Суббота , 12 июля 2025

Нұржан Тұтов: ХАЛЫҚ НЕМЕН АУЫРСА, соны көрсете білуің керек

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №11 (282) от 19 мар­та 2015 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 

«Күл­кі – өмір­ді ұзар­та­ды» деген сөз бар. Бұл пікір­дің ғылы­ми негізі бел­гісіз. Шама­сы, бұл ойдың аста­рын­да жүй­ке­ге қаты­сты пай­ым жат­са керек.

Осы тұрғы­да адам­ның «өмірін ұзар­ту­мен» кәсі­би тұрғы­да айна­лы­сып жүр­ген елде­гі жас күл­кі шебер­лерінің бірі Нұр­жан Тұтов бүгін­гі «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет» айда­ры­ның қонағы.

 

–Нұр­жан мыр­за, Наурыз мере­кесі қар­саңын­да қаза­ққа қажет­ті қан­дай тір­лік тын­ды­рып жүрсіз?

– Бар­лық қазақ үшін бәрін қырып таста­дым деп айта алмас­пын. Бірақ мен Науры­зға қар­сы шеше­ме киме­шек алып бер­дім. Жасы да сол киме­шек­ке лай­ық боп қал­ды – киіп жүр­сін дедім… Мәсе­лен, жапон мен корей халқы­на қара­саңыз, халы­қтық мере­кесі кезін­де киім-кеше­гін, салт-дәстүр­лерін, ұлт­тық тағам­да­рын көз қызы­ғар­лы­қтай наси­хат­тап жата­ды. Ал біз бол­сақ, тыр­баң­дап, баты­стық үлгі­ге тал­пы­на­мыз. Әлде дін­нің дегеніне қат­ты беріліп кете­міз бе – әйте­уір екі оттың орта­сын­да жүр­міз. Осы­лай, бір­те-бір­те өзі­мізді жоғал­тып бара жатқан сияқты боламыз.

– Сіз көп­шілік­ке бел­гілі актер, паро­дист, шоумен ретін­де таныс­сыз, осы ата­удың бәрін жинақтап, бір ғана сөз­бен сізді «әртіс» деп ата­уға бола ма?

– Әрине! Қазір тек сол «артист» деген сөзді үлкен әріп­пен жазуға тұрар­лық дең­гей­ге жете біл­сек деген тал­пы­ны­ста жүр­ген жай­ым бар. Мен өзім Ұлт­тық өнер аке­де­ми­я­сын­да «театр және кино акте­ры» маман­ды­ғын бітір­ген­мін. Сол кез­де­гі менің жетек­шім Тұңғыш­бай әл-Тара­зи бол­ды. Ал Тұңғыш­бай аға­мыз – әйгілі Хади­ша Бөке­е­ва­ның шәкір­ті. Өз кезе­гін­де Хади­ша апа­мыз Ста­ни­слав­ский­дің шәкір­ті­нен дәріс алған. Сон­ды­қтан мен өзім­ді тіке­лей Ста­ни­слав­ский­дің «шөп­шек неме­несі» десем бола­ды. Өзім­нің кәсі­би актер екенім­ді мақтан тұта­мын. Мен мықты ұста­зда­рым­нан алған өнерім­ді көп­шілік­ке көр­се­те алма­сам – несіне әртіс ата­нам?! Құдай саған өнер бер­ген соң, оны халы­қтың қажетіне жара­ту керек. Бірақ ол өнер­ді дамыт­па­саң, өз дең­гей­ін­де көр­сет­пе­сең, тағы бол­май­ды: тал­пы­ны­стың себебі – осы.

– Өткен жылы қазан айын­да тұса­уы кесіл­ген «Жас сахна» теат­ры­ның құра­мы­на алы­нға­ны­ңы­зды біле­міз. Сол театр­дың шығар­ма­шы­лық аяқ алы­сы қалай болып жатыр?

– Алды­мен ол театр Бәй­тен Ома­ров атын­да екенін еске салай­ын. Ал бұл теат­рға кел­ген себебім – мен эст­ра­да деп жүріп, сахна мен спек­такль­ге «бөтен» болып бара­мын. Бұған дей­ін Әуе­зов атын­дағы дра­ма теат­рын­да жеті жыл­дай қыз­мет еткенім­ді біреу біл­се, біреу біл­мес. Жуы­қта «Қысы­лған­нан қыз бол­дық» деген музы­ка­лы коме­ди­я­ны сахна­ла­дық. Қою­шы режис­сер – Сағы­з­бай Қарабалин.

– Мынау дағ­да­ры­сты заман­да жеке театр ашу оңай емес екен­ді­гі бел­гілі. Таны­мал актер Бек­жан аға Тұрыс бір сұх­ба­ты­ң­да: «Қазір жеке театр­лар көбей­іп кет­ті. Мен олар­дың бола­шағы­на күмән­мен қарай­мын. Кей­де шәкірт тәр­би­е­ле­у­ге қорқа­мын. Өйт­кені ол – үлкен жау­ап­кер­шілік, бір адам­ның тағ­ды­ры. Театр ашсаң, қан­ша адам­ның тағ­ды­ры сенің қолы­ң­да бола­ды», – деген еді. Таны­мал тұлға­ның осы пікірі тұрғы­сы­нан қара­сақ, жаңа театр­дағы тағ­дыр­ла­ры­ңыз не болып жатыр?

– Алма­ты секіл­ді ірі мега­по­лисқа жара­са­тын­дай театр аз. Бір Мәс­ке­удің өзін­де 500-ден аса театр бар. Елі­міз­де театр көп бол­са дей­мін. Себебі біздің қаза­қтың бой­ын­да теат­рға бару деген аңсар аздау. Бала­ны бала­бақ­ша­дан бастап, теат­рға ертіп жүр­сең, ол ержет­кен­де үлкен өнер­дің құдіретіне үйір бола­ды. Ал театр­дың тағ­ды­ры­на, оның бола­шағы­на үкі­мет қол­дау көр­се­туі тиіс. Ең бол­ма­са, оның алға­шқы ашы­лу­ла­ры­на жар­ты­лай жәр­дем жасаға­ны жөн. Мәсе­лен, баты­стық тәжіри­бе тұрғы­сы­нан қара­сақ, теат­ры бар қалаға инве­сти­ция көбірек келеді екен. Нелік­тен ежел­ден бері театр­ды қала­ның орта­сы­на сала­ды дей­сіз? Өйт­кені театр – қала­ның кел­бетін ғана емес, оның мәде­ни­етін аңғар­та­тын ғимарат.

– Көп­шілік көре­рмен қауым сізді «Әзіл сту­дио» бағ­дар­ла­ма­сы­нан, Тұр­сын­бек Қаба­то­втың «Әзіл әле­мі» атты теат­ры­нан ара-тұра көріп қала­ты­ны бар. Бүгін­гі өнер сын­шы­ла­ры «жеңіл-жел­пі» санай­тын мұн­дай жоба­лар­мен аты­ңы­зға «кір кел­тіріп» алмай­сыз ба?

– Актер адам болған соң, аннан-мұн­нан көп ұсы­ныс түседі екен. Сол сияқты «Әзіл сту­дио» бағ­дар­ла­ма­сы­нан ұсы­ныс болған соң, теле­ди­дар­лық түсірілім сала­сын­да бағым­ды сынап көр­гім кел­ді. Мен кезін­де «Тама­шаға» 9 жыл қыз­мет еткен­мін. Қазір «Тама­ша» теат­ры­на көр­кем­дік жетек­ші болуға шақыр­ды – келісі­мім­ді бер­дім. Бұл да маң­дай тер­ді төгетін, қажыр­лы қай­рат­ты қажет ететін жұмыс.

– Ал репер­ту­а­ры арзан күл­кі­ге құралған «Әзіл сту­дио» көре­рмен­нің жүре­гіне жол таба алмаға­нын қалай қабылдайсыз?

– Бұл ойы­ңы­з­бен келі­се алмай­мын: 31-теле­ар­на­дағы «Әзіл сту­дио» бағ­дар­ла­ма­сы түрік сери­ал­да­ры­ның орнын басып, жоға­ры рей­тинг­ке ие бол­ды. Әрине, дай­ын іске сын­шы көп. Бәріне бір­дей 100 пай­ыз ұнау өте қиын. Көре­рмен қалай десе де, біз бұл бағ­дар­ла­ма­ны 4–5 жыл­дай түсірдік.

– Жал­пы, әлем­дік және ресей­лік эст­ра­даға қараған­да, біз­де паро­дия өрнері неге кен­де қалған деп ойлайсыз?

– Жал­пы, эст­ра­да, театр неме­се кино сала­сы түгілі, біз көп елден әле­умет­тік және эко­но­ми­ка­лық тұрғы­да әуел­ден кен­же­леу қалып қой­ған халы­қ­пыз. Деген­мен, Құдай­ға шүкір, ақы­рын­дап алға басып келе­міз. Осы­дан 7–8 жыл бұрын­да­ры паро­дия өнерін­де мен жалғыз өзім жүр­ген едім. Кей­інірек Олжас, Аманға­ли інілерім шыға баста­ды. Паро­дия – көп еңбек­ті, талап­ты, ізденісті қажет ете­ді. Ол әркім­нің қолы­нан келе бер­мей­ді, жаратқан­нан бұй­ы­рған талан­тың бол­ма­са, сенен ешқа­шан паро­ди­я­шы шық­пай­ды. Ел ара­сы­нан мұн­дай «әпен­ділер­ді» шыға­ру үшін, көп­те­ген мүм­кін­дік жасау керек. Күл­кі фести­валін ұйым­да­сты­ру керек пе, бәлкім…

– Ұлт­тық арна­да апта сай­ын көр­сетілетін «Жай­дар­ман» бағ­дар­ла­ма­сы да өз дең­гей­ін жоғал­тып бара жатыр деген пікір бар. Бұл жөнін­де сіз не ойлайсыз?

– Көп жыл­да­ры КВН-нің қазы­лар алқа­сын­да отыр­дым. КВН деген – сту­дент­тік әлем­нің бір туындысы. Ал коме­дия – өте қиын жанр, әзіл-қал­жы­ң­ды ойлап табу оңай емес. Сахна­да елді жай­дан-жай күл­ді­ре алмай­сың. Сон­ды­қтан «Жай­дар­ман­ның» баға­сын беретін де – зал­дағы халық. Егер «Жай­дар­манға» аншлаг болып, билет табыл­май жат­са, оның әлі де өмір сүру­ге құқы­ғы бар.

– Ал сати­ра жан­ры тұрғы­сы­нан кел­ген­де, біз­де­гі әзіл-сықақ театр­ла­ры қоғам­дық қыжы­лға айналған тақы­рып­тар үддесі­нен шығып жүр деп айта ала­сыз ба?

– Қал­жың – пози­тив­ті, ал сати­ра – өткір болу керек. Халық әзіл-сықақ театр­ла­ры­нан көбіне сати­ра­ны талап ете­ді. Абай ата­мы­здың сөзі бар: «Жігіт­тер ойын қым­бат, күл­кі арзан» деген. Соған сай біздің сати­рик­тер – Толым­бек Әлім­бе­ков пен Көпен Әмір­бе­ко­втің қан­ша­ма еңбек­тері бар, Мұх­тар Шерім­нің том-том кітап­та­ры жетер­лік. Тек солар­ды сахна­лай ала­тын шебер­лік керек.

Шыны керек, бүгін­гі күні сахна­дан нені айту, нені айт­пау керекті­гін түсін­бей-ақ қой­дым. Кон­фу­ций­дің «Әр елдің хал-аху­а­лың біл­гің кел­се, әндерін тың­да» деген сөзі бар. Құдай­ға шүкір, жақ­сы әндері­міз жоқ емес. Бірақ мың жер­ден үкі­мет­ті кінәла­сақ та, біздің қаза­қта «бер», «әкел» деген пси­хо­ло­гия қалып­тасқан. «Бер­ші», «бере тұр­шы» дей­міз ғой… Сол «бері­міз» «беретіні­міз­ден» басым болып тұр.

Реті кел­ген бір әзіл айта оты­рай­ын. Бір қазақ: «Бер­ші, бер­ші» деп, жаратқанға жал­ба­ры­на бер­ген соң, Құдай пері­ш­те­леріне: «Әй, анау қаза­ққа бер­сең­дер­ші, тегі, күніне сұрай береді ғой…» – дей­ді. Сон­да бір пері­ш­те: «Мұны­кінің бәрі дай­ын тұр, тек диван­нан тұрып, киос­кі­ге барып, лото­рея билетін сатып алса – бол­ды», – деген екен. Бұл біздің мың­даған жыл­дар бойы қалып­тасқан пси­хо­ло­ги­я­мы­зға сай мысал бол­са керек.

Ал сати­ра­ны дамы­ту тұрғы­сын­дағы жеке өзім­нің ойы­ма кел­сек: бар ойым – «Тама­ша­ның» дең­гей­ін көте­ру. Фут­бол коман­да­сы­на жаңа тре­нер кел­се, одан нәти­же күте­ді ғой: бұл да сол секіл­ді. Мен де «Тама­ша­да» нәти­же беруім керек. «Тама­ша­ның» бұры­нғы жетек­шісі Асыл­бек Боран­бай жеке театр ашуға кет­ті. Енді 35 жыл­дық тарихы бар «Тама­ша­ны» құла­тып алуға болмайды.

– Өнер адам­да­ры үне­мі сая­сат­тан тысқа­ры жүруді қала­са да, өздері халы­қтың бір бөл­ше­гі екенін ұмы­тып, сая­си шара­лар­дан жал­та­рып кететінін қалай түсінесіз?

– Иә, қоғам­ның мүше­сі болған­ды­қтан, сая­сат­тан тыс қал­май­сың. Мая­ков­ский­дің бір сөзі бар: «Қала­да рево­лю­ция болып жат­са, мен қалай роза гүлі тура­лы өлең жаза­мын» деген. Сати­ра жан­ры­на қыз­мет еткен соң, сая­сат­тың шет жаға­сын жаға­ла­у­ға тура келеді. Ашық айт­саң, ол өнер бол­май­ды. Өнер­дің құдіреті сол – ол бәрін тұс­пал­мен жет­кі­зеді. Біздің сахна­дан сая­сат айтыл­май жүр­ген жоқ: кәсі­би әрі ыжда­хат­ты көре­рмен­нің көзі­мен қара­саң, көп нәр­сені табасың.

Мәсе­лен, Секен Тұры­с­бе­ко­втің күй­ін тың­даңыз­шы: күй арқы­лы халы­қтың хал-аху­а­лын айтып тұр. Ал көп­шілік «сая­сат­ты айт­пай­сы­ң­дар» дей­ді. Сон­да нені айтуы­мыз керек, сахнаға шығып алып: «Укра­и­на­дағы соғы­сты тоқтат­сын!» дей­міз бе? Өнер­дің өз тілі бар. Қарап отыр­сам, «Шан­шар» теат­рын­дағы Уәли мен Жүсіп, «Алда­рас­пан­дағы» жігіт­тер әкім-қара­лар­ды өнер­дің тілі­мен көр­сетіп жүр емес пе? Халық немен ауыр­са, соны көр­се­те білуің керек. Қоғам­мен бір­ге біте қай­на­суың қажет.

– Жары­ңыз Гүл­шат Тұто­ва­ның да актри­са екенін екінің бірі біле бер­мей­ді. Қос әртістің баста­ры «бір қаза­нға сый­ып» жүр ме?

– Дарын­сыз жур­на­ли­стер «Қалай таны­сты­ңыз?», «Қан­ша бала­ла­ры­ңыз бар?» деп езе бер­ген соң, соңғы кез­дері сұх­бат беруді қой­ып кет­кен едім… Бір қаза­нға кім­нің басы сый­май­ды? Лидер болғы­сы келетін екі бас бір қаза­нға сый­май­ды. Біз­де бәрі бөлін­ген: ол – әйел, мен – еркек. Осы­мен бәрі реттелген.

Сұх­бат­тасқан –

Жан­сая ЕРТАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн