Среда , 14 мая 2025

Нұр-ағаға деген сенім НҰРАМЕН АҒЫП КЕТТІ

Апат айтып… келді

 

Қызыл Ағаш, Көк­пек­ті – көк­тем­гі көп тасқын­ның біріне көміл­ген екі ауыл. Өзгесі­нен гөрі, осы еке­уінің «жыры» көп айтыл­ды деме­сеңіз, жыл сай­ын ақпан аттап, наурыз баста­лы­сы­мен, Алтай мен Аты­ра­удың һәм екі түстік­тің ара­сы тасқын­нан көз ашпаған. Алып кет­кен, шағып кет­кен, жарып кет­кен адам қолы қия­на­ты­нан гөрі (бетін ары қыл­сын), бір­жо­ла сыпы­рып кететін табиғат апа­ты – тасқын­ның зала­лы – орны тол­мас өкініш-ақ!

 

Енді, міне, кіші­гірім ауыл-аудан емес, бір облы­стың бойы, аны­ғы­рақ айтқан­да, Қараған­ды облы­сы су тасқы­ны­нан зардап шегіп отыр. Көл-көсір даудың орта­сы­на топ еткізіп тастап кеп жібер­сең, төте­леп тар­та­тын төтен­шелік министр Вла­ди­мир Бож­ко бұл жолы да дағ­ды­лы әдетіне бағып көр­ді. Тұрғын­дар­ды жалқау деді: үйлерінің маңын қар­дан аршы­маған деп соқты. Оны аршып тастаған­да, ол қар аспанға ұшып неме­се басқа пла­не­таға ауып кетер ме еді?!

Қой­шы әйте­уір, осы­лай­ша қыр­дағы қырық қисын­ның аузы­на да құм құй­ған­дай өз сөзіне өзі мәз болып жүр­ді. Бұл, әрине, алға­шқы апат­тық жағ­дай­лар­да айты­лған сөздің сиық-сық­пы­ты бола­тын. Ал қазір ше? Бож­ко­ның бір басы түгілі, тұтас билік­тің шырқы кету­ге шақ!

Сосын ғой Назар­ба­ев­тың сай­лау алдын­да елді дүр­лік­тір­меу үшін: «Біз жағ­дай­ды бақы­лап отыр­мыз» деп, басу-басу сөз айтқа­ны. Бақы­лаға­ны­нан не пай­да – 15 мың­нан астам адам топан су астын­да қалған үйін тастап кету­ге мәж­бүр бол­ды. Ал сіз топан судың астын­да қалған елу елді мекен­де, я бол­ма­са енді басу қау­пі төніп тұрған 30 ауыл­ды жер­де туы­сқа­ны­ңыз бол­са, сұрап көріңіз­ші: «Тіл­сіз жаудың жағ­дайы қалып­ты, әрі бақы­ла­уда ма?» – деп. Ол кісі тасқы­нға айтқан көп нәлетін сіз­ге де төгіп-төгіп алсын!

Мұн­дай «қалып­ты жағ­дай­дағы» һәм «бақы­ла­удағы» апат­ты сол ҚР Ішкі істер мини­стрінің орын­ба­са­ры В. Бож­ко­ның аузы­мен бер­сек: «Жал­пы, суға кет­кен үйлер саны Ақмо­ла, Қараған­ды, Шығыс Қаза­қстан, Пав­ло­дар және Сол­түстік Қаза­қстан облы­ста­ры­ның 17 ауда­нын­да 1149 үйді құра­ды. Қазір­гі таң­да 511 үй суға кетіп отыр», – деген бола­тын. Бұған 89 учас­ке­де­гі 173 шақы­рым көлік жолын қосып қойыңыз!

Сон­да дей­мін, бұл халық кім­ге өкпе­ле­уі тиіс? Табиға­ты тасқы­нға жара­ты­лған Нұра сияқты өзен­ге ме, әлде су астын­да қалған жұрт­тан бұрын сай­ла­удың қамын күйт­те­ген Нұр-аға­сы­на ма?

Егер де сол Нұр-аға­сы мен қара нөпір «Нұр Ота­ны» қала кезіп, қай­дағы бір құр жиы­лыс, даңға­за шоудан дауыс тер­мей, Қараған­ды­ға тар­тып оты­рған­да, қара­шо­быр қара­ша­ның қасы­нан табы­лған­да – Қаза­қстан­дағы қалың дауыс Назар­ба­евқа аунап түс­пес пе еді, тәйірі?!

Шын мәнін­де олай бол­ма­са, әлгі жарам­сақтар айтқан 99 пай­ы­здық дауы­стың тап осы Қарағанды­да жел­ге ұшқа­ны дей беріңіз?! Әлбет­те, ол Нұр-аға­сы қажет­ті дауы­сын «санап» ала­ры дау­сыз. Бірақ топан сумен ағып кет­кен сенім­ді қайтеді?!

Қозы­бай ҚҰРМАН,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн