Понедельник , 7 июля 2025

«НҰРЛЫ ЖОЛДЫ» «Нұр Отан» ноқталаса, ЖЕТІСЕДІ ЕКЕНБІЗ

Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев «Нұр Отан» пар­ти­я­сы төраға­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры Бауы­р­жан Бай­бек­ті қабыл­дап, оған біраз тап­сыр­ма­лар бер­гені ел-жұр­тқа мәлім бол­са керек. Сон­дағы пре­зи­дент­тің сөзін Қаз­ТАГ былай жеткізеді:

«Бұл бағ­дар­ла­ма (әлем­дік эко­но­ми­ка­дағы дағ­да­ры­стық құбы­лы­старға қар­сы әре­кет ету­ге бағыт­талған «Нұр­лы жол» бағ­дар­ла­ма­сы – Қаз­ТАГ) пар­ти­я­ның қол­да­уы аясын­да жүзе­ге асы­ры­ла­тын бола­ды, өйт­кені оның беделі бар, бүкіл елі­міз бой­ын­ша көп­те­ген адам­дар пар­тия сапын­да тұр. «Нұр­лы жол­ды» қабыл­дау – елдің бола­шақ дамуы мен халы­қтың игілі­гі үшін зор мәні бар маңы­зды шара. Осы­ған бай­ла­ны­сты пар­тия баста­уыш ұйым­дарға сүй­ене оты­рып, халы­ққа түсін­ді­ру жұмыста­ры­на ден қоюы тиіс».

«Қашпаған сиыр­дың уызы­нан дәмелі» жұрт «Нұр­лы жол» жаңа эко­но­ми­ка­лық сая­са­ты­нан үміт күтіп оты­рған-отыр­маға­нын құма­лақ салып білу қиын. Бірақ оған қыру­ар қар­жы бөлі­нетін болған соң, еңбек еткісі келетін екінің бірі ептеп, бір­деңе алып қалғы­сы келері рас жағдай.

Бірақ осы бағ­дар­ла­ма­ны «аузы жесе де қан, жеме­се де қан» пар­ти­яға наси­хат­та­ту – дәмелі жұр­тқа дәлел­ді дәй­ек жет­кі­зер­лік жағ­дай ма? Ол пар­ти­я­ның мың­даған мүше­сі жемқор­лы­қ­пен сот­та­лып жатқа­нын біліп оты­рған халық оның «түсін­дір­месін» тың­дап, қай бір жары­тар дейсіз…

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн