Меруерт ТҮСІПБАЕВА: БІРЕУДІ БАҚЫТСЫЗ ЕТУДЕН ҚОРҚАМЫН

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №10-11 (375) от 16 марта 2017 г.

 

Дөп сөз

 

Димаш бауырымызды тіл-көзден бұрын, «Нұр Отаннан» сақта деу керек шығар…

Еділ Мәкеннің ФБ-парақшасынан

 

Сыр ашу


 

Меруерт Түсіпбаева отандық бағдарламалардың бірінде өз өмірі жайында сыр шертіп, өнердің соқпақ жолдарында бағындырған белестерін айтып берді. Бірақ соңғы уақытта жаңа ән жаздырудан бұрын, киноға түсіп жүрген әнші актерлікке көп ден қойып жүр екен.

 

Меруерт қазақ еліне «Қимай сені барамын» әні арқылы танылып, талай тыңдармандардың жүрегінің төрінен орын алды. Тіптен әлі күнге дейін ол ән өз тыңдарманын жоғалтпаған. Әншінің өзі айтқандай, жаңа әндерінен гөрі, ескі әндеріне әлі күнге дейін сұраныс көп екен.

«Соңғы он екі жылдың ішінде мен орындаған әндерімнің барлығы хит болды десем – қателеспеймін. Бұл артық айтқаным емес. Дәл қазіргі уақытта мен жаңа әндер жаздырып жатырмын. Әрине, барлық әндерім хит болады деп мақтанып айта алмаймын. Шығармашылығымда, бәлкім, тоқырау болып жатқан шығар. Құдайға шүкір, мен қазіргі уақытта киноға да түсіп жатырмын. Өнер саласында жинаған барлық тәжірибемді мен шәкірттеріме беруге тырысудамын. Қалған өміріме азық болатын хит әндерім де көп. Сол ескі әндерімді көп адам сұрайды. Ескі әндерімнің көп сұранысқа ие екенін мақтанышпен айта аламын», – дейді әнші.

Тек шығармашылығына ғана емес, жеке өміріне де тоқтала кеткен Меруерт өзіне «Тұрмысқа қашан шығасыз?» деп жиі қойылатын сұраққа: «Менің мінезім нашар. Он төрт жылдан бері жалғыз өзім өмір сүріп келемін. Отбасы болу деген сөз – басқа адаммен санасуың керек дегенді білдіреді. Жұмыстан үйге келген соң, оның көңіліне қарап, тамағын әзірлеп, киімін үтіктеп беруің қажет болады. Ал қазір мен үйге келемін, тамақ дайындамаймын. Сондықтан біреуді бақытсыз етуден қорқамын», – деп ағынан жарылды әнші. Бірақ аналық махаббатты жеткілікті сезіне алмаған Меруерт соңғы кездері сәбидің иісін сағынып жүргенін жасырып қалмады. Сол үшін балалар үйіне жиі баратын ол сәби асырап алғысы келеді.

Бұрынғы күйеуі жайында «Қимай сені барамын» бейнебаянына сол кезде күйеуім түскен болатын. Ол өте әдемі жігіт болды. Талай қыздар ғашық еді. Екеуміз жеті-сегіз жылдай өмір сүрдік. Өмірдің сынақтарына шыдамадық. Одан бірге өте алмадық. Бұған ешкімді кінәламаймын. Арада қызғаныш көп болды, жұмыс істеу мүлдем болмай кеткен соң ажырастық деп әңгімелеген әнші қазір ұлы мен әкесінің қарым-қатынасын ашып айтпады. Тіптен осы бағдарламадан соң да Меруерттің инста-парақшасындағы оқырмандары бұл сұраққа жауап сұрап әлек болуда.

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн