Суббота , 12 июля 2025

«МЕНШІКТІҢ БАСҚА ТҮРІ» кітапхананы кіріптар қылмай ма?

Қаза­қстан­ның мұрағат­та­ры, мұра­жай­ла­ры мен кіта­п­ха­на­ла­ры мен­шік­тің басқа түріне көшіріледі, деп мәлім етті ҚР мәде­ни­ет және спорт мини­стрі Ары­стан­бек Мұхамедиұлы.

«Біз жақын­да Ұлт­тық мұра­жай­ды рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кәсі­по­рын құры­лы­мы­на алма­стыр­дық. Біздің алды­мы­здағы мін­дет – мұра­жай­ла­ры­мы­зды, қоры­қта­ры­мыз, кіта­п­ха­на­ла­ры­мыз бен, мүм­кін­ді­гін­ше, мұрағат­та­ры­мы­зды РМКК мәр­те­бесіне көші­ру. Ол бірін­ші кезек­те олар­дың жұмыста­рын жан­дан­ды­ра­ды», – деді А. Мұха­ме­диұ­лы дүй­сен­бі күні ведом­ство­ның кеңей­тіл­ген алқа отырысында.

Оның айтуын­ша, қаза­қстан­дық мұрағат­тар халы­қа­ра­лық тәжіри­бені қол­да­нуға ұмты­лып, тек аны­қта­ма­ны дай­ын­да­у­мен ғана айна­лы­спай, соны­мен қатар өздерінің ғылы­ми зерт­те­улері­мен де айна­лы­суы тиісті. Бұл рет­те ол 2016 жыл­дан бастап қаза­қстан­дық ЖОО-лар мұра­жай және мұрағат­тық іс маман­да­рын дай­ын­да­уға кірі­седі деді.

«Қазір әлем­дік тәжіри­бе – мұра­жай және мұрағат­тық іс маман­да­рын дай­ын­да­у­мен шығар­ма­шы­лық ЖОО-лар айна­лы­са­ды. Ол қазір уақыт тала­бы. Осы­ған қаты­сты, құр­мет­ті шығар­ма­шы­лық ЖОО-лар­дың рек­тор­ла­ры, сіз­дер 2016 жылы осы маман­ды­қтар бой­ын­ша сту­дент­тер­ді қабыл­да­уды жос­пар­лап қою­ла­ры­ңыз керек», – деді А. Мұхамедиұлы.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн