Суббота , 5 июля 2025

Наурыздың ТАБИҒИ нышандары

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10–11 (375) от 16 мар­та 2017 г.

Апта апты­ғы


Халқы­мы­зда о бастан наурыз айы­ның кел­ген­ді­гін біл­діретін жан­ды-жан­сыз нышан­дар бар. «Науры­здың кел­генін жанды­да балық сезеді» деген тәм­сіл жай­ын­да Мәшһүр Жүсіп Көпей­ұ­лы былай жаза­ды: «Науры­зда­ма той қылатұғын жұрт­тың пат­ша­ла­ры тірі балы­қты көп қылып ұста­тып алып, бір кер­сен суға салып, көп­тің алқа­сы­на қой­ды­ра­ды. Оты­рған көп әле­умет сол балы­қтарға көз­дерін тігіп, қарап оты­ра­ды. Бір мез­гіл­де балық біт­кен бірі қал­май теп-тегіс шалқа­сы­нан жата қала­ды. Қарын­да­ры жарқы­рап, лез­де балы­қтар аунаған жағы­нан екін­ші жағы­на қарай аунап түседі. Сонан соң пат­ша­лар бара­бан соқты­ра­ды: «Ескі жыл шықты, жаңа жыл кел­ді!» – деп. Бұдан басқа «Самарқан­ның көк тасы ериді» деген де аңы­зға бер­гісіз тәм­сіл тағы бар…

Жан­ды нышан­ның бірі – Жыл құсы, оның аты Наурызек/Наурызкөк торғайы. Бұл наурыз келісі­мен ерекше сай­рай­тын торғай­дың бір түрі.

Жаз­дың көр­кі енеді жыл құсымен,

Жай­раң­да­сып жас күлер құрбысымен, –

деген­де Абай көк­тем шыға, жыл­дың кел­генін хабар­лай­тын науры­зек құсты айтқа­ны деп ұғамыз.

Жан­сыз нышан­ның бірі – Наурыз­гүл, оны халық Бәй­ше­шек атай­ды. «Бай» сөзі ежел­гі түр­кілік ұғым­да киелі, қаси­ет­ті ұғы­мын беретінін ескер­сек, дала­лы­қтар бұл гүл­ді көк­тем бел­гісін­дей ерекше баға­лаған секіл­ді. Бәй­ше­шек­тің құдіреті сон­да – ол қар­дың еруін күт­пей, қар­ды тесіп, көк­тей бастай­ды. Бұл гүл­ді жапон­дар­дың саку­ра­сын­дай әспет­теп, дәріп­те­у­ге лайық!

Жуыр­да бел­гілі фольк­лор­та­ну­шы Берік Жүсіп «Фейс­бук­те­гі» өз бло­гын­да «Бәріңіз­ге бел­гілі, жыл басы – Тышқан. Ежел­ден халық ара­сын­да: «Тышқан қалай жыл басы бол­ды?» дей­тін ерте­гілер тараған… Алды­мен ерке­гі, сосын ұрға­шы­сы, соңы­нан барып бал­па­нақта­ры тұра­ды. Сөй­тіп, інінің іші мен аузын бір таза­лап қояды. Содан соң бір-бірі­мен кісі сияқты кәдім­гі­дей көрі­седі (Бұған таң қал­маңыз. Суыр деген аңның түрі бар. Олар­дың «Суыр­дың қыз ұза­туы» деген рәсі­мі бола­ты­нын аңшы­лар жақ­сы біледі). Мұны­сы жыл басын­да айна­ла­сын тазар­тып, кір-қоңын жуып, киі­мін жаңа­лап киетін дала­лы­қтар­дың тір­шілі­гіне қат­ты ұқсай­ды. Осы мақұлы­қтың жыл­дағы әдеті­нен бір тан­бай­ты­нын білетін және үне­мі бақы­лап жүретін біздің жақтың әулие шал­да­ры осы күн­ді «Жыл басы» дейтін.

Серік Ерға­ли­дың

ФБ-парақ­ша­сы­нан


Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн