем тәу­ел­сіз қазақ этно­сы дей­тін дара­лы­қтың бол­май­ты­нын түсін­се ғой. Ол мүм­кін емес және қажеті де жоқ, біз үшін ол әрі зиян­ды, әрі қауіпті.

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ,ақын.

(«Қазақ әде­би­еті» газеті, 27. 02. 2015 ж.).

 

Ойын қазақ тілін­де еркін айта алмай­тын, қазақ тілін­де мүл­де жаза алмай­тын ақын «таза-тақыр тәу­ел­сіздік» (бұл – аудар­ма­сы, орыс­ша­сын­да қалай екенін біл­мей­мін) – Қаза­қстанға қатер екенін осы­дан бір ай шама­сы бұрын өси­ет­теп өрке­ш­теніп еді, міне, тағы түсін­діріп, әдетін­ше өзі бәрін біліп, ештеңе біл­мей­тін өзге­лер­ді «ұқса ғой… түсін­се ғой» деп іліп-шалып, қазақ зия­лы­ла­ры­на тағы да ақыл айтыпты…

Соны­мен, Нұре­кең өзінің кан­ди­да­ту­ра­сын ұсын­бай қоя ма деп уай­ым­дап жүр­ген бел­сен­ділер­дің сөз­дерін тіз­ген­ді доға­ра тұрып, өзім­де нелік­тен зәре жоғын айтай­ын: мен Нұре­кеңнің пре­зи­дент­тік­ке бұл жолы да өзін ұсы­нуға келі­сетініне, жеңіп шыға­ты­ны­на шүбәлан­бай­мын, тек сай­ла­у­шы­лар дауы­сы­ның мен дол­бар­лап оты­рған 99, 8 пай­ы­зы­ның орны­на 99, 7 пай­ы­зын алып қалар ма екен деп уай­ым­дап жүр­мін. Зәрем ұшып жүр­гені – содан.

Серік­бай МАРАТ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн