Суббота , 5 июля 2025

МЕРУЕРТ жылаған қызды ЖҰБАТАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №15 (379) от 20 апре­ля 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

Мей­ірім­ділік


 

Ақтө­бе облы­сы­ның 10 жастағы тұрғы­ны билік өкіл­деріне үндеу айтып, жанай­қай­ын жет­кіз­ген видео­сы желі­де жари­я­ланған еді. Кіш­кен­тай ғана қыздың аяны­шты халы қазақ жұр­тын бей-жай қал­дыр­ма­сы анық. Көмек­тесіп, қол ұшын созғы­сы келетін­дер де табы­лып жатты.

 

Солар­дың бірі – таны­мал әнші Меру­ерт Түсі­п­ба­е­ва бол­ды, деп хабар­лай­ды qamshy. Kz пор­та­лы. Оқу­шы қыздың жанай­қай­ын есті­ген әнші бір­ден көмек­те­скісі келетінін «Фейс­бук» парақ­ша­сын­да жаз­ды. Жаз­ба­сын­да қызға жаны ашы­ған әнші: «Кітап­та­рым суға кет­ті деп жыла­ма­шы, ботақан! Бәрін өзім әпе­ре­мін» деген екен.

Еске сала кетей­ік, Махам­бе­тов ауы­лын­да тұра­тын Тұрған­гүл Еші­мо­ва су тасқы­ны сал­да­ры­нан жалғыз үйі­нен айы­ры­лып қал­ды. Әйел­дің айтуын­ша, жүре­гі нашар күй­е­уі үйінің қалай құлап жатқа­нын өз көзі­мен көр­ген. Ал кіші қызда­ры Махаб­бат – № 36 мек­теп­тің 4‑сынып оқу­шы­сы, ол кітап­сыз, киім­сіз қалған. Су тасқы­ны­нан жапа шек­кен отба­сы естерін әлі жимаған. Осы жағ­дай­ды ескеріп, 10 жастағы Махаб­бат билік­ке үндеу айт­ты. Жапа шек­кен­дер­ге лай­ы­қты көмек көр­сет­пе­ген билік­ті айып­тап, жанай­қай­ын айтып салды.

«Дүй­сен­бi күнi Ақтө­бе­ге ұшпақ­шы­мын. Махаб­батқа кiтап­тар­ды өзiм тап­сыр­мақ­шы­мын. 600 адам мек­теп­тiң спорт­за­лын­да жатыр екен. Махаб­бат­тың ана­сы­на хабар­ла­стым. Әкім­шілік ұйым­да­стыр­са, топан­с­у­дан зардап шек­кен­дер­ге тегiн кон­церт бере­мiн», – деп жаз­ды Меру­ерт Түсі­п­ба­е­ва желі­де­гі өз парақшасында.

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн