Пятница , 4 июля 2025

ӨмірзаққаТАЗА ҚЫЗ керек болды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №45 (409) от 7 декаб­ря 2017 г.

 

Дұры­сы қайсы?


 

Зор­лы­қтан – қор­лы­ққа ұласқан өмір. 27 жасар Әлия Бай­діл­да­е­ва осы­дан 10 жыл бұрын Шым­кент­тің экс-әкі­мі Өмір­зақ Әметұ­лы өзін зор­лаға­нын айтады.

 

Сол кез­де әлі кәме­лет­ке тол­маған бой­жет­кен одан жүк­ті болып, атқа­мі­нер Әли­я­ны тоқа­лы еткен. Бүгін­ге дей­ін Өмір­за­қтан екі қызды дүни­е­ге әкел­ген. Күй­е­уінің көңіл­десі барын біл­ген бәй­бі­ше соңғы үш жыл­дан бері күн көр­сет­пей­тін көрі­неді. Айтуын­ша, жалған жала жауып, қорқы­тып, тіп­тен адам­дар жіберіп, ұрғы­зған да екен. Бүгін­де ірі кәсіп­кер Өмір­зақ Әметұлы­ның ертең мұра­сы­на тала­сар деген күдік­пен бала­ла­ры­нан бас тар­тып, жетім­дер үйіне өткі­зуін талап етіп отыр екен. Шара­сыз ана Алма­ты­дағы зор­лық-зомбы­лы­қтан зәбір көр­ген­дер­дің орта­лы­ғы­на Шым­кент­тен бас сауға­лап қашып келген.

 

Әлия Бай­діл­да­е­ва:

– Қолы­мен істе­ген­ді мой­ны­мен көтер­сін. Он жеті жастағы қызды зор­ла­уды біледі, туды­ру­ды біледі, ал жау­ап­кер­шілік ше? Бала­ла­ры­ма тыны­штық бер­сін, менің пси­хи­кам бітті.

Жыла­удан көзі ісіп, жанай­қай­ын айту­дан тамағы қар­лы­ққан Әлия Бай­діл­да­е­ва өткен өмірін еске алса, құд­ды қорқы­ны­шты түстей. Он жеті­де бір гүлі ашыл­маған шағын­да қары­зға батқан ана­сы туған қызын сол кез­де­гі Шым­кент­тің әкі­мі Өмір­зақ Әметұлы­ның үйіне бала күту­ші етіп жіберіп, қой­ны­на салған екен.

 

Әлия Бай­діл­да­е­ва:

– Анам менен құты­лғы­сы кел­ді. Ал Әметұлы­на жас қыз керек бол­ды, таза қыз керек бол­ды. Бір­ге солай келісім жасасқан. Менің не жазы­ғым бар? Зор­ла­нып отыр­мын, туып отыр­мын. Екі жыл жатақ­ха­на­да қинап отыр­ды – ине­мен, пышақ­пен. Поли­ция, сот, про­ку­ра­ту­ра бәрі біледі. Бірақ заң жоқ, заң жоқ.

Шара­сызды­қтан шырыл­даған Әлия екі бала­сын алып, Шым­кент­тен Алма­ты­дағы күй­зеліс орта­лы­ғы­на қашып кел­ді. Үрей­ден дене­лері әлі күн­ге діріл қаға­ды. Орта­лы­қта тағ­дыр тауқы­метін тар­тқан мұң­даста­ры­мен бір­ге күн кеш­кеніне бір апта­дан асты.

 

Мар­га­ри­та Өскем­ба­е­ва – «Arasha» бас­па­на­сы­ның директоры:

– Әбден үрей­лен­ген, қорқа­ды. Үйде тұрған­да мен көп вале­ри­ан­ка дәрі ішетін­мін дей­ді. Қазір біз­ге келіп, кіш­кене жақ­сы бол­ды. Тіп­ті дәрі ішуді қой­дым деп отыр өзі.

Әли­я­ның айтуын­ша, кеше­гі әкім, бүгін­гі кәсіп­кер Өмір­зақ Әметұлы­ның әйелі соңғы үш жыл­дан бері қыр соң­да­ры­нан қал­май келеді. Мұра­гер­лік­ке талас­пас үшін, бала­ла­ры­нан бас тар­тып, жетім­дер үйіне өткіз­бей­ін­ше тын­бай­мын деп­ті-мыс. Тіп­тен қорқы­тып, қина­уға дей­ін барған. Бірақ ол тура­лы Ұлта­бар Әли­е­ва қан­дай да бір сұх­бат беру­ден бас тар­тып, әңгі­мені шорт кесті.

 

Ұлта­бар Әлиева –

Ө.Әметұлының әйелі:

– Мен ол кісіні біл­мей­мін, біл­гім де кел­мей­ді. Хабар­лас­паң­дар енді.

 

Әлия Бай­діл­да­е­ва:

– Бізді доп сияқты қуда­лай беруін қой­сын­шы. Ақша­сы кере­гі жоқ, дүние кере­гі жоқ. Біз ешнәр­се сұра­май­мыз. Осы­ны жет­кі­зе алмай жатыр­мын мен. Ана мен бала­ның құқы­ғын қорға­уға көмектесіңіздер.

Әли­я­ның үлкен қызы сал ауруы­на шал­ды­ққан. Туға­ны­нан орны­нан тұр­май­ды. Екін­ші қызы – ана­сы­ның қамқор­шы­сы. Еке­уінің ертең­гі бақы­ты үшін Әлия бүгін­гі тауқы­мет­ке төзу­ге де дай­ын. «Ара­ша» бас­па­на­сы әзір­ге Әлия Бай­діл­да­е­ваға пана. Мұн­да жар­ты жыл­дан астам уақыт ара­лы­ғын­да тұруға рұқ­сат беріл­ген. Ал оған дей­ін жан тыны­шты­ғын тауып, басын даудан ара­ша­лап, екі қызы­мен қалып­ты өмір­ге қай­та кел­сем деген үлкен арма­ны бар.

Кtk.kz

 

 

 

 

Баян Есен­та­е­ва: МЕН ӘЛИЯҒА КӨМЕКТЕСЕМ

 


 

«Әли­я­ның мәсе­лесі маған қат­ты әсер етті. Тұр­мыстық күш көр­се­тудің аза­бын үш жыл­дан бері тар­тып келеді екен. Сіз үш жыл деген­нің не екенін білесіз бе?! Жас, көрік­ті әйел екі бала­сы­мен бір­ге осын­дай сұм­ды­қта өмір кешу­де. Билік бол­са – үнсіз. Үш жыл бойы өз құқы­ғы үшін күресіп келеді: поли­ци­яға, про­ку­ра­ту­раға, сотқа өтініш жазған, соңғы көмек­ті менен сұра­ды. Қазір біз бір­ге­міз, бұл әйел­дің мәсе­лесі­мен бір­ге күре­сетін бола­мыз», – деді Баян Мақ­сатқы­зы Алма­ты­да өткен бас­пасөз мәслихатында.

Мен Әли­яға көмек­те­скім келеді. Жасыр­май­мын, көп­те­ген әйел осын­дай мәсе­ле­лер­мен маған хабар­ла­са­ды. Әлия цирк­ке кел­ді. Сенесіз­дер ме? Цирк­те мен фильм түсіріп жатқан­мын. Көзіне жас алып тұрып: «Баян, өті­не­мін, құтқа­ры­ңыз мені», – деді. Мен ешқан­дай жауын­гер, ешқан­дай батыр емес­пін. Мен­де шай­қа­са­тын қылыш, тапан­ша, авто­мат жоқ, барып біре­удің жаза­сын беретін. Бірақ мен қалың қоғам­ның наза­рын ауда­ра аламын.

«

 

 

 

 

СЕКСЕУІЛДІ СЫҒЫП, су шыға­ра алмайсың…

 


 

«Жас Алаш» газетін­де­гі (29 қара­ша, 2017 ж.) Б. Ерна­за­рдың «Экс-әкім мен тоқа­лы­ның жыры тау­сы­лар емес» деген Өмір­зақ Әметұ­лы (сурет­те) мен Әлия Бай­діл­да­е­ва тура­лы мақа­ла­сын оқы­ған соң, қолы­ма қалам алдым.

 

«Әйел өлмес соқ­па дерт­тен, айы­ға алмас сынған Ер» деп ұлы Абай Пуш­кин­нен аудар­ма­сын­да Татья­на­ның аузы­на сөз салып еді. Әйел еркек­тің бетіне қара­удан қысы­лған XIX ғасыр еді. Одан бері қай заман?!

XX ғасыр елесі. Әйел – еркек қабы­рға­сы­нан жаралған. Түзей­мін десең – сын­ды­рып ала­сың. Әуел­ден қисық. Көн­бес­ке лаж жоқ. Әйел – шөп, дауыл соқ­са, бұғып, май­ы­сып, дауыл біт­кен соң, қай­та тік­те­леді. Еркек – бәй­те­рек, дауы­лға қар­сы тұрам деп күрт сынуы мүм­кін. Бетін аулақ қыл­сын! Дауыл­дың несі кет­ті?! Соқты да, өтті…

XXI ғасыр. Дауыл – сая­си ойын. Соға­ды, өте­ді, кете­ді. Бірақ мұн­дай «жасан­ды дауыл­дар мен қол­дан жаң­быр жауды­ру» елді мезі етеді.

Бұған Б. Ерна­за­ров мақа­ла­сын­дағы мына екі сөй­лем дәлел.

«Шым­кент­тің экс-әкі­мі Өмір­зақ Әмет тура­лы көп­шілік­ке не белгілі?

Өмір­зақ Әметұ­лы Әмет (біздің білуі­міз­ше, оның ерте­ректе­гі тегі Әли­ев) пре­зи­дент­тің бұры­нғы күй­еу бала­сы, марқұм Рахат Әли­ев­тің туы­сы ретін­де бел­гілі. 2006 жылға дей­ін мем­ле­кет­тік қыз­мет­те істе­ген. Ордаб­а­сы ауда­ны­ның әкі­мі болған. Ол облы­стың тіз­гінін ұстаған Бер­ді­бек Сапар­ба­ев­тың тұсын­да ең таны­мал шене­унік­тер­дің бірі бол­ды десек қате­ле­с­пей­тін шығар­мыз. 2000 жылы Түр­кістан қала­сы­ның 1500 жыл­дық мерей­той­ын ЮНЕ­СКО-ның дең­гей­ін­де атап өткені­міз­де, Ө. Әмет осы Түр­кістан қала­сы­ның әкі­мі бола­тын. Бұдан кей­ін­гі жыл­да­ры ол Сай­рам ауда­ны­ның әкі­мі, ал 2006 жылы Шым­кент­тің тіз­гінін қолға алды. «Әмет әні-міне облы­стың әкі­мі бола­ды» деген әңгі­ме осы кез­де айты­лған. Алай­да Өмір­зақ Әметұлы­ның әкім­дік дәу­рені осы­мен тәмам болды.

2008 жылы Рахат Әли­ев­тің көңіл­десі (енді бір мәлі­мет­тер­де оның бауы­ры­ның әйелі) Ана­ста­сия Нови­ко­ва­ның мәй­ітін шетел­ден Қаза­қстанға әкеліп, жасы­рын жер­ле­у­ге Өмір­зақ Әмет­тің қаты­сы­ның бары ақпа­рат құрал­да­рын­да айты­лған бола­тын. Бұл деректің анық-қаны­ғы күні бүгін­ге дей­ін белгісіз».

Бас­пасөз бет­тері де, интер­нетің де іші өткен сиыр­лар май­қам­даған бидай алқа­бын­дай өсек-аяң алаңы­на айнал­ды. Экс-әкім Өмір­зақ Әмет пен «екін­ші келін» Әлия Бай­діл­да­е­ва­ның «һіка­я­сы» қолы бостар­дың «дәліздік» (кори­дор­лық) дақ­пыр­ты­на айнал­ды. Менің, ҚР Жазу­шы­лар Одағы­ның мүше­сі, ақын, жур­на­лист, бас­па­гер, адам­гер­шілік­ке шақы­ра­тын тәр­би­елік тер­ме­лер­дің авто­ры һәм күй­еу, әке, ата, аза­мат және еркек ретін­де «бөрік­тінің намысы бір» болған­ды­қтан, айтар сөзім төмен­де­гі­дей болып тұр.

«Дұшпа­ны­ң­нан қоры­қ­па – көп бол­са, атып кетер, досы­ң­нан қоры­қ­па – көп бол­са, сатып кетер, қоры­ққан­да – немқұрай­ды­лы­қтан қорық» деп­ті бір данышпан.

Өмір­зақ та, бәй­бі­ше­сі Ұлту­ар Әли­е­ва да адам бала­сы­на жақ­сы­лық пен қай­ы­рым жаса­удан қол­да­ры боса­маған тәр­би­елі отба­сы­ның пер­зент­тері. Әмет ақсақал темір­жол­дың темірі ері­ген­ше ғасыр­лап еңбек еткен еді. Өз бала­ла­ры­нан бөлек мың­даған шәкірт тәр­би­е­ле­ген арда­гер. Ана­мыз – қаза­қтың бар қадірін бой­ы­на жинаған, үлкен­ді үлкен­дей, кішіні кіші­дей, отаға­сын пай­ғам­бар­дай сый­лаған, бала­ла­рын пері­ш­тесін­дей аялаған асыл адам еді… Бұл әшей­ін сыл­дыр сөз емес. Оңтүстік түгел сый­лай­тын жанұя­ның аты­на арсыз ғана, көр­мес соқыр, есті­мес керең ғана кір жаға ала­ды. Мұның Ала­тау мен Қара­та­удың құда­лы­ғы­на еш қаты­сы жоқ.

Жә, Өмір­за­қты жар­ты ғасыр­дан біле­мін. Маған ақша, пәтер, қыз­мет бер­ген жағ­дайы жоқ. «Ел мақтаған жігіт­ті – қыз жақтаған» деген­дей, айна­ла аты­рап­тағы иман­ды адам­дар­дың Өмір­за­қтан көр­ген жақ­сы­лы­қта­рын айтқа­нын өз құлағым­мен есті­ген­дік­тен, тілім қышып оты­рған адаммын.

Менің сөзім: «Жаман­дық көр­ген жер­ден еңбек­теп кет, жақ­сы­лық көр­ген жер­ге өрме­леп жет» деген­ге сая­ды. Әйт­пе­се «Еңкей­ген­ге еңкей, ол әкеңнің құлы емес, шалқай­ғанға шалқай, ол құдай­дың ұлы емес» деген қағи­дат­тың құлы­мын. Өмір­за­ққа да айта­рым сол: Алла бер­ген жан­ды пен­де ала алмай­ды. Осы жазға­ным­ды оқуға шыда­мы жетіп, мені мысқыл­дап күліп оты­рған, жоға­ры­лы-төмен­ді, кәрі-жасты бар­лық еркек­тің басы­нан өмірін­де бір рет те бол­са «қыз жапқан жала» өткені анық. Менің басым­да да бол­ды. Құдай­ға шүкір, өгіз өлген жоқ, арба сынған жоқ. Абы­рой­дан қалғам жоқ, азбы­рой­ым солған жоқ. Шал Құле­кеұ­лы шай­ыр айт­пақ­шы, «қыз он бес­ке кел­ген­де, шашы­нан көп жаласы».

Бірақ жоға­ры­дағы елдің құлағын көтеріп оты­рған оқиға зама­ны­мы­здың азға­нын, адам­гер­шілік қаси­ет­тер­дің тозға­нын көр­се­те­ді. Әр заманға бір сұрқы­л­тай. Өмір­за­ққа оң иықтағы пері­ш­тең сол иыққа ауы­сқан­да айта­рым: Алла­ның сынағы деу­ге келеді. Сегіз жыл денесін құрт жеген Аюп пай­ғам­бар құлақ етін жеген әйеліне: «Тоғыз жыл рахат көр­дің, аза­бың сегіз-ақ жыл, тағы шыдап, Алла­ның бер­геніне шүкір қылам» деп аяп, үсті­нен түсіп бара жатқан құрт­ты қай­та­дан үстіне қой­ып: «Сен­де жазық жоқ, құдай­дың көзі оң бол­сын» деген екен. Аллам естіп, наза­рын салып, құрт­тар­ды тұт аға­шы­на өрме­летіп жіберіп, адам­за­тқа қажет жібек пәл­ләсін (тал­шы­ғын) шыға­рып, Аюп әлей­кіс­са­лам­ды сауы­қты­рып, бақыт сый­лаған екен…

Бақыт­тың база­рын­да, Алла­ның наза­рын­да жүр­генін­де «түлен түр­тіп», ия түлен­ше­ке түр­тіп, тыныш жүр­ген үш қызы бар «екін­ші келін­нің» «твор­че­ство­лық» шабы­ты оянған екен. Оны да бір Аллаға тап­сыр­дым. Себебі Әлия да жақ­сы ана, пер­зент сүю­ге хақы­лы, бақы­тқа құштар сұлу жан. Ана­ның айтуы­мен, «бала­лық қателік» жасап, көк­тем­де көңді төң­керіп, исін шыға­рып жүр­ген «диқан­шы­лы­ғы» үшін оны айып­та­май­мын. Тек уақыт – емші бәрін орны­на қой­ып, есі – екеу, түсі – төр­теу болған кезі артын­да қалып, тәу­баға келер кезі де алыс емес. Қуыр­шақ қол­жа­улы­ққа айналға­нын өзі де түсі­нер, құдай қызғал­дақта­ры­на өмір бер­сін. Ана­сы үшін бүл­дір­шін­дер жау­ап­ты емес.

Аттанға айқай қосып жүр­ген Баян Есен­та­е­ва­ның да пози­ци­я­сы дұрыс. Себебі қазір­гі Баян да, Әлия да, салы­стыр­ма­лы түр­де Төле­ген, Жібек­тер де өзі­міздің қазақ диқа­ны­ның Қаза­қстан топы­рағын­да өсір­ген жемістері. Қыза­нақ дәм­сіз, қияр ащы, қыры­қ­жа­пы­рақ сөл­сіз, буыл­дық (кар­топ) нәр­сіз бол­са, оған туған жер топы­рағы кінәлі емес. Басқа­ша айтқан­да, қоғам болып, ұлт болып, ауыл, ағай­ын болып қастер­ле­ген қаси­ет­тер «Фуд­ма­стер» сүтін­дей сары­су­лан­ды. Қос­па көп, химия көп. «Ана­ның сүті­мен енбе­ген­ді, тана­ның сүті­мен жөн­дей алмай­сың» (Оспан­хан Әубәкіров).

«Не шық­са да, Шым­кент­тен шыға­ды» деген­дей, «оңтүстік­тің оңтұ­сты­ғын­да» (Ғабит Мүсіре­пов) Мыр­за­шөл­де, қай­дан барға­нын біл­мей­мін, Құдай­дың кең­сесіне барған, бет­пе-бет сөй­лес­кен бір адай Алла сөзін адам­дарға былай жет­кізіп­ті: «Пен­де­лер бір-біріне жаман­ды­қты өздері жасай­ды да, менен (құдай­дан) көреді».

Сон­ды­қтан Өмір­за­қтай аза­мат­ты, еркек­ті жағы талған­ша жаман­да­маудан тал­май­тын ТД, БАҚ өкіл­деріне «шығар­ма­шы­лық табыс» тілей­міз. Ақ-қара­сын Алла айы­рар. Сот та Аза­мат­тың Абы­рой­ын да, Азбы­рай­ын да алып қоймас.

Мені өкін­діретіні бір-ақ нәр­се: Еркек­тер! Тоқал­да­ры­ң­ның қой­ны­на тығы­лып, ват­сап пен бас­пасөз­ден оқы­ға­ны­ң­ды, көр­геніңді күй­се­мей, Өмір­за­қ­пен қыз­мет­тес, бәй­бі­ше, тоқал­мен дастар­хандас болған­дар, аза­мат­тық пікір­леріңді біл­дірің­дер. Мәсе­ленің бұлай емес, жала екенін білесің­дер ғой. Өмір­за­қтан, Баян­нан, Әли­ядан жақ­сы­лық көр­ген­дер, дауы­ста­ры­ң­ды шыға­ры­ң­дар! Бұ дүниенің жалға­нын­да жақ­сы­лы­ғың да, жаман­ды­ғың да қай­та­ды. Жаман­дық тез, жақ­сы­лық кеш қай­та­ды. Бірақ бұ дүниенің жүгін о дүни­е­ге алып кет­пей­сің. Ол жақта да сырат көпірі­нен өткен соң (өте алсаң!) сұрақ-жау­ап алаңы­ның алдын­да, дар­ба­за­ның аузын­да Мәңкүр-Нәңкүр күтіп тұр. Ол бір бай, бек, әкім бала­ның әкесін­дей сенің сынып­та­сың, ия құдаң емес! Шашы ұзын және «ақы­лы мол» «ғажай­ып талант­ты» қызда­ры­мы­зды шап­тан түр­тіп шабыт­тан­ды­рып оты­рған, қол­дан қуыр­шақ жасаған – сая­си ойын­ды отба­сы, ошақ қасы­нан, төсек­тің асты­нан іздеп жүр­ген «қазақ аза­мат­та­ры», Тоқал деген Ана­мы­здың атын ойын­шық қыл­май, екі жақты сабы­рға шақы­ры­ңы­здар деп өті­не­мін. (Кене­са­ры тоқал­дан туған). Себебі Қаза­қстан­ның төрін­де де, босаға­сын­да да тоқал­дан туып, ел басқа­рып, бәй­бі­ше бала­ла­ры­нан озып жүр­ген­дер жетер­лік қой. Үш жүздің бәрін­де тоқал бала­ла­ры мықты екені дәлел­ден­ген. Айна­лаға назар салып көріңіз­дер! «Алда­рас­пан» әзіл-сықақ теат­ры­ның «Тоққа түс­кен Тоқ­та­сын» деген интер­ме­ди­я­сын­да Нұр­жан Төлен­ди­ев айт­па­у­шы ма еді:

Тоққа түс­кен Тоқтасын,

Досың сені жоқтасын.

Шыны­ме­нен өлді ме?

Қасы­мы­зда отпа­сын, – деп.

Жігіт­тер, Кеңес Одағы­ның Баты­ры – шығы­стың шына­ры Мол­дағұ­ло­ва­ның есі­мі қой­ы­лған Әлия сияқты «біреу» жаны­ңы­зда отпа­сын! Сақ болы­ңы­здар, Еркектер!

«Жаман істі асы­ғып баста­ма – жақ­сы­лы­ғы­на басар, жақ­сы­лық істі кей­ін­ге таста­ма – жаман­ды­ғы­на қашар», ағай­ын­дар! Ал Әлия келін Бай­діл­да­е­ваға айта­рым (кешірерсіз, әкеңіздің атын біл­медім), үш қыздың құда­лы­ғын­да той той­ла­у­ға құдай жаз­сын! Алла той­дан айырмасын!

• Сәлем­мен, Өмір­зақ Әметұ­лы мен Ұлту­ар ханым­ның үстіне шыбын қон­са қори­тын қай­шы құда­сы – Мыл­ты­қ­бай Мамы­тұ­лы Ерім­бе­тов, ҚР Жазу­шы­лар Одағы­ның мүше­сі, «Мыр­за­шөл» жур­на­лы­ның бас редак­то­ры, «М‑Талант» бас­па­сы­ның жетекшісі.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн