«Общественная позиция»
(проект «DAT» №14 (285) от 09 апреля 2015 г.
«Қазақстанда атом электр стансасын (АЭС) салу туралы келісімге 2015 жылдың І-жартыжылдығында қол қою жоспарлануда», деп хабарлайды ҚазТАГ Қазақстандағы «Росатом» мемкорпорациясының өкілі Виталий Рябовтің сөзіне сілтеме жасап.
«Қазір сол келісімнің егжей-тегжейі пысықталуда, үйлестіру жүріп жатыр, келісім-шартты оңай жасау үшін, қазір негізгі келісім мұқият пысықталуы керек. Біз қазір Ресейде ведомствоаралық үйлестіруден өттік…», – деген екен сейсенбі күні В. Рябов KazAtomExpo көрмесінің ашылуында.
Иә, Қазақстанда АЭС салынады деген әңгіме соңғы 10 жылдың көлемінде айтылып келеді. Енді бұл атом стансасы жалаң сөзден нақты жағдайға айналатын түрі бар: тағы сол Рябов деген ресейліктің айтуына қарағанда, оның бірі – Курчатов, екіншісі – Балқаш қаласының маңында салынатын болыпты.
[sociallocker]
Тіпті, экономикалық дағдарыс жағдайында мегажобаларды тоқтата тұру керек деген Нұрсұлтан Назарбаевтың жуықтағы тыйым салуына қарамай, сол Рябов: «Биылғы бірінші жартыжылдықта келісімге қол қойылар деп ойлаймын», – деп, қазақстандық тарапқа ескерту жасаған сыңай білдіреді. Себебі, оның сөзіне қарағанда, «Росатом» келісімге қол қою мәселесі 2014 жыл соңына дейін шешілуі тиіс еді дейді.
Елдің экологиялық жағдайына тікелей кері әсер ететін қатері күшті атом стансасын салу – халықтың ырқынан тыс шешілмеуі тиіс мәселе болса керек. Ал жер иесі – қазақ халқы тіпті бұл аждаһа құрылыстың қашан және қай ел салатыны жөнінен бүгінге дейін бейхабар болған еді. Енді, міне, «Қазатомпром» корпорациясының президенті Нұрлан Қаппаров кенеттен қайтыс болған соң, Ресей Қазақстанда АЭС салу мәселесін оңай шеше салғаны тағы да күдікті ойларға жетелейді…
[/sociallocker]
Сырым ДАТОВ