Суббота , 12 июля 2025

НҰРЛАННЫҢ БАСЫ ІСТЕСЕ, аспанға қарамай, ұлтшылдарды пайдаланар еді

Бұған дей­ін

Егер пре­зи­дент әкім­шілі­гінің бас­шы­сы Нұр­лан Нығ­ма­ту­лин­нің басы істе­се, ол Жары­лқап Қалы­бай­ды сай­ла­у­ға өткі­зуі керек және пре­зи­дент­ті соған көн­діруі керек.

Оның себебі мына­дай: пре­зи­дент­тің ком­му­нист болып жүр­ген­де­гі үкіле­ген асыл арма­ны – Кеңес Одағы­ның Мини­стр­лер Кеңесін басқа­ру болға­ны бел­гілі. Ол Одақ кенет­тен тарқаған­да, қол­жетім жер­де­гі сол арман ғай­ы­пқа кетіп, жоқ болды.

Қара­пай­ым метал­лург­тен Ком­му­ни­стік пар­ти­я­ның күші­мен, кезін­де­гі марқұм Диме­кеңнің сені­мі­мен тақтың төріне шығып қалған Нұре­кең сон­да да әйте­уір бір Одақтың меке­месін басқа­ра­мын деген үміт­пен сол Одақтың басқа түр­де бол­са да құры­луы­на 25 жыл бойы жан­та­ла­сып келеді…

Бірақ… енді сол мақ­сатқа жет­тім-ау деген­де, Ресей ойда-жоқта бүкіл әлем­нің жауы­на айна­лып отыр. Енді елба­сы 25 жыл «инте­гра­ция!!!» деп, ойбай­лап алып, қалай 180 гра­дусқа бұрылады?

Өзі қазған әде­мі шұңқы­рға өзі топ етіп түсті де қалды…

Оның үстіне Путин бауы­ры сай­ла­удың алдын­да ЕАЭО ортақ валю­та­сы бола­ды деп, қалған екі аға­сы­мен де ақыл­дас­пай қой­ып қал­ды. Бұл – сай­ла­у­ға түс­кен Нұре­ке­ге, әрине, үлкен минус. Тең­ге­ден айы­ры­лға­ны­мыз – туы­мы­здың жығы­лға­ны… Оны білім­сіз адам­дар да түсінеді.

Менің­ше, Путин елба­сы­ға оры­ны­ң­ды жастау, басқа сенетін ада­мға бер деген сияқты. Соған Нұре­кең көн­бе­ген соң, қыр­сық мінезді Путин әзір­ге осын­дай арнайы шалыс істе­ді деп ойлаймын.

Ал енді біздің ағай­ын­дар­дың тура осы жер­де мін­дет­ті түр­де айта­тын: «А при­чем тут Жарыл­кап?» – деген сұрағы­на жау­ап айтайын.

Жары­лқап­ты өткіз­се, қазақ ұлт­шыл­да­ры­ның нақты дауы­сы көрі­неді. Мыса­лы, «Жары­лқа­пқа халы­қтың бер­ген дауы­ста­ры­на тиіс­пе­ң­дер!» деп бұй­рық бер­се, оған 20 мен 30 пай­ы­здың ара­сын­да дауыс берілуі керек.

Және бұл Жары­лқап­ты пір тұтқан­нан емес, шал­дан шар­шаған­нан дауыс ауы­са­ды деп ойлай­мын… Өйт­кені 25 жыл­да адам тұр­мақ, металл­дың да «шар­шай­ты­ны» белгілі…

Ал бұл пре­зи­дент­ке неге керек?

Ол ертең Путин­ге: «Кешір, Воло­дя! Мен­де­гі 30–35 пай­ыз ұлт­шыл­дар қар­сы болып жатыр. Маған Май­дан­ның кере­гі жоқ. Ортақ валю­таға қар­сы емес­пін, бірақ ол әлі ерте­рек…» – деп айтуы керек. Басқа мәсе­ле­лер­ге кел­се де – солай…

Путин­нің өзі орыс ұлт­шыл­да­рын 100% пай­да­ла­нып отыр. Тіп­ті Укра­и­наға қар­сы да солар­ды айтақтап салып отыр. Біздің Ақор­да­да оты­рған даны­шпан­дар осын­дай жағ­дай­ды түсініп, неге пайдаланбасқа?

Нұр­лан мыр­за, осы тура­лы ойла­ды­ңыз ба?

Тегі, сіз­дер қазақ халқы­ның бола­шағын ойлай­сыздар ма осы?

 

Серік САПАРҒАЛИ

(«Фейс­бук­тағы» парақшасынан)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн