Понедельник , 7 июля 2025

Өмірден кім өткенін БІЛЕСІҢ БЕ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №06 (277) от 12 фев­ра­ля 2015 г.

 

Темірқа­зық

 

Бұрын қай қазақ ойлап­ты: Гер-аға­ның құдіреті («фено­мен» деген­нің қаза­қ­ша­сы қалай еді?) неде деп? Енді ол өлген соң, күлбіл­тесін күміл­жітіп отыр: апыр-ау, аузы­мы­зға құм құй­ы­лып жүр­ген­де, бұл марқұм біздің жай­ы­мы­зды қалай ашық айта біл­ген? Өзі аузын ашса, өліп қалар­дай қорқа­ды ғой «сор­лы­ба­юш­ка­лар» (Герольд Кар­лұ­лы Бель­гер­дің сөзі).

Расын­да, ол неге айта алды, мына­лар неге мыңқиып жүр? Қаза­ғын қазір­гі күй­ге түсір­ген билік­ті сына­ды – ол билі­гі мара­пат­ты үйіп таста­ды: №1 «Пара­сат» ордені, ІІ дәре­желі «Достық» ордені, Қаза­қстан пре­зи­ден­тінің «Бей­біт­шілік және руха­ни келісім» сыйлығы…

Әкім­дер­дің әкесін таны­тар сөз айт­ты: Иманға­ли алды да үш бөл­мелі пәтер­дің кіл­тін бере сал­ды… Қыңқ деп, қыңыр сөз айт­па­ды. Рай­ы­ң­нан қайт демеді.

Елдің есесін бұрын қар­пып, бай­ы­нып, той­ы­нып алған «тол­сто­сум­дар­ды» (Бель­гер) быт-шыт қыл­ды: олар он мың дол­лар­лық «Тар­лан» пла­ти­на сый­лы­ғын таға сал­ды. Сына­лып, мінеліп жүр­ген­дерінің ақысы…

Жалқау, бой­күй­ез «қаза­қ­ба­юш­ка­лар­ды» (тағы да Бель­гер) екі жаз­ба­сы­ның бірін­де сылқи­та сына­ды: сол қаза­қтан шыққан ұлт жана­шыр­ла­ры алды да «Алмас қылыш» сый­лы­ғын бере сал­ды. Біздің ұлт­ты қор қыл­дың дегенін естімедік.

Осын­ша­ма мара­пат­ты өзінің атақ­шыл қаза­ғы сияқты араға «біре­уді сал­май» алды. Өздері әкеліп бер­ді. Жамы­раған «жал­баң­ба­юш­ка­лар» (сол Бель­гер) сияқты алақан жай­ып, көр-жер­ге сұрам­шақ бол­ма­ды. Алған орденінің өзін тас-талқан сынап тастаған кезін көр­дік: «І дәре­желі «Достық» – толық достық, ал орден­нің ІІ дәре­же­сі жар­ты­лай ғана достық па» деп жаз­ды. Ондағы­сы – достық ата­улы­ны дәре­же­ге бөлу­ге бол­май­ды дегені еді. Расы сол: достық – не бар, не жоқ.

Оңын да, солын да оңдыр­ма­ды: сол үшін оған оды­рай­ған бірі бол­ма­ды. Айта­рын да айт­ты, бұй­ыр­тқан сый­лы­ғы мен мара­па­тын да алды.

Фено­мен бе?

А как же!

Егер біз­де­гі 800 жазу­шы­ның тым құры­ған­да бір шире­гі дәл осы Бель­гер­дей бол­са, бәл­кім, бұл билік біз­ге ойы­на кел­ген экс­пе­ри­мен­тін жасап, халқын тақы­рға оты­рғы­зып кет­пес пе еді? Гер-ағаң­ның «чепу­ха­сын­да» бір жазға­ны бар – жол­ма-жол не дегені есім­де емес, маз­мұ­ны мына­дай: бүгін­гі эли­та деп жүр­ген­дер – өңшең көди-сөди­лер, қаза­қтың эли­та­сын 40-жылға дей­ін қырып тастаған; бүгін­гі халы­қтың тра­ге­ди­я­сы да содан – қай­мақ­сыз сүт­те дәм болмайды.

Қат­ты айтқан, бірақ – нақ. Одақта оды­раң­дап жүр­ген 800 «эли­та­ны» еске алсаң, Бель­гер­дің дегеніне дау айта алмай­сың. Құдай-ау, 800 адам деген екі бата­льон әскер ғой: Ислам мем­ле­кетін құра­мыз деп, бүгін­де бүкіл дүниені дүр­лік­тіріп жүр­ген сол «содыр­лар­дың» саны мынау 800-ден көп артық емес…

Сон­да дей­мін-ау, билік­тің бей-бере­кет тір­лі­гін сынаған­дар­дың алды сот­та­лып, арты – шөмі­ш­тен қағы­лып жатқан­да, Бель­гер неге бәлелі бол­ма­ды? Себебі – ақиқат­та аршып ала­тын қабық бол­май­ды: оны не аңы­рай­тып айта­сың, не – қыса­ры­ң­ды қым­тап жүресің. Айта­ры­ң­ды айтқан соң, «менің юби­лей­ім келіп қалып еді…», «пре­зи­дент­тік сти­пен­ди­яға кіруім керек еді…», «кіта­бым шық­пай жатыр еді…» деп, мем­сый­лық пен жем­сый­лы­қтан дәмелі екен­ді­гіңді ешкім­ге мін­дет қыл­май­сың. Гер-ағаң дәл осын­дай – «не верь, не бой­ся, не про­си» қағи­да­сын қатаң ұстанған Ақсақал болды.

Ақиқат­ты айта, жаза жүріп, соны­мен бір­ге қара­пай­ым болу – бұл қаза­қтың қолы­нан кел­мей­тін қия­мет шығар. Ал тегі – неміс, жаны – қазақ Гер-аға­ның мына қара­пай­ым­ды­ғын қараңыз: «Бүгін­де менің әріп­тес-доста­рым көп­том­дық кітап­та­рын шыға­ру­мен әуе­стеніп кет­ті… Мұн­дай жын­ды ой менің есті неміс кәл­ләм­ді де шар­пып өтті… Бірақ сол басы­ма күдік кел­ді: бұл кім­ге керек, бүгін­де кім өзінің үйін­де 14 том Бель­гер­ді ұстаған­ды ұна­тар дей­сің? Қажет емес…».

Бұны Гер-ағаң өткен жел­тоқ­сан айын­да, көзі тірісін­де шыққан соңғы кіта­бын­да жазып­ты: «Все, что смог» деп ата­ла­ды екен (ғажап – 80 жасын­да 75 кітап жазған). Ақта­рып шықтым: ішін­де не Аста­на, не Бәй­те­рек, не құлақты сасы­тқан тұрақты­лық, не көсем­нің көре­ген сая­са­ты тура­лы бір ауыз сөз жоқ. Жәй ғана «қолым­нан кел­гені – осы» депті.

Деді де – кет­ті. Енді біз «сор­лы­ба­юш­ка­лар» отыр­мыз: өмір­ден кім өткенін біл­мей, дал-дұл боп.

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн