Воскресенье , 6 июля 2025

МЕРЕЙТОЙ МУИСИ АГА

Дер уағын­да біздің редак­ци­я­ның наза­ры­нан қағыс қалған бір жәйт – Бек­жан Тұры­стың 50 жасқа толған мерей­тойы боп­ты… Иә, «елге сіңір­ген еңбе­гім бар» деп, елеп-еске­руді «сұрап ала­тын» қаза­қтың дома­лақ дата­сы дөң­ге­леніп, екі күн­нің бірін­де өтіп жата­ты­ны бар. Енде­ше біз сөз айтар сәті сыты­лып кет­се де, Бек­жан мыр­за­ны бөле-жара неге ата­уы­мыз керек? Бұл – біздің төмен­гі жари­я­ла­ны­мға жоралғы болған сұрақ.

«Тұр­па­ты Тұры­стай тұлға аз ба?». Бұл – дата­лы дөңнің басын­да біздің газет­те «еңбе­гі елен­бей» қалған сол қаза­қтың сұрағы. Бұның да жөні бар уәж. Сөз жоқ, еңбе­гі біздің екше­у­ге сай кел­се, ол қазақ та қаға­беріс қал­май­ды. Олар ара-тұра ата­лып жүр.

Ал біз Бек­жан­ның театр­да төк­кен тері мен тір­лі­гін тір­нек­те­мей, тек қоғам­да қалып­тасқан Аза­мат­тық атын өз «екше­уі­міз­бен еледік». Сол екше­удің еле­гі­нен қара­сақ, «ДАТ»-тың «даңғой­лы­ғы­на» дөп келер қазақ азай­ып бара­ды екен: бұл қай жақ­сы­лы­қтың ныша­ны екенін сіздің екше­уіңіз біл­сін, мәр­те­белі оқыр­ман. Жоға­ры­да «ара-тұра» дегені­міз – сол азды­қтың кебі. Ой мен қыр­дың ара­сы­нан жаны­на жылы жылға ізде­мей, өзінің тура тар­тқан бүл­кілі­мен бүгіл­мей келе жатқан екі жігіт бол­са, соның арда күреңі – осы Бек­жан болар.

Айт­пақ­шы, осын­дай алғы­сөз­ге Ақер­ке қарын­да­сым түрт­кі бол­ды: «Фейс­бук­тің» бір бұры­шы­на «Бек­жан ағам 50 кел­ді» деп жазып­ты. Оқы­дым да: «Қап, біз бұны қалай біл­медік?!» деп, Ақер­кенің өзіне «жазып бер­мен» қолқа салдым.

Жазып­ты. Ұна­ды. Қара­пай­ым көре­рмен­нің тілі­мен жазы­лған. Сол жаз­ба­да менің өзгерт­кенім бас тақы­ры­бы ғана бол­ды – «АҒА» деген. Өзгесінің өң-түсі сол қалпы.

Ермұрат БАПИ

АҒА

Дүни­е­де аға­лар көп, бірақ «аға» деп айтуға лай­ы­қты­ла­ры өте аз. Бек­жан – аға! Аты да, заты да айтуға әбден лай­ы­қты. Біті­мі – біре­гей. Ойы – бірбеткей.

Ағам жай­лы өте көп жазуға бола­ды. Бәрін айт та, бірін айт: ол кісінің кіші­пей­іл­ді­гі, қара­пай­ым­ды­лы­ғы, жомарт­ты­ғы, адам­гер­шілі­гі – бөлек әңгі­ме. Қаза­ққа жақ­сы дүниені өзі де сіңіріп, өзге­ге де айта жүреді.

Біздің қаза­қтың ірілі­гіне іштар­лы­ғы еріп жүретін жәйт жамы­рап бара жатқа­ны Бек­жан аға­ның жаны­на бата­ды. Мәсе­лен, театр төңіре­гін­де жүр­ген­дер бір-біріне «хал­тур­шик» деген сөзді жиі қол­да­на­ды. Талай әртіспен әңі­ме­лес­піз – естіп жүр­міз. Бірақ сол сөзді Бек­жан аға­ның аузы­нан есті­меп­пін. Ол атақты Бау­кеңнің – Бауы­р­жан Момы­шұлы­ның сөзін еске ала­ды: «Егер біреу саған өзге біре­уді жаман­да­са, оған сен­бе, ертең сені келесі біре­у­ге барып жаман­да­уы мүм­кін», – деп. Ол өзі­мен театр­да, тұр­мыс-тір­лік­те қатар жүр­ген өзгені ешқа­шан ғай­бат­та­май­ды. Керісін­ше, теат­рға кеше кел­ген інісінің өзін ірі тар­тып, дәріп­теп жүретінін көп көрдік.

Өткен жолғы бір кез­де­су­де: «Жалғыз қалғың кел­се, ақиқат­ты айт» дегені бар. «Қазiр жұлы­мыр заманға қарай, адам­дар да тым жағым­паз, жыл­пос болып бара­ды, – деген-ді Бек­жан аға. – Бетiңе қарап күлiп алып, көзiңдi ала бере жаман­дай­ты­ны бар. Қоғам­да бол­сын, театр­дағы бол­сын, осын­дай келеңсiздiк­тер­дi көр­сем, шыдай алмай­мын. Көп атал­май кет­кен ақын Өмiр­зақ Қожа­мұра­то­втың айтқа­ны есі­ме түсiп отыр» деп, нақы­лға тұрар­лық өлең жол­да­рын жатқа айта жөнелді:

«Сен басты­ғы­ң­ды айттың –

жағы­нып жалпаңдайтұғын,

Мен жасты­ғым­ды айттым –

тау­лар­ды талқандайтұғын,

Бiле кет –

ақыл­дан адасқандардың,

ажал­дан адаспайтынын.

Тақ үшiн таласқандардың –

табы­тқа таласпайтынын».

Өмір­зақ аға да кере­мет айтып­ты, Бек­жан аға да оны ғала­мат сезім­мен жет­кізді. Содан ойын ары қарай жалға­ды: «Сатқын­да­ры саты­мен өрлеп, жан­ты­қта­ры әлi де жой­ыл­маған елмiз. Жаңа­дан бiр бас­шы кел­се, соның қол­ты­ғы­на оп-оңай кiрiп ала­ды да, келесi бас­шы кел­ген­де, сарт еткізіп сатып жiбе­редi. Осын­дай мiнез­дер­дi көр­ген­де тұла-бой­ың түр­шi­гедi. Қазiр бай­қа­саңыз, құдай­дан гөрi қыз­метi үлкен­дер­ге табы­ну басым, ақша­ны «Алла» санай­тын­дар көп. Әрине, ақша – керек дүние, бiрақ оның құлы­на айна­луға болмайды».

Айт­пақ­шы, көп айта алмай, ұзақ жасай алмай кет­кен Өмір­зақ марқұм­ды Бек­жан аға арқы­лы таны­дым. Өмір­зақ Қожа­мұра­то­втың: «Батыр ақын бол­ма­са – ақын­ды­ққа мін емес, Ақын батыр бол­ма­са – көр­ген күні күн емес» деген сөзін Бек­жан аға­ның аузы­нан естідім.

Қазір ойлай­мын: Бек­жан аға кезін­де көгіл­дір жәшік­те өзі ойнаған дана­гөй Ақыл­бай ақсақалға айна­лып келе жатқан секіл­ді. Тағы бір­де оның: «Адам­дар­дың іші­нен адам іздеп жүр­мін» дегені бар. Ойла­нып қал­дым. Рас-ау, дүни­е­де адам­дар көп, бірақ «АДАМ» деп ата­ла­тын­да­ры аз шығар.

Мен «Сыған сере­на­да­сы» (Исрай­ыл Сапар­бай) қой­ы­лған сай­ын, Әкем­тет­рға бара­мын. Қазақ валь­сінің каролі атанған Шәм­ші аға­мы­зды көр­гім келеді де тұра­ды. Әлде Шәм­шіні театр­да шыңға шығарған Бек­жан аға­ның кере­мет рөліне ғашық болар­мын. Бұл қой­ы­лым­да ең алғаш айты­ла­тын ән – «Ана тура­лы жыр». Шәм­ші аға­ның бей­несін осы дра­ма­дан тап­тым, оның ұлы­лы­ғын өз көзім­мен көр­ген­дей бол­дым. Себебі Бек­жан аға­ның жан-дүни­есі арқы­лы дәл Шәм­шіні таны­дым. Осы қой­ы­лым арқы­лы Шәм­ші әле­мі­мен таны­стым. Әрбір әнінің тарихын ұқтым, ұлы­лы­ғын ұғындым.

Образға еніп ойна­уы өз алды­на, тіп­ті сурет­те­гі Шәм­ші мен театр­дағы Шәм­шінің айыр­ма­шы­лы­ғы жоқ сияқты көрі­неді де тұра­ды. Әлде ұлы адам­дар ұқсас келеді деген осы ма екен?

Шәм­шінің сыған табо­ры алдын­да Естай ақын­ның «Құс­ни-Қор­лан» әнін орын­даған­да: «Не деген кере­мет, қаза­қта да ғажап әндер көп екен ғой!» деп таңы­рқаған сыған­дар Бек­жанға да бас иген­дей болып көрінеді.

Сыган­дар­дың қазақ еліне сапа­ры аяқтал­ды. Көш кететін күн. Изоль­да мен Шамс ара­сын­да тұтанған сезім­нің де сөнер сәті. Шамс – қаза­ққа, Изоль­да – сығанға керек.

«Шамс, кетесің бе сыгандармен –

мені­мен?».

«Әкем қарғыс айт­пай ма – елін тастап

кет­ті деп,

шешем қарғыс айт­пай ма – жерін

тастап кет­ті деп,

елім қарғыс айт­пай ма – елін

тастап кет­ті деп?!».

Осы екі ауыз диа­лог­тан қос сезім­нің құдіреті құй­ы­ла­ды: махаб­бат және аза­мат­тық парыз. Еке­уі де жүрек­ті мекен еткен. Бірі – көк­ке қанат сер­мей­тін кәусәр күй­ге, бір басы­ң­ның аңса­рын ашар сезім­ге жете­лей­ді. Екін­шісі – табан асты­ң­дағы туған жер­ге тамы­ры терең кет­кен пер­зент­тік пары­здың аза­мат­тық пай­ы­мын сездіреді. Сол екіұ­дай сезім­нің құдіретін мен Бек­жан аға­ның орын­да­уын­дағы Шәм­шінің бой­ы­нан көре бел­дім. Менің Бек­жан ағам сол құдірет­ті көр­се­те білді.

…Бір­де театр­дан шығып бара жатып, жас та бол­са атағы біраз жер­ге жет­кен әртіс Дулы­ға Ақмол­да­ны кезік­тіріп қалдым.

– Аға, Бек­жан Тұрыс сіздің баға­мы­ңы­зда кім? – деп төтесі­нен қой­ып қалдым.

Дулы­ға да дағ­да­рып қалмады:

– Бек­жан – сара жол­дың иесі, өнер оның киесі! – деді салған жерден.

Мен екі бір­дей ағам­ның бір-біріне деген құр­метіне қуа­нып, ертеңін­де гүл алып, теат­рға тағы да кел­дім. Аңсаған арма­ным – осын­дай аға­ла­рым көп бол­са екен!

Ақер­ке ӘБДІМАНАПҚЫЗЫ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн