Среда , 27 августа 2025

«НҰРКЕНТ» ҚАЛАСЫН САЛУҒА ҚАРЖЫ СҰРАУ БАСТАЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №39 (356) от 27 октяб­ря 2016 г.

 

 

Жуы­қта ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стрі Қуан­дық Бишім­ба­ев аймақтар­дан инфрақұры­лым­дар салуға мил­ли­ард­таған қар­жы бөлуді сұраған өтініш көп­теп түсіп жатқа­нын айт­ты. Министр мысал ретін­де Аста­на­да ішкі істер депар­та­мен­тінің құра­мын орна­ла­сты­ра­тын нысан­дарға 21,7 мил­ли­ард тең­ге сұралға­нын, Батыс Қаза­қстан облы­сы жыл сай­ын жол жөн­де­у­ге 7 мил­ли­ард тең­ге­ден бөліп оты­ру­ды, Қызы­лор­да облы­сы әуе­жай­ды жаңа­ла­у­ға 800 мил­ли­он тең­ге сұрай­ты­нын келтірді.

Әзір­ге жоба жүзін­де­гі «Нұр­кент» қала­сын билік халы­қа­ра­лық «Қорғас» шека­ра­лық ынты­мақ­та­стық орта­лы­ғы мен арнайы эко­но­ми­ка­лық аймақтың бір бөлі­гі ретін­де көріп отыр. Оның инфрақұры­лы­мы мен инже­нер­лік желілерін салуға Алма­ты облы­сы­ның әкім­шілі­гі 11 мил­ли­ард тең­ге (30 мил­ли­он дол­ларға жуық) қар­жы сұрап отыр.

Еске сала кет­сек, Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев биыл қыр­күй­ек­те Алма­ты облы­сы­на сапа­рын­да жаңа қала­ның бас даму жос­па­ры­мен таны­сқан. Бола­шақ қала­ны сол кездің өзін­де «Нұр­кент» деп атау ұсы­ны­лған. Қаза­қстан билі­гі жос­пар бой­ын­ша 20 жыл­дан соң қала­да 100 мыңға жуық халық тұра­ды дей­ді. Әзір­ге жос­пар­дағы қала орнын­да темір­жол­шы­лар­дың елді мекені орналасқан.

Сырым ДАТОВ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл екі арада

 

Арзан бас­па­наға кезек­те тұрған­дар 2,3 МИЛЛИОН АДАМ БОЛДЫ

 

Қаза­қстан­да шама­мен 2,3 млн адам бас­па­наға мұқтаж, деп хабар­ла­ды ҚР Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гінің құры­лыс және тұрғын үй — ком­му­нал­дық шару­а­шы­лы­ғы коми­тетінің төраға­сы Мар­ха­бат Жайымбетов.

 

«Ағым­дағы жыл­дың 1 қыр­күй­е­гін­де­гі жағ­дай бой­ын­ша бас­па­наға мұқтаж­дар саны 2,3 млн адам, оның ішін­де кезек­те тұрған­дар – 400 мың, «Тұрғын үй құры­лыс жинақ бан­кінің» салым­шы­ла­ры – 700 мың­нан астам және 10 сотық жер алуға кезек­те тұрған­дар – 1,2 млн адам», – деді М.Жайымбетов сәр­сен­бі­де­гі бас­пасөз мәслихатында.

Ол «Нұр­лы жер» тұрғын үй құры­лы­сы­ның жаңа бағ­дар­ла­ма­сы әзір­леніп жатқа­нын және мем­ле­кет­тік тұрғын үй баға­сы­ның күрт өсуі әзір бол­май­ты­ны­нан хабар­дар етті. «Өңір­лер­де шар­шы мет­рі 140 мың тең­ге, Аста­на­да, Алма­ты­да – 180 мың, кре­дит­тік үй. Ком­мер­ци­я­лық үй – 240 мың және одан жоға­ры. Шама­мен осы дең­гей­де мем­ле­кет­тік құры­лыс бой­ын­ша ары қарай да баға сақта­ла­ды. «Нұр­лы жер» бағ­дар­ла­ма­сын­да да біз осын­дай баға бола­ды деп ойлап отыр­мыз, себебі құры­лыс мате­ри­ал­да­ры­ның шама­мен 80–90%-ы біз­де шыға­ры­ла­ды. Сон­ды­қтан баға қым­бат­та­мау керек», – деп санай­ды коми­тет басшысы.

М. Жай­ым­бе­тов атап өткен­дей, жыл сай­ын «Нұр­лы жол» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша 100 мың пәтер салу жос­пар­ла­ну­да. Егер арзан бас­па­на салу осы қарқын­нан аспай­тын бол­са, 2,3 мил­ли­он адам­ды қам­та­ма­сыз ету­ге енді 23 жыл керек екен. Еске сала кетей­ік, был­тыр Қаза­қстан­да 78 мың пәтер, неме­се 9 млн шар­шы метр тұрғын үй пай­да­ла­нуға берілген.

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн