Воскресенье , 6 июля 2025

Өмірқұл АЙНИЯЗОВ: «Өнер» деген қазанда әркімнің «ҚАЙНАУҒА» ҚАҚЫСЫ БАР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №19 (290) от 14 мая 2015 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 

 

 

Қазақ ән өнерін­де­гі жыра­улық дәстүр­ді эст­ра­да арқы­лы дәріп­теп, халы­ққа таны­мал болған біре­гей әнші – Өмірқұл Айниязов.Оның кең диа­па­зон­дағы дауы­сы­нан қаза­қтың кең дала­сы­ның лебі, өрлік пен ерлік­тің сазы сезіліп тұра­ды. Жуы­қта біз «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет» айда­ры аясын­да таны­мал әнші­мен сұх­бат­тасқан едік.

 

– Өмірқұл мыр­за, жуы­қта Қызы­лор­да, Ақтө­бе өңірін ара­лап қай­тқа­ны­ңы­зды біле­міз. Бұл пре­зи­дент­тік сай­ла­удың қамын­дағы наси­хат­тық сапар бол­ды ма, жоқ әлде жос­пар­лы гастроль ма еді?

– Жал­пы, соңғы кез­дері Қаза­қстан­ның біраз жерін ара­лап, кон­церт бер­генім рас. Өткен жылы ғана Ақтө­бе мен Қызы­лор­да облы­ста­рын­да кон­церт беріп қайт­сам да, араға жыл жет­пей, бұл аймақты тағы бір ара­лап шықтым. Жер­гілік­ті халы­қтың сұра­ны­сы мен ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дың қызы­ғу­шы­лы­ғы солай болған сияқты. Қызы­лор­да­ның теле­ди­да­ры­ның залын­да екі бір­дей кон­церт қой­дым, халық зор қоше­метін біл­дір­ді. Ал Ақтө­бе қала­сы мәде­ни­ет басқар­ма­сы­ның ұсы­ны­сы бой­ын­ша Ғази­за Жұба­но­ва атын­дағы филар­мо­ни­я­ның әртістері­мен бірі­гіп, жос­пар­лы түр­де қала­ның өзің­де және сегіз ауда­нын­да кон­церт бердік.Бұл кон­церт­тер­дің өткен сай­ла­у­ға еш қаты­сы болған жоқ.

– Сай­лау демек­ші, осы науқан бары­сын­да «Менің Қаза­қста­ным» пой­ызы­мен наси­хат­тық сапар­да болған таны­мал әнші­міз Алты­най Жора­ба­е­ва пре­зи­дент­ті қол­дай­мын деп, көп­шілік­тің сөзіне қалға­нын естіп жатқан шығарсыз?…

– Анық есті­ме­сем де, инста­грам парақ­ша­сы­на керағар пікір­лер жазы­лған екен. Бірақ елба­сы­ны қол­дай­мын деп, көп­тің сөзіне қалға­нын есті­меп­пін. Негізі, бұл жолы пре­зи­дент­ке қар­сы шығар ешкім­нің бол­маға­ны рас қой…

– Сіз өзіңізді қалың қаза­қтың құр­метіне бөлен­ген сал-серілер­дің бүгін­гі жұр­нағы­мын деп санай ала­сыз ба?

– Шын­ды­ғын айту керек, салт-дәстүрі­міз бол­сын неме­се сал-серілік дәстүр бол­сын – бүгін­гі күні зама­на­уи бағыт­та фор­мат­талған, өзге­ше күй­ге енген ежел­гі өнер­дің соңын­да жүр­генім­ді білем. Бұл – заң­ды­лық та шығар. Қазір «шоу» деген ұғым­ды әркім әрқа­лай түсі­неді. Өзім оны басқа­ша еле­с­те­те­мін: шоу-думан біз­ге дей­ін де және кей­ін де бола беретін әлем­дік үрдіс. Оның жазыл­маған заңы­на қар­сы шығу мүм­кін емес. Тіп­ті Алтын­бек Қораз­ба­ев аға­мы­здың кеше­гі «Қара пима­сы» мен «Қара шалы» жұрт­ты жылатқа­ны «шоу» емес деп кім айта ала­ды? Сол сияқты халық әндері мен тер­ме­лерін жаңа­ша фор­мат­та орын­дап жүруім – сол шоу-думан­ның бір эле­мен­ті. Ақан сері, Бір­жан сал­дың әндері де қаза­қы ортаға арна­лып айты­лған. «Күпі киген қаза­қтың қара өлеңін, шек­пен жау­ап өзіңе қай­та­ра­мын» деген­дей, халы­қтың өз әнін жаңа­ша үлгі­де орын­дап, халы­қтың алғы­сын алып жүр­ген жай­ым бар. Соған қараған­да, өзім­ді бүгін­гі заман­ның сал-серісі­мін деп санаймын.

– Тағы да бір жаңа­лық естіп жатыр­мыз: «Өмір» деп ата­ла­тын шығар­ма­шы­лық орта­лық ашқан екен­сіз. Ол орта­лық мән-мақ­са­ты­на бай­ла­ны­сты қыз­метін баста­ды ма?

– Жур­на­ли­стер қауы­мы сәл жаңа­лық есті­се, оны кіш­кене бұр­ма­лап қоя­тын әдеті бар. Орта­лы­қтың негіз­гі алды­на қой­ған екі мақ­са­ты­ның бірі – дыбыс жазу орта­лы­ғы­ның жұмысын жан­дан­ды­ру, екін­шісі – 10–15 жас ара­лы­ғын­дағы 5–6 шәкірт­тің бола­шағы­на жәр­дем жасау. Олар оқу бітір­ген соң, өнер­ге бет бұра­тын бол­са, кол­ле­дж­ге я уни­вер­си­тет­ке түсу­ге жағ­дай жаса­сам дей­мін. Жуық ара­да кастинг жари­я­лай­мыз. Әзір­ше сол ірік­те­уден өткен 5–6 бала­мен жұмыс жасай­мын. Уақыт өте келе, бәрі бір жүй­е­мен рет­тел­се, бала санын көбей­тер­міз. Мұның бәрі – алдағы уақыт­тың еншісінде.

– Айт­пақ­шы, ол шығар­ма­шы­лық орта­лы­қтың ата­уын неге «Өмір» деп қойдыңыз?

– Бұл орта­лы­қтың жетек­шісі  – Аслан есім­ді бауы­рым. Ал өзім­ді осы орта­лы­қтың қол­да­у­шы­сы ретін­де сезі­не­мін. Орта­лы­қтың атын Өмірқұл есі­мі­нен алшақта­май, алы­стан ізде­мей, баста­пқы буын­дар­дағы «Өмір» сөзі­мен ата­уды Аслан інім ұйға­рып­ты. Ата­уы маған да, халы­ққа да ұнап жатыр. Жал­пы «өмір» деген ұғым жаман емес сияқты.

– Қалып­тасқан дәстүр­лі әншілер­дің өздері табысы мол эст­ра­даға кетіп жатқан­да, бұл мек­теп­те тәлім алуға тал­пы­ны­сы бар жастар­ды жинау қиын бол­май ма?

– Тәлім алғы­сы келетін талант­тар жетер­лік. Әсіре­се кол­ледж, ЖОО-ның сту­дент­тері «шәкір­тіңіз болай­ын» деп, ұсы­ны­ста­рын айтып жата­ды. Олар мені басқа қырым­нан, яғни про­дю­сер ретін­де көр­гісі келеді. Бірақ мен про­дю­сер бола­тын жағ­дай­да емес­пін. Алды­мен дом­бы­ра­мен дәстүр­лі әнді еркін айтуға, дыбыс жазу сту­ди­я­сын­да бала­лар­ды эст­ра­да жан­ры­на бағыт­тап, екі стиль­де ән шырқай­тын­дай етіп икем­деу. Мек­теп-сту­дия ашып жатқа­ным­ды естіп, жан-жақтан хабар­ласқан қауым бар. Қызы­ғу­шы­лық таны­та­тын­дар әлі де көп бола­ды деп ойлаймын.

– Ал сіздің тер­ме­шілік дәстүр­ді эст­ра­даға шыға­ру­дағы мақ­са­ты­ңыз не еді: ол табысты кәсіп­тің көзін қуу қамы ғана ма?

– Иә, жасы­ра­ты­ны жоқ, әндерім эст­ра­даға икем­дел­ген. Бұл үлкен ауди­то­ри­яға жұмыс жаса­уға жол аша­ды. Кон­сер­ва­то­ри­яға түс­кен­де­гі көз­де­ген мақ­са­тым да тер­мелік әндер­ді эст­ра­даға өңдеу бола­тын. Ста­ди­он мен кон­церт­тік зал­дар­да бара­бан, гита­ра секіл­ді аспап­тар­мен эст­ра­даға бағыт­талған ән айту – үлкен ауди­то­ри­я­мен жұмыс жаса­уға мүм­кін­дік туғы­за­ды. Яғни, қаза­қтың тер­месіне тән­тілік ауди­то­ри­я­сы да кеңи түседі деген сөз. Содан соң, жасы­ра­ты­ны жоқ: тір­шілік­тің қамы ғой – ақша табуға да болады.

– Ал, мыса­лы, сіздің жаңа­дан ашы­лып жатқан мек­тебіңіз түгілі, мем­ле­кет­тік кон­сер­ва­то­ри­я­ны бітіретін­дер тір­шілік­тің қамы­м­ен жүр­ген­де, клас­си­ка­лық өнер­дің ертең­гі жолы қалай болмақ?

– Жыл сай­ын кон­сер­ва­то­ри­я­ны бітіретін түлек­тер­дің той­да я сахна­да, жоқ әлде басқа­лай тір­шілік етіп жүр­гені маған бей­мәлім. Ал өзім қыз­мет жасай­тын филар­мо­ни­яға 5–6 жыл­да бір-екі адам қыз­мет­ке алы­нуы мүм­кін. Кон­сер­ва­то­ри­я­ны бір­ге бітір­ген қыздар қазір мек­теп­тер­де сабақ береді. Менің жарым музы­ка­лық мек­теп­те кіш­кен­тай­лар­ды оқы­та­ды. Сон­ды­қтан дәстүр­лі өнер ешқа­шан өлмейді.

Бәрі кере­мет табыс тауып, шалқып өмір сүру­де демей­мін. Қаза­қстан­дағы орта­ша жалақы мөл­шері 70–80 мың тең­ге ара­лы­ғын­да бол­са, осы орта­ша ақы­ны әртістер тір­нек­теп жинап жүр. Өзім­нің филар­мо­ни­яда ала­тын айлық ақым – 60 мың теңге.

– Осы тұрғы­дан алған­да, біздің елі­міз­де­гі мәде­ни­ет­тің сая­са­ты дұрыс бағыт­та кетіп бара жатқа­ны­на сенім­дісіз бе?

– Елде­гі мәде­ни­ет­тің сая­са­ты қан­дай бағыт­та екенін уақыт көр­се­те­ді. Мәде­ни­ет­тің сая­са­ты тура­лы бір жер­де оты­рып, дұрыс неме­се бұрыс деп айтқа­ным жара­мас. Бар­лы­ғын жақ­сы деп, жабу­лы күй­ін­де қал­ды­руға тағы болмайды.

Бір көз­бен қараған­да, өнер өзі­мен-өзі дамып келеді. Оған үкі­мет­тің еш қаты­сы жоқ. Сөй­те тұра, сол үкі­мет әншілер­ге салық төлеу керекті­гін айта­ды. Әйт­пе­се әртіс жігіт­тер­дің біра­зы жұмыс­сыз, бос жүр.

Жоға­ры­дағы­лар­дың «бай­ып кет­ті», «салық төле­уі керек» деп жүр­гені – табысы бір басы­нан аса­тын әншісі 20–30 шақты ғана шығар: «МузАрт», Қай­рат Нұр­тас, Алты­най Жора­ба­е­ва неме­се «Нұр-Мұқа­сан»… Салы­стыр­ма­лы түр­де айт­сақ, қалған әншілер шалқып жүр­ген жоқ. Өз күнін өздері көріп жүр­ген әншілер үкі­мет­тің жыр­ты­ғын қалай жамайды?

«Өнер» деген үлкен қазан­да әркім­нің де «қай­на­уға» қақы­сы бар. Эст­ра­да­да жүр­ген­дер көбі тал­пы­нып, клип түсіру­ге бар ақша­сын жұм­сай­ды. Ол еңбе­гі ақта­ла ма, жоқ па – өздері де біл­мей­ді. Кей­де көгіл­дір экранға бір әнші жарқ етіп шыға қал­са, теле­жә­шік­тің алдын­дағы халық: «Мынау кере­мет болып кетіп­ті» дей­ді. Кере­мет түгі жоқ. Бәл­кім, біре­уден қары­зға ақша алып, клип түсіріп, киім тік­кіз­ген шығар… Оның үстіне эста­ра­даға «чип-чип», «аспанға қарай­мын» дей­тін жеңіл-жел­пі әндер қосы­лып жатыр…

– Айт­пақ­шы, пре­зи­дент­тік сай­ла­удан кей­ін Кәрім Мәсі­мо­втің қай­та­дан пре­мьер-министр болып тағай­ын­да­луы сіз­ге қан­дай ой сала­ды: қаза­қта Кәрім-ака­дан басқа үкі­мет басқа­руға лай­ық тұлға бол­маға­ны ма?

– Қай­та айна­лып, сая­сатқа кел­дік пе (күліп)?! Қаза­қта ел мақтаған аға­ла­ры­мыз көп-ақ. Айта­лық, Иманға­ли Тасмағам­бе­тов, Қасым-Жомарт Тоқа­ев сын­ды нар тұлға­лы аза­мат­тар бар. Біз билік­те қыз­мет етпе­ген соң, сая­сат­пен етене ара­лас­паған соң, дөп басар­лық пікір айта алмай­мыз. Бәл­кім, пат­ша­ның көзі­мен қара­сақ, Мәсі­мов мыр­за­ның лай­ы­қты болға­ны шығар…

– Бұны сұрап оты­рға­ным: ел-жұрт сай­ла­удан кей­ін бір өзгеріс-жаңа­лық бола­ды деп дәме­лен­ген еді… Сол елге қыз­мет қылып жүр­ген әнші-жыр­шы қауым да бір жаңа­лық күт­кен шығар дегенім ғой…

– Үкі­мет­ке қарап оты­рған қауым­ның жақ­сы жаңа­лық күтуі заң­ды­лық қой. Мүм­кін, айлы­ғы­мыз көбей­ер, әле­умет­тік жағ­дай­ы­мыз жақ­са­рар деп үміт­те­нер. Ал эст­ра­да әртістері үкі­мет­тен ешнәр­сені күт­пей­тіні бел­гілі. Себебі олар өз күн­дерін өздері көріп жүр, оларға үкі­мет бір­деңе бөліп бер­генін көр­ген емеспін.

Деген­мен, өзім жұмыс жасай­тын Алма­ты облы­стық филар­мо­ни­я­сы­на үкі­мет жақ­сы көңіл бөледі.Бір кез­дері кон­церт бер­генім­де, қар­жы­лай көмек көр­сет­ті, сахна­лық киім­дерім­нің біра­зын тігіп бер­ді. Бар­ды – бар деу керек қой…

– Жә, сая­сат­ты қоя­лық. Ал елдің батыс өңіріне арнаған шығар­ма­шы­лық сапа­ры­ңыз шығыс жақта жалғас­пай ма? Ол жақтағы сізді күт­кен жұрт­шы­лы­ққа не дейік?

– Әрине, шығы­стан сұра­ныс түсіп, шақы­рып жат­са, дом­бы­рам­ды арқа­лап, оларға да баруға дайынмын.

Сұх­бат­тасқан –

Жан­сая ЕРТАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн