«Общественная позиция»
(проект «DAT» №8 (372) от 2 марта 2017 г.
Апта аптығы
Бұл екі арада
Базельдегі (Швейцария) ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты және «АТОМ» жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіковты Нобель сыйлығына ұсынды.
Бұл туралы ядроландыруға қарсы қозғалыс белсенділері «Фейсбукте» жариялады. «Бұл жылы Кәріпбек Күйіков пен президент Назарбаев ядролық қаруға қарсы жүргізген күрестері үшін Нобель сыйлығына ұсынылып отыр», – делінген.
Назарбаев пен Күйіковты ұсыну туралы ұсыныс британиялық саясаткер Билл Киддтан да келіп түскен. Өтініш хатта мемлекет басшысы Назарбаевтың осы бағытта бірнеше маңызды бастамалар көтеріп, әркез ядролық қаруға қарсылық көрсетіп, оны дәлелдеп келе жатқан көшбасшы деп сипаттайды. Кәріпбек Күйіков та бүкіл әлем бойынша БҰҰ шараларына қатысып келеді. Ядролық радиация әсерінен қолсыз туған ол аяғымен және ауызымен сурет салады.
Stan.kz