Суббота , 5 июля 2025

Нұрмақовтың отбасы ТАРТҚАН ТРАГЕДИЯ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №21 (385) от 1 июня 2017 г.

 

Сая­си қуғын-сүр­гін қасіреті


 

 

Бүгін­гі күні жари­я­ла­нып, жарық көр­ген басы­лым­дар ара­сын­да тари­хи шын­ды­қ­пен толық сәй­ке­се қой­май­тын, кей­де біріне-бірі қай­шы келетін, жалған, тіп­ті миф­ке жақын фак­тілер, пікір­лер кез­де­седі. Ондай деректер оқыр­ман­дар ара­сын­да түсін­бе­ушілік, ал 37-жыл­дың құр­бан­да­ры­ның туған-туы­ста­ры ара­сын­да өкініш-өкпе туды­ра­ды. Деген­мен, менің айтқым келіп оты­рған пікір де шын­ды­қтың шыңы деген ойдан аулақпын.

 

Мен осы ұста­ны­мы­ма сүй­ене оты­рып, Алаш арда­гері, Қаза­қстан мен КСРО-да сол жыл­да­ры қыз­мет еткен аса көр­нек­ті мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, 37-жылғы қуғын-сүр­гін­нің құр­ба­ны Нұр­мақов Нығ­мет және оның семья­сы, жақын туы­ста­ры тура­лы айтқым келеді.

Нұр­мақов Нығ­мет – Ресей­де­гі 1917 жылы болған Қазан төң­керісі­нен соң, қазақ дала­сын­да жаңа өмір құруға бел­сен­ді қаты­сқан тұлға. 1920–29 жж. ара­лы­ғын­да ол Қаза­қстан­да Жоғарғы Рев­три­бу­нал, Жоғарғы сот төраға­сы, Бас про­ку­рор, ал 1924–29 жж. үкі­мет бас­шы­сы (пре­мьер-министр) бол­ды. Жас Қазақ Рес­пуб­ли­ка­сын құрып, оны дамы­тып, нығай­ту, көр­кей­ту, жол­да­рын­да атқарған еңбек­тері әртүр­лі ресми құжат­тар­да, әде­би­ет көз­дерін­де, бұқа­ра­лық ақпа­рат­тар­да жазы­лып, архив­тер­де сақталған. Сон­ды­қтан мен бұл естелі­гім­де, негізі­нен, сақталған құжат­тар­да жоқ неме­се толық жазыл­маған деректер тура­лы сөз қозғай­мын. Ол – Нұр­мақо­втың туы­ста­ры сол жыл­дар­да көр­ген қай­ғы-қасірет­тері туралы.

Менің жүре­гім­де Нұр­мақо­втың репрес­си­яға түсу себеп­тері ресми құжат­тар­да аталған себеп­тер­ден әрі­де жатыр деген ой тұрақты ойлан­ды­ра­ды. Ол, әрине, терең зерт­те­уді қажет ететін дүние. Деген­мен, оны тұтқын­да­удың бір себебі – ол аталған жоға­ры лау­а­зым­ды сая­си қыз­мет­тер­ді атқа­ру жолын­да қатар жүр­ген қаза­қтың алды­ңғы қатар­лы зия­лы­ла­ры­мен бір­ге сол жыл­дар­да Қаза­қстан­да пар­тия бас­шы­сы болған Голо­ще­кин­нің қаза­қтарға тізесін қат­ты баты­рып, олар­ды қор­лау сая­са­ты­на ашық қар­сы шығуы.

«Шын­ды­қты кім­ге бол­са да көзіне тап­жыл­май айту – ол кісінің мінез ерекшелі­гі болу­шы еді», – деген сөз­дер­ді уақы­тын­да қуғын-сүр­гін ассо­ци­а­ци­я­сы­ның алға­шқы пре­зи­ден­ті Бек­бо­лат Муста­фин ақсақал мен қарт боль­ше­вик А. Бутин­нің ауы­зда­ры­нан есті­ген едім. Бұн­дай батыл­дық, әрине, Голо­ще­кин мен оның жен­дет­теріне ұна­май­ды. Сон­ды­қтан оның үсті­нен орта­лы­ққа (Мәс­ке­у­ге) жол­данған шағым­дар үсті-үстіне түсіп жат­ты. Бірақ оның білім­ділі­гі мен білік­тілі­гін, ұйым­да­сты­ру­шы­лық жұмысқа деген қабілетін білетін және нақ қазір жұмысы­нан алып жаза­ла­у­ға тіке­лей себеп жоқ екеніне көзі жет­кен Ста­лин бастаған орта­лық «Нұр­мақо­вты қыз­мет­тен боса­ту­ды қоя тұры­ң­дар. Ол кезек­ті съез­ге дей­ін істей­ді» деген хабар жол­дай­ды. Оған қара­май шағым­дар тоқтамайды.

Сол себеп­тен 1929 жылы Нұр­мақо­вты Мәс­ке­у­ге ауы­сты­руға мәж­бүр бол­ды. Ол тура­лы деректі құжат­та «Москва. Отзыв в ЦК» деп жазы­лған. «Ондағы ойла­ры Нұр­мақов біздің көз алды­мы­зда жүр­сін деуі ғой» деп айта­тын Бек­бо­лат ақсақал. Мәс­ке­уде Нұр­мақов 1937 жылға дей­ін КСРО ЦИК-інің Пре­зи­ди­ум мүшелі­гіне кан­ди­дат, Бүкілрос­си­я­лық ЦИК-тің (ВЦИК) Пре­зи­ди­у­мы­ның мүше­сі, ВЦИК Пре­зи­ди­у­мы­ның хат­шы орын­ба­са­ры және қата­ры­нан оның екі (ұлт­тық және ақпа­рат) бөлі­мінің мең­ге­ру­шісі қыз­метіне тағай­ын­дал­ды. Сол қыз­мет­терін­де жүр­ген Нұр­мақов 1937 жыл­дың июнь айын­да репрес­си­яға ұшы­раған алға­шқы ары­стар­дың бірі болып тұтқын­дал­ды. Ресей­дің бұры­нғы «КГБ», кей­ін­гі «ФСБ» орга­ны­нан алы­нған құжат­та оған «1920 жылға дей­ін «Ала­шор­да» пар­ти­я­сы­ның бел­сен­ді мүше­сі, ұлт­шыл, Кеңес үкі­метіне ашық қар­сы шыққан және оның бас­шы­ла­рын жоюға әре­кет жұмыста­рын ұйым­да­сты­ру­шы, Жапо­ния мен Гер­ма­ни­я­ның тың­шы­сы» деген дөрекі айып тағы­ла­ды. Сол жыл­дың қыр­күй­ек айын­да Нұр­мақов Алаш көсе­мі Әли­хан Бөкей­ха­нов­пен бір күн­де аты­лып, бір жер­ге (Мәс­кеу, Дон зира­ты) көміл­ген (бұл жер­де жер­лен­гені деп жазу­ды жөн көрмедім).

 

Нұр­мақов ұсталған­нан кей­ін, репрес­си­я­лық аппа­рат оның туған-туы­сқан­да­рын жоюға кірісті. Нұр­мақо­втың семья­сы қуғын-сүр­гін зардаб­ын толы­ғы­мен басы­нан кешір­ген отба­сы деу­ге бола­ды. Оған дәлел бола ала­тын мына фак­тілер­ді кел­тірей­ін. Нығ­мет­тің ауыл­да тұра­тын жасы жет­пі­стен асқан әкесі Нұр­мақтың сая­сатқа еш қаты­сы жоқ бол­са да, 1938 жылы «үштік­тің» шеші­мі­мен Қараған­ды түр­месін­де атыл­ды. Жұбайы Зүф­нүн, бала­ла­ры Ноян мен Тама­ра, інілері Құр­манға­ли мен Жәмел репрес­си­яға ұшы­рап, әр дәре­желі жаза тартты.

Мыса­лы, Мәс­ке­уде Нығ­мет ұсталған соң, бір ай өтпей жұбайы Зүф­нүн тұтқын­дал­ды. Оған әуелі ату жаза­сы қол­да­ныл­сын деген шешім шыға­ры­ла­ды, соңы­нан бала­ла­ры­ның жасын еле­ген болу керек, ол жаза­ны он жылға лагерь­ге жіберіл­сін деген шешім­ге ауы­сты­ра­ды. Зүф­нүн жең­ге­міз басын­да Бутыр­ка түр­месіне (Мәс­кеу) қама­лып, одан соң Каре­лия, АЛЖИР (Ақмо­ла) лагерь­леріне айда­ла­ды. Лагерь­де мез­гілін өтеп босаған соң, Қараған­ды шах­та­сын­да лам­пы­шы болып істей­ді. Себебі 1956 ж. реа­би­ли­та­ция жар­лы­ғы кел­ген­ше, оған Мәс­кеу мен Алма­ты­да тұруға рұқ­сат бол­ма­ды. Нығ­мет­тің екі бала­сын (Ноян мен Тама­ра) бір-бірі­нен айы­рып, Ресей­дің екі қала­сын­дағы (Сара­тов, Пен­за) бала­лар үйіне жібе­реді. Тама­ра сон­да сырқат­тан қай­тыс бола­ды, ал Ноян өзінің сұра­уы бой­ын­ша май­данға кете­ді. Соғы­стағы ерлік­тері үшін орден, медаль­дар­мен мара­пат­та­лып, 1946 жылы еліне қай­тып кел­ген соң, Алма­ты­дағы Тау-кен метал­лур­гия инсти­ту­ты­ның сирек метал­дар бөлі­міне түседі. Бірақ онда «халық жауы­ның» бала­ла­ры оқуға бол­май­ды деп, басқа инсти­тутқа ауы­суға Ноян­ды мәж­бүр ете­ді. Оны бітір­ген соң Алма­ты­да, одан соң Мәс­ке­уде инже­нер-гид­ро­гео­лог болып қыз­мет істе­ді. Ноян 1986 жылы 63 жасын­да жүрек сырқа­ты­нан қай­тыс болып, Мәс­ке­удің Вагань­ков зира­тын­да жерленді.

Келесі репрес­сия құр­ба­ны болған – Нығ­мет­тің өзі­нен кей­ін­гі інісі Құр­манға­ли. Ол Алма­ты­да Каз­полк шта­бы­ның қыз­мет­кері болып істеп жүр­ген жері­нен тұтқын­дап, Коми АССР-нің Вор­ку­та қала­сын­дағы лагерь­ге айда­ла­ды. Ол лагерь­де­гі тұр­мыс жағ­дай­ы­ның адам шыда­май­тын ауырт­па­лы­ғы­нан ауыр сырқатқа шал­ды­ғып, қай­тыс бола­ды. Одан ұлы Камел, қызда­ры Айша, Тама­ра қал­ды. Кей­ін­нен олар елге таны­мал маман­дар, инже­нер, ғылым адам­да­ры болып, өсіп-өнді. Камел КСРО Мем­ле­кет­тік және Мини­стр­лер Кеңесі сый­лы­қта­ры­ның лау­ре­а­ты, Айша – химия ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты, доцент, Тама­ра – меди­ци­на ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор дәре­же­сіне жетті.

Нығ­мет­тің еркек кін­дік­ті туы­ста­ры­нан тірі қалға­ны – ауыл­дағы кен­же інісі Жәмел бола­тын (менің әкем). Оны да қара­лы қасірет­тен тыс қал­ды­рған жоқ. Ол ауыл­дан қуы­лып, Қараған­ды шах­та­сын­дағы трудар­мия қата­ры­на жіберіл­ді. Әкем­нің содан тірі қал­ды деген аты бол­ма­са, реа­би­ли­та­ция қаға­зын алған­ша өмірі ауыр жағ­дай­да өтті. Ол репрес­сия зардаб­ын, соғыс, соғы­стан кей­ін­гі қиын­шы­лы­қтар­ды басы­нан өткізді.

 

Қиын­шы­лық жыл­да­ры бала­ла­ры жас, жұбайы (шешем) хат таны­май­тын адам еді. Бала-шаға­сын асы­рау үшін, ол жұмысы­на аса ұқып­ты­лы­қ­пен қарап, күні-түні сол жұмыс соңын­да бол­ды. Тек 1956 жылы, ақта­лу қаға­зы кел­ген­нен кей­ін, еліне қай­тып, жағ­дайы бір­ша­ма жақ­сар­ды. Асыл ана­мыз бен ардақты әке­міз баста­ры­на туған қиын­шы­лы­қтарға қара­май, сегіз бала­сын тәр­би­е­леп, өсір­ді. Бүгін­гі таң­да бәрі өз орын­да­рын тауып, бала­лы-шаға­лы, неме­релі, шөбе­релі болып отыр. Басы­нан өткен қай­ғы-қасірет, уай­ым әкем­нің ден­са­улы­ғы­на әсерін тигізіп, 1976 жылы бар-жоғы 64 жасын­да өмір­ден өтті. Шешем бала­ла­ры­ның қызы­ғын біраз көріп, 1989 жылы 75 жасын­да қай­тыс болды.

Нұр­мақо­втың тозақ пен өлім­нен аман қалған жақын туы­ста­ры өле-өлген­дерін­ше ата­мыз Нұр­мақтың, оның бала­ла­ры Нығ­мет, Құр­манға­лидің, неме­ресі Тама­ра­ның жатқан жер­лерін ізде­умен өткізді. Жан-жаққа жібер­ген сұра­у­ла­ры­на жау­ап ала алмай, олар түбін­де бұл өмір­ден арман­да кет­ті. Жоға­ры­да айты­лған деректер­ге көңіл аудар­сақ, Нұр­мақ семья­сы­нан төрт адам (Нығ­мет, Құр­манға­ли, Тама­ра, Ноян) 37-жыл­дың жан түр­ші­гер­лік сая­са­ты­ның сал­да­ры­нан орын алған сой­қын жағ­дай­лар­дың нәти­же­сін­де өз елінің топы­рағы бұй­ыр­май, Ресей жерін­де мәң­гілік орын тауып, сүй­ек­тері сон­да қал­ды. Қазір бай­қа­сам, сол жыл­да­ры мил­ли­он­даған қуғын- сүр­гін­дер­дің, олар­дың семья­ла­ры мен туы­ста­ры­ның тағ­дыр­ла­ры, өмір көріністері осын­дай, бір-біріне ұқсас екенін бай­қа­уға болады.

Өкініш­ке қарай, бүгін­гі таң­да сол жыл­дар­дағы уақиға­лар­дың тіке­лей куәсі болған адам­дар­дың саны сиреп бара­ды, тіп­ті жоққа жақын­дап қал­ды деу­ге бола­ды. Сон­ды­қтан әлі де көзі тірілер­дің естелік­терін жары­ққа тұрақты және қомақты тираж­бен шыға­рып, жас буы­нға түсін­ді­ре жет­кі­зу аса қажет. Репрес­сия жыл­да­рын­дағы қаза­қтар көр­ген зардап­тың тарихы әлі толық және жан-жақты зерт­тел­ген жоқ. Оның көп­те­ген тара­у­ла­ры әлі тың жатыр. Ол – жас ұрпақтың және бола­шақтың еншісі. Менің осы естелі­гім солар­дың бір кәдесіне жарар деген ой толқы­ны­нан туды.

Аман Жәмелұ­лы НҰРМАҚОВ,

меди­ци­на ғылымдарының

док­то­ры, профессор

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн