Среда , 30 апреля 2025

Міндетті дәрігерлік сақтандыру: ХАЛЫҚ ҚАПЫ ҚАЛМАЙ МА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (360) от 24 нояб­ря 2016 г.

 

ДАТ!


 

 

Бұған дей­ін мәлім болған­дай, келесі жыл­дан бастап Мін­дет­ті әле­умет­тік дәрі­гер­лік сақтан­ды­ру (МӘДС) жүй­есі енгізіледі. Яғни, елдің ден­са­улық сақтау сала­сы ақы­лы қыз­мет­ке көшеді.

Осы орай­да қоғам­ды маза­лаған сұрақтар көп. Мәсе­лен, Мем­ле­кет­тік ста­ти­си­ка коми­тетінің ресми деректері бой­ын­ша тір­ке­уде тұрған жар­ты мил­ли­он­нан астам жұмыс­сыздар (бей­ре­сми деректер бой­ын­ша, бұл көр­сет­кіш – 2,5 мил­ли­он адам­нан астам) дәрі­гер­лік көмек­ті қалай ала­ды? Бұл орай­да мем­ле­кет тара­пы­нан жүр­гізіл­ген түсін­ді­ру жұмыста­ры жоқтың қасы.

Ал өз күнін өзі көретін жеке кәсіп­кер сана­тын­дағы адам­дар МӘДС жүй­есін қалай пай­да­ла­на­ды? Бұл тура­лы ақпа­рат та там-тұм: мем­ле­кет­тік басы­лым бет­тері ел пре­зи­ден­тінің «ерен істерін» жар­на­ма­ла­удан ары­ға жары­май­ды; теле­ди­дар экран­да­ры шоу-думан­ның шаңын шыға­ру­дан босамайды.

Жуы­қта Алма­ты қала­сы бой­ын­ша Дәрі­гер­лік қыз­мет ақы­сын төлеу депар­та­мен­тінің дирек­то­ры Тіле­ухан Әбіл­да­ев: «МӘДС жүй­есі енгізіл­ген­нен кей­ін­гі бірін­ші жыл­да өз күнін өзі көретін­дер ең төмен­гі жалақы­ның 2%-ын төлей­тін бола­ды», – деп хабар­ла­ды (Еске салай­ық – 2016 жыл­дың 1 қаңта­ры­нан бер­гі ең төмен­гі жалақы мөл­шері – 22 859 тен­ге). «Егер өз күнін өзі көретін­дер жеке кәсіп­кер ста­ту­сын сақтап қала­тын бол­са, МӘДС-ке ең төмен­гі жалақы мөл­шерінің 2 пай­ы­зын төлей­ді, бұл сома бүгін­де 457 тең­ге», – деді ол бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да. (Тағы да еске салай­ық – 2020 жылға дей­ін МӘДС-ке төле­нетін салы­қтың мөл­шері 7 пай­ы­зға дей­ін өседі).

Соны­мен, МӘДС жүй­есін­де қан­дай мән бар? Бұл жүйе жұмыс­сыздар мен өз күнін өздері көріп жүр­ген халы­қты қалай жары­лқай­ды? Осы және ден­са­улық сақтау сала­сын­дағы басқа да сұрақтарға бай­ла­ны­сты «Аман-саулық» қоғам­дық қоры­ның төрай­ы­мы Бақты­лы ТҮМЕНОВА ханым­мен «ДАТ!» айда­ры аясын­да сұх­бат­тасқан едік.

 

– Бақты­лы Нияз­бекқы­зы, келер жыл­дан бастап қаза­қстан­ды­қтарға көр­сетілетін меди­ци­на­лық көмек Мін­дет­ті әле­умет­тік сақтан­ды­ру жүй­есі арқы­лы жүзе­ге асы­рыл­мақ. Ал мұн­дай жаңа өзгеріс халы­ққа және елі­міздің меди­ци­на сала­сын­да қан­ша­лы­қты тиім­ді болмақ?

– Бұл орай­да ең алды­мен ескер­те кетей­ін: меди­ци­на сала­сы – халы­ққа дәрі­гер­лер­дің қыз­мет көр­се­туі тиіс деген түсінік­пен шек­тел­мей­ді, бұл – қоғам­ды толық қам­ти­тын мем­ле­кет­тік мәсе­ле. Соны­мен бір­ге МӘДС жүй­есін пай­да­ла­ну­дағы жау­ап­кер­шілік тек мем­ле­кет­тің мой­нын­да ғана емес, ел аза­мат­та­ры­ның өзіне де сал­мақ сала­ды. Өйт­кені өз қал­таңы­здан бұл жүй­е­ге бір тиын төле­сеңіз, оның есебін, құнын түсіне бастай­сыз және сол сомаға сай талап туындайды.

Екін­ші­ден, МӘДС-ке салық төлей­тін жұмыс беру­шінің де жау­ап­кер­шілі­гі арта­ды. Жұмыс беру­ші өз қыз­мет­шісінің дені сау болуы үшін жағ­дай жаса­уға тыры­са­ды: жұмыс орнын­дағы таза ауа, таза сани­тар­лық жағ­дай, еңбек қабілетін тиім­ді пай­да­ла­ну сияқты мүд­делілік пай­да болады.

Иә, Қаза­қстан­да 2017 жыл­дың екін­ші жар­ты жыл­ды­ғы­нан бастап МӘДС жүй­есі енгізіліп, 2018 жыл­дан жұмыс беру­шілер бұл жүй­е­ге ақша ауда­ра бастай­ды. Осы кезең­ге дей­ін ден­са­улық сақтау сала­сы мем­ле­кет тара­пы­нан қар­жы­лан­ды­ры­лған бол­са, енді­гі кезек­те жеке аза­мат неме­се жұмыс беру­ші өз ден­са­улы­ғын қорғау үшін, өзі ақша ауда­ра­тын болады.

 

– Оқыр­ман­ның есіне сала кетей­ік­ші – бұл жүй­енің мәнісі қалай болмақ?

– Жаңа жүйе бой­ын­ша аза­мат­тарға меди­ци­на­лық қыз­мет­тің 2 түр­лі пакеті ұсы­ны­ла­ды. Бірін­шісі – рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын меди­ци­на­лық көмек­тің мем­ле­кет кепіл­ден­дір­ген көле­мін ұсы­на­тын база­лық пакет. Жора­мал бой­ын­ша, ол – Қаза­қстан­ның бар­ша аза­мат­та­ры үшін қол­жетім­ді болмақ.

Пакет­тің құра­мы­на жедел жәр­дем қыз­меті, сани­тар­лық авиа­ция, тубер­ку­лез, обыр, қант диа­беті, сон­дай-ақ төтен­ше жағ­дай­лар­да, про­фи­лак­ти­ка­лық екпе кезін­де көр­сетілетін меди­ци­на­лық көмек кіреді. Осы пакет бой­ын­ша ақша төлен­гені неме­се төлен­бе­гені маңы­зды емес, ел аза­мат­та­ры­на мем­ле­кет тара­пы­нан тегін дәрі­гер­лік көмек көр­сетіл­ді. «Сақтан­ды­ру жүй­есіне ақша аудар­ма­сам, емде­ле алмай қала­мын» деген қорқы­ныш бол­мауы тиіс.

Екін­ші пакет­те – жаңа­дан құры­ла­тын меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру қоры ұсы­на­тын сақтан­ды­ру жүй­есі. Яғни, бұл пакет­ке енетін қыз­мет түр­лері аза­мат­тар­дың әле­умет­тік-меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру қоры­на аударған жар­на­сы арқы­лы жүзе­ге аса­ды. Бұған амбу­ла­тор­лық-емха­на­лық көмек, ста­ци­о­нар­лық ем-дом, ста­ци­о­нар­лық көмек­ті алма­сты­ра­тын жәр­дем, науқастар­дың ден­са­улы­ғын қал­пы­на кел­тіретін емдік шара­лар, меди­ци­на­лық реа­би­ли­та­ция, пал­ли­а­тив­тік көмек, мей­ір­би­келік қарау және жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лық көмек кіреді.

 

– Бірін­ші пакет­те өзіңіз айтып оты­рған жедел жәр­дем арқы­лы тегін емдеу, ота жаса­ту – бұрын да бар қыз­мет емес пе? Сақтан­ды­ру жүй­есінің айыр­ма­шы­лы­ғы қай­сы сонда?

– Айыр­ма­шы­лы­ғы сол – бұрын ота жаса­уды алдын ала жос­пар­лап, уақы­тын бел­гілеп, кво­та бой­ын­ша тегін жасай­тын. Енді Сақтан­ды­ру қоры­на аударған ақшаңы­здың арқа­сын­да кез кел­ген уақыт­та ауру­ха­наға барып, емде­ле бересіз…

 

– Ал халы­қтың бел­гілі бір бөлі­гі түр­лі себеп­тер­мен, мәсе­лен, жұмыс­сыздық сал­да­ры­нан МӘДС-ке жар­на ауда­ра алма­са ше?

– Бұл – бөлек әңгі­ме. Оған кей­інірек тоқтал­сам дей­мін. Ал Қорға жиналған қара­жат аза­мат­тар­дың тегін меди­ци­на­лық көмек алуы үшін жұм­са­ла­ды. Яғни, бұрын мем­ле­кет есебі­нен жүзе­ге асы­ры­лған тегін меди­ци­на­лық қыз­мет түр­лері енді­гі кезек­те аталған сақтан­ды­ру жүй­есі арқы­лы жүзе­ге аса­ды. Зей­нет­кер­лер­ге, еңбек жасы­на тол­маған аза­мат­тарға, мүм­кін­ді­гі шек­тел­ген аза­мат­тарға қыз­мет тегін көр­сетіледі. Көр­сетілетін дәрі­гер­лік көмек­тің сапа­сы төле­нетін жар­наға тәу­ел­ді емес. Меди­ци­на­лық көмек бар­лы­ғы­на бір­дей көрсетіледі!

Әле­умет­тік меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру қоры­на жар­на төле­уден аза­мат­тар­дың әле­умет­тік аз қам­ты­лған тобы­ның 15 сана­ты боса­ты­ла­ды. Олар­дың ішін­де «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегер­лері, бұрын «Батыр Ана» атағын алған­дар, I және II дәре­желі «Ана­лық даңқ» ордені­мен мара­пат­талған көп бала­лы ана­лар, Ұлы Отан соғы­сы арда­гер­лері мен мүге­дек­тері, екіқа­бат әйел­дер, бала­лар, мүге­дек­тер және т.б. қам­ты­лған. Сол үшін де жаңа­дан құры­лған меди­ци­на­лық жүй­е­ге «әле­умет­тік» деген мәр­те­бе қосылған.

 

– Жұрт­шы­лық меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру тура­лы әлі де дұрыс түсінік қалып­та­сты­рып үлгер­меді. Сон­ды­қтан ең әуелі «меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру» деген ұғым­ды ел құлағы­на қай­та­дан сіңісті­ру керек емес пе?

– Меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру – ең алды­мен адам­ның өз ден­са­улы­ғы­на деген жау­ап­кер­шілі­гін арт­ты­руы тиіс. МӘДС жүй­есі – ден­са­улық сақта­удағы халы­қтың мүд­десін әле­умет­тік қорға­удың түрі, меди­ци­на­лық көмек қажет болған­да, сақтан­ды­ру қорын­да жинаған қар­жы­сы ем алуы­на кепіл­дік бола­ды. Негізін­де меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру­дың екі түрі бар. Олар – мін­дет­ті меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру және ерік­ті меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру. Мін­дет­ті меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру меди­ци­на­лық жәр­дем­нің сапа­сын бақы­ла­уды қарас­ты­ра­ды. Оның мақ­са­ты – мін­дет­ті меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру­дың база­лық бағ­дар­ла­ма­сы­мен және меди­ци­на­лық жәр­дем­нің қол­да­ны­стағы стан­дарт­та­ры­мен кепіл­деніл­ген көлем­де, сапа­да және шар­ттар­да меди­ци­на­лық жәр­дем алуға аза­мат­тар­дың (сақтан­ды­ры­лған) құқы­қта­рын қам­та­ма­сыз етеді.

Ал ерік­ті сақтан­ды­ру – әр адам­ның өз қала­уы бой­ын­ша ғана жүзе­ге аса­ды. Сақтан­ды­ру қоры­на жар­на төлеу арқы­лы аза­мат­тар қалаған дәрі­геріне барып, емде­лу­ге мүм­кін­дік алады.

 

– Мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка коми­тетінің ресми дере­гі бой­ын­ша, Қаза­қстан­да 2,7 мил­ли­он адам өз күнін өзі көру­шілер бол­са, елде­гі эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­сқа бай­ла­ны­сты бүгін­де олар­дың кемін­де жар­ты­сы­нан аста­мы жұмыс­сыздар сана­ты­на енді. Енде­ше жеке кәсіп­кер­лер сана­тын­дағы өз күнін өздері көретін халы­қтың кемін­де 1,3 мил­ли­о­ны жұмыс­сыз қал­ды деген сөз. Бұлар ай сай­ын өздері және отба­сы­ның басқа мүше­лері үшін (егер әр отба­сын­да орта есеп­пен 5 адам бар деп есеп­тей­тін бол­сақ) МӘДС жүй­есіне салық төлеп тұра ала ма?

– Егер бір отба­сы­нан бес адам жұмыс­сыз деп ресми тір­кел­ген бол­са, оларға мем­ле­кет­тің есебі­нен қар­жы ауда­ры­ла­ды. Екіқа­бат әйел­дер­ге, мүге­дек­тер­ге, зей­нет­кер­лер­ге, кәме­лет­ке тол­маған бала­ларға мем­ле­кет тара­пы­нан қар­жы аударады.

– Ал алыс ауыл­дағы қаза­қтар­ды жұмыс­сыз деп тір­кеп жатқан кім бар: олар қай­тер екен деген күді­гі­мізді қалай сейілтерміз?

– Тір­кел­ме­ген аза­мат­тар – өз күнін өзі көріп жүр­ген­дер деп сана­ла­ды. Сон­ды­қтан дағ­да­рыс сал­да­ры­нан жеке кәсібі тоқтап қалған аза­мат­тар жұмыс­сыздар сана­ты­на жедел тір­ке­луі тиіс. Егер олар жеке кәсіп­кер, яғни өз күнін өзі көретін­дер сана­тын­да қал­са, 2018 жыл­дан бастап өзінің тауып жүр­ген табысы­нан 2 пай­ыз мөл­шерін­де 457 тең­ге қар­жы ауда­руы тиіс бола­ды. Құдай­дың да «Сақтан­саң – сақтай­мын» дегенін ұмыт­паған жөн. Түп­теп кел­ген­де, халы­қты құдай ғана емес, мем­ле­кет те сақтан­ды­ру шара­ла­рын жаса­уы тиіс… .

 

– Тіп­ті сол 457 тең­ге көле­мін­де ай сай­ын салық төлеп тұрған күн­нің өзін­де бұл сома олар­ды дәрі­гер­лік қыз­мет­пен қам­туға жет­кілік­ті ме?

– Жылы­на осын­дай аз мөл­шер­де құй­ы­лған тең­генің өзі тегін дәрі­гер­лік көмек алуы­на жол аша­ды. Ешкім­нің де айда­ла­да қал­май­ты­ны анық.

Жасы­рып қай­те­міз, қолын­дағы бар малын сатып, несие алып, боры­шқа батып, жүз­де­ген мың тең­ге­лерін төлеп, қажет­ті емін ала алмай жүр­ген­дер қаншама?

Сон­ды­қтан жаңа жүйе осын­дай қиын­ды­қтан құтқа­ра­тын жол дер едім. Төле­ген 457 тең­гем жет­пей қала­ды деген қорқы­ныш бол­мауы тиіс, өйт­кені жаңа жүй­е­ге жұмыс істе­у­ге қабілет­ті аза­мат­тар тар­ты­ла­ды. Олар­дың басым бөлі­гі – жастар, ден­дері сау, қол-аяқта­ры бүтін аза­мат­тар. Мін­дет­ті қар­жы­сын аударға­ны­мен, дәрі­гер­лік көмек­ке зәру емес. Міне, осы­дан құралған қар­жы көзі науқасқа шал­ды­ққан, жасы кел­ген, өзін-өзі асы­рай­тын топ­тағы табысы аз адам­дарға, мүге­дек­тер­ге жұм­са­ла­ды. Бұл жер­де жастар – қари­я­лар­ды, науқас адам­дар­ды демей­тін көмек қоры ұрпақ жалға­сты­ғы­на ұла­са­ды. Ал жеке­ле­ген ауру түр­леріне дәрі-дәр­мек­тер­ді тегін беру жүй­есі сол күй­ін­де өзгеріс­сіз қалады.

 

МӘДС жүй­есі­мен елдің дәрі­гер­лік қам­ту сала­сын толық қар­жы­лан­ды­ру мүм­кін бе?

– Әле­умет­тік меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру қорын­дағы жиналған қара­жат аза­мат­тар­дың тегін меди­ци­на­лық көмек алуы үшін жұм­са­ла­ды. Жаңа жүй­енің басты ерекшелі­гі осын­да. Яғни, бұрын мем­ле­кет есебі­нен жүзе­ге асы­ры­лған тегін меди­ци­на­лық қыз­мет түр­лері атал­мыш сақтан­ды­ру жүй­есі арқы­лы орын­дал­мақ. Айта кететін бір жәйт – «жасы­рын табыс көзі» бар аза­мат­тар кіріс-шығы­сын ашық көр­сет­пе­уіне бай­ла­ны­сты сақтан­ды­ру қоры­на ауда­ры­ла­тын жар­на­сы аз мөл­шер­де болуы мүм­кін. Сон­дай-ақ табыс көзі бар, бірақ өзін «жұмыс­сыз­бын» деп көр­сетіп, мем­ле­кет­тің есебі­нен емдел­гісі келетін­дер де өз кезе­гін­де өз күнін өзі көретін­дер­дің «несі­бесіне» қол сұғуы мүм­кін. Тағы бір мәсе­ле – жұмыс беру­шілер де табыс мөл­шерін жасы­рып, қара­уын­дағы­ларға жалақы­сын кон­верт­пен беріп, ал бух­гал­тер­лік тізім бой­ын­ша басқа бір аз сома­ны көретеді.

 

– Елде­гі халы­қтың әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дайы аса мәз емес. Осын­дай кез­де МӘДС жүй­есіне салық төлеу мүм­кін­ді­гінің бол­мауы, соның сал­да­ры­нан тұрғын­дар­дың дәрі­гер­ге қара­лу мүм­кін­ді­гі жоқ болуы сал­да­ры­нан елде­гі өлім-жітім мөл­шері артып кете­ді деген қорқы­ныш жоқ па?

– Ондай қорқы­ны­штың алдын алу­дың басты шар­ты – ел-жұрт­тың ара­сын­да сақтан­ды­ру жүй­есі жөнін­де үгіт-наси­хат жұмыста­ры жүр­гізілуі тиіс. Алыс ауыл­дағы аза­мат­тар дәрі­гер­дің көме­гін өз қала­уы бой­ын­ша таң­дау жасай­ты­нын білуі тиіс. Өрке­ни­ет­ті елдер­де ауру­дың алдын ала­ды, біз бол­сақ, арт­та қалып оты­рған жай­ы­мыз бар. Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі дер кезін­де үгіт-наси­хат шара­ла­рын жүр­гі­зу­де бел­сен­ді емес. Сон­ды­қтан ең өзек­ті мәсе­ле – халы­ққа әлі толық ақпа­рат жет­пей жатыр. Сақтан­ды­ру жүй­есінің мақ­са­ты, мін­дет­тері тура­лы мәлі­мет­тер­ді халық көп оқи­тын «ДАТ» сияқты газет­тер арқы­лы жүр­гі­зу керек деп ойлаймын.

 

– Аяқ асты­нан билік тара­пы­нан екін­ші рет жасақта­лып жатқан меди­ци­на­лық әле­умет­тік сақтан­ды­ру жүй­есінің наси­хат­шы­сы болға­ны­мыз – өзі­міз­ге де қызық болып тұрға­ны… Бұл ара­дағы біздің мүд­де­міз – халы­ққа жәр­дем жасау. Мәсе­лен, Жер тура­лы кодекс төңіре­гін­де дұрыс түсінік жұмыста­ры жүр­гізіл­меу сал­да­ры­нан биыл жаз­да елде үлкен әле­умет­тік толқу­лар бол­ды. Тәу­ел­сіз басы­лым­дар мен әле­умет­тік желілер­де жазы­лған жәйт­тер­ден кей­ін, жер­ді сатуға қар­сы халы­қтың көзі ашыл­ды. Ақы­ры билік кодекстің бірқа­тар талап­та­рын тоқта­туға мәж­бүр бол­ды. МӘДС жүй­есін енгі­зу бары­сын­дағы біздің газет­тің мақ­са­ты – халы­қтың көзін ашуға жәр­дем ету ғана…

– Газет­тің бұл мақ­са­ты әбден құп­та­уға тұрар­лық. Билік тара­пы, әсіре­се халы­қты әле­умет­тік қам­ту сала­сын­дағы мем­ле­кет­тік орган­дар мен ведом­ство­лар «ДАТ» сияқты тәу­ел­сіз газет­тер­дің осын­дай мүм­кін­ді­гін пай­да­ла­ну­дан неге қашқақтай­ты­нын түсін­бей­мін. Қалай болған­да да, халы­ққа қыз­мет көр­се­ту­де­гі бұл бағы­тқа екі тарап та мүд­делі болуы тиіс деп ойлаймын.

 

– Енді осы орай­да мына­дай дерекке көңіл аудар­саңыз: тегін меди­ци­на­лық көмек үшін бюд­жет­тен жыл сай­ын 824 мил­ли­ард тең­ге бөлі­неді екен. Ал Ден­са­улық сақтау және әле­умет­тік даму мини­стрі Тама­ра Дүй­се­но­ва бүгін­гі­дей дағ­да­рыс уақы­тын­да бұл сома ел қазы­на­сы­на айтар­лы­қтай сал­мақ сала­ты­нын мәлім­де­ген екен. Түп­теп кел­ген­де, сақтан­ды­ру жүй­есі халы­қты емес, дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да алас ұрған билік­ті сақтап қалуға арналған шара десек, қате­ле­се­міз бе?

– Қате­ле­сесіз, әрине (күл­ді)… Бұл жүйе дағ­да­ры­стан бұрын дай­ын­далған еді, керісін­ше, сол дағ­да­ры­стың әсері­нен өмір­ге енгізі­лу уақы­ты кей­ін­ге созы­лып кет­ті. Алға­шын­да 2017 жылы қолға алы­нуы тиіс еді, енді 2018 жылға жос­пар­ла­нып отыр. Билік­тің өзі тұрғын­дар­ды қол­дау үшін, бел­сен­ді мүд­делілік таны­ту­да. Өйт­кені сақтан­ды­ру­дың негіз­гі ерекшелі­гі – бар­лық әлем­де­гі тәжіри­бені зерт­тей келе, билік­ке де, халы­ққа да тиім­ді көп­те­ген жағ­дай­ла­ры қарастырылған.

 

– Ал осы жүй­ені дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да асы­ғыс енгізу­ге мем­ле­кет­тік қазы­на­дағы (бюд­жет­те) қар­жы тап­шы­лы­ғы себеп болып отыр деп айта ала­мыз ба?

– Менің ойым­ша, бұл мәсе­лені керісін­ше, кешірек қолға алған сияқты­мыз. Өйт­кені өзге мем­ле­ке­тер­де бұл әлдеқа­шан іске асқан шара. Ресей­де, Қырғыз­стан­да, Бал­тық бой­ын­дағы мем­ле­кет­тер­де науқастар­дың дер­тін ерте кезі­нен аны­қтап, емдеу ісі әлдеқа­шан қолға алынған.

Деген­мен, жасы­ра­ты­ны жоқ, сақтан­ды­ру жүй­есі бюд­жет­ке де жәр­дем жасай­ты­ны анық. Өйт­кені «көлең­ке­де­гі» (астыр­тын) меди­ци­на­лық қыз­мет түрі көп екені бел­гілі, олар­дың ақы­сы бір­не­ше мың­даған дол­лар­мен есеп­те­леді. Елдің қазы­на­сы­на түсуі тиіс, ал оның нәти­же­сін­де елге қыз­мет көр­се­тетін қар­жы жеке­ле­ген адам­дар­дың қал­та­сын қам­пи­ту­да. Сон­ды­қтан қар­жы көзі өз орны­мен ел игілі­гіне жұм­сал­са деген ниеті­міз басым.

 

– «Көлең­келі» меди­ци­на деген­де, науқастар мем­ле­кет­тік дәрі­гер­лік көмек қыз­меті­нен гөрі, жеке мен­шік емдеу орта­лы­қта­ры таң­дай­ды. Енді бұл жеке мен­шік орта­лы­қтар сақтан­ды­ру жүй­есі­нен тыс қала ма?

– Олар да мем­ле­кет­тік меди­ци­на­лық қыз­мет көр­се­ту пакеті бой­ын­ша ем-домын жүр­гі­зе ала­ды. Себебі меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру жүй­есі өз жұмысын бас­та­са, қал­та­сы­нан қар­жы шыға­рып, жеке мен­шік ора­лы­қтар­да емде­летін аза­мат­тар­дың қата­ры азай­ып кет­пей ме?

Ал меди­ци­на­лық қыз­мет үшін жаса­ла­тын төлем­дер қор­дағы ақша­дан алы­на­тын болған­ды­қтан, енді емдеу меке­ме­лері ара­сын­да бәсе­ке­ле­стік пай­да болып, меди­ци­на­лық қыз­мет көр­се­тудің сапа­сы арта­ды. Өйт­кені емде­лу­шілер қай дәрі­гер­ге бара­ты­нын өзі шешеді. Оның үстіне науқас адам қай емха­на-ауру­ха­наға бар­са, ақша соның арты­нан «ілесіп бара­ды» деген сөз. Бәсе­ке­ле­стік бәй­гесі деген – осы.

 

– Бах­ты­лы ханым, соңғы сұрағы­мы­зды басқа арнаға бұр­сақ: өткен апта­да жаңа ғасыр басын­да елі­мізді дүр сіл­кін­дір­ген «ДВК ҚДТ» қозға­лы­сы­на 15 жыл тол­ды. Қозға­лы­стың басы-қасын­дағы ұйым­да­сты­ру шара­ла­рын­да сіз де жүр­діңіз. Тәу­ел­сіздік­тің ширек ғасыр­лық кезеңін­де «ДВК» елдің сая­си өміріне қан­дай үлес қосты деп ой түйдіңіз?

– Қан­дай үлес қосқа­нын менің айтқа­ным­нан гөрі, қоғам өкіл­дері баға бер­гені жөн шығар… Менің ойым­ша, демо­кра­ти­я­лық таң­дау 1991 жылы ел тәу­ел­сіздік алған кез­де жасалған. Ата заң­да «…біз демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет құра­мыз» деп, тасқа басы­лған­дай етіп жазы­лған. Ал он жыл­дан кей­ін, мем­ле­кет­тік билік өзінің демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтарға бастай­мыз деген жолы­нан тая бастаған кез­де құры­лған «Дем­таң­дау» қозға­лы­сы­ның мақ­са­ты да сол – Ата заң­да бекітіл­ген ере­же­лер­ді талап ету еді.

Әкім­дер­ді таң­дау, сөз бостан­ды­ғы, ашық сай­лау мен бей­біт жиын­дар өткі­зу, сот­тар­дың сай­ла­нуы – бүгін­де күн тәр­тібі­нен түс­пей тұрған басты мәсе­ле. «Дем­таң­да­уды» құрған аза­мат­тар сол кез­де билік­те қыз­мет­те жүріп, осы талап­тар тұрғы­сын­да баста­ма көтер­ді. Бұл баста­ма билік­ке ешқан­дай қауіп төн­діретін мәсе­ле емес еді: алай­да қозға­лыс құры­л­тай­шы­ла­ры осы бел­сен­ділік­тері үшін кей­ін қуғын-сүр­гін­ге түсті…

 

– Сұх­ба­ты­ңыз үшін рах­мет! Аман-сау болайық!

 

Сұх­бат­тасқан –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн