Пятница , 4 июля 2025

МОЙЫНДАУ (Қазіргі сатира)

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №13 (377) от 06 апре­ля 2017 г.

 


 

 

 

АнекDAT

 

– Қай­да жұмыс істейсің?

– «КНБ»-да.

– Немен айналысасың?

– Билік­ке наразылармен.

– Нара­зы еме­стер­мен ше?

– Олар­мен «фин­пол» айналысады…

Eрік Рахым­ның ФБ-парақшасынан

 

 

 

 

Уақыт уыты

 

 

–Жүр­ген жеріңе шөп шық­пағыр! Шөп шық­са да, көп шық­пағыр, Бәкір­бай! Басқан жерің ойы­лып кет­кір, көзің мүл­дем жой­ы­лып кет­кір, Бәкір­бай! Мез­гілі­нен бұрын жер том­пай­тқыр, Бәкір­бай! Тумай туа шөк­кір, өмірі жақ­сы­лық көр­мей өткір! Басы­ң­ды «Камаз» басып, беліңді трам­бай турап кет­кір, тірі жүр­ген­ше қурап кет­кір, Бәкір­бай, қай­да жүрсің?!

Бұл Гүл­жа­пы­рақтың бір минөт­те айтқан­да­ры­нан үзін­ділер. Енді қайт­сін, үш күн бұрын, таң­мен төсе­гі­нен тұрып, елдің ерке­гі сияқты сүт­ке кет­кен Бәкір­бай ұшты-күй­лі жоға­лып кет­кен. Енді, міне, үш күн­нен кей­ін дым бол­маған­дай, «Гүл­жа­пы­рақ, бұл мен ғой» – деп, тіли­понға қоңы­рау шалып, шат­пақтап тұр. Күй­іп кет­кен ғой, Гүлекең:

– «Мен ғой» – дей­ді ғой… «Мен». Сен емес, мен «Мен­мін!» Сен құлға теңсің, қай­ыр­шы! Қай­да жүр­сің?! Осы сен сияқты туған қаты­ны­ның құшағы­нан адасқан ақы­маққа қай алба­сты­ның ете­гі желп ете қала­ды екен?! Көр­сет­ші маған? Өзгенің әгәродын суа­рып, суалған кезің­де мен есіңе түстім бе?! Айт шапшаң!

– Түр­ме­де­мін…

– Қай­да? Түр­ме­де? Лай­ла­маған тұны­ғың қал­мап еді, енді түр­мені ластай­ын дедің бе?! «Түр­ме­де» дей­ді ғой… Ойбай, түр­месі несі?!

Оған қалай барып жүр­сің? Тағы кім­мен төбе­ле­стің? Ұрын барған жерің­нен байы үстің­нен түсті ме?!

– Жоқ, тың­да­шы енді… сүт­ке барған жерім­нен… таң атпай,.. ай-шай­ға қара­май міліт­сә алып кетті…

– Содан?

– Содан – сол, оты­рғы­зды… «Не бүл­дір­дің? Ойлан!» – деді.

– Бүгін­гінің міліт­са­сын­да да ес жоқ – сені ойлан­ды­рған. Ми жоқ екенін біл­ме­ген ғой сен­де! Содан?!

– Бір каме­ра­да мен сияқты басы сал­бы­раған бес-алтау бар. «Мой­ын­да­та­ды!» – дей­ді. «Нені?» – десем, «бәрін» – дей­ді… «Қар­сы­лас­па, мой­ын­да десе, мой­ын­дай сал», – дейді.

– Сен нені мой­ын­дай­сың? Кісі тона­ма­саң, адам өлтір­ме­сең, ұрлық жаса­ма­саң… Қай бетің­мен неңді мойындайсың?!

– Соны өзім де біл­мей, басым қат­ты… Тер­ге­уші­ге барға­ным­да, ол да маған «мой­ын­дай­сың ба?» – деп жыми­ды. Жүзі жылы жігіт екен… Нұр­ла­нып тұр бет жүзі… «Мой­ын­да десеңіз – мой­ын­дай­ын, бірақ нені мой­ын­дай­ын?» – деп сұрадым.

– Соған миың жет­кеніне тәу­ба! Сосын?

– Сосын мой­ын­дай­тын қыл­мыстар­дың тізі­мін көр­сет­ті. Жақ­сы­ла­рын маған дей­ін кір­ген­дер мой­ын­дап кетіп­ті, маған аз қалыпты.

Оның үстіне бір, анан­дай, ауыз тол­ты­рып айтуға бол­май­тын­да­ры ғана қалыпты.

– О, олжа­дан он күн кеш туған сор­лы! Мұн­да да кеш қал­дым десеңші!

– «Басе­ке, еркек деген аты­мыз бар. Ақы­ры мой­ын­даған соң, нәр­мәл­ный бір­деңе жоқ па? Мына­ны мой­ын­даға­ным­ды жұрт есті­се күледі ғой», – дедім. «Осы­ның бір-еке­уін мой­ын­дай сал­саң­шы, жаза­сы жеңіл ғой», – дей­ді маған. «Сен мені кім деп тұр­сың?! Ауыр­дың үсті­мен, жеңіл­дің асты­мен жүретін ақ сау­сағың мен емес, бер­сең нәр­мәл­нісін бер, әйт­пе­се басты қатыр­ма!» – дедім!

– Ой, еркек! Содан…

– Ол лей­те­нант бала ойла­нып қал­ды. «Ұят бола­ды, шырағым, жас бала екен­сің, алды­ңа күн­де келіп жатқам жоқ, бір дұры­сын тап! Досқа күл­кі, дұшпанға таба қыл­ма мені. Онсыз да был­тыр әйелім Гүл­жа­пы­рақ көр­шінің сиы­ры бұза­улаған­да әкесі мен екенім­ді мой­ын­да­тып, көр­ші-қолаңға бір жыл жыр болғам. Мен енді кеше­гі Бәкір­бай емес­пін, дәстой­ный қыл­мыс бол­ма­са, уақыт­ты бекер өткіз­бе!» – дедім төтесі­нен. «Түсі игі­ден түңіл­ме» деген, әлгі жігіт тағы да жыми­ды. Сосын басқа пәп­кі алып шықты. «Мынау сары май­дай сақтап оты­рған, анау-мына­уға көр­се­те бер­мей­тін қыл­мыстар, аға, осы­дан көріңіз…» – деп, пәп­кіні алды­ма тастай сал­ды. Ары-бері қарап оты­рып, «Әй, жығыл­саң нар­дан жығыл!» – дедім де, «Оңтүстік Кәри­аға Арал теңізін шелек­теп сатып, суын тауы­сқан мен!» – деп мойындадым!

– Не дей­ді?.. Ара­лың не-ей?

– Әлгі лей­те­нант жүгіріп барып капи­тан басты­ғын ертіп кел­ді. «Шыны­мен осы­ны мой­ын­дай­сың ба?» – дей­ді. «Өллә­хи!» – дедім. Капи­та­ны жылап жібе­ре жаз­да­ды. Қуанған­нан ет асып, қуыр­дақ пісір­ді. Ертесі тағы шақыр­ды. «Не бол­ды?» – десем, «Тағы мой­ын­дай­сың ба?» – деп тұр. Қара­сам, кеше­гі лей­те­нан­тым капи­тан болып­ты. Анау капи­та­ны май­ор болып­ты. «Әкел! – дедім, – сен сияқты жігіт­тер айт­са, неге мой­ын­да­масқа, не қал­ды?» – деп, пәп­кені ауда­рып оты­рып, «Бет­пақ­да­ла­дан Епи­о­пи­аға мөшек­теп құм сатқа­ным­ды, Қараған­ды­ның көмірін Үндістан­ның қызда­ры­на бояу үшін ытқы­тқа­ным­ды, Шәл­кө­денің жуса­нын жусатқа­ным­ды, Шудың шөбін қусатқа­ным­ды, Тері­саққан өзенін Қытай­ға бұрып жібер­генім­ді, Жаңа адым ауда­нын Мада­га­скарға тығып жібер­генім­ді, түй­ені түгі­мен, мәши­нені жүгі­мен жұтқа­ным­ды» түгел мойындадым!

– І‑і-і?.

– Май­ор мен капи­тан сан­да­рын шапа­лақтап, бала­ша қуан­ды! Украй­ын­ның сыған­дар ансам­блін алды­рып, маған жеке кән­серт қой­ып бер­ді! Каме­ра­дағы­лар ду қол соғып, қар­сы алды. Ортаға торт қой­ып, той­лап отыр­сақ, сыр­тқы есік қағы­ла­ды. Маған Аста­на­дан пәсіл­ке келіп­ті. Ашсам – осы саған ызбан­дап тұрған тіли­пон­ды бір үлкен кісі сый­ға беріп жіберіп­ті! Қолға алуым мұң екен, шыр ете қал­ды! «Әлиоу!» – дей­мін, «Бәкір­бай­сыз ба?» – дей­ді. «Иә» – дей­мін. «Қазір Сіз­бен Көк­тіреу аға сөй­ле­седі» – деді. Ар жақтан еңіреп оты­рған еркек сөй­ле­сті. Дау­сы­нан білініп тұр, өксі­гін баса алмай отыр. «Айна­лай­ын-ай, көсе­гең көгер­гір сені бұрын­нан қалай бай­қа­май жүр­мін…» – дей­ді еңіреп. Айт­пақ­шы, Гүле­ке, тере­зе­ден қарай сал­шы, есік­тің алдын­да қара джип тұр ма?

– Қара джип? Қазір-қазір… Иә, тұр…

– Жүк баса­тын «Камаз» тұр ма?

– Иә, тұр…

– Мала­дес! Джип менікі! Ал анау «Камазға» тиелің­дер, төмен жақтан жоға­ры­ға, Алма­ты­ның тау жағы­на, кәтеж­ге көше­міз. «Аста­наға кел­мей­сің бе?» – деп сұрап еді, «Ауа райы жақ­пай­ды, Алма­ты дұрыс» – дегем. «Көш!» – деді ғой Көк­тіреу көкем… Андағы хру­шеб­скиді Аста­наға, төрт бөл­мелі­ге ауы­сты­ра­ды. Кен­жең оқу бітір­се, сон­да жұмыс істейді.

– Жа… жа… жаным, Бәкірба-а-а-ай!..

– Түні­мен тіли­понға маза жоқ, «мала­дес, өй, еркек!» – дей ме ау… «Үйге келіп, қонақ болы­ңыз шыққан соң» – деп, екі банк­тің басты­ғы шақыр­ды. Әкім, министр деген­дерің өшірет­ке тұрып, келіп-кетіп жатыр. Әуелі шетел­ден де ызбан­дап жатыр! Қызы­мыз Әмри­ка­да тегін оқи­тын бол­ды, құдай қала­са! Бала­ның кре­ди­ті түгел төле­неді бүгін!

– Кү… кү… күнім, Бә-ә‑к, Б‑ә-ә‑к… Бәкірбай!…

– Қой, жыла­ма, Гүле­ке! Біраз оты­рып, шыға­сың деді маған. Шару­а­мыз шешіліп жат­са, отыр­май не бопты?

– О‑о-о… оты­ра бер… отыр десе… Не ғой… ыстық тамақ бере ме екен?

– Ой, тамақ жете­ді! Тіке­лей ресто­ран­нан тасып жатыр! Айт­пақ­шы, қызыл балық дегеніңді бүгін бірін­ші рет жеп көр­дім! Неше­уа екен былай… Ерте­мен тер­ге­у­ге тағы шақыр­ды. Капи­та­ным – май­ор, май­о­рым – пәд­пәл­коб­ник боп­ты! Жымың-жымың ете­ді. Самау­ры­н­мен шай іштік үше­уміз. Сосын әлгі пәп­кіні тағы да ақта­рып оты­рып: «Әли Баба­ны қырық қарақ­шы­сы­мен қырып салған мен!» – деп, мой­ын­дай сал­дым! Еке­уі бір­ден Аста­наға ұшып кетті!..

– И‑и-и…

– Жылап тұр­сың ба-ей, Гүле­ке, жыла­ма дей­мін мен саған…

– И‑и-и… Жыла­маған­да қай­тем енді?.. И‑и-и… Айна­лай­ын түрмеңнен!..

– Жыла­ма, бәрі жақ­сы бола­ды! Айтып едім ғой мен «момын­ның ісін құдай жөн­дей­ді!» – деп. Анам көп айта­тын сол сөзді. Сен ұрса­тын­сың. Әне, көр­дің бе, жөн­деліп жатыр, бұй­ыр­са!.. О‑о, пәкә, маған Көл­да­рия облы­сы­ның әкі­мі кел­ді дей­ді түр­менің күзет­шілері… «Түсте тамақ алып барам, бір өтіні­шім бар, қабыл­даңыз­шы…» – деген, мен барай­ын, ұят болар…

– Бар-бар… И‑и-и… Қабыл­да каме­раң­да… Өткен­де құда­лы­қтан кел­ген кәстөм-шал­ба­ры­ң­ды апа­рып берейін…

– Керек емес! Мен осы түрім­мен кере­мет боп тұрған сияқты­мын… Сен жылай бер­ме, жүгіңе ие бол, кәтеж­ге көше бер, мен де барып қалар­мын… дабай!

«Көсе­гең көгер­гір, Бәкір­бай! Сені маған қосқан құдай­дан айнал­дым! Отыз ұлың болған­ша… Мына көр­шінің қатын­да­ры маза­қтап күлу­ші еді, енді қай­тер екен… Айт­тым ғой менің Бәкір­бай­ым түбі тесіп шыға­ды деп!».

Бұл Гүл­жа­пы­рақтың жүк жинап жүр­ген­де­гі сөз­дері­нен үзін­ді. Енді қайтсін-ай!

 

Асқар НАЙМАНТАЕВ

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн