Суббота , 5 июля 2025

НАНҒА ЗӘРУ болып қалмайық!

Тура­би­лер тұғыры

 

Айгүл Болатханқы­зы:

Бүгін – көп қаза­қтың Алма­ты­ға шоғыр­ла­нып, жер алуы­на себеп­кер жан, ұлт­жан­ды аза­мат, қоғам қай­рат­кері, намыс­шыл қазақ Заман­бек Қала­бай­ұлы­ның опат болған күні еді… Апам­мен бір­ге Кең­сай­ға барып, Құран бағы­шта­дық… Кеу­де­ме өксік тығы­лып жүр­ді кеш­ке дейін…

Мен ол кісі жай­лы көп оқы­дым… Есім­нен кет­пей­тіні – Ла-Ска­ла­да ән салған қазақ Аман­гел­ді Сем­бин­нің бас­па­на­лы болуы­на себеп­кер болға­ны, ал атақты әншінің арнайы келіп, Зәкеңе алғыс айтқа­ны мені қат­ты толған­ды­рған бола­тын. Ірілік пен пара­сат­ты­лы­қтың көрінісі еді бұл.

 

Арман Сқа­бы­лұ­лы:

Аяқ асты­нан нан­ның қадір-қаси­етін түсін­діріп, қызық бол­ды-ау! Ради­о­ны ашып қал­саң, теле­ди­дар­ды басып қал­саң, менің әжем­нің миы­ма құй­ып кет­кенін есі­ме түсіріп әлек. Бұрын қай­да қалған? Нан баға­сы­ның қым­бат­та­уын осы­мен жуып-шай­ғы­ла­ры келеді. Нан­ның баға­сы­ның қым­бат болға­ны дұрыс! Оған жұм­са­лып кел­ген суб­си­ди­я­ның басқа мақ­сатқа жұм­салға­ны да көңіл­ге қона­ды. Тек осы­ған дей­ін «шалқып» өмір сүр­ген­де, қаси­ет­ті нан табан­ның астын­да тап­та­лып жатқан­да неге айт­па­ды­ңы­здар мұны? Неге сол кез­де күн­діз-түні сай­ра­ма­ды­ңы­здар? Неге сол кез­де баға­сын көтер­медіңіз­дер? Нан­ның қадірін білетін жұрт ол кез­де қыңқ демес еді ғой!

Енді қай­та-қай­та нан­ның қадірін айтып, онсыз да көңілі пәс жұрт­тың миын жемей, шын­ды­қты айтай­ық. «Жағ­дай қиын! Мем­ле­кет жыр­ты­ғын жамау үшін, осын­дай қадам­дарға барып отыр!» Біз түсі­не­міз. Әйт­пе­се ертең күрі­штің қадірін, бүр­сі­гүні – қант­тың қадірін, сосын – судың қадірін айтып кете беретін сияқты­мыз ғой…

 

Айгүл Орын­бек:

Мамыт­бе­ков сияқты көр­ші­ден құдай сақтасын!

«Қар астын­да қалған бидай – жеке кәсіп­кер­лер­дің бидайы» дегені – қай сасқа­ны? Көр­шің аш жат­са, бүтін нан­ды бөліп жей­сің. Сон­да бұл министр «Мем­ле­кет – бір бөлек, жеке кәсіп­кер, яғни халық – бір бөлек өмір сүріп жатыр» деп отыр ма? Сол кәсіп­кер­дің нан­ды ерте­рек жинап алуы­на не үшін көмек­тес­пе­ді? Ауыл шару­а­шы­лық мини­стрі болып не үшін отыр ол орын­да, осын­дай мәсе­ле­лер­ді шешпе­се? «Халы­қтың жағ­дай­ын жасап жатыр­мыз ғой» деген сөз­ден аса алмай жүр кей­бір шабар­ман­дар. Сөз­бен шап­пай, іспен шап­са, дұрыс болар еді. Кри­зис түгілі бәлесі де жоқ. Нан­ды қата­ры­нан қан­ша жыл ысы­рап қылып келе­міз. Құдай­дан қорқа­мын, осы нанға да зәру болып қала­мыз ба деп.

 

Қуа­ныш Еділхантегі:

Осын­да бір оры­стіл­ді қазақ (түріне, аты-жөніне қараған­да, мүм­кін, тіп­ті ұйғыр шығар, кім біліпті):

«Жеке куәлік­ті ауы­сты­ра­тын кез кел­ді, бұдан былай өзім­ді қазақ емес, қаза­қстан­дық деп жаз­дыр­та­мын», – деп­ті. Осы был­шы­лға 340-тай адам «лайк» басқан, көбі – қазақтар.

Боқтай­ын десем, біз­де дұрыс боқтық сөз жоқ екен ғой, әрі кет­кен­де шешең, анаң… Ол да кей­бір аға­ла­ры­ң­ның «айна­лай­ын» деп ерке­лет­кенін­дей әсер ететін жағы тағы бар, сон­ды­қтан орыс­ша сық­пыр­тып алуға тура кел­ді. «Лайк» басқан­дар­дың ішін­де кей­бір «доста­рым» да жүр екен, олар­ды ашу­мен досты­қтан шыға­рып тастадым.

Енді ойла­нып отыр­мын: мұны­мен мәсе­ле шеші­ле ме? Енді не істей­міз, қазақтар?

Кей­біре­улер био­ло­ги­я­лық қазақ бола тұра, ұлты­ның қазақ болға­ны­на қор­ла­на­ды, өздеріне ар көреді, өздерін жоға­ры, ал өз ұлтын өзі­нен төмен санай­ды. Мұны өздері іштері­нен біліп қоя қой­са да ештеңе емес, соны­сын ашық алаңға шыға­рып, емін-еркін талқы­лай­ды – мұн­дай да сұм­дық бола­ды екен!

Енді осы айты­лған­дар­ды сол иттің асы­раған бала­ла­ры түсін­сін деп, орыс­ша жаз­саң, тағы да солар­дың диір­меніне су құй­ған­дай бола­сың. Біз­де­гі көп қаза­қтар­дың басты қателі­гі де осын­да – оры­стіл­ділер түсін­сін деп, орыс­ша жаза­ды да, еріксіз солар­дың ығы­на жығы­лған болып шыға­ды. Егер өз ана тілін­де жаз­са, әлгілер «біз тура­лы қаза­қтар не деп жатыр екен?» деп, амал­сыз қаза­қ­ша оқуы­на тура келер еді, сөй­тіп өздері тура­лы көп жаңа­лық есті­ген болар еді.

Соны­мен, не істейміз?

 

Нази­ра Дәрімбет:

Шын айт­сам, Укра­и­на­дан кей­ін, өз елің­де екі қазақ орыс­ша сөй­ле­гені тіп­ті ұят екен… Укра­ин­ды­қтар орыс тілін­де жазу мен сөй­ле­уді қаза­қтар өз ана тіл­дері­нен артық мең­гер­генін неме­се өз тілін біл­мей­тінін, шынын­да да, түсінбейді.

 

Темірға­ли Көпбаев:

Кеше Алма­ты­ның маңай­ын­да тұра­тын бір таны­сым­ның үйіне барып едім. Үй егесі: «Нако­нец-то біздің елдің жігіті Алма­ты­ға әкім бол­ды», – деп көтері­ле мақта­нып отыр­ды. Өзі әрең жан бағып жүр­ген ауыл­дағы қара­пай­ым ада­мға айда­ла­дағы біре­удің калаға әкім болға­ны­нан келіп-кетер нәр­се бар ма? Әкім мұны таны­май­ды да ғой. Несіне мақта­на­ды? Біздің қазақ та қызық-ау!

 

Әсия Бағдәу­летқы­зы:

«Үй алу ойы­ң­да бар ма, шетел­де­гі­дей көшіп жүре бересің бе?» деген сұрақты жиі ести­тін бол­дық. Шетел­де­гі­дей көшіп-ақ жүрер едің-ау, егер нары­қта әділ бәсе­ке­ле­стік болса.

Жақын­да маған өте талант­ты, оқы­мысты кісі хабар­ла­сты. «Тиын-тебен төлей­тін бол­са да, жұмыс тауып бер­ші» дей­ді. Ол кісінің жұмыс сұрап тұрға­ны­на мен ұял­дым. («Неге бастық емес­пін?» деп сон­дай кез­де қолы­ң­нан түк кел­ме­ген­ге қын­жы­ла­сың). Өйт­кені оның білі­мі­мен, оның қабілеті­мен кез кел­ген қоғам­да жақ­сы өмір сүру­ге бола­ды. Құн­ды­лы­қтар жүй­есі дұрыс қоғамда.

Ал біздің елде ертең­гі күніңе сенім жоқ. Бар­дың бәрі баянсыз.

Сон­ды­қтан да құрқы­л­тай­дың ұясын­дай бол­са да, пәтерім бол­са дей­сіз. Пәтер біз үшін қорған сияқты. Жоқ, біз қазір батыр емес­піз. Біз­ге көз­бен көріп, қол­мен ұстай­тын, лажы бол­са, өзі­міз ішіне түгел сый­ып кететін, қау­пі көп қоғам­нан қорған керек.

 

Айдос Жұқанұ­лы:

90-жыл­да­ры және бер­тін­ге дей­ін заң және эко­но­ми­ка факуль­тетіне түсу мода бола­тын. Нәти­же­сін көріп отыр­мыз. Эко­но­ми­ка құл­ды­рап бара­ды, әлі шикі­за­тқа тәу­ел­ді­міз, әрі оның өзін өткі­зу қиын­дап бара­ды. Пар­ла­мент заң қабыл­да­удан алды­на жан салар емес. Өтініш жаз­са, Гин­нес­стің рекорд­тар кіта­бы­на кір­гелі тұр. Кез кел­ген салаға қаты­сты заң орын­да­ла бер­мей­ді, һәм заң­ды айна­лып өтетін кор­руп­ци­яға бел­ше­міз­ден баттық.

Соңғы кез­дері жур­фа­кқа түсу тренд­те. Эфир­ден көрі­ну мақтан. Сарап­шы жур­на­ли­стер көлең­ке­де қалып, «аузы қисық» дик­тор­лар көбей­ді. Кадр сыр­ты­нан «сақа­у­лар» сарнауда.

(Пікір­лер «Фейс­бук» желісі­нен ірік­теліп алынды)

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн